МазмұНЫ: кіріспе 1 I ислам діні және мәдениет 4 1 Исламның өнерге көзқарасы. 4 2 Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы 21 II қазақстандағы ислам


Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы



бет2/4
Дата16.06.2016
өлшемі349 Kb.
#139944
1   2   3   4

1.2 Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы



Ислам көркем суреті.

Көркем шығармашылық әлеуметтік іс - әрекеттің ерекше түрі болып табылады. Оның өнімдері арнайы рухани және эстетикалық құндылықтар болып қалыптасады. Қазіргі уақытта ислам өнерге қарсы деген сөздер көп айтылып жүр, ал шын мәнінде бұл олай емес. Адамдардың әдемілік туралы көзқарастарының әр түрлі болуына қарамастан, кез – келген адамға жаратылыстың әдемілігін шынайы түрде сезіну тән және бұл құдіретті Алла тағаланың, Адам атаның барлық ұлдары мен қыздарына берген сыйы. Осының арқасында біз қоршаған ортаны тамашалаудан үлкен эстетикалық ләззат аламыз. Міне сондықтан да жердегі барлық адамдар әдемілікті бірдей қабылдайды. Себебі адамның ішкі өмірі неғұрлым интенсивті рухани бай болса сол ғұрлым онда табиғат пен өнердегі әдемілікті қабылдау күштірек дамиды. Сонымен қатар өнердің арқасында біз өз өміріміздегі көптеген қиыншылықтарды уақытша болса да ұмыта тұрамыз.

Оқыған білімді адамға осыншама бай мәдениетті жасаған мұсылмандарды өнерге қатысты қандай да бір жау пиғылда деп айту қиын. Себебі бұл өнердің өте көп элементтеріне керемет мұсылмандық сәулет өнері, декор мен калиграфия, тігін өнері мен барлық мүмкін болатын қол өнер, сонымен бірге халық қол өнері: ағашты ойып жасау, кілем тоқу, тұрмыс заттармен тағы да басқа заттарды әшекейлеу тән.

Исламды ұстанушыладрдың айтқан сөздеріне көз жеткізу үшін ең болмағанда қол жазбалардың безендірілудің мұсылмандық өнерін еске түсіруге болады. Әр түрлі кітаптардың оюлары сондай шеберлікпен жасалып, әдемі бояулармен боялған кезде оларды нағыз асыл затқа айналдырған. Ислам сәулет өнерінің декоративті жинақтылығымен шеберлігін бағалау үшін кез – келген мұсылмандық сарайға көңіл аударыңыз.

Сәулет өнерге деген құрал – жабдықтарының қарапайымдылығымен түр пішіннің айқындылығын тамашалай отырып, сіз кез – келген мұсылман мешітті – бұл қараңғы, көлеңкелі үй емес, керісінше ислам руханилылығының нұр шапағаты төгіліп тұрған жарық құрылыс нышаны екеніне көз жеткізесіз. Тұтастай бәрімізге белгілі сурет өнерінің негізгі түрлері: скульптура (мүсін), графика және тігін сурет болып табылады. Бірақ олардың арасындағы шекараны анық белгілеу өте қиын. Себебі олар өзара байланысты. Бұл жерде шығармашылығы әр түрлі түрлі – түсті материалдар мен бояулардың көмегімен жасалынатын сурет өнерінің бір түрі – көркем суретке тоқталғым келеді. Барлық көркем сурет монументальды болып бөлінеді. Алғашқы мекемелердің негізгі формасын қабырғаларымен төбелерінің сызба нұсқасын жасау болса, ал екіншісі өз картиналарын салу, бұның негізгі жанры болып пейзаж табылады, яғни табиғатты бейнелеу, ауылдың, қаланың, тағы басқа да пейзажы; Нарюрморт, сюжетті тематикалық композиция тағы басқа. Бұл жерде сонымен қатар миниатюра үлкен орын алады. Ол қағаз, сүйек, ағаш немесе фарфордан жасалынған әдетте акварель, май, лак, гуаш немесе темпер мен істелінетін шағын форматтағы көркем сурет. Біздің әңгімеміз ислам сурет өнерінің басты бағыты болып табылмасада, осы мұсылмандық көркем сурет туралы болмақ.

