2.2. «Жанпида» романындағы мораль, дін мәселелері
Біз бұдан жазушының романды жазбас бұрын өз міндетін әбден анықтап алғанын көреміз. Мәселен, оның кітабына Мұхаммед пайғамбар азап тартып төртпақталып өлмегені үшін негізгі кейіпкер бола алмайды екен. Оған қарағанда Иса пайғамбардың тарихы арқылы жазушы бүгінгі кісі-қараларға үлгі-өнеге бола аларлық, нұсқалы соз айта алады-мыс. Бұған Мұхаммед пайғамбардың өмірі де, өнегесі де жарамайды-мыс. Оның үстіне мына сөзіне қарағанда, Ш.Айтматов өзінің наным-сенімі тұрғысынан емес, тек қана шығу тегі, қырғыз екендігі жағынан ғана мұсылман үмбетіне жатады, ал шын мәнінде ол құдайға сенбейтін атеист кісі. Қазақша айтқанда, ол екі дінге де жатпайтын битарап жан, бірақ оған исламнан гөрі христшілдік (Иса тортпақталып өлгендіктен!) өте жақын. Бұл жерде де жазушыны бар шынын айтып отыр деуге болмайды. Егер М.Булгаков Иса-Иешуа емес, Мұхаммед туралы жазса немесе С.Рушдидің "Эзәзілдің ән-жыры" дейтін романы орыс тілінде жазыла қалса, сөз жоқ, Ш.Айтматов 180°-қа айналып шыға келер еді. Бұл жердегі гәп жазушының әлдеқашан-ақ "кітабилыққа" ұрынып, тың, тосын тақырып таба алмай, бұрыннан бар жәйтті "шаң-тозаңын" қағып, тағы да бір "жаңалап" алсам, көрсетсем деген талабында ғана. Егер де ол бүгіндері жаппай христ дініне кіріп, шіркеуде қосылып ән салып жатқан қырғыз халқы туралы жазса, бұлайша күдік келтірмеуге де болар еді. Бірақ ол дьяконның баласы туралы кітап жазып отыр. Және де оны көптен бері "ұлттар мен ұлыстардың" мекен-жайына, бақ-талайын сынарлық "лабораториясына" айналған қасқа қазақтың кең даласына әкеп "сынап байқайды".
2.3. «Жанпида» романындағы апиыншылық мәселесінің
көтерілуі.
Бұл романда жазушы тағы да көнігі жорналшының қалт жібермес, сол кезде елді толғанта бастаған апиыншылық ("Литгазетада" ол туралы мақала шыққан, Ш.Айтматов өзіне содан ой түскенін, Шуға барғанын айтады, - Б.А.) дейтін мәселені көтеріп, тағы да жарқ ете түсті. Аты тағы да аңызға айналды да кетті. Мәселе бұл жерде сол тамырын тереңге жіберген тақырыпты жазушының қалай көркемдеп игермегенінде жатыр. Бұл жағынан келгенде Ш.Айтматов үлкен тақырыпты оң жамбасына ала алмады. Шын мәнінде,
Бұл жерде де Ш.Айтматовтың шын мәніндегі романшы еместігі, романдандырып ойлай алмайтындығы (романное мышление жоқ!), бар-жоғы әңгімеші, хикаяшы ғана екендігі тағы да анық көзге түседі. Мұндай жағдай басқа әдебиеттерде де болған. Мәселен, А.Чехов роман жазам деп қаншама рет талап қылды, бірақ жаза алмады. Одан ол еш ұтылған жоқ. Ал Ш.Айтматов өзіндегі қабілеттің табиғатын ескермей, таудан құлаған сан-салады жылғалардың басын бір жерге қосып, кейінінен үлкен бір өзенге айналдырып жібере алар мүмкіндігінің жоқтығына қарамастан, өзін қолдан жасалған бөгетплотина сезіне берді. Бірақ екпіні қатты ағынды су әлгі бөгеттің бытшытын шығарып, бет-бетіне бытырай ақты. Оның ақыры... "Бас кеспекке", "Кассандраға" алып келді.
Бұл жерде айта кетерлік жәйт,
Бірақ...
Бұл жердегі басты айтарлық гәп - бір ұлт жазушысының тарихы, мәдениеті, жалпы менталитеті, үрдісі, мінез-құлқы, өскен жері мүлдем басқа ұлт өкілі туралы оның жан дүниесіне бойлап, шынайы түрде жаза ала ма, алмай ма дегенде жатыр. Шындығына келгенде, Ш.Айтматов қаншама орысша жазғанымен, орысша ойлап, іс-әрекет еткенімен... тап-таза орысқа айналып кете алған жоқ. Бар-жоғы "орыс қолданды" да қойды. Оның шептің екінші жағына шығып кетуіне тілінің қырғызша шығуы, қырғыз аулында туып-өсуі, тәрбие алуы, сол елге тән мінез-құлық, үрдіс, жалпы мәдениет тіпте адамдардың биология жағынан ерекшелігі қарсылық етеді. Бірақ өзін құдайға сенбейтін санайтын (434 б. 7 том) орыс үлгісінде тәрбиеленген Ш.Айтматовтың христиандіктің православие тармағына онша жатырқамай қарайтыны түсінікті. Дегенмен де оның христ дінін мың жылдан астам уақыт бойы тұтынатын орыс халқы, оның ішінде дьяконның баласы туралы оның жан дүниесіне бойлай жаза алуы үстірттіктен хабар береді. Егер ол христ дініне жаңадан кірген қырғыз не басқа халық өкілі туралы сөз етсе, онда әңгіме басқа. Жалпы ұлттың сана-сезімі, оның ерекшелігі қалай десеңіз де өз әсерін тигізбей қоймайды. Мұны Ш.Айтматовтың өзі де біледі. Ол: "...Вне определенной национальной стихии литература не живет. Каким-то образом она связана с определенным языком, его развитием, некой этнической средой, и культурой. "Выскочить" из них волевым условием невозможно, даже если очень захочется" - дейді. Міне мәселе, осы "захочетсяда" жатыр. Сөйтіп ол өзі айтқандай "волевым усилием" - "өзін өзі зорлап", қинап, Інжілдегі ескі аңыз туралы қайтадан бір жазып көруге талап қылған. Оның да себебі бар. "Христианская религия дает очень сильный посыл фигурой Иисуса Христа. Исламская религия, в которую я включен своим происхождением, подобной фигуры не имеет, Мухаммед - не мученик. Случились у него тяжкие мучительные дни, но чтобы за идею распяли и чтобы он это простил людям навсегда - такого нет. Иисус Христос дает мне повод сказать современному человеку нечто сокровенное. Поэтому я, атеист, столкнулся с ним на своем творческом пути".
Әлі күнге дейін айтматовтануда әдеби-көркем сын мен оқырмандар ойы байыздап, бір тоқтамға келіп, бір арнада тоғысқан жоқ. Көпшілік жағы көкке көтере мақтап, марапаттаса, екінші бірен-сараң жағы тырнақ астынан кір іздеп, жақтан – барды теріп, мүлт кеткен тұстарды тізуге бар. Бірақ, жазушы шығармалары қай талап пен талған тұрғысынан келсек те, ешкімді ешқашан немқұрайды қалдырмайды. Соның бір айғағы басылым көргеніне біраз уақыт өтсе де «Жан пида» төңірегіндегі айтыстың әзірге дейін бәсеңсімей келе жатқандығы болып табылады.
Осы орайда бір жайды еске ала кетпеуге болмайды. Қазір бүкіл 285 миллион совет халқының 33 миллионы ауыл шаруашылығымен айналысқанның өзінде еліміз сырттан алтынға балап астық, ет сатып алса, АҚШ-тың 23 миллион фермері 245 миллион отандастарын асыран қана қоймай, тірнектеп жиған өнімдерін шет елдерге де шығарады.
«Мен олардың (яғни адамдардың – А.Н.) қасиетті қаһармандығына, қорқынышты сұмдық жек көретіндігіне таң қалып, мерейім тасиды», - дейді бір әңгімесінде Ш.Айтматов.
Адам баласы ыстық демі сезіліп тұрған жиырма бірінші ғасырдың беймәлім есігін қандай жүзбен ашады?
2.4. «Жанпида» романындағы кейіпкерлер әлемі
Жазушы кейіпкерлері өзінің махаббатымен, мұң-шерімен, ар азабымен баурап алады, оның жан сыры ең бір маңызды әлемдей ашылады. Жазушы романдарында, повестерінде өз заманының, өз замандастарының, өзінің шындығын суреттейді, оның әрбір қаһарманында, Толғанай, Сейде, Едіге, Танабай, Бостон, Авдий, Борк, Филофей, Юнгер, тіпті Обер Кандалов, Гришан, Таңсықбаев, Ысмайыл, т.б. - барлық кейіпкерлерінде жазушының әр адамның бүкіл адамзат алдындағы жауапкершілігін сезіну керектігі, барлық қасірет атаулының түп-тамырын жою қажеттігі туралы ақыл-парасатқа толы ойлары, толғаныстары жатыр. Автордың философиялық ойлары мен толғаныстары, шығармашылық мұраттары образ, типтік бейне арқылы жинақталған. Жазушының «Боранды бекет» романындағы басты тұлға - Едіге. Бұл - өте күрделі образ. Автор өзінің жан-дүниесінде, жүрегінде орныққан таным-түйсікті өзінің романының бас кейіпкері Едіге бейнесі арқылы ашады. Суреткердің асыл ойларын жеткізетін кейіпкерлердің бірі - «Жан пида» романындағы Авдий. «Жан пида» романындағы осы бейне арқылы жазушы әлемдегі ең қымбат байлық адам және оның ақыл-ойы, сол ақыл-ойды дұрыс пайдалану адам тіршілігінің мәні екенін, дін де, тіл де қай заманда болмасын өмір сүргенін, әлі де өмір сүретінін, ал Авдий Каллистратов сияқты өз халқына жанашыр, қандай қиын-қыстау жағдайында да ойы мен бойындағы жақсылық нұрын жоғалтпайтын, жамандыққа, зұлымдыққа бармайтын, мұраты биік тұлғалардың шындығын жоғары бағалайды. «Белгілі дәрежеде, Авдий - менің өзім», - дейді автор жапон жазушысы, ойшыл Дайсаку Икэдамен диалогында. Жазушы жасаған типтерде өмірдің шындық құбылыстары автордың ой-арман, мұрат-тілектерімен, суреткерлік нысана тұрғысымен тұтасып, бөліп-жаруға келмейтін біртұтас көркемдік құбылыс деңгейінде көрініс тапқан. Авдий бейнесі арқылы жазушы "казір бүкіл дүниенің құрып кету қаупі барлық адамзатты алаңдататынын, бұл апат әлдебір жақтан келмейтінін, оны адамдардың өзі жасайтынын" айтып, адамның рухани байлығын жетілдіру қажеттігін танытатын идеяны ұсынады. Авдий - адамның рухани құлдырауына қарсы тұрған, жастардың арасында орын алған немқұрайдылық, инерттілік жайын сынға алған күрескер рухтың типтік бейнесі.
Романда Авдий мен пірәдар Координатордың; Иисус Назарянин мен прокуратор Понтий Пилаттың; Авдий мен нашақорлар басшысы Гришанның; Бостон мен К. Қошқарбаевтың; Авдий мен «хунта» басшысы Обер Кандаловтың; Бостон мен Базарбай Нойғұтовтың арасындағы диалогтардан заман мен уақыт шындығы, идеялық қақтығыстар лебі, іңкәр мұраттар аңсары аңқылдап есіп тұрады. Өлім мен өмір сүрудің мәні, адамдардың дүниеге келгендегі міндет-парыздары төңірегінде мәңгілік философиялық мәселелер қазіргі заман мен уақыт талабына сәйкес жаңаша қойылып, жаңаша қарастырылады. Әлеуметтік-өмірлік мәселелердің қамтылуы жағынан, жалпы адамзаттық проблемалардың қойылуы мен шешілуі, ондағы образдардың трагедиялық болмысы эпикалық сипаты жөнінен «Жанпида» туындысын, шын мәніндегі, көп қыртысты, көп арналы роман-трагедия, романсага деп айтуға болады.
Осы орайда, Шыңғыс Айтматов кейіпкерлерінің ерекше ситуацияда ерекше мінез-құлық, іс-әрекет танытатын, сондай-ақ, ерекше тағдырласты көрсеткендігін атап айтуымыз керек. Мұның бәрін автордың қолдан иіп әкелгендігінен деуге болмайды. Трагедиялық кейіпкерлердің өзіміз күнде көріп жүрген адамдардан ең басты айырмашылығы сонда. олар кәдімгі адамдарға қарағанда рухани тұрғыдан көреген әрі жоғары, табанды да қайсар, жігерлі де күрескер келеді. Трагедиялық кейіпкерлер өмір мен тағдырдың небір қара күштерінен, ауыртпалықтарынан, қиянаттары мен үстемділігінен кейде жеңіліп жатса да, бас кеспек бәр да, тіл кеспек жоқ деп, ең соңғы қажыр-қайратын, рух-жігерін, мұрат аңсарын бір жинап алып бәрібір әлгіндей қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа тәйсалмаай қарсы шығады. Бәлкім, осындай трагедиялық кейіпкеплердің арқасында ғана Жер бетіндегі адам, бейбітшілік, табиғат тәрізді әлемдік үйдесім сақталып тұрға шығар! «Жан пида» романын оқып отырғанда осындай әсерлерге, ой-пікірлерге келесің. Сонымен қатар, туындының өнбойынан Нобельдік сыйлықтың лауреаты, философ Альберт Швейцердің: «Но единственно возможный основной принцип нравственного означает не только упорядочение и углубление существующих взлядов на добро и зло, но и их расширение. Поистине нравствен человек только тогда, когда он повинуется внутреннему побуждению помогать любой жизни, которой он может помочь и удерживается от того, чтобы причинять живому какой-либо вред. Он не спрашивает, насколько та или иная жизнь заслуживает его усилий, он не спрашивает так же, может ли она и в какой степени ощутить его доброту. Для него священна жизнь как таковая. Он не сорвет листочка с дерева, не сломает ни одного цветка и не раздавит ни одного насекомого» деген этикалық-философиялық ойларын ұдайы сезініп отырасың. Бұл арада суреткер мен философтың адамгершілік туралы көзқарастарының үндесіп, тоғысып, сәйкес шығып жатқандығына оқырман назарын аудару артық емес.
Шыңғыс Айтматов тәрізді ұлы суреткер үшін мұның бәрі тек шығармашылық процесс, қалыпты-тиесілі жәйт болып көрінетін шығар. Ал бірақ мұндай нағыз мифтік микророманмен жылдар өткен соң қауышу - мыңдаған оқырмандар үшін мүлде басқаша сүйсіну. Сүйсіндіре білу - суреткердің ырыс-бағы, сүйсіне білу - оқырмандардың бәсіренесібесі. Осындай ортақ ырыс-несібенің ғаламат бір құдіретіне «Шыңғыс ханның ақша бұлты» атты туындының жататыны және кәміл. Өйткені, адамзат баласының жасампаз болмысына ажал жоқ екендігін асқақ өршілдікпен, іңкәрлікпен тебірене-толғана жырлаған ұлы суреткер Шыңғыс Айтматов қой!
Алайда, Айтматовтың көркемдік әлемін біртұтас күйде ұдайы оқып, салыстыра қарап отырсаң ғажайып бір алтын тамыр өзектестіктің мәңгілік құдіретіне бас иесің. Оның үстіне Шыңғыстай шынайы суреткерлердің шығармашылық мүмкіндіктері мен ғажайып құдыретінің шексіз жұмбақтағына, қарапайым әрі күрделі екендігіне тағы бір көз жеткізесің, тағы бір бас иесің! Кез-келген салыстырудың әрі дөп, әрі осал тұстары болғанмен, бүкіл шығармаларын оқып біткен соң, көз алдыңа Микеланджело мен Сикейростың әлемге әйгілі монументальдық фрескалары басқаша сапада елестегендей, көз алдыңа келгендей болады. Мұны тек әдебиет пен өнерге азық сюжет ортақтығынан десек мүлдем қателескеніміз немесе мүлдем үстірт пайымдағанымыз болып шығады. Қайта керісінше, барша халықтардың өсіп-өнген, әлі де солай жалғаса беретін ортақ бесігі - Жер бетіндегі ұлы тіршіліктің жалпыадамзаттық мұраттары мен трагедиялық дерттерін шынайы реалистік қуатпен жеткізе білудегі суреткерлік құдырет пен гуманизм, соған лайық кемел ойшылдық, философиялық ересен масштабтылық тәрізді сирек қасиеттердің ғасырлар бойындағы жалғасқан сабақтастығынан, үндестігінен дегеніміз абзал. Мұны осы тұрғыда ғажайып ырыс-несібе, әрі заңды, әрі жүрекке етене ғажайып ассоциация дөмеске, қуанбасқа, таңданбасқа, сүйсінбеске әддің жоқ.
Асылы, Шыңғыс Айтматовтай сирек феноменнің тек қырғыз әдебиеті ғана емес, дүниежүзілік әдебиеттегі алар орны бір төбе екендігіне осы туындыларды оқыған соң тағы да кәміл ден қоясың, айрықша мақтаныш тұтасың! Өйткені, ол сонау «Жәмила» повесінен бастап қазіргі «Өкінішсіз ажал» романына дейін өзінің әрбір әрі соқталы, әрі кезеңдік шығармаларында, әралуан публицистикалық мақалаларында, халықаралық конгрестер, мәслихаттар, дөңгелек столдар мінберінен сөйлеген сөздерінде «Адамзаттың Айматовы» деген қанатты ұғымды, суреткерлік планетарлық ауқымды әрқашан сақтаумен, үзбей ақтаумен, сол биігінен түспеумен келеді.
Сонымен, ұлы суреткер Шыңғыс Айтматов феноменінің - оның көркемдік әлемі феноменін меніңше әр қиырдағы Алатау мен Айсберг құрайды. Әрбір салыстыру философиялық контексте өзін-өзі толық ақтаумен бірге, адамдар танымы көкжиегінің ілгерілей түсуіне септігін тигізетін қадам болып табылады. Осы орайда, Алатау Жер атты ұлы құрылықта орналасқан. Оның төл перзенті Шыңғыс Айтматовтың алатаудай суреткер болуына тағдыры жазған, ырысы алатаудай биік күйде бұйырған.
Осы орайда, Айсберг мұзды мұхиттардың ұлы айдындарында мәңгілік қозғалыс ырға арына сәйкес өзінше орын тепкен. Адамзаттың төл перзенті Шыңғыс Айтматовтың айсбергтей жұмбақ суреткер болуына Тағдыры жазған, ырысы айсбергтей тылсым күйде бұйырған.
Авдий Каллистратов Псковтың бір түкпірінде туып-өскен, дьяконның баласы, кезінде діни семинарияға түсіп оқыған (Сталин де сондай!), бірақ атам заманнан бері қалыптасқан христің іліміне қарны ашып (Л.Толстой да сондай, сол үшін оған шіркеу қарғыс-анафема айтқан!), бізге жаңа Христос керек деп "бүлік-бунт" шығарғаны үшін оқудан қуылған, содан соң облыста шығатын комсомолдың газетінде (?) жұмыс істеген. Оның рухани ізденісі орыс жазушысы В.Беловтың "Бәрі де әлі алда" атты романындағы ғылым кандидаты Медведевтің тар жол тайғақ кешуіне қатты ұқсайды. Олар ішкі рухы жағынан бір біріне өте жақын және екеуінің де басына түскен жағдай, ортасы өте ұқсас. Оның үстіне екеуі де қаны, жаны бар кейіпкер емес, әсіресе, Авдий Каллистратов әдеби дүниелерлен алына салынған, князь Мышкин, А.Карамазов сықылды "кітәби" кейіпкер. Оның бойына сол сексенінші жылардағы жас адамның ой-пікір, рухани жақтан ізденісі, Кеңес мектебінен қалай жерігені, ортасының әсері т.б. жинақталмаған. Жазушыға Авдий осы замана туралы өз ой-пікірін айту үшін ғана керек. Ол бар-жоғы Айтматовтың қолындағы ор түрлі жіптің әсерінен қозғалып, қимыл жасайтын қуыршақ-марионетка ғана. Әрі рупор. Міне осындай "қызмет атқаруға "тағайындалған"
Ш.Айтматов бүгінгі жастардың басын мәңгірте бастаған апиыншылық туралы мақала жазбақ боп, соның себебін білмек боп, "жансыз-шпион" ретінде Шу өңірінде өсетін қарасораны-конопляны термек боп, кілең онан қашқан, мұнан қашқан бұзақылармен бірге қасқа қазақтың жеріне, соның ішінде Мойынқұмға кеп бір-ақ түседі! Оның қасындағы Петруха да, Ленька да, "көсем", "бастық" Гришан да шеттерінен тірлікте жолы болмағандар. Жібі түзу біреуі жоқ. Авдий қарасораны қап-қап қып теріп ап, пойызда келе жатып, олармен пікір таластырады, Гришанға жастарды бұзба, райыңнан қайт, жаңа дінге кір дейді. Сөйтіп ол әлгілердің көзінше өзі жинаған қара сораны-кнопляны вагонның ашық тұрған есігінен... қодырайған түрде (демонстративно!) төге бастайды. Бұл жерде еріксіз өздігінен Ф.Достаевскийдің "Делқұлысындағы'' (Идиот") князь Мышкин, отқа атылған мың сом еске орала береді. Бірақ бұлар Петерборда емес, вагон ішінде келе жатыр. Кавказдық Махач (аумаған Рогожин), шикіл сары Коля, Петруха, Ленька бәрі оған тарпа бас салады. Понтий Пилат - Гришан олгі бұзақылардың Авдий қасқаны тепкілеп жатқанына сонау жеті қат көктің әр жағынан рахаттана көз тастап отырады. Ақыры олар "жаңа Христосты" айтқан "тың уағызы" үшін пойыздан лақтырып жібереді. Содан әупірімдеп аман-есен қалған Авдийдің есіне баяғы М.Булгаковтың романындағы Понтий Пилат, төртпақталған Христос т.б. түседі. Бұл жерде сол қайғылы оқиғаны М.Булгаков үлкен түйін жасап, асқақта та, көтере жазса, Ш.Айтматов оның аяғын жерге тигізеді. Мұнда Иисус құдай емес, жәй ғана кісі. Осы жерде оның шешесі Мәрия, әкесі ағаш ұстасы Иосиф (Жүсіп), Ніл дариясы кәдімғі жер бауырлаған прозаның тілімен баяндалады. Иисусты пайғамбар дәрежесіне дейін көтеретін асқақ стиль мен мына қарапайым мәнердің арасындағы айырмашылық, Иисустың сыры мен Понтий Пилаттың әйелімен ойша сөйлесуі т.б. аңызға айналған хикаяны аса қарадүрсіндіріп жібереді. Өзінің ой-пікір, ұстаған жолы, уағызы үшін басын бәйгіге тіккен Иисус Ш.Айтматовтың нұсқасында бар-жоғы Рим императорына қарсы шыққан "бүлікшінің" дәрежесінде ғана қалады. Оны бұдан кейін пайғамбар деу қиындау. Осы арада бір айта кететін жәй - мұсылман және христ мәдениетінің арасындағы айырмашылықтың қалайда еріксіз бой көрсетуі. М.Булгаковтың романында, автордың өзі сол мәдениетке жататындықтан, соның аясында өсіп, тәрбиеленгендіктен, ескі аңыз шығарманың тініне табиғи түрде кіріп кеткен. Ал атеист Ш.Айтматовта мұның бәрі табиғи емес, жасанды түрде көрінеді. Ол "Інжілдегі" дайын нәрселерді ала салған.
Сол себепті Авдий мен Гришанның пікір таласы (138-141 б.б., 4 том) әркімнің өз бастарынан кетіп, тірлікте көріп, бар тауқыметті тарта кеп түйген ой-пікірі емес, кәдімгі күнделікті газет-жорнал беттерінде жарияланып жатқан сырдан сөз, жадағай публицистиканың деңгейінде шыққан. Бұдан кейін Авдийдің Гришанға істеген қылмысына "өкін", "құдайдан кешірім сұра", "мінәжат қыл" дегені коммунашылдардың партия жиналыстарындағы жағдайды еске түсіреді. Және бір айтары Авдий Ф.Достоевскийдің "Делкұлы" романындағы "үлкен бала" Мышкиннен аумайды. Портретіне дейін ұқсас. Оның теміржолдың бойында, көпір астында талықсып жатып Құддыстағы (Иерусалим) жағдайды еске алуы, өзі мен Иисустың арасындағы байланыс, ұқсастық, ассоциацияның барлығын емексітуі, Жалпақсаз стансасында баяғы ұсталған қарасорашыл "жолдастарымен" бірге мені де қамандар деуі, т.б. тым жасанды, сендірмейді. Сол жерде өмірде жолы болмай жүрген бұл "жаңа пайғамбарға" тағы да өмірде жолы болмай жүрген, қарасораны құрту жайын зерттейтін "ғалым", ұшқыш күйеуінен енді ғана ажырасып жатқан Инга Федоровна кездесе кетеді. Тіл табысулары оп-оңай. Сол жерде Авдийдің "материализмі" жеңіп, діннен бас тартқандай боп, Ресейіне қайтады. Содан қайтадан Инганы іздеп Жалпақсаз-Шу стансасына келген кезде (Инга Жамбылға кеткен!), бұл сорлы тағы да вокзал маңында Обер-Кандаловтың (Хандалов та болар дейді, - Б.А.) "хунтасына" кездеседі. Олар "ет жоспарын орындау" үшін киік атпақ боп жүр екен, соған көмектесетін кісі-қара іздеп біраз күн әуреленіпті. Оған мына үйі-күйі жоқ, қаңғыбас "құдай-Христос" Авдий бірден ұнай кетеді. Соның соңы... "жаңа пайғамбар" жүк машинасының үстінде өлген киіктердің арасында, қол-аяғы байлаулы келе жатыр!
Бұл "хунтада" да дені дұрыс кісі жоқ. Облыстағы театрдың бұрынғы актері Гамлет-Галкин де, Кепа да, Мишаш та, бұрынғы тірәктірші Үзікбай-Абориген де шетінен "алқаш", қатын, бала-шағадан безген біреулер. "Хунтаның" көсемі Обер-Кандалов әскерде жүріп қылмыс жасап, иығындағы пагонынан айрылған кісі. Бар-жоғы ол ет комбинатының бастығымен таныс, соның "абыройы" үшін, "ет жоспарын" орындау мақсатымен Мойынқұмда киік біткенді қырып салып жүр. Олар енді өздерін жазықсыз жануарларды өлтірмеңдер, өкініндер деп уағыз айтқаны үшін Авдийді соттап, тергемекші. Мұндағы Понтий-Пилат - Обер-Кандалов, қалғандары - үкімді орындаушы жендеттер. Соның қатарында Үзікбай-Абриген дейтін бұрынғы "тірәктірші" қасқа қазақ та жүр. Оның Иса пайғамбарға не қатынасы бар екенін бір пенде білмейді. Бұл жердегі дау-дамай да барып тұрған жадағай публицистика. Оның бәрін қорыта келгенде, "қорқатын құдай жоқ, сондықтан да не істесек те" болады" дегенге саяды. Бұл баяғы "Ағайынды Карамазовтардағы" ескі желі! Содан олар Авдийді сексеуілге (төртпақтайтын арнайы ағашдар жақтықтан! Рим Мойынқұмнан алыста ғой!) төртпақтап керіп, айдалада тастап кетеді. Міне, осы жерде қасқырлар "пайғамбарға" келеді. Авдий "әулие" енді Христосты ұмытып, қасқырларға құтқара гөр деп жалынады. Сөйтіп екі ұдай пікірмен (дуализм!), бір құдайға да сене алмай, әлгі қасқа... "Мойынқұмдағы ауылымда" жан тәсілім қылады. Сөйтсе... "хунта" мұны "жәй ошейін қорқытайық" деп "төртпақтаған" екен! Ертесіне әлгі жүк машинасы қайтып келе жатады! Егер Понтий Пилат заманында осындай төрт дөңгелек болса, ол мықтың да ойнадым" деп, дар ағашқа қол-аяғы шегелеулі тұрған Иисусты іздеп, қайтып келер ме еді?! Әй, қайдам! Сөйтіп Мойынқұмдағы "төртпақтау" тұзы жеңілейіп, "Жаңа Христосты" ой-пікірі, ұстанған жолы, уағызы үшін жазалау емес... жәй ғана аңдаусызда, оқыстан өлтіріп алған кәдімгі қылмыс боп шыққан! Мұнда Обер-Кандаловтардың Авдийді сол талас пікірі үшін өлтіре қоюы мүлдем сенімсіз, олар әрі кеткенде оның жағын сындырып, тепкілеп қана тастайды. Оның үстіне өздері жасырынып аң аулап жүрген қулар қылмыс жасап, артын шулатпайды. Өйтетіндей Обер-Кандалов ақымақ емес. Міне пайғамбаршылық пен жәй ғана пендешіліктің ажыратылатын тұсы осы. Оқиғаның осындай ішкі желісі, тымырсыған ағысы қолдан бұрмаланғандықтан қайғылы жағдай кісіні еш толғантпайды. Әрі жазушының адамзаттан гөрі қос қасқырды инстинктке берілмейтін, "адамгершілігі" зор етіп көрсетуі және артық. Ақыл-есі бар, табиғат жаратқан тірі организмдердің ішіндегі ең күрделісі, ең кемелі Адам Сәпи (һомо сапиенс!) қаншама жауыз, қанішер, малғұң боп кетсе де, төрт аяқты емес, әр уақытта екі аяқты пенде ретінде көрінеді. Мәселе оның қоғам дейтін, ар-ұят дейтін сатының қай баспалдағында қалғанында жатырі Адамзат тірі тұратын болса, қай заманда да "Інжілдегі" "Кісі өлтіре көрме!" т.б. деген уағыз, Әбіл мен Кәбілдің басындағы жағдай әр түрлі қырымен көрініп, мәңгі бола бермекші. Осындай диалектиканың дал-далын шығарып, қазақ даласына "жаңа Христосты" әкеп, төртпақтаудың қажеті шамалы. Жазушы бұл жерде қарасора-конопляның зияны т.б. туралы публицистика тілімен айтады, кейіпкерлерді бір бірімен кіжіндестіреді, оларға делқұлыша еш қисынсыз әрекет еткізеді. Есесіне оқушы ештеңенің суретін көрмейді, ештеңені сезбейді, үнемі ақыл мен сананың ауқымынан шыға алмай, қапас торға қамалады да отырады. Тым құрымаса романда анаша шеккен бір кейіпкердің хал-жайы, тартқан азабы, одан құтыла алмай (наркозависимость!) не істерін білмей мәңгіргені де жоқ! Кітапқа негізгі желі болған қарасора - қара пәле делінеді де қояды. Көркемделген шығарма, кейіпкерлердің психологиясы, дараланған кескін-келбеті, тұлғасы, тілі т.б. туралы әңгіме айтудың өзі артық. Сюжет өмірдің өз арнасында табиғи түрде өрбімейді, керісінше сырттай, аспаннан әкелінген ой-пікірдің әсерінің (Достоевскийдің тәсілі!) арқасында... жасанды түрде қолдан өрбітіледі. Басқаша айтсақ, бұл химиядағы бір бірімен қосылатын заттар өзара өз бетінше іс-әрекетке (реакцияға) кіріспей, оны қолдан, жасанды түрде қозғап-қозғап жібергендіктен, амалсыз "ыдыраған" сықылды қылып танытатын бір жағдай. Мұның соңының атомды "ыдыратқанда" (расщепление!) болатын жарылысқа ұласып кетуі мүмкін. А.Эйнштейн мұны заң ретінде Е=мс немесе Т=Е/с түрінде формула етіп бекерге шығармаған. Қазақша айтсақ, бұл заң белгілі бір дененің толық қуаты оның қорамымен, массасымен бірдей немесе керісінше, белгілі бір дененің қорамы, массасы оның толық қуатына сай, бірдеқ. Міне осы өлшем бұзылса, - қиын. Мына романда ой-пікірдің қуаты көп те, суреттелген реалийлардың қорамы, массасы өте кем. Бұлайша тепе-тендіктің бұзылуы көркемделген әдебиетте аса қауіпті! Бұл жерде жаратылыстың заңдары бел алғандықтан, "құдайдан қорық!" дейтін уағыз жүре қоймайды!
Неліктен екенін қайдам, мен үшін ұлы суреткер Шыңғыс Айтматов феномені дегенімде көз алдыма Алатау мен Айсберг, Айсберг пен Алатау қатар келеді...
Достарыңызбен бөлісу: |