1.2. Гобелен тоқу өнерінің түрлері мен әдіс техникасы.
Қолөнердің әсем туындыларының еңбек туындыларына рухани тіл болатын эстетикалық тағылымға қанағаттандыруда, сұлуда әсем, тиімді,ұстанымды ұлттық киімдер, үй жабдықтары, гобелендер жатады. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, неше түрлі қолөнер мен тоғысты. Гобелен тоқылатын бұйымына, сапасына, бояуының түріне қарай әр алуан атауларға бөлінеді. Атап айтқанда: текемметтер, сырмақтар, киіз басу, гобелендер.
Гобелен негізінен көркем шығармашылық туынды.. Гобелен өнерінің түрлері де аз емес. Гобелен түкті және тақыр кілем тоқу, әсіресе Сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Қазіргі кезеңдерде шетелдердің кілемдеріне еліктеп, соларға ұқсас кілем тоқылғандықтан, кілемнің түрлері өте көп. Негізінен қазіргі қолданыста көбінесе екі түрі өз талғамымен техникасы жанашалап тоқылып жүргендер аз емес.
Түк салу- жоғарыда аталған кілемдердің бәрі түкті кілемге жатады. (әндіжан, бұхар, түркімен,парсы, араб.) Түркі кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрнек жібінен сәл жуандау етіп, бірақ бос иіру керек. Кілем түгіне арналған жіпті біз дайындап аламыз, желіге орап, қаттылап екі жағынан тартамыз.Бір қатарға кергенше түгел түп шалынып болған соң түкшелерді шанышқымен ұрғылап нырғылаймыз. Мықты болу үшін араларына желі жіп өткіземіз. Әдісі: екі жіпті арқау жіпке орап астынан аламыз. Түк салынып болған соң шанышқымен соғып нығырлаймыз, артынан кесіп тастаймыз. Түгінің ұзындығы 5-7 мм болу керек.
Теріп тоқу- желі бойынша түк салынбай арқау өткізу арқылы тоқылады. Түсті жіпті кілем өрнегінің ретіне қарай өткізілмей отырып тоқиды.
Түкті гобелен- кенеп матаны ағашқа керіп, жобаны кенеп матасына түсіріп, инені сабақтап, шыққан жіпті түйіншіктеп, жіпті шымшып ұстап қалу.
Тақыр кілем- жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан- ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, Кілем түріне арналған жіп, желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады. Бұл кілемді тоқу үшін көптеген кілем жабдықтары қажет. Олар: адарғы тарақ, тартпа, отырғыш, кесермен пышақ,қайшы, желі жіп, арқау, түкті жіп, арқау, түкті жіп, түкті жүндер т.б.
Алаша- әр түрлі жіптерден өрмек арқылы жолақтап немесе өрнектеп тоқитын тақыр кілем. Ол жай және терме алаша болып бөлінеді. Жай алаша- көп мәнерлі геометриялық өрнектер салынып тоқылатын алаша. Алаша- бүктеуге жайып салуға қолайлы мүлік.
8
Әрине гобелен тоқылу техникасы өте көп-ақ. Гобелен өнерінің өзі сонау парсы елі Египет елінен тарағанда египеттік бағытта да тоқылатын әдіс түрі бар. Өзіміздің Қазақстан елімізде тықыр мен түкті гобелендеріміз қолданысқа ие.
Гобеленнің атасы Қ. Тыныбековтың өзі де көбіне көп тықыр техникасындағы гобелен түрін дамытқан. « Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Тоқыма өнерін тоқуды қолөнердің өзіндік қырсыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десекте, осы өнерді үйреніп жүрген әр адамның қанат бітіріп, сұлулық, әдемілік, әсемдікке жол табады. Біздегі тоқыма өнерінің түрлері кестелеп өрнек салу,киіз басу, кілем тоқу осының бәрі түптің-түбінде жаңа қолданбалы өнердің қалыптасуына негіз болды. Қазіргі уақытта гобелен өнерінің нағыз қызу қарқында даму десек қателеспиміз.
Жалпы гобелен дегеніміз бір сөзбен айтқанда, сурет салып тоқылған кілем. Гобелен тоқуда сюжеттік суреттер салу жолдары іздестіріледі. Көркем композицтялық туындының алғашқы үлгісі тақырыптық мазмұнға сәйкес болуы керек.
Мұнда гобелен тоқу негізінен кендір жіп, ас өсімдіктері және жүнен иірілген жіп пайдаланылады.Гобелен тоқуда қойылатын талаптар:
1. Композициялық құрылымды анықтау.
2. Жобалық шешімнің нақты шешімін табу.
3. Бояу үндестігін үйлестіру.
Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәрізді бедерлесе, ал Кавказ гобелен тоқымашылары өз шығармаларында тарихи оқиғаларды, эпостарды бейнелеуге тырысты. Ресей суретшілері гобеленді тықыр кілем үлгісімен тоқып, оны сюжеттік суреттермен бедерлеген. Қазақ қолөнершілері айтқандай тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Ондай жіптер көбіне ешкі, қой, түйе түбітінен иіріледі.
Тоқыманың тоқу барысы ұзақ жұріп отырады. Дәстүрлі толық жасырылу негіз және көрініп тұрған жоқ ең басты жүн, зығыр, мақта,капрон,арқан, провалка-жіп қызмет етеді. Негізгі жіптері арқылы өтетін мынау түрлі түсті ою өрнек әдеттегі жүн және жібек қолданылды жүн және зығыр жіп. Кілемде практикалық кез келген материал жүн, жібек,мақта, мата, синтетика араласқан жіптер, натуралды тері, қағаз жолақтары мүмкін. Ең алдымен рамаға кенеп жіппен гобеленнің негізін керіп аламыз. Жіп бір қалыпты керілуі керек.Содан кейін көлденеңінен бір жіпті астына, бір жіпті үстінен өткізу арқылы картонды орнатамыз. Гобеленнің тоқылуы полотно, алаша тәріздес айқас өткізулермен тоқылады. 9
Раманның көлемі тоқылатын гобелен өлшеміне байланысты болуы керек. Гобеленді негізінен көргенде жіптердің арасы 3мм аспауы керек және жіптердің арасынан саусағыңыз еркін өтуі керек. Гобеленге сурет салып гуашпен дайындап алыңыз. Жіптің арақашықтығы 3мм аспауы керек керілетін жіп матадан немесе зығырдан жіп болғаны дұрыс себебеі ол жіптер нағыз үзілмейді. Керілген жіп не қатты, не бос болғаны жөн. Жіпті станокқа үзіліссіз орау керек. Картонды өткізіп оның денгейі мен оны солға дейін түйіндейді. Бұл гобелен тарқатылып кетпеуі үшін қажет. Осы әдісті гобелен тоқылып біткенде қайталанады. 1-2 см деңгейде ақ кенеп жіппен тоқып шығады. Осыдан кейін қажетті сурет жіп керілген раманың артқы бойына қозғалмайтындай етіп бекітіледі. Гобелен тоқудың әр түрлі әдіс тәсілдері бар.
Суретті тоқып біткен соң жұмыстың басында тоқылған ақ жолақты қайта тоқимыз. Осыдан кейін кенеп жіппен қазық баушалап түйінделеді де станоктан гобеленді бір келкі етіп қиып аламыз. Гобелен бетін қосымша заттармен әсемдеуге де болады: бау, моншақ, түйме,құстың жүні,тағы да басқа салт дәстүрі бар, әлі де жалғасып келеді. Бүгінгі ұрпақтың көз қарасымен заман талабына сай өнердің тамыры тереңге жайылып биікке құлаш сермеп бара жатқаны көңіл қуантарлық жай. Заман талабына сай жана өнерімен ұштастырып, шеберлікке үйретіп тәрбиелік мән беріп әсемдікке баулуымыздың олардың болашағы үшін маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |