2.5.Дәрігерлердің пайдалы кеңестері
Балдың пайдасы
Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.
Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.
Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.
Араменемдеу
Араменемдеу медицина ғылымында «Апитерапия» депаталады. Отандықдәрігер, апитерапия маманы А. Құрманбаевтыңбергенмәліметтерінесүйенсек, араменемдеугеараның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүлтозаңыжәнеемдікәсеріөтекүштісүтжатады. Ал ара уыныңқұрамындаадамағзасыүшінпайдалытүрліферменттер мен аминқышқылдарыжәнемилитин бар. Апитерапия арқылыкөптегенауруларды, соныңішіндеревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйкеаурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкіқұрылыс, буынаурулары, колит, асқазанжарасы, холецистит секілдіаурулардыемдеугеболады. Негізіненемгежұмысшыараларпайдаланылады. Ара уыныңшипасыбүгінгікүнітолық дәлелденген.
Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған сусынныңасқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.
Балмен нені емдеуге болады екен?
Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.
Жоғары тыныс жолы ауруларын емдеуге болады дейді?.
Бал ингаляциясын (демалу арқылы балды ағзаға енгізу) қолдану ісі ерте кезде дамыған. Ингалияциялағанда бал мұрынның кілегей қабығы мен кеңірдекке ғана әсер етіп қоймайды, өкпенің альвеолы арқылы қанға түсіп, денсаулықты нығайта түседі.
Суық тиюден болған ауруларды емдеуге де болады екен?.
Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стақан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады. Суық тиіп ауырғанда балды дәрі ретінде қолдана отырып, екі- үш күн үйде отыру керек.Себебі, бал қатты терлетеді.
Өкпе ауруларын емдеуге пайдаланады.
Гиппократ бал ішімдігі қақырықты түсіріп, жөтелді басады деп жазды. Ибн Сина туберкулез басталған кезде раушан гүлінің жапырағы мен бал қоспасын қолдануды ұсынды. Бұл қоспаны күндізгі сағат 12-ге дейін қолдануды тиімді деп санады. Балға қосылған орман жаңғағы да үздік-создық жөтелден сауықтырып, қақырық түсіреді. Осы арқылы бал ағзаның туберкулез инфекциясына қарсы күресіне көмектеседі.
Жүрек ауруларын емдеуге қолдануға болады екен.
Жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін глюкоза қажет. Балды қолдану жүректің бұлшық етіне жақсы әсер етеді. Себебі, онда жеңіл сіңетін глюкоза өте көп. Неміс дәрігерлерінің айтуынша, балдан, тіпті, қант ауруымен ауырғанда да бас тартуға болмайды. Өйткені, фруктозаны немесе ара балын енгізгеннен кейін жүректің қызметі жақсарады.
Тәулігіне 50- 140 граммнан (орташа есеппен 70 граммнан) ұзақ уақыт бойы (1-2 ай) бал жеу жүрегі қатты ауыратын адамдардың көңіл-күйін көтеріп, оның қан құрамын қалпына келтіреді. Сонымен бірге, гемоглобинді өсіріп, жүрек -қан тамырларының айналымын жақсартады.
Асқазан ішек ауруларын емдеу.
Балды асқазан жарасын емдеу үшін де қолданады. Мұндай жағдайда
балды тамақ ішуден 1,5-2 сағат бұрын немесе тамақтан соң 3 сағаттан кейін жеу қажет.Ең дұрысы, ертеңгі және түскі тамақтың алдында 1,5- 2 сағат бұрын, кешкі тамақтан соң 3 сағаттан кейін жеген жөн. Оны қайнаған жылы жылы суға ерітіп ішу де жақсы нәтиже береді. Суға ерітілген балды жылылай ішу асқазан сөлін сұйылтып, оның ішекті тітіркендірмей тез сіңуіне көмектеседі. Керісінше, балдың салқын ерітіндісі қышқылдылықты арттырып, асқазандағы асты бөгейді де, ішекті тітіркендіреді.
Жүйке жүйесі ауырғанда қолдану.
Жүйкесі шаршаған адамдардың күш -қуатын қалпына келтіру үшін кешке қарай бір қасық бал және жарты лимон сөлі қосылған бір стақан ыстық су ішу немесе екі ас қасық бал жеу керек. Бір стакан бал суынан артық ұйқы келтіретін дәрі жоқ көрінеді.
Бауыр ауырғанда қолдану.
Бал құрамындағы глюкоза бауырдың да жұмысын жақсартады. Глюкоза тін жасушаларын қоректендірумен бірге, бауырдағы глюкоген қорын арттырады, тіндік алмасу жұмысын жақсартады.
Бүйрек ауырғанда қолдану.
Бүйрек ауруына балдың пайдалы болу себебі, онда бүйрекке өте зиянды ақуыз аз.Ал тұз мүлде болмайды.Бүйректе қиыршық тас бар болса, балды зәйтүн майы мен лимон сөліне араластырып, бір ас қасықтан күніне үш реттен ішкен дұрыс. Бал құрамындағы глюкоза бүйректің қатты қабынуы кезінде бұзылған қан мен тін арасындағы осмотикалық тепе-теңдікті реттейді.
Операциядан кейін қолдану.
Бет, жақ сүйек операцияларынан кейін ерекше диета қолдану ға тура келеді.Шайнау толық мүмкін болмаған әрі жұту қиындаған жағдайда ара балы таптырмайтын тамақ.Мұны ауру адамға итмұрын тұнбасының ерітіндісіне, жемістен алынған сөлге қосып беруге болады. Науқасқа ақ ірімшік, жұмыртқаның сары уызы және қаймақпен араластырылған сұйық бал берген дұрыс. Сұйық балды жегеннен кейін-ақ ауыз ішін дезинфекциялаудың қажеті жоқ.Сондай-ақ, ол жарақат бетінің жазылуына да қолайлы әсер етеді.
Жараны емдеу.
Бал ластанған жаралардың тазарып, жазылуына, ал балық майы жараның тез бітіп кетуіне ықпал етеді.Эараның жазылуына балдың антибиотикалық заттарының пайдасы ерекше. Балдың әсерімен жараға қан мен лимфаның келуі күшейеді. Лимфа өздігінінен бактерияларды жуып-шайып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |