2.Негізгі бөлім:
2.1.Балдың шығу тарихы
Археологтардың зерттеуіне сүйенсек, аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.
Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен. Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген. Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда бейнеленіп,сақталған екен.
Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған. Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған. Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу, аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.
Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен. Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап, денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.
Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп, табиғаттың керемет сыйы деп есептеген. Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған, бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.
Ұлы грек математигі Пифагор, өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл, философ Демокрит те, өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.
Ресейде бал жайлы 945 жылдың Лаврентьев жазбаларында айтылған екен. Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп, қолға ұстай бастаған. Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады. Елімізде өндірілетін балдың 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.
2.2.Балдың түрлері
Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.
Достарыңызбен бөлісу: |