Амортизация -бұл активтің қызмет ету мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісі. Амортизациялық құн бастапқы құн мен жойылу құны арасындағы айырманы білдіреді, жойылу құны негізгі құралдар түскен кезде қосалқы бөлшектердің, металл қалдықтарының, пайдалы қызмет біткен кезде пайда болатын қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.
Жылдық амортизациялық аударымдар (Аг) негізгі қордың жалпы құнына және амортизациялық уақыт ұзақтығына (Та) байланысты болады:
Аг =(Сп - Сл)/Та
Негізгі қорлардың жалпы құны бастапқы құн(Сп) мен жойылу құны(Сл) айырмасынан құралады.
Амортизациялық кезең – бұл негізгі қорлардың құнының орнын толтыру мерзімі, яғни оларды пайдалану мерзімі. Мезімі қаншалықты ұзақ болған сайын, жылдық амортизациялық аударым сомасы соншалықты аз болады және керісінше.
Жойылу құны – құрал -жабдықты пайдаланудан жұмысқа жарамай істен шыққаннан кейін алуға болатын құралдар.
Бастапқы құнға жатқызылған және процентпен берілген, жылдық амортизациялық аударымдар амортизация нормасын анықтайды.(На):
На = (Аг /Сп )*100
Мұнда Сп- қайта бағалаудан кейінгі пайдалануға берілген құрал-жабдықтың бастапқы құны немесе қайта бағалауға дейінгі пайдаланудағы құрал-жабдықтың қалпына келтіру құны.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептеледі. Ол экономикалық тұрғыда негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін келесідей факторларға сай дұрыс анықтау қажет: негізгі қорлардың төзімділігі; сапалық тозу;техникамен қайта жарақтанудағы келешекке арналған жоспар; жабдықтау балансы; жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорын экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады. Екінші жағынан амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына соғады. Міне осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің нарықтағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизация мөлшерін дұрыс белгілеудің кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметіндегі маңызы зор. Амортизациялық аударым көлемін негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тікелей есептеу жолымен анықтайды.
Амортизация объектілері болып шаруашылық жүргізу және оперативті басқару үшін ұйым меншігіндегінегізгі құралдар табылады. Амортизация ұйым қорындағы (резервте, қоймада) тұрған негізгі құралдар объектілеріне есептеледі. Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарына кіреді. өндіріс шығындарына кірген амортизациялық аударымдар сомасы осылай ұйым табысын азайтады.
Қазақстандағы кәсіпорындарда негізгі құралдар амортизациясы бухгалтерлік есеп стандартының 6 бөліміне сәйкес үш әдістің бірі арқылы жүзеге асырылады:
-
бірқалыпты әдіс (амортизация негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне байланысты бірқалыпты бөлінеді);
-
өндірістік әдіс ( амортизация негізгі құралдардың өндірістік қуатына байланысты есептеледі);
-
жеделдетілген әдіс:
-
қалдықты азайту әдісі (амортизация негізгі құралдардың қалдықты құны бойынша есептеледі);
-
кумулятивті әдіс (амортизация сан сомасы бойынша есептеледі).
1. бірқалыпты есептеу әдісі барынша қарапайым әдіс болып табылады. Бұл бойынша объектінің амортизацияланатын құны ай сайын бірдей сомада есептеп шығарылады. бұл әдіс кезінде амотизациялық аударым сомасы - пайдалы қызмет ету мерзіміне, Қазақстан Республикасының " Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер " туралы заңдық күші бар жарлығында белгіленген амортизацияның шекті нормасына сүйеніп анықталады.
2. амортизацияны өндірістік әдіс арқылы есептеу кезінде амортизация сомасымен өндірістік қуат арасында тура байланыстылық болады. өндірістік қуат өнім шығару бірлігімен, пайдалану сағатымен, жүру бірлігімен, және т.б. көрсетілуі мүмкін.бұл әдіс пайдалну мерзімі көбінесе техникалық көрсеткіштерге немесе субъектінің шаруашылық қызметіндегі өзгерістерге байланысты шектеулі болған жағдайларда қолайлы болып келеді.
3. негізгі құралдардың жекелеген түрлері пайдалану мерзімінің бас кезінде барынша тиімді іс-әрекет жасайды.бұдан басқа, технологиялық жетілу жағдайында құрал-жабдық моралдық жағынан тез ескіреді. сондықтан өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді жылдамдату және негізгі құралдарды жаңартуға мүдделікті арттыру үшін қаржылық жағдай тудыру мақсатында субъектілер амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісін - қалдықты азайту әдісін немесе кумулятивті әдісін қолданады.кумулятивті әдіс бойынша есептеп шығару әдісі есептік коэффициенті арқылы шығарылады. коэффициент алымы пайдалы қызмет ету мерзіміне тең, ал бөлімі қызмет ету мерзімінің аяғына дейін қалған кері тәртіптегі жыл санын білдіреді. Бқл коэффициент пайдаланудың түрлі кезеңдерінде әртүрлі болып келеді, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолдану кезінде амортизациялық аударым сомасы пайдаланудың алғашқы жылдарында кейінгі жылдарға қарағанда әлдеқайда болады.
Кумулятывті санды анықтау үшін мына формула қолданылады:
N * [ N + 1]
S =-------------------
2
мұнда S - сандар сомасы, ал N - болжамды пайдалы қызмет ету мерзімі.
Қалдықты азайту әдісі кезінде тура жолды әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенеді және әрқашан тек қалдық құнға ғана қолданылады. Бұл ретте амортизация сомасы жылдан-жылға кеми береді, әрі ол алғашқы жылдарда едәуір жоғары болады. Амортизация сомасы қалдық құнды жойылу құнына дейін кемітуге қажетті мөлшерге дейін шектелген соңғы жылдан басқа кезде болжанып отырған жойылу құны амортизацияны есептеу кезінде есепке алынбайды
кесте-1
Негізгі құралдар амортизациясының әдістерін салыстыру
әдістер
|
Сипаттамасы
|
1. бірқалыпты әдіс
|
Отандық есептеу тәжірибесі үшін қалыпты және түсініктілеу әдіс.
өзінің әмбебаптылығы арқасында қазақстанда және басқа шет елдерде кең таралған.
Тозу шығындарға бірдей беріледі, сондықтан,негізгі қорлардың қалдық құны бірқалыпты азаяды.
|
2. өндірістік әдіс
|
Тозу көбейеді, ал қалдық құн тікелей орындалған жұмыс көлеміне байланысты азаяды,яғни негізгі қорлардың өндірістік қуатына пропорционалды.
Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану техникалық көрсеткіштермен шектелген жағдайда қолайлы.(мысалы,мұнай және газ өндіруге тікелей қатысты құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде)
|
3.Жеделдетілген әдіс:
қалдықты азайту әдісі;
куммулятивті әдіс
|
Пайдаланудың алғашқы жылдарында тозу келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай көп, сондықтан бұл әдістер көбінесе тез моралды тозатын негізгі құралдарға сәкес келеді (мыс,компъютерлер үшін).
Бұл әдістер құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін ендіруді жетілдіруге бағытталады.
|
Пайдалануға жаңадан берілген негізгі құралдардың амортизициясы келесі айдың бірінші күнінен бастап есептеледі, ал істен шыққан негізгі құралдар амортизациясы істен шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады
Амортизацияны есептеу негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезінде ол толық тоқтап тұрған жағдайда оладың толық қалыптасуына дейінгі уақытта жүргізілмейді. Бұдан басқа, кәсіпорын меншігіндегі жер, азықтық мал, кітапхана қоры, мұражай қалдықтары, сәулет және өнер ескерткіштері, көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдары амортизациялауға жатпайды.
1.2.Негізгі капиталдың тиімділігін арттыру факторлары.
Негізгі капиталдар қызметінің тиімділігіне бірнеше факторлар қатары әсер етеді. Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлар тиімділігіне әсер етуші факторларға айтарлықтай назар аударылады. Олардың тиімді қызмет жасауына әсер етуші факторлар тобын ескере отырып негізгі құралдарды тиімді пайдалануды ұйымдастырудың маңызы зор. Ол кәсіпорын қызметінің жоғары тиімділікте, табыстылықта атқарылуына септігін тигізер бірден-бір себеп.
Негізгі құралдарды тиімді пайдалануды ұйымдастыруда ең біріншіден олардың құрылымдарына, яғни актив және пассив бөліктерінің үлесі ескерілуі қажет. Негізгі құралдардың құрылымының қалыптасуы өндірістік кәсіпорынның маманданған саласына, атқаратын қызметіне, шығарылатан өнім көлеміне байланысты болып келеді. Оларға негізінен келесідей факторларлардың әсері зор: кәсіпорында шығарылатын өнімдердің конструктивті-технологиялық ерекшеіктері, өндіріс типі, өндірістің техникалық деңгейі мен технологиялық үрдісі, өндірісті шоғырландыру, мамандандыру, біріктіру, кооперациялау деңгейі кәсіпорын салаларының географиялық орналасуы.
Ірі габаритті, жоғары салмақты және күделі конфигурациялы өндірісті дайындау, өндірістік бірлік типі, моралды және табиғи тозған техника мен технологияны пайдалану кәсіпорындағы негізгі құралдардың пассив бөлігінің жоғарылығын сипаттайды. Біз білеміз, бұл кәсіпорын қызметінің тиімсіздігін білдіреді.
Ал, қарапайым конфигурациялы, жеңіл салмақты тауарларды өндіруде және массалық өндіріс типті кәсіпорындарды, технологиялық өндіріс деңгейі жоғары, өндіріске үнемі жаңа техника мен ҒТП ендіріп отыру, өнім өндіруду маманданған, ірі кісіпорындарда, шикізат көздеріне, энергетикалық өндіріске, тұтынушыларға жақын орналасқан кәсіпорындарда негізгі құрлдардың пассив бөлігінң төмен деңгейі сәйкесінше актив бөлігінің жоғары көрінісімен сипатталады. ұ
сурет-3 Негізгі құралдар құрылымына әсер ететін факторлар.
Көптеген зерттеушілер негізгі құралдарға әсер етуші факторларды өздерінше жіктеп көрсетуге тырысады.өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарда негізгі құралдарға әсер ететін факторлар тобын сала ерекшелктерін ескере отырып, келесі суреттегідей жіктеп қарастырайық.
Төмендегі 5- суреттегі мәліметтерді келесідей жіктеп көрсетсек:
1.Кендерді өндіру кезіндегі табиғи факторлар. Табиғи факторлардың негізгі құралдарға әсері айтарлықтай, соның ішінде мұнай өндіру саласындағы негізгі өндірістік үрдістер ашық алаңдарда жүргізілетіндігімен байланыстыруға болады. Бүл фактор ең алдымен қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығына әсер етеді:
ауданның климаттық ерекшеліктері(өте төмен немесе өте
жоғары температурадағы күндер саны, қар көшкіні, табиғи аппаттар т.б);
сурет -4 Өнеркәсіп саласындағы негізгі өндірістік құралдарға әсер етуші факторлар.
пайдалы кен мекенінің жағдайы(қор көлемі, олардың орналасуы, тұтастығы, кен орнынындағы газ, су бөлінісінің тереңдігі, пласттардың қуаты және алардың саны);
кендердің табиғи сапалы параметрлері.
Табиғи факторлардың өндіріске әсерін реттеу үшін келесідей мүмкіндіктер қарастырылады:
барлау көлемін көбейту, кен орнының нақты жағдайын дәл тануға мүмкіндік береді.
Төзімді техника мен технологияны таңдау және құру;
Саланың перспективті орналасу схемасын құруда игеруге тек ең жақсы кен орындары мен участькелерін таңдау.
өндіріске кен орнының тек қана тиімді бөлігін таңдау.
2.техниккалық және технологияляқ факторлар,ол ғылыммен, минералды шикізаттар өндіру техникасы мен технологиясымен байланысты.
Мұнай өндірісін техникалық жетілдіру әртүрлі мақсаттарда жүзеге асырылуы мүмкін:
материалдық және энергетикалық шығындар бойынша экономикалық тиімділік алу;
жетіспейтін материалдарды пайдалануға көшу;
өндіріс объектілерінің ұзақ уақыт қызмет етуін қамтамасыз ету;
бұрын тиімсіз, рентабелділігі жоқ және пайдалануға жарамсыз деп есептелініп келген кен қалдықтарын, қорларын пайдалануда іске асыру;
өндірісті интенсификациялау, оның масштабын өсіру, және сенімділігін көтеру;
шығарылатын өнім сапасын жоғарылату;
жұмыс орындарында қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайын қалыптастыру;
өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету;
мұнай қалдықтарын, шикізатын ысырапсыз, тиімді пайдалану, яғни өндірісті диверсификациялау жолымен кәсіпорын экономикасының дамуын тездету.
Техникалық прогрестің кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне де тигізер әсері мол, кәсіпорында ҒТП-ны жетілдіре отырып, жаңа инновациялық идеяларды әкелу ең алдымен табысқа, өзіндік құнға, еңбек өнімділігіне әсер етеді.
3.Негізгі өндірістік қорларды пайдалануға байланысты экономикалық факторлар. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық факторлар келесідей көрсеткіштерге байланысты болады:
негізгі өндірістік қорларды пайдалну тиімділігіне әсер етуші еңбек саны;
құрал-жабдықтарды уақыт бойынша және құрал-жабдықтардың қуаты бойынша тиімді пайдалану;
негізгі өндірістік қорлар құрылымын жетілдіру;
негізгі өндірістік құралдарды пайдалануды басқаруды жетілдіру.
4. Ұйымдық факторлар, өндірісті шоғырландыру және интенсивтендіру. ҒТП жағдайында ең алдымен өндірістік ұйым деңгейін жетілдірудің ролі жоғары. Қор қайтарымдылығының көтерілуіне істегі құрал-жабдықтардың пайдалану факторы маңызды орын алады. Бос тұрған жабдықтарды жою, қондырылмаған құрал-жабдықтардың технологиялық құбілетсіздігін төмендету, қондырғылардың техникалық және пайдалану параметрлерін толық пайдалану нәтижесінде негізгі құралдарды пайдалануды жетілдіруге қол жеткізіледі.
Экономикалық көрсеткіштерді жетілдірудің маңызды факторлары - өндірісті интенсивтендіру мен шоғырландыру болып табылады. өндірісті техникалық прогресс, жаңа, жоғары өнімділікті технология және техниканы толық пайдалану мүмкіндігі өндірістік ұйымға жоғары дәрежеде әсер етеді.
5. әлеуметтік факторлар, бұл ұйымдағы жұмысшылардың қарым-қатынасы. Сонымен қатар, кәсіпорында қоршаған ортаны қорғауға және техникалық қауіпсіздