2.2 Ислам және Қазақстан мәдениеті.
Ұлт тәрбиесінің басты құралы - өнер. Жас ұрпақ ислам дінінің негізінде калыптасқан тәрбиенің құнды қасиеттерін бойына сіңіріп, бүгінгі өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді.
Ислам дінінің берік орын алып күш қуатының дамуына, оның жас ұрпақ тәрбиесіне деген ізденістердің тәжірибелік ғылыми көзқарастың жақындасуына әсерін тигізетін тіке жол, ол — өнер, яғни, музыка арқылы ислам дінінің негізінде көптеген табыстарға жетуге болады.
Ислам дінінің түпкі сырының өзі адамгершілікті, тазалықты, шыншылдықты, қамқорлықты, аяушылықты, жанашырлықты, біліктілікті, еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан арылудың жолын уағыздаумен келді. Адамзаттың құндылығын сақтайтын қасиеттерді іздестірген ислам діні тудырған құран сүрелерінің бәрі дерлік ауызекі әуеннің негізінде жатталып айтылды.
"Мұхаммед Пайғамбар өз тұсында, кажет кезінде сүрелерді, аяттарды ауызекі айтьш, оны тыңдаушылар сол айтылған аяттарды жаттап алып, ауыздан - ауызға, бірінен - біріне таратьш отырған еді" /17/.
Құран сүрелері саф тазалығымен ауыздан - ауызға әуен негізінде жетіп, халық арасына кең тарады. Құран оқылған кезде жігерлі дауысқа салып, жоғарғы диапазондағы регистрмен әрбір әріпттің накты естілуін салмақты кадғалаған. Жатталған сүрелер тыңдаушылардың құлағына тез жетіп сіңімді болуы үшін әуеннің атқарған рөлі өте жоғары болды.
"Аңыздарға қарағанда, Әбу Бәкір Құранды жылап отырып, әндетіп оқығанда, естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты" /1. 43 б./.
Құран сүрелерін әуен негізінде вокалды қойылым арқылы жүзеге асырса, дауыс ерекшелігі тұрақталып оның тез жатталуына мүмкіндік беріп отыратын көмекші құрал бола алады.
"Бірде мерекелік намаздан кейін біздің әулие Пайғамбарымыз өзінің жақын досы Әбу - Бәкірмен бірге отырады. Осы уақытта Мұхаммед Пайғамбардың жұбайы Айша қурайда сол кездегі ұлттық әуенді ойнайды. Әбу – Бәкір: "Ойнауды тоқтат, Пайғамбардан ұялсаңшы" деп оған ашуланады. Сонда Пайғамбар: "Әр тайпаның өз қуанышты күні бар, ал бізде бүгін осындай үлкен, қуанышты мереке" деген екен. Бұл айтылған сөз музыкалық құралды пайдалануға болатындығын анық дәлелдей алатын шығар. Егер бұл күнә болса, онда Пайғамбар ойнауға рұқсат бермеген болар еді" /18/.
Діни әдет - ғұрыптарды белгілі бір музыкалық мақаммен орындау ежелден келе жатқан діни - мәдени құбылыс екенін өз мәдениетімізден де көруге болады.
Музыка мен өлеңнің, яғни, сөздің тығыз байланыста болғандығын әнші ақындар өнерінен байқауға болады. Ақындықпен қатар әнші, бата оқу, жыр, терме, күй, сазгер, би, спорт өнерлерін дамытып, құран сүрелерін қоса жаттап біліп отырған.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыруда музыканың атқарар қызметі үлкен. Ол ислам дінінің жалпы заңдылықтарына сүйене отырьш, ұлттық мәдениетке табан тірейді.
Бұл тұрғыда қазақ музыка өнерінің синкретті сипаты аса қолайлылық туғызады, әсіресе, музыканың Құранмен байланысын синтезді әдіспен қолдану ізгілік мұраттарды шешуде тиімді жол болып табылады.
Жас ұрпаққа ислам дінінің негізінде тәрбие беру құралы ретінде музыка тек өнердің басқа түрлерімен, соның ішінде Құранмен, кешенді түрдегі байланыста ғана өзінің бұл қызметін атқара алады.
Өнер тек өзінің синкретті сипатының арқасында ғана қазақ өмірінің реттеуші құралы деңгейіне көтеріле алған. Сондықтан қазақтың құран сүрелері таза музыкалық туынды ретінде бір жақты ғана қаралмай, оның егізінің сыңарындай өзімен бөлінбей өмір сүріп келген әдебиеттік әңгімелерімен, яғни халықтың тарихи - әлеуметтік болмысымен шендестіре қарау көзделеді.
Бұл орайда Құранмен қосарлана айтылатын уағыз аңыздарының орыны үлкен, олар тек нақты шығарма мен оны шығарушы туралы ғана емес, халық тарихының жанды шежіресі ретінде танылады.
"Құранды жатқа білумен қатар, оны мақамдап айта білу де міндетті болған. Мұның өзі оларға қойылатын көптеген талап - тілектер тудырып отырған.
Біріншіден, молданың тәп - тәуір ән (мақам) айта білуі қажет болған. Демек, оның музыкалық кабілеті болуы шарт.
Екіншіден, молданың айналасындағы жұртқа әсер етерлік дәрежедегі анық та қоңыр даусы болу керек. Мінбарға шығып азан шақырғанда, молдалар даусы шаһар тұрғындарына еркін жететін болған.
Үшінші ерекшелігі, кейбір молдалар Құран мақамын ете күрделі, ауыспалы, аумалы - төкпелі мақамдармен (ладтармен) айтатын болған. Арнайы музыкалық білімі бар мамандардың өзіне ауыр соғатын мұндай мақамдарды еркін орындаған молдалардың музыкалық қабілеті өте жоғары болғаны осыдан - ақ байқалса керек" /19/.
Міне, осындай шарттарды алға қойған ислам діні медресе оку орындарынннда музыкалық білім берудің бағдарламасын алға қойғаны белгілі.
"Медресе оқу мекемесі ретінде мұсылман әлемінің астанасы Бағдаттың өзінде тек XI ғасырдың екінші жартысында пайда болды..., Ал бұл кезеңде Мауранахрда Медресе жаңалық болудан қалған" (Академик В.В. Бартольд). Наршаһидің "Бұхара тарихы" атты кітабында 937 жылы Бұхарада алапат өрт болғандығы, сол өрт ішінде қаладағы ірі Медреселердің өртеніп кеткені туралы деректер келтіреді.
Түркістан өлкесінің халықтары ресми түрде ислам дінін қабыдаған кезеңнен бастап мұсылмандық оқу жүйесінде өз миссиясын бастады. Ағарту саласындағы "Медресе" институты ең алғаш рет Түркістан өлкесінде пайда болған. Медресенің пайда болу тарихы VIII ғасырлардан, өлкеде ислам дінінің таралған кезінен басталғанын ескерсек, медресе арабтар ортасынан шыққан деген көзқарастың пайда болуы заңды. Алайда араб жазбаларында мектеп, медреселер туралы деректер тек ІХ - ХІ ғасырларда болғанын ғана көрсетеді. Ал медреселердің пайда болу дәуірі Бартольдтың еңбегінде VIII ғасырда болған дейді. Бұдан шығатын көзқарас, мұсылмандардың оқу ісі араб дүниесіне шеттен келген, ягаи ҮІП - Х ғасырларда шығыс мәдениетінің ошағы болған Түркістан қалаларында патша болған деген объективтік көзқарас өзінен - өзі туындайды /20/.
Әсемдік әлемін түсіндіретін музыканың құдіретін қанаттандырып өнерді алға тартудың орнына оны одан әрі әлсірету көзделді. Бүгінгі жастардың қатыгез, мейірімсіз бояуына әкеліп соқтырды. Мұның өзі эстетикалық тәрбие мәселесіне немкұрайлы қарағанымызды екенін өмірдің өзі дәлелдеп берді. Өнер саласы өзінің төл мәдениетінен айтылып, оның ескерусіз құлдырауы және эстетикалық тәрбиенің көзі әлсіреп, жалған тәрбиенің босағаға енуі ислам мәдениетіне деген сүйіспеншіліктің аздығынан деп білу керек. Сахарада туып, сол сахара тілінде сөйлеген, мәдениеті мен өнерін артындағы ұрпакқа тастап кеткен дана бабаларымыздың әсемдік, талғамдық, тәлімдік сияқты тәрбие түрлері бүгінде өз орнында ма?
Казақ мәдениетінде сал, серілер әнсіз өлең айтпаған. Бұлардың ақындық дәстүрінде әншілік шешуші орын алады. Ақындық сөзден гөрі әншілік, музыкалық шығармашылығы басым болып отырады. Жырлаймын деп өлең бастамайды, ән шырқаймын, ән саламын деп бастайды.
Қазақ халқының аспаптық шығармаларының бірі күйдің орындаушылық тәсілі мен тарихи әңгімесі сияқты қазақ әндерінің де синкретті сипатында сөз өнері, би, музыка өнері, сахналық, артистік өнер, шежірелік өнер, философиялык, ой бояулары топтасқан. Әннің әсерлілігі — оның осы синкреттілінде. Қазақ әніндегі мелодиялық интонациялық әуен әсемдігі мен өлең сөздің бірлігінен эстетикалық сұлулық мазмұнынан құралады.
Түркі тілдес халықтардың мәдениетіндегі еңбектерге елеулі сипаттама беріледі. әл - Фарабидің "Музыканың ұлы кітабында" музыканы түзетін элементтердің әдебиетті түзетін еңбектерге ұқсастығы айтылады. әл - Фарабидің ән, (Өлең - Е.Ж.) мен музыканың эстетикалық, этикалық әрекеттер мен көзқарастардың қалыптасуына әсері, үздіксіз жаттығудың ғана нәтижесі екенін, ол үшін адамның есіту түйсіктерін дамыту қажеттілігін көрсеткен.
Бірде - бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл - ой, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Халық келер ұрпағын жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиенің жақсы жақтарын жинақтай отырып, еңбек сүйгіш, адамгершілігі зор азамат етіп баулуды мақсат еткен.
Халықтың ғасырлар бойғы бай қазынасы — ауыз әдебиетінің асыл үлгілері: өлең - жыр, аңыз - әңгімелер, мақал - мәтелдер, афоризм - сөздер мен ән - күй, би өнері, зергерігік қол өнері, ұлттық ойын түрлері т. б. өнер атаулының бәрін ұрпақтәрбиесінің пәрменді құралы етіп пайдаланған /21/.
Қазақтың халық педагогикасында болмысқа эстетикалық көзқарасты, эстетикалық талғамдарды қалыптастыру, балалар мен жастарды бай әдеби және музыкалық мәдениетке тарту құралдары сан алуан. Халықтың ауызекі творчествосының түрлі жанрлары да, ұлттық әдет - ғұрыптар да, қазақ семьясының ішкі қарым - қатынастары да, халықтың қолданбалы өнері де, ұлттық ойындар да соның жарқын айғағы болып табылады /22/.
Қазақтың халықтық шығармаларында көркем - эстетикалық, этносимволдық (рәміздік), сакральдық (діни - нанымдық), коммуникативтік, информациялық, ырымдық және тағы басқа әлеуметтік функциялар, сондай - ақ, ең бастысы – эстетикалық - тербиелік функциялар кешенді синтездікте орын алған. Өнер тарихында көркемдік синтездің бірнеше түрі қалыптасты. Синтездеу барысында бейнелі көркем ойды жеткізуде сан алуан өнердің бірігуі мүмкін. Сәулет, мүсіндеу, монументті кескіндеу, сәндеу - әшекейлеу өнері. Сондай - ақ саз өнері мен сөз өнері, пластика (соғу, шабу) мен бейнелеу өнерінде барынша дәстүрлі біртұтастық бар /23/.
Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтайлы. Адам қоғамындағы үлкенді – кішілі барша кұбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін: "Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең" деп түйіндеген /24/.
Ән қазақ халқы өмірінің ажырамас белгілі болған. Жас нәрестені алғашқы үш күнде жын - перілер қоршап жүреді деген үғымнан барып, олардан қорғау үшін өлең айтып, ән мен жыр, күй мен би шалқытып, ойын - сауық өткізген, келе - кете кейіннен ол шілдехана тойы сипатын алған. Ұрпақ жалғастығын қадірлеуді жастар санасына сіңіруде ол дәстүрдің тәрбиелік әсері күшті болған. Сондай - ақ, бесік тойы да, тұсау кесу тойы да, атқа мінгізу, сүндет, қыз ұзату, келін түсіру, құда күту, наурыз, көшіп қону, ерулік т.б. тойларда ән мен күй, жыр мен термелер қызмет атқарған.
Қазақ халқының ділін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі — ол тәрбиелік қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт - санасы, әдет - ғұрпы, мақал - мәтелдері, ертегі, жыр - термелері, ойын - сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, айналып келгенде, тәрбиелік мәселеге келіп тіреледі. Олар адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа баулыған /25/.
Сөйтіп қазақ отбасында балалар әнмен өсті. Ән мен жырды ести жүріп, соларға еліктей отырып, өздері де өнерді үйренлі. Музыкалық - эстетикалық және рухани бай болып қалыптасты, сөзге шебер, әнге ұста болды, суырып салма өнерін меңгерді. Қазақтың өмірі, тұрмысы, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, өскелең ұрпақтан әншілікті, ақыңдықты, шешеңдікті, күйшілікті, өнерпаздықты талап етті.
...Ән мен күйдің әуені сөйлеу тіліндегі сөздердің интонациясына — дауыс өзгеріс - қозғалысыз негізделеді. Бірақ әр дыбыс (өлеңде сөздің әр жеке буыны) бірінен - бірі жоғарылы - төменді сатылап, әр түрлі үнімен беріледі де, ерекше музыкалық қасиетке ие болады. /26/
Міне, осындай өнерлі халықтың сезімталдық қасиетінің болуы да шартты еді, өйткені жүз пайыздық музыка негізін құрайтын халық өнерінің арқасында бойып таза ұстау, тез үйрену, тез қабылдау, тез түсіну, тез сөйлеу, т.б. әсемдік қалауын толық меңгерген халықты дана деп айтуға болады.
VII ғасырда ислам діні шығыс көгіне өрлеп шыққанда, да осы ежелгі дәстүр ізімен дамып, дауысталып, арнайы мақаммен оқылатын болған. Қандайда бір ырғақты қозғалыс болмасын, барлығы дерлік дыбыс негізінде құрылып өркеңдеп отырған. Алайда дін иелері Құранды жатқа білумен қатар оны мақамдап әуендетіп айта білуді міндеттеген.
"Құран сүрелері әр түрлі мақаммен айтылған. Мысалы, Дәуріш Әли өзінің "Музыкалық трактатында" 12 мақамның бірі — рехауи әуенімен Мұхаммед пайғамбардың Құран оқитын болғанын айтады. Әрбір дін иесі Құранды белгілі бір мақаммен айтатын болған" /3. 277-6./.
Сөз бен музыканың біртұтастығы бақсылық дәсіүрде де пайдаланылып, әлеуметтік тұрмысқа берік енген.
Қазақтың ауыз әдебиеті өзінің барша бітім - болмысында музыкамен тығыз байланысты /27/..
"Поэзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігінен туындаған ашушылық өнер" /3.267/ орындаушылар бойында да тоғысып келген. Сөйтіп өнерпаздардың өздері де синкрегизм аңғарында танылған. Олардың әркайсысы жырау және суырып салма ақын, теңдессіз күйші және домбырашы, ғажап орындаушы әнші, және термеші болған.
Халық поэзиясының жаны — сөз, сөз өнері, сөздің бейнелі, суретті кестесі десек, бұл ауыз әдебиетіне эстетикалық терең, нәзік сезім дарытатын көркемдік құралдарының бірі. Ұтымды, шебер қолданылған әрбір сөз, әрбір буын, бунақ, дыбыс өрнектері өлеңге бейне бір жан бітіріп, әуезділік береді, келісімді, ширақ ырғақ дарытады, сөздің үнділігі мен әуеңділігін, әсерлілігі мен көркін күшейтеді /28/. Сөйтіп сөз өзінің әуездігімен музыкаға жақын тұрған.
Осындай мың салалы өнер - білім қазынасы бар халық — бай. Ал оны жүзеге асырушы кім? Әрине, өзінің жергілікті ата -бабасынан жалғасын тапқан қазақ елі. Олай болатын болса, халық мұрасын жас ұрпаққа ғана оқыту аздық етеді, оны бүгінгі өскелең жас буын өкіліне де үйрету керек сияқты.
Ислам дінінің білім саласында алар орны ерекше, сондықтан оны жалпы білім беретін мектептерде өнер саласының бір түрі ретінде оқыту - жастардың салиқалы болуына көмектесетін бірден - бір жол. Ислам дінін оқыту кезінде музыка мамандарының білім беруге араласқаны дұрыс болар еді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде – өнер - эстетикалық шығармашылық, сондықтан Ислам оған қарсылық білдірмейді. Ислам эстетикалық негіздермен салыстырғанда, адамгершілік негіздеріне басым мән береді, яғни эстетикалық негіздер адамгершілік негіздерінен кейін тұрып, онымен тығыз байланыста болады. Бұл Ислам дініндегі өнердің барлық түріне қатысты көзқарасы. Өнердің қай түрінде болмасын, оның құндылық дәрежесін анықтауда: ”көркемділік - жақсылық, жағымсызда - жамандық бар” деген Исламдық ұстаным басшылыққа алынады.
Мұсылман көркем суретінің дамуы жер шарының әр бұрышында әр түрлі болды. Алайда оның негізгі тенденциялары баяғыдан - ақ анықталған. Ол ислам руханилығының негіздеріне сүйенген. Осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектерде керемет шығармашылық талғам мен жоғары кәсіби шеберлік жатыр.
Мұсылман сәулет өнерінің тілі өте бай, әралуан және күрделі. Себебі ол әрқашан ислам қоғамының дүниетанымы мен идеяларымен байланысты болды. Олардың басты қызығушы күші жоғарғы ислам руханилылығы болып табылады. Алла Тағаланың атымен мұсылман сәулетшілері тасқа қашап шынайы үйлесімділікті жасады. Мұсылман сәулет өнерінде үлкен мағынаға ритм ие, яғни мекеменің жеке элементтерімен бөліктерін өте айқын етіп бөліп көрсету.
Сонымен қатар ислам сәулетшілерінің еңбектері оюлармен безендіріліп, өз формасы мен байлығымен ерекшеленеді. Исламның мәдени құрылыс нысандарына әдемілік, қапырық күннің, ыстық құммен тыныш оазистің образдары тән. Мешіттің көгілдір күмбездері, минареттің тамаша мұнаралары, фантандағы судың сылдыры адам жанына жеке өз сенімділігін ұялатады және оған жарқын да қуанышты дүниетанымдылықты сыйлайды.
Әрине, ислам суретшілері үшін ең көріп салатын суреттері – ол кез келген мұсылман үшін қасиетті Ал – Каба, исламның екі қасиетті қаласы – Мекке мен Медина, қасиетті құранның суреті және сонымен бірге арабша жазылған Құдіретті Алла Тағаланың аты.
Ислам дінінің сөз өнері, поэзиясы, көркем әдебинеті жайында айтар болсақ, мұсылман сөз өнері, мұсылман поэзиясы ретінде дүние жүзілік мәдениеттің қорына теңдесы жоқ үлес қосты. Жаратқан Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге, олардың жүрегінде имандылығын жабуға, өз өлеңдерімен мұсылман ақындары өз үлестерін қосты. Мұсылман поэзиясы жалпы әлемдік мәдениетке бағаланбас үлес қосты. Ол ақындық сөздердің ұлы шеберлігін көрсетеді. Мұсылман ақындары өз заманының алдыңғы қатарлы және білімді адамдары болған. Қазіргі көптеген ақындардың шығармашылығы солардың ықпалымен дамуда.
Тамаша әуен, жоғары өнегелі сөз әсем дауыспен орындалар саз бен әнге Ислам қарсы емес. Тек өлең мағынасы адамгершілік пен саналылықтың шегінен шықпай, адамды рухтандырып, сезімдер мен жан дүниесін байытуға қызмет етуі тиіс.
VII ғасырда ислам діні шығыс көгіне өрлеп шыққанда, да осы ежелгі дәстүр ізімен дамып, дауысталып, арнайы мақаммен оқылатын болған. Қандайда бір ырғақты қозғалыс болмасын, барлығы дерлік дыбыс негізінде құрылып өркендеп отырған. Алайда дін иелері Құранды жатқа білумен қатар оны мақамдап әуендетіп айта білуді міндеттеген.
Мысалы, Әбу Муса Әл - Әшғари (р.л.ғ.) Құран Кәрімде оқыған уақытта, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оның дауысын мақтайтын. Пайғамбар (с.ғ.с.) сақабалары (р.л.ғ.) арасынан дауытары ең әдемілерін таңдап, азан айтуға бекітетін. Сонымен бірге Пайғамбар (с.ғ.с.) тамбурин (барабанның бір түрі) мен сырнай тыңдауға құлықсыз емес-ті.
Сонымен бірге араб тілі, араб мәдениеті және мемлекеттері ислам әлемін құруда, бүкіл ислами мемлекеттердің бір - бірімен қарым - қатынас жасауында үлкен роль атқарды. Қысқаша айтқанда, араби ислам салт – дәстүрі "Ислам елемік" қалыптастырды. Қайткенде де ислам көптеген ғасырдан бері өзіндік салт - дәстүрімен Еуропаны; Азиядан, Европаны Африкадан географиялық территориясы ғана емес, қайта діни мәдениет жағынан да бөліп тұрды.
Араб, иран мәдениеттерінің нышандары бар ислам мәдениеті орта ғасырдағы қазақ мәдениетінің қолөнерлік, зергерлік салаларына әсерін тигізбей қоймады. Мұны біз Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінен көре аламыз. Онда ІХ - ХІІ ғасырдағы Ислам елдері қалаларына тән рабаттары, мешіт, моншалары бар қала құрылыстары табылған.
Қазақ даласында кеңінен тараған ислам өнерінің үлгілерінің бірі шебер жазу өнері. Негізінде бұл жазулар геометриялық фигура немесе өсімдік бейнесінде куф, сулс деп аталатын араб классикалық жазу үлгісінде Құран аяттарын, әртүрлі тақырыптағы хадистерді шеберлілікпен, бояу арқылы немесе ойып, бедерлеп жазу. Мұндай жазу үлгілері жоғарыда атап өткен кесене, мешіттерді безендіруге қолданылған. Сонымен қатар мұндай куф араб жазуларымен безендірілген жезден жасалған майшам тұғырлары, ыдыс - аяқтар (ҮІІІ-ХІ ғ.) Қазақстан территориясынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.
Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын, этно - мәдени танымды, даналар сөзін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің көшпелі халық үшін, ең бір тиімді, кеңінен дамыған түрлерінің бірі ауыз әдебиеті. Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын халық ауыз әдебиетіне де Ислам дінінің өзіндік әсері болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Ибрагим Дамира Өмірзаққызы. Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың өмірі. Мәдина кезеңі. Алматы 2003 ж.
-
Ислам және Қазақстан мәдениеті, - Алматы 2003, 12-15 беттер.
-
Жоржи Зейдан "Ислам мәдениеті тарихы" Москва, 1986, 187 бет.
-
Қазақстан Діни Басқармасы “1001 Хадис”, - Алматы 1991, 77 бет
-
Красковский. Коран, 686-709.
-
Исламның өнерге көзқарасы қандай? // Ислам әлемі №1 - 2004 ж. 5 - б.
-
Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. – Алматы, 1992, 40-41 беттер.
-
Мунчаева Ш.М. Религия история и современность. - Москва, 1998 г. 41-45 – стр.
-
http://www.liart.ru/exhibit/islam.htm
-
http://www.islam.ru/iskustvo/islam.htm
-
С.С. Валериус "Монументальная живопись. Современные проблемы." - Москва, изд-во "Искусство", 1979 г. 89 б.
-
А.Х. Маргулан "Казахское народное прикладное искусство", т.1, - Алма-Ата, изд-во "Өнер", 1986 г. 123 б.
-
А.Х. Маргулан "Казахское прикладное искусство" т.2, - Алма-Ата, изд-во "Өнер", 1987 г. 93 б.
-
Нагим - бек Нурмухамедов "Мавзолей Ходжи Ахмеда севи", - Алма-Ата, изд-во "Өнер", 1980 г. 65 б.
-
Нагим - бек Нурмухамедов "Искусство Казахстана", - Москва, изд-во "Искусство", 1970 г.
-
Е.С. Пономарева "Цвет в интерьере", Минск, изд-во "Высшая школа", 1984 г. 221 б.
-
Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет -
ғұрпы – Алматы. 1992 ж.- 40 б.
-
Мавлюгов Р.Р. Ислам - М. 1969 ж. – 95 б.
-
Қоңырабаев Ә.., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет
жазбалары — Алматы. 1991 ж. - 227 б.
-
Қадамбосынов Медресе тағылымы // Алтын қазық №1,
2002 ж.
-
Қалиев С.Қ, Халық педаготикасы және оның ауыз
әдебиетіндегі көрнісі // Қазақ халқының тәлім - тәрбие
тарихынан, - Алматы. 1992 ж. - 33 б.
-
Ұзақбаев С. Өмірдің өнер өрісі. - Алматы, І99І. 20-51-
б.б.
-
Балтабаев М. Х. Мектеп және этнокөркем білім негіздері. - Алматы, 1977 ж. 7 - б.
-
Сендімбек А. Қазақ әлемі. – Алматы. 1997 ж.- 375 б.
-
Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. - Алматы, 1999 ж. - 160 б.
-
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құраст. З. Ахметов. - Алматы, 1996 ж. - 144 6.
-
Сендімбек А. Күй шежіре. - Алматы, 1997 – 48б.
-
Б. Уахатов. Қазақтың тұрмыс - салт жырларының
типологаясы. – Алматы, 1983 ж. -115 б.
ҚОСЫМША ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Токарев С.А. Первабытные религии. Москва, 1976.
-
Тихонравов Ю.В. Религии мира. Москва, 1998.
-
Мень А. История религии. – Москва, 1993.
-
Мень А. Истории религии. Москва, 2001
-
Әмірғазин. Дінтану. – Астана, 2002.
-
Малая энциклопедия знаний. – Москва, 2000, 1, том.
-
WWW.RELIGIOS.RU
Достарыңызбен бөлісу: |