Мұсылман өнерінен алшақ адамдар әдетте ислам көркем суреті деп оншақты кітаптың беттерін безендірген шағын миниатюралардың жинағы деп түсінеді. Әсіресе орта ғасырлық шығыс ақындарының шығармаларында, тек өз пайдасын ойлап, сол үшін исламның қасиетті қағидаларын аттап өткен адамдардың суретті салынған. Пейзаж, сәулет өнері, натюрморд және басқа да нәрселерді салуда ешқандай қарсылық болмаған. Қасиетті Пайғамбар (с.ғ.с.) өте қатаң түрде барлық мұсылмандарды адам мен жануарларды бейнелеуге болмайды деп ескертті. Ол өз хадистерінде „періштелер тірі жанның сереті бар үйге кірмейді” деп айтқан болатын. Осыған байланысты барлық құдайға сенуші адамдар бұрында және қазіргі уақытта да осыны ұстанады. Оның ішінде өздерінің ең сүйіктісі Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) суретін салудан бас тартады. Ислам өз сенушілеріне тірі жанның суретін бейнелеуді олардың жеке (өз) игіліктері үшін және басқа да мәдени – конфессионалды жүйелердің спецификалық ерекшеліктерін силай отырып тиым салады. Бұл тиым салулар сенуші адамдардың рухани тепе – теңдігін сақтау мақсатында айтылған, олардың түп тамырын алыстан іздеу керек. Бұл тыйым салудың ұрпақтан ұрпаққа дейін жалғасып өмір сүруі, мұсылмандарды өз ойларын шығармашылық негізде білдірудің жаңа дәстүрлі емес формалары мен амалдарын іздестіруге мәжбүр етеді. Сондықтан да оларға адамның толықтай сипатын көрсетуге мүмкіндік беретін жоғары техникалық шеберлік пен терең психологизм тән.

Мұсылман суретшілерінің картиналары әрдайым өз кейіпкерлерінің ішкі жан – дүниесін, адамзаттың сезімдік әлемін және адамдардың психологиясын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Діни өмірдің және өз кейіпкерлерінің күнделікті тұрмыс – тіршілігінің сипатты белгілерін анық бере отырып, мұсылман көркем суретінің шеберлері, рухани - өнегелік бағыты бар, өз мәнерлігі бойынша керемет жасайды, оның композициясы бірегей ойлаудың ерекше тереңділігімен, саналы шынайылығымен ерекшеленеді. Гуманистік идеалдар, жоғары Исламдық руханилық, білімге деген құштарлық, ақылдың қуатты күші, әдемілік пен қоршаған әлемнің әралуандылығын тамашалау, адамның ұлылығы мен жоғары сағыналығына сену, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тура білу қабілеті – мені бұлар, мұсылмандарында айқын көрсете білген мәселелері.

Исламдық сурет өнерінің қайталанбас тартымдылығы оның керемет жылылығымен шуақтылығында, суретшінің өзінің көркемдік әсерін айқын көрсете білуінде жатыр. Өмір, оның үндестілігі, ұлылық, әдемілік, суретшіні жайма шуақ хабарлы образдарды жасауға шабыттандырады. Сонымен бірге ислам көркем суреті – бұл қазіргі жағдайларды барлық конфликтерге көңіл аударатын үлкен әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шеше алатын және қазіргі өміріді, ондағы қоғамдық оқиғалардың динамикасымен қоса ерекше сипатын білдіретін, адамның сезімімен уайым – қайғысын көрсете білетін көркем сурет. Әрине, ислам суретшілері үшін ең көріп салатын суреттері – ол кез келген мұсылман үшін қасиетті Ал – Каба, исламның екі қасиетті қаласы – Мекке мен Медина, қасиетті құранның суреті және сонымен бірге арабша жазылған Құдіретті Алла Тағаланың аты.

Ұлттық шығармашылық дәстүрлерге байланысты айырмашылықтарына қарамастан, әртүрлі мұсылман халықтарынан шыққан қыл қалам шеберлерінен шыққан шығармаларында тап осы исламдық руханилық, оның күрделі де көпжақты өнерлерін біріктіріп, олардың керемет еңбектерінде тікелей немесе жанама түрде көрініс тауып олардың шабыттарының күнделікті қайнар бұлағы болып қалыптасты. Олардың рухани өнегелік тақырыпқа жазылған картиналарының композициясы әрқашан терең ойластырылған және онда ешқандай кездейсоқтық жоқ. Оларға түстің ашықтығы, айқындылығы, дұрыс таңдалып алынған жарықтың үйлесімділі тән. Бұндай шығарма суретшінің діни философиялық мән - мағынасы бар өзіндік ұстанымын білдіреді. Бұдан басқа, ислам суретшілері туған табиғатын салғанды ұнатады. Олардың картиналарында адамның сезімі мен уайым қайғысы өте терең көрінеді. Табиғаттағы ерекше сәттерді білдіретін еңбектері сол шығарманы қоршаған ортамен бөлінбес тұтастықта қабылдауға, одан табиғаттан даму заңдылықтарын іздеуге көмектеседі. Негізгі көңіл аударған мәселелері тек жабайы қолданылмаған табиғат ғана емес, сонымен қатар адам еңбегі саналған егістік, жайылым жерлерде туған табиғаттың әдемілігі мен және қайталанбас тартымдылығымен шабыттанған. Олар үндестігі мен түстің ашық айқындылығы бойынша өте таңқаларлық картиналар жасады.

Көрерменді туған табиғатының қуанышты, өмірде бар образдарына ендіре отырып, оған дала мен тау пейзажының өзіндік әдемілігін, шексіз кеңістік пен тыңыштықтың ерекше поэзиясын көрсете отырып олар сол адамда табиғат пен адамның тұтастығын гуманистік түрде қабылдауды қалыптастырады. Туған өлкенің ұлылығымен қайталанбас тартымдылығымен негіздеуге ықпал етеді.

Өкінішке орай соңғы кездері біздің елде де шетелдерде де өздерін суретші – мұсылман деп атайтын адамдар пайда бола бастады. Бірақ шын мәнінде олардың құр атынан басқа мұсылман көркем суретімен ешқандай байланысы жоқ. Осыған байланысты айта кету керек дәстүрлі исламға қарсы, әрине ол құдайлардың суретін, мұсылман дінінің арлық жауларын және де жалаңаш денені салу болып табылады. Бұндай адамдар мұсылман суретшісі болып қана табылмай, олар құдіретті Алла Тағаланың қаһарына ұшырайды. Сонымен қатар еуропалық көркем суреттің көркемдік образдары, батыстың өмір сүру үлгісін насихаттайтын олардың талпыныстарымен идеяларын көрсететін картиналар исламға мүлде жат.

Батыс сурет өнерінде өмір сүруі ұзаққа бармайтын, алайда адам жанына үлкен зиян келтіретін формалистік бағыттар пайда болды. Олардың ішіндегі неғұрлым регрессивтісі - абстракционизм мен ақыл ойды жоққа шығаратын шынайылық алдындағы қорқынышпен білдіретін сюрализм болып табылатын суретші – обстракционистер шынайы әлемді көрсетпейді. Олар жеке адам әлеміне ену жолдарын іздестіреді, ал сюралистер өз „өнерлерінде” қорқынышты түстермен мистикалық көріністерді беруді мақсат етіп қояды. Абсурд олар үшін осы әлемнің шынайы заңдылығы болып табылатын және ақылдан алжасу шығармашылық процесс үшін өте тамаша күй.

Бұл өнердің мақсаты – өз көрермендерін еркі мен ақылынан ажырату, әдістілік мейірімділік пен адамның жоғарғы мағыналылығы туралы ойдан аластау. Мұндай шығарма соны жасаушы адамның ішкі жан дүниесін, оның санасын, яғни оның дүниеге деген көзқарасын көрсетеді.

Дүниетаным – ол суретшінің жалпы мәдениетін құрайтын философиялық, эстетикалық, діни өнегелік идеялардың жиынтығы. Дүниетаным суретшінің шығармашылығында көрініс табатын өмірлік құбылыстардың мән – мағынасын айқындайды. Сонда да оның жеке дүниетанымы қаншалықты терең (маңызды), рухани және гуманды болса, сол ғұрлым шығармасы мазмұнды болады.

Мұсылман көркем суретінің дамуы жер шарының әр бұрышында әр түрлі болды. Алайда оның негізгі тенденциялары баяғыдан - ақ анықталған. Ол ислам руханилығының негіздеріне сүйенген. Осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектерде кремет шығармашылық талғам мен жоғары кәсіби шеберлік жатыр. Ислам суретшілерінің шыдамдылығымен еңбексүйгіштігі сурет өнерінің прогрессивті дәстүрлерін нығайтуға деген талпыныстары жаңа мұсылман мәдениетін жасауға белсенді түрде қатысуға тиісті барлық сенуші адамдарды қуанта түседі. Олардың шығармашылығының әр алуандылығы, өмірді танып білуге деген құштарлығы, махаббаттың жоғары патриоттық идеалдары, өз туған жері мен халқына деген мұсылман сурет өнерінің басты ерекшеліктері болып табылады. Өзінің бар өмірінде діни көзқарастарға деген сенімділігін сақтаған үлкен жастағы мұсылман суретшілері енді өз шеберлігін жас мұрагерлеріне үйретуі тиіс. Өз кезегінде руханилық ислам суретшілерінің ең жақсы шығармаларын, осы бағыттың мақсаттары мен міндеттерін қоғамға түсіндіріп, үнемі насихаттап отыруға міндетті.

Қазіргі уақытта әлемнің кез – келген сурет өнерінің мұражайында мұсылман көркем суретінің залы болуға тиісті. Себебі сурет өнерінің барлық жанрларын қамтитын ислам суретшілерінің керемет шығармашылығы сондай айқын да, әр алуан, өте терң де мазмұнды. Сондықтан ол ислам әлемі қазіргі уақытта барлық адамзатқа беріп отырған мәдени құндылықтар арасында үлкен орын алады.
Мұсылман сәулет өнері.

Бәрімізге белгілі сәулет өнері – бұл қандай да бір қоғамның эстетикалық көркемділігімен техникалық мүмкінділігіне сәйкес адам өмірі мен іс - әрекеті үшін қажетті мекемелермен құрылыс нысандарын жасау және жобалау.

Өнердің бір түрі ретінде ол рухани мәдениет саласына жатады. Адам айналасындағы кеңістікті қалыптастырады. Әр халықтың сәулет өнерінің бейнелеу құралдары – композиция, тектоника, масштаб, пропорция, ритм, көлем пластикасы, фактура және материалдардың түстері бір – бірінен қатты ерекшеленеді. Бірақ тұтастай барлығына ортақ сәулет өнерінің үш негізгі түрі бар:


  • ірі құрылыс нысандарының сәулеті – бұл тұрғын үй, мәдени және қоғамдық мекемелер;

  • Ландшафты сәулет өнері. Ол бау мен саябақтардың ұйымдарымен байланысты;

  • Қаланың құрылысы.

Сәулет өнерінің негізгі мақсаты – мекеменің эстетикалық аяқталған шығармашылық көркемдік формасын беру, басқаша айтқанда адамдардың өмірін ыңғайлы да әдемірек ету.

Әсемдік сәулет өнеріне қайталанбас ерекше сәулет стилін жасаған, яғни өте қиын көркемдік әдіс құралдарды пайдаланған мұсылман сәулетшілері үлкен үлес қосты.

Мұсылман сәулет өнерінің тілі өте бай, әралуан және күрделі. Себебі ол әрқашан ислам қоғамының дүниетанымы мен идеяларымен байланысты болды. Олардың басты қызығушы күші жоғарғы ислам руханилылығы болып табылады. Алла тағаланың атымен мұсылман сәулетшілері тасқа қашап шынайы үйлесімділікті жасады. Мұсылман сәулет өнерінде үлкен мағынаға ритм ие, яғни мекеменің жеке элементтерімен бөліктерін өте айқын етіп бөліп көрсету. Симметриялық және ассиметриялық композицияларды қолдана отырып көркемдік құралдарды мекеменің формасы мен элементтерін пайдалана отырып мұсылман сәулетшісі өзінің көзқарасы бойынша бұл формаларды ауыр немесе жеңіл, тыныш немесе динамикалық бір түсті немесе түрлі түсті етіп жасай алады. Құрылыс жүріп жатқан жердің климатын ескере отырып, ол жарық пен көлеңкені өте тиімді орналастыра отырып, оған көркемдік түр береді.

Ислам сәулетшілерінің еңбектері оюлармен безендіріліп, өз формасы мен байлығымен ерекшеленеді. Исламның мәдени құрылыс нысандарына әдемілік, қапырық күннің, ыстық құммен тыныш оазистің образдары тән. Мешіттің көгілдір күмбездері, минареттің тамаша мұнаралары, фантандағы судың сылдыры адам жанына жеке өз сенімділігін ұялатады және оған жарқын да қуанышты дүниетанымдылықты сыйлайды.

Уақыт үнемі алға қарай жылжуда, сонымен бірге өркениет дамып, үлкен көлемдегі құрылыстар салынуда. Қазіргі өмірді сәулет өнерінсіз, құрылыссыз елестету мүмкін емес. Құрылыс процесі де өзгеріп, қазір ең ауыр құрылыс жұмыстары машинаның көмегімен жасалынады. Машиналар адам еңбегін жеңілдетіп, штукатурлап бояйды, метал қорытып, шеге қағады. Сонымен қатар жаңа, берік, жеңіл және өміршеңді құрылыс материалдар мен конструкциялар жасалынуда. Көптеген құрылыс жұмыстарын жасаудың әдістері жетілдіріліп, құрылыстың жаңа тәсілдері пайда болды. Ал бұл өз кезегінде сәулет өнерінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, көлемін үлкейтті.

Қазір жүздеген жаңа материалдар пайда болып мекемелер салудың күрделі процесі жеңілдендірілді. Тек сәулет өнерінің негігі принциптері өзгеріссіз қалды. Пайда, мықтылы пен әдемілік композициялық әдістердің жаңа түрлерін іздеу әлі күнге дейін жалғасуда. Болашақтың құрылыс алаңдары қазірге мүлдем ұқсамайтын болады: будозерлермен эксковаторлардың орнында ултрадыбыстық электрлі, пневматикалық және лазерлік болады. Ешқандай трантраншея болмайды. Себебі арнай жер қазатын машиналар адамның қатынасынсыз – ақ түннен жасап, оған кбелмен трубаларды орнатады. Сәулетшілер әр түрлі формалар жасайды – жеңіл, көптүсті, ыңғайлы, әдемі және мықты мекемелерді жасайтын болады. Заман өзгеріп, әр ғасырдың сәулет өнері тарихтың куәгері ретінде, сол заманның символы ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып қалып отырады.



Мұсылман поэзиясы.

Шығармашылық шабыт ұзаққа созылмайды – небары бірнгеше күн, сағат, кейде тіпті минутты қамтиды. Сол уақыт арасында адам өз туындысын немесе болашақ шығармасын ойлап табады.

Ай, бұлбұл, раушан гүлі де, беттегі меңге дейін бір сөзбен әдемілікті түсініп туындыларды жасауға мүмкіндік беретін Құдіретті Алла Тағаладан басқа барлық нәрсе шабытты тудыруға себеп болады.

Мұсылман поэзиясы жалпы әлемдік мәдениетке бағаланбас үлес қосты. Ол ақындық сөздердің ұлы шеберлігін көрсетеді. Мұсылман ақындары өз заманының алдыңғы қатарлы және білімді адамдары болған. Қазіргі көптеген ақындардың шығармашылығы солардың ықпалымен дамуда. Мұсылман ақындары өз еңбектерінде бақыт, әділеттілік үшін күре туралы жырлаған және пара алушылық, зұлымдық, әділетсіздікке, талан – таражға қарсы шығып варварлықпен қаталдыққа қарсы күресті. Бұл қайырымды адамдар өз хлқының қайғы мұңына кінәлі адамдардың өзекті сатиралық портреттерін жасады. Олар бай атақты адамдардың ақымақтылығын, мейірімсіздігін қатты сынады. Мұсылман ақындары артта қалушылыққа, діни фанатизмге қарсы, бостандық, прогресс, халықты ағарту үшін күресті. Олардың поэзиясы мұсылман қоғамының алдыңғы қатарлы дүниетанымын қалыптастыруға үлкен ықпал етті. Мұыслман ақындарының шығармаларында жәй халықтың мұң – мұқтажы терең айтылған. Үлкен махаббатпен олар қарапайым мұсылмандардың ауыр еңбектерін суреттеді. Халыққа қайғы әкелетін, өміріне қауіп төндіретін барлық нәрсеге қарсы шықты. Исламның ұлы ақындарының ар намысы, адамгершілігі, руханилылығы, адамзаттағы халық арасында шынайы сезімнің әділдігін көрсете білді. Біреулері адамдарды қалай өздері көргісі келеді, солай салды. Ал, біреулері оларды тап сол күйінде бейнеледі.

Мұсылман ақындарының ақындық шеберлігі сан мен емес адам жүрегіне әсер ете білуімен таңқалдырады. Бұл олардың жоғары ислам руханилығымен олардың тілінің әдемілігі түсіндіріледі. Сонымен қатар олар тамаша әуенге ие, сонда да мұсылман ақындарының көптеген өлеңдері ән негізінде айтылып жүр. Ол көбінесе махаббат, достық, қоршаған әлем, туыстық қатынас, жанұя өмірінің қуаныштары, ана бақыты туралы жырлайды.

Әлі күнге дейін ислам ақындары Каба ибн Зухайра мен Аль – Бусиридің есімдері сақталған. Олардың касидтері құдіретті Алла Тағаланың ұлылығымен құдіреттілігі, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) жарқын образы туралы айтады. Олар баяғыдан – ақ классика болып қалыптасып, барлық поэзия мұсылманның ірге тасына негіз болып қаланды.

Барлық әлемге танымал „Хамсэ” поэмасының авторы – Низами Гянджеви (1141 – 1209 жж.), Махаббат лирикасының майталман шеберлері Мұхаммед Физуме (1494 – 1556 жж.), Алишер Новаи, Махтерикуш, Фирдауси, Саади, Хафиз кезеңінде адамзат сезімдерін керемет шеберлікпен жырлап берді. Олардың поэмаларда, өлеңдерінде, әндерінде, өмір, отан, өмір және махаббат туралы ойлар әр түрлі болды.

Қазіргі мұсылман ақыны қандай болу керек? Ең алдымен ол барлық уақиғалардан хабардар болуы тиіс. Ол тек бақылаушы ғана емес, сөз еліндегі, сонымен бірге бүкіл әлемде болып жатқан жағдайларға өз ұстанымын, өз қатынасын анық білдіре білуі керек.

Мұсылман ақынының басты мақсаты мен міндеті - өз халқының сезімдерін білдіру, оларға өз мақсаттарын дұрыс білуге және оған жету үшін батыл түрде күресе білуге көмектесу, басқаша айтқанда – оның ақылды кеңесшісі болу. Ол ешқашан өз мақсаттарын ұмытпауы тиіс. Ол сөзсіз құдайға сенуші, ислам дінін қорғаушы адам болуға тиісті және мұсылман руханилығы оның шығармашылық шабытының басты қайнар көзі болуға тиіс. Қазіргі ислам ақынын мәдениеттің қазіргі уақыттағы дағдарысы алаңдатуы тиіс. Ол өзі дінінен, өз халқынан алшақтау аластау адамзат тұлғасының рухани тұрғысынан сақтап, өз халқын түсінуі крек.

Мұсылман ақыны қарапайым халыққа аса зор сүйіспеншілікпен, аяушылық сезіммен қарауға, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға, халықты мейірімділікке, шынайы патриотизмге тәрбиелеуге міндетті. Өлеңді өз халқына түсінікті тілде жазуы керек. Поэзияға қарапайым халық әдебиетін, мақал – мәтелдер енгізіп, сол арқылы мұсылман поэжзиясының көкжиегін кеңейтуге тиісті. Өлеңнің классикалық мұсылмандық формасын шеберлікпен пайдалана отырып, ол өз халқының ауыз әдебиетін, оның ұлттық қолөнерін сақтауға тиіс. Халықтың рухани - өнегелік байлығын ашып көрсеткенін, жоғары азаматтық сезімді жырлауға міндетті. Ол өз шығармасы арқылы адал, еңбексүйгіш және талантты отандастарын қолдап, қолпаштауға тиіс. Кейбір ақындар батысқа жағынып, оның неоколоиализм саясатын жақтап өлең жазса, мұсылман ақыны өз замандастарында патриоттық сезімді оятуға, оларды азаматтық парызға, өз отаныңа деген махаббаттық сезімге тәрбиелеуге міндетті./9/

Яғни, қорыта айтсам, ислам көркем өнерінде „Хасида”, яғни бедеуиндердің исламға дейінгі поэзиясынан (ақындық өнерінен) келе жатқан өлең шығару жолы болып табылады. Араб көркем өнерінде алатын орны үлкен. Бұл Хасиданың мынандай ерекшеліктері бар: ол міндетті түрде:


      • бірінші батырды мадақтап, мақтау;

      • екіншісі табиғат пен жан – жануарларды сипаттау;

      • үшіншісі артта қалған туған елге деген сүйіспеншілік сезімін сипаттау.

Хасида діни немесе массикалық элементтерден. Адам бос су күйінде ол ислам өмірінде өз өміршеңдігін танытты. Сонымен қатар Хасида мұсылмандық діни киімдерді (өлеңдерді), (Пайғамбарларға арналған киімдерді) өз бойын сіңіре білді. Сонымен қатар мұсылман көркем өнерінде арабтың өлең шығару жолынан басқа парсылардың көне зороастризм дінінен келе жатқан өзіндік әдістер де бар. Бұл парсылық дәстүр мұсылман көркем өнерінде біртұтас поэтилақ бағытқа айналып ұлгерген. Ол дәстүрге шарап ішу, шарапты ішкеннен кейінгі адамның масаң болуы, сондағы көңіл күй, тіпті шараптың түр – түсін сипаттау және шарапты қалай ішу керектігі туралы нұсқаулары де бар. (Сол кезгі өлеңдерде қамтылған). Ол дәстүрдегі ақындар шараптың эстетикалық мәнін шынайы түсінетін тек мұсылман халықтары деп есептеген. Парсылық дәстүрге жақын орналасқан.

Сопылық дәстүрде шарап экстазға жетудің құралы ретінде бүкіл жердегі күйбең тіршіліктен басын ала қашуға және сөйтіп абсолютті құдайлық бастамамен бірігуге апаратын жол деп есептейді.

Мұсылман халықтарының поэзиясындағы гиданистік қатынас (ләззат алатын қатынас) исламның да суфизмнің де әсерінен бөліне қойылған жоқ. Сондықтан да көркем поэтикалық дәстүрге шарап туралы түсінік қашанға эстетикалық маңызды және өмірлік маңызды бейнеге айналды.

Құранның өзінде тірі жаны барларды суретке салмау керектігі туралы анық айтылған тйымның болмағынан ислам әлеміндегі бейнелеу өнеріне қойылған кедергілерді құранды талқылаушылардан іздеу керек. Бұл құранға берілген түсініктемелер Мұхаммед пайғамбардың қайтыс болғаннан кейін жазылған хадистерде пайда болуы мүмкін. Хадистер табғатты, ланшафтты суретке салуға болатындығы туралы айтады. Бірақ хадисте адамдарды, құдайларды, әулиелерді бейнелеуге болмайды деп түсіндіреді. Себебі құдай таза рухани болып есептелді. Сондықтан да оны адамдық кездейсоқтык бейнелерінен шатастырмау деп түсіндірген.

Алла идеясы рухани субстанция. Сондықтан да оны рухпен қоса тәннің ықпалындағы адам ешқашан жеткілікті мөлшерде бере алмайды. Нәтижесінде бейнелеу өнерінің орнына ою - өрнек, безендендіру кезеңі келді. Бейнелеу өнері жаңа көркемдік тілді яғни, символикалық ойдап тапты. Суретін бере алмай ою - өрнек арқылы бейнелеуге тырысқан. Адамды бейнелеу – ислам үшін бұтқа табынушылықпен, келісумен бірдей болу.

Дегенмен мұсылмандық көркем өнер бір келкі арабтық пен аяқталмайды. Мұсылмандық арасында парсылық, зороастрлық бар. Парсылықтар арасында жан – жануарлар, құстар немесе тасқа салынған адам бейнелері де бар. Ол туралы деректер бар. Мысалы, ҮІІ – ҮІІІ ғасырларды Пенжапта табылған қабырғадағы бейнелер және кітап минатюраларды, да жан – жануарлардың да, адамның да, бейнесінің бейнеленгенін көреміз. Сондықтан да қазіргі заманда исламның жаңартылуы жүүріп жатыр.

Алғашқы кино өнері көптеген араб мұсылман әлемінде өте бір жаугершілікпен қабылданған. Олар кино көретін жерлерді шайтан үй делінген. Өте жаман көзқараста қалған. Бірақ бірте – бірте кино өнері өзінің дегенін алмай қоймады. Киноны мойындауға мәжбүр болды. Пайдалануға жол қойды.

ХІХ – ХХ ғасырлардағы діндегі мұсылман дініндегі реформаторлар және солардың басшыларының бірі Мұхаммед Әбд (1849 - 1905) Уақыт талабына сай жаңа мәдениет үлгілерін қабылдау керектігі туралы ойларын сенімді дәлелдей білді. Соның нәтижесінде кино, театр өнерінің жаңашылдығы қабылдана бастады.


Ислам дінінің сөз өнері, поэзиясы, көркем әдебинеті жайында айтар болсақ, мұсылман сөз өнері, мұсылман поэзиясы ретінде дүние жүзілік мәдениеттің қорына теңдесы жоқ үлес қосты. Жаратқан Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге, олардың жүрегінде имандылығын жабуға, өз өлеңдерімен мұсылман ақындары өз үлестерін қосты. Ислам өркениетінің атақты ақындарының бірі Кабайын Зуқайра әл - Бусири оған қоса Низами (1141 – 1209 ж. өмір сүрген). Бүкіл әлемге әйгілі Қамсе поэзиясының авторы Мұхамма Жизули (1494 – 1556 ж.ж.) Алишер Науаии (1441 - 1501ж.) аралығында. Міне осылардың барлығы ислам әлемінен шыққан өнер иелері. Олардың поэмаларында, өлеңдерінде, өмір туралы ойлар, отан, өлім мен махаббат сүйіспеншілік мәселелері қамтылады. Олар жан - жақты тақырыптарды қамтығанмен де, бүкіл шығармашылықтары түгелдей дерлік мұсылман руханилығынан туындайды. Олардың түсінігінде ақын болу халқының мұқтаждықтарын өлеңге салып жеткізе білу дегенді білдірді.

Өлең саптаудың, өлең жазудың классикалық мұсылмандық формаларын, асқан шеберлікпен пайдалана отырып аталған ақындардың барлығы да өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне сай шығармашылық қалыптастырды. Олардың барлықтарының өлеңдерінде адам жанының рухани байлығы жоғары азаматтық сезімдер, әйелге деген құрмет, сүйіспеншілік, ғашықтық толғаныстары тән.

Мұсылмандық көркем әдебиетке келетін болсақ, онда оның басты элементтерін Құраннан да, суннадан да табуға болады. Өйткені онда адам өмірінің ақиқат суреттелуіне орын бар. Мұсылман жазушыларының ең үздіктері қашан да ауызы дуалы ойшылдар болады екен. Өздерінің замандастарының өмірін бақылайды және тұлғалардың, тағдырының түгелдей халық тағдыры мен тығыз байланыстығын көрсетуге тырысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет