3.3.Балдың қолданылуын зерттеу
Кулинариялық жағдайда зерттеу үшін бізге анамыз көмектесті.Анамның көмегімен алма мен бал қосылған бәліш пісірдім.Ол үшін-2 алма, 4 ас қасық бал,1 стақан қант,1,5 стақан ұн,100 гр маргарин,2 жұмыртқа қажет. Бұл жұмыс өте қызықты болды.
3.4. Сауалнама нәтижесі
Осы тақырыпты зерттеу жұмысын жүргізе отыра біз өте көп маңызды мағлұматтармен таныстық.
Бал-бұл бірегей өнім.Ол бізге зиянынан пайдасы көп екенін аңғардық.Өзімізге қажетті көптеген қызықты деректер аштық.
Біздің осы тақырыпқа деген қызығушылығымыз арта түсті. Сондықтан біз 2-4 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздік.
Балдың қай түрі аса пайдалы? Cауалға жауап:
Өз басым балды өте жиі пайдаланамын. Бірақ көбінесе таңдай алмаймын, реті келгенін сатып ала беремін. Өзінің түрі де көп қой. Сұрайын дегенім, балдың қай түрі ең пайдалы болып есептеледі?
Табиғи балдың кез келген түрі пайдалы, сондықтан өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана беруіңізге болады. Сондай-ақ денсаулығыңыз мықты болуы үшін күніне тым болмағанда бір қасықтан жеп тұрғаныңыз жөн. Балдың ең бағалы сұрыбының бірі – жөке балы болып есептеледі. Әдетте, ол мөп-мөлдір, сарғыш түсті болып келеді, сондай-ақ ұзаққа дейін кристалданбайды және қабынуға, бактерияға қарсы әрекет етеді. Тау балы теңіз деңгейінен 2200 м биіктіктегі қараған (акация), долана (боярышник), талшын (каштан), шомырт (терновник), мойыл (черемуха), итмұрын (шиповник), ырғай (жимолость), қызылтал (верба) және алғашқы көктем гүлдерінен жиналады.
Ағзаны нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге пайдаланылады. Өзіне тән ерекше иісі бар қарақұмық балы (гречишный мед) қоңыр түсті болып келеді және құрамында темір көп болады. Қараған балы – асқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем.
4. Қорытынды
Балды пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндік.
Балдың құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық.
Балдың өте ертеде алғашқы адамдарға дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдік.
Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймыз.
Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.
Достарыңызбен бөлісу: |