Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Сотталушыдан жауап алу



бет26/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42

367-бап. Сотталушыдан жауап алу

1. Сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етушi тағылған айып және iстiң басқа да мән-жайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзiне қарсы пайдаланылуы мүмкiн екенiн оған түсiндiредi.

2. Сотталушы айғақтар беруге келiсiм берген кезде бiрiншi болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, содан кейiн мемлекеттiк айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етушi жетекшi сұрақтарды және iске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды.

3. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтiнде қойылуы мүмкiн.

4. Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтiнiшхаты немесе соттың бастамашылығы бойынша жол берiледi, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейiн оған өзi болмаған кезде сот отырысының хаттамасына енгiзiлген айғақтар оқылады және өзi болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкiндiгi берiледi.
368-бап. Сотталушының айғақтарын жария ету

1. Сотталушының iс бойынша сотқа дейiнгi әзiрлiк барысында берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берiлген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны немесе киноға түсiрiлiмiн жаңғыртуға:

1) сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде;

2) iс сотталушы болмаған кезде қаралғанда;

3) сот талқылауы мен сотқа дейінгі тергеу барысында берiлген айғақтардың арасында елеулi қайшылықтар болғанда жол берiледi.

2. Тиiстi жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсiрiлiмiн жаңғыртуға жол берiлмейдi.


369-бап. Жәбiрленушiден жауап алу

1. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 370-бабының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi және сегізінші бөлiктерiнде көзделген куәлардан жауап алу қағидалары бойынша жауап алынады.

2. Жәбiрленушi төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде айғақтар беруге құқылы.
370-бап. Куәлардан жауап алу

1. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.

2. Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға деген қарым-қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға, сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге – тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған, бірақ айғақ беруге тілек білдірген адамдарға көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Куәға осы Кодекстің 78-бабында көзделген оның басқа құқықтары мен міндеттері де түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: "Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін.". Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі.

3. Куәдан айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бiрiншi болып өтiнiшхат бойынша сот отырысына осы куә шақырылған тарап сұрақтар қояды. Төрағалық етуші куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейiн сұрақтар қояды.

4. Куә соттың талап етуi бойынша оған ұсынылатын жазбаларды пайдалануға құқылы.

5. Куәға өз айғақтарына қатысты қолында бар құжаттарды оқып шығуға рұқсат берiледi. Бұл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша iске тiгiлуi мүмкiн.

6. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуi аяқталғанға дейiн соттың рұқсатынсыз және тараптардың келiсiмiнсiз одан шықпауға тиiс.

7. Осы Кодекстiң 98-бабында көзделген жағдайларда, куәнiң және оның жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында сот куәнiң жеке басы туралы нақты деректердi жарияламай, оны процестің басқа қатысушылары көрмейтiндей жағдайларда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады.

8. Сот куәдан жауап алуды оны ол болатын не тұратын аумақтағы аудандық (облыстық) сотқа шақырта отырып, бейнебайланыс режимінде (алыстан жауап алу) техникалық құралдарды пайдалана отырып, осы Кодекстің 213-бабының қағидалары бойынша жүргізуі мүмкін.
371-бап. Кәмелетке толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алу ерекшелiктерi

1. Кәмелетке толмаған жәбірленушіден немесе куәдан жауап алу кезінде әлеуметтік психолог, сондай-ақ оның заңды өкiлдерi мен педагог қатысады. Аталған адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен жәбiрленушiге және куәға сұрақтар қоя алады.

2. Он алты жасқа толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етушi оған шын және толық айғақтардың iс үшiн маңызын түсiндiредi. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылық туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.

3. Тараптардың өтiнiшхаты бойынша немесе соттың бастамашылығы бойынша кәмелетке толмаған жәбiрленушi мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргiзiлуi мүмкiн, бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейiн оған кәмелетке толмаған жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары жария етiледi, жәбiрленушiге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкiндiгi берiледi.

4. Он сегiз жасқа толмаған жәбiрленушi, куә, сот олардың әрi қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқа, олардан жауап алу аяқталғаннан кейiн сот отырысы залынан шығарылады.

5. Егер олардың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында берген айғақтарын тергеуші судья сақтауға тапсырса, кәмелетке толмаған жәбірленушілерді және куәларды сот отырысына шақыру және жауап алу жүргізілмейді.


372-бап. Жәбiрленушi мен куәнiң айғақтарын жария ету

1. Сот талқылауында жәбiрленушi мен куәнiң iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу немесе кейiнгi сот талқылауы кезiнде берген айғақтарын, сондай-ақ олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiруiн, осы Кодекстың 377-бабында көзделген тәртіппен жария етуге:

1) бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулi қайшылықтар бар болған кезде;

2) олардың сот талқылауына келу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын себептер бойынша жәбiрленушiнiң немесе куәнiң сот отырысына қатыспауы кезiнде;

3) тергеу судьясы айғақтарды сақтауға тапсырған кезде жол берiледi.

2. Жәбiрленушi мен куә берген айғақтардың дыбыс жазбасын, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiруiн жаңғырту осы Кодекстiң 368-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген қағидалар бойынша орын алуы мүмкiн.


373-бап. Сот талқылауындағы сараптама

1. Сот тараптардың өтiнiшхаты бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы.

2. Сараптаманы сот алдындағы тергеу барысында қорытынды берген сарапшы (сарапшылар) не сот тағайындаған басқа сарапшы (сарапшылар) жүргізеді.

Соңғы жағдайда төрағалық етуші сараптама жүргізуді кімге тапсыруды ұйғарып отырғаны туралы хабарлауға тиіс, содан кейін аталған адамнан бас тарту және оның өздігінен бас тартуы туралы өтінішхаттар болмаған кезде, сот кеңесу бөлмесіне кетпестен оны іс бойынша сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Бұдан әрі сарапшыға оның іс жүргізу өкілеттіктері түсіндіріледі, ол көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіліп, бұл туралы қолхат береді.

3. Сотта сараптама жүргiзу осы баптың талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 35-тарауында жазылған қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

4. Сарапшы сот отырысында төрағалық етушiнiң рұқсатымен сараптама мәнiне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға: жауап алынатын адамдарға сұрақтар қоюға, қылмыстық iстiң материалдарымен танысуға, сараптама мәнiне қатысты барлық сот iс-әрекеттерiне қатысуға құқылы.

5. Төрағалық етушi тараптарға iс үшiн мәнi бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейiн сарапшыға сұрақтарды жазбаша түрде берудi ұсынады. Қойылған сұрақтар жария етiлуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың пiкiрлерi тыңдалуға тиiс.

6. Тараптар сараптамалық зерттеу объектiсi ретiнде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы. Оларды осындайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелдi қаулы шығаруға мiндеттi.

7. Мәселелердi қарап және олар бойынша тараптардың пiкiрлерiн тыңдап, сот өз қаулысымен олардың iшiнен iске қатысы жоқ немесе сарапшының құзыретiне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелердi тұжырымдайды.

8. Сарапшы болып тағайындалған адамға сараптаманың тағайындалғаны туралы сот қаулысының көшiрмесi тапсырылады және осы Кодекстiң 79-бабында көзделген оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. Сот тараптардың пiкiрлерiн тыңдап болып, зерттеу жүргiзу үшiн қажеттi уақытқа сот отырысын кейiнге қалдыруға құқылы.

9. Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде бередi және оны сот отырысында жария етедi, содан кейiн одан жауап алу осы Кодекстiң 374-бабында көзделген қағидалар бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Сарапшының қорытындысы iске қоса тiгiледi.

10. Сот талқылауында сараптама жүргiзiлген соң, осы Кодекстiң 287-бабында көзделген жағдайларда сот қосымша немесе қайта сараптама тағайындауға құқылы.

11. Iс бойынша сотқа дейiн iс жүргiзу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол тараптардың қарсылығын туғызбаса, сараптама тағайындамауға және сарапшыдан жауап алумен шектелуге құқылы.
374-бап. Сарапшыдан жауап алу

1. Осы Кодекстің 285-бабы төртінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етiлгеннен кейiн ғана оны түсiндiру, нақтылау немесе толықтыру үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.

2. Сарапшыдан бiрiншi болып өтiнiшхат бойынша сараптама тағайындалған тарап жауап алады.

3. Егер сараптама тараптар арасындағы келiсiм бойынша немесе қылмыстық iстi жүргiзушi органның бастамасы бойынша жүргiзiлсе, сарапшыға бiрiншi болып айыптаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап жауап алады.

4. Сот жауап алудың кез келген сәтiнде сарапшыға сұрақтар қоюға құқылы.
375-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап тексеру

1. Тергеу барысында iске тiгiлген және жаңадан алынған заттай дәлелдемелер сот тергеуi барысында сотта қарап тексерілуге және тараптарға ұсынылуға тиiс. Заттай дәлелдемелердi қарап тексеру сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде тараптардың өтiнiшхаты бойынша да, сондай-ақ соттың бастамасымен де жүргiзiледi. Заттай дәлелдемелер куәлердiң, сарапшының, маманның қарап тексеруі үшiн ұсынылуы мүмкiн. Заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдардың заттай дәлелдемелердi қарап тексерген кезде анықталған, iс үшiн маңызы бар мән-жайларға соттың назарын аударуға құқығы бар.

2. Заттай дәлелдемелердi қарап тексеруді сот олар тұрған жерде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген қағидаларды сақтай отырып жүргiзуге тиiс.
376-бап. Тергеу әрекеттерiнiң хаттамалары мен құжаттарын жария ету

Мән-жайларды куәландыратын тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамалары және қарап тексеру, куәландыру, алу, тiнту, мүлiкке тыйым салу, ұстау, тану үшiн көрсету, тергеу экспериментi телефонмен сөйлесудi тыңдау кезiнде белгiлi болған фактiлер, сондай-ақ егер оларда iс үшiн маңызы бар мән-жағдайлар баяндалған немесе куәландырылған болса, iске тiгiлген немесе сот отырысында ұсынылған құжаттар толық немесе iшiнара жария етiлуге тиiс. Сот отырысына ұсынылған құжаттар соттың қаулысы бойынша iске тiгiлуi мүмкiн.


377-бап. Сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарын, сондай-ақ хаттамалар мен құжаттарды жария етудiң тәртiбi

Осы Кодекстiң 368, 372, 376-баптарында көзделген жағдайларда, сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарын, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамалары мен құжаттарды оларды жария ету туралы өтiнiшхат бiлдiрген тарап не сот жария етедi.


378-бап. Iс болған орынды және үй-жайды қарап тексеру

1. Iс болған жерді және үй-жайды қарап тексеру сот тараптардың қатысуымен, ал қажет болғанда куәлардың, сарапшының, маманның қатысуымен де жүргiзіледi.

2. Қарап тексерген орнына келген соң төрағалық етушi сот отырысының жалғасатындығы туралы жариялайды, ал сот қарап тексеруге кiрiседi. Бұл ретте сотталушыға, жәбiрленушiге, сарапшы мен маманға қарап тексерумен байланысты сұрақтар қойылуы мүмкiн.
379-бап. Тану, куәландыру, айғақтарды тұрған жерiнде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргiзу, үлгiлер алу үшін көрсету

1. Тану үшін, куәландыру, айғақтарды тұрған жерiнде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргiзу, үлгiлер алу үшiн көрсету сот талқылауында тараптардың қатысуымен, осы Кодекстiң, 223, 229, 257, 258-баптарында және 34-тарауында көзделген қағидалар сақтала отырып, сот қаулысы бойынша жүргiзiледi.

2. Егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл қажет болса, тану, куәландыру, эксперимент, үлгiлер алу үшiн көрсету жабық сот отырысында жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Куәландырылушыны жалаңаштау арқылы куәландыруды жеке үй-жайда дәрiгер немесе өзге маман жүргiзедi, онда куәландыру актiсi жасалып, қол қойылады. Одан соң аталған адамдар сот отырысы залына оралады, онда олар тараптардың және куәландырылған адамның қатысуымен, егер куәландырылушының денесiнде іздер мен белгiлер табылса, олар туралы сотқа хабарлайды, тараптардың және судъялардың сұрақтарына жауап бередi. Куәландыру актiсi iске қоса тiгiледi.


380-бап. Дәлелдемелердi зерттеудi шектеу

1. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау дәлелдемелерiнің зерттелуін аталған өтiнiшхат қозғалған сәтке қаралған дәлелдемелермен шектеу туралы өтiнiшхат жасауға құқылы. Сот тараптардың пiкiрлерiн тыңдап, бұл өтiнiшхатты қанағаттандыруға құқылы.

2. Қорғаушы тарап сотталушының, қорғаушының, сотталушының заңды өкiлiнiң, азаматтық жауапкердiң немесе оның өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша ұсынылған және iске тiгiлген дәлелдемелердi зерттеуден бас тартуға құқылы. Мұндай бас тарту сот үшiн мiндеттi.
381-бап. Сот тергеуiнiң аяқталуы

1. Төрағалық етушi дәлелдемелердi зерттеу аяқталғаннан кейiн:

1) тараптарға, олардың сот жарыссөзiнде, ал соттың үкiм шығаруы кезiнде тек сот тергеуiнде қаралған дәлелдемелерге ғана сiлтеме жасауға құқылы екендiгiн түсiндiредi;

2) тараптардан, олар сот тергеуiн толықтыруды қалай ма және немен толықтырғысы келетiнiн сұрайды.

2. Сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiшхаттар мәлiмделген жағдайда, сот бұл өтiнiшхаттарды талқылайды және оны шешедi.

3. Өтiнiшхаттарды шешкен соң және қажеттi сот iс-әрекеттерiн орындаған соң, сондай-ақ сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiшхат қозғалмаған немесе сот оларды дәлелдi түрде қабылдамаған жағдайларда төрағалық етушi сот тергеуiн аяқталды деп жариялайды.


382-бап. Iстiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануы

1. Ауыр емес, орташа ауыр қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істер бойынша сот талқылауы, мынадай шарттар болған кезде:

1) сотталушы өзiнiң кiнәсiн толық көлемiнде, оның iшiнде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның мөлшерін және өзiне қойылған қуыным талаптарын мойындаса;

2) сотқа дейiнгi іс жүргiзу барысында процеске қатысушылардың осы Кодекстің ережелерінде белгiленген құқығының бұзылуына немесе қысым жасалуына жол берiлмесе;

3) процеске қатысушылар iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң қатыстылығы мен орындылығына дау туғызбаса және оларды сот отырысында зерттеудi талап етпесе;

4) жеделдетілген сотқа дейінгі іс жүргізукезінде;

5) медиативті немесе іс жүргізетінлік келісімі жасалған немесе медиациялық тәртіппен бітімгершілікке қол жеткізілген кезде қысқартылған тәртiппен жүргiзiледі.

2. Iстi сотта талқылаудың қысқартылған тәртiбi сотталушы және жәбірленушіден жауап алудан, медиация немесе іс жүргізетінлік келісімін жасаудың мән-жайын анықтаудан, азаматтық қуыным және іс жүргізу шығындары бойынша төлем жасаудың мерзімі мен тәртібінен тұрады. Қысқартылған сот талқылауы он тәулік мерзіміне дейін аяқталуға тиіс, айрықша жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

3. Сот, егер сот отырысы барысында қысқартылған тәртіппен сот талқылауына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталса, сот тергеуiн толық көлемде жүргiзу туралы қаулы қабылдайды.
45-тарау. Сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі
383-бап. Сот жарыссөзiнiң мазмұны мен тәртiбi

1. Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне көшетiнiн хабарлайды жәнесот жарыссөзiне қатысушыларға олардың өз сөздерiнде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасауға құқылы еместігін түсіндіреді. Сотқа жаңа дәлелдемелер ұсыну қажет болған ретте, олар сот тергеуiн қайта бастау туралы өтiнiш жасай алады.

2. Сот жарыссөзiне қатысушының өтiнiшi бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, бұл үшiн төрағалық етушi ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысына үзiлiс жариялайды.

3. Сот жарыссөзi айыптаушының, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, азаматтық қуынушының және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, сотталушы мен қорғаушының сөздерiнен тұрады. Қысқартылған сот тергеуі кезінде іс жүргізетінлік келісім немесе медиациялық тәртіппен бітімгершілік жасалған істер бойынша сот жарыссөзі жүргізілмейді. Iске қатысушылардың сөз сөйлеу ретiн олардың ұсыныстары бойынша сот белгiлейдi, бiрақ барлық жағдайларда бiрiншi болып айыптаушы сөз алады.

4. Егер мемлекеттiк айыптауды бiрнеше мемлекеттiк айыптаушы қолдаса, iске бiрнеше жәбiрленушi, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi, азаматтық қуынушылар мен олардың өкiлдерi, сотталушылар қатысса, төрағалық етушi сөз сөйлеу кезектiлiгiн өзара келiсуi үшiн оларға уақыт бередi. Қажет болғанда бұл үшiн сот отырысына үзiлiс жариялануы мүмкiн. Егер аталған адамдар жарыссөздегi өз сөздерiнiң кезектiлiгi туралы келiсiмге келе алмаса, сот олардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сөз кезегi туралы қаулы қабылдайды.

5. Сот жарыссөзiнiң ұзақтығын сот белгiлi бiр уақытпен шектей алмайды, алайда, төрағалық етушi, егер жарыссөзге қатысушы адамдардың сөзi қаралатын iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негiзделген болса, оларды тоқтатуға құқылы.

6. Сот жарыссөзіне қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкiлдерiнiң сөзiнде айтылған себептер бойынша тағы бiр реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертпелерiн (репликаларын) бiлдiруге құқылы. Соңғы ескертпенi айту құқығы барлық жағдайларда сотталушы мен оның қорғаушысына тиесiлi.

7. Әрбiр сот жарыссөзiне қатысушы сотқа осы Кодекстiң 390-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 6) тармақтарында аталған мәселелер бойынша шешiмнiң өзi ұсынатын тұжырымын жазбаша түрде табыс ете алады. Ұсынылатын тұжырымның сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.


384-бап. Сотталушының соңғы сөзi

1. Сот жарыссөзi аяқталған соң төрағалық етушi сотталушыға соңғы сөз бередi. Сотталушыға оның соңғы сөзi кезiнде ешқандай сұрақ қоюға жол берiлмейдi.

Сот сотталушының соңғы сөзiнiң ұзақтығын белгiлеуге құқылы емес. Төрағалық етушi, егер сотталушының сөзi қаралған iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы.

2. Іс жүргізетінлік келісім немесе медиациялық тәртіппен бітімгершілікке қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша қысқартылған сот тергеуі кезінде сотталушының соңғы созі айтылмайды.


385-бап. Сот тергеуiн қайта бастау

Егер сот жарыссөзiнде сөз сөйлеушi немесе сотталушы соңғы сөзiнде iс үшiн маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамасымен сот тергеуiн қайта бастайды. Қайта басталған сот тергеуi сот аяқталған соң сот жарыссөзiн жаңадан бастайды және сотталушыға соңғы сөз бередi.


386-бап. Соттың кеңесу бөлмесiне кетуi

1. Сотталушының соңғы сөзiн тыңдап болғасын сот үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi, ол туралы төрағалық етушi сот отырысы залындағы қатысушыларға хабарлайды.

2. Үкiмнiң жарияланатын уақыты процеске қатысушыларға судьялар кеңесу бөлмесiне кетер алдында хабарлануы мүмкiн.
46-тарау. Үкім шығару
387-бап. Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығару

Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығарады.


388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi

1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

2. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады.

3. Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады.


389-бап. Үкім шығару құпиясы

1. Істі қараған судья үкімді өзіне қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін болғызбайтын жағдайларда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге тұлғалардың, оның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.

2. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауына құқылы.

3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.


390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi

1. Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi шешедi:

1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;

2) бұл әрекет қылмыстық құқық бұзушылық болып табыла ма және ол дәл қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлiгi, тармағы);

3) сотталушының бұл әрекеттi жасағаны дәлелдендi ме;

4) сотталушы бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi ме;

5) оның жауаптылығы мен айыбын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;

6) сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаныүшiн жазаға тартылуға тиiс пе;

7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiс;

8) жаза тағайындамай үкiм шығару үшiн немесе жазадан босатуға не қылмыстық жазаны өтеудi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75, 77-баптарында көзделген жағдайларда кейiнге қалдыруға негiздер бар ма;

9) бас бостандығынан айыруға сотталушы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қандай түрi мен режимiнде жазасын өтеуге тиiс;

10) азаматтық қуынымды кiмнiң пайдасына және қандай мөлшерде қанағаттандыруға жата ма;

11) азаматтық қуынымды немесе ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүлiктi не iстеу керек;

12) заттай дәлелдемелер бойынша не iстеу керек;

13) iс жүргiзу шығыстары кiмге, қандай мөлшерде жүктелуге тиiс;

14) сот сотталушының құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзуге) тиiс пе;

15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 91-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;

16) қылмысты жасауға әсерететiн мән-жайлардың болуы туралы;

17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;

18) бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы.

2. Ақтау үкiмiн шығару кезiнде сот тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз iс-әрекетiмен ақталушыға келтiрiлген зиянды өтеу туралы мәселе жөнiнде шешiм қабылдайды.

3. Сотталушы бiрнеше қылмыс жасағаны үшiн айыпталған кезде сот әрбiр қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жеке-жеке осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi шешедi.

4. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына бiрнеше сотталушы айыпталса, сот оның жасалған әрекеттегi рөлi мен дәрежесiн айқындай отырып, әрбiр сотталушыға қатысты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген барлық мәселелердi шешедi.

5. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған негiзгi мәселелердi шешкен соң мынадай:

1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбiрленушiнiң ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларының жағдайын жасап, жайғастыру туралы;

2) сотталушының мүлкiн, қажет болған жағдайда жәбiрленушiнiң мүлкiн қорғау туралы;

3) жеке қаулы шығару қажеттiгi туралықосымша мәселелердi шешуге көшедi.

6. Егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес басқа соттың бастамасы бойынша іс жүргізуіне заңды немесе осы қылмыстық іс бойынша қабылдануға жататын өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыным қабылдаса, сот үкім шығаруды кейінге қалдыруға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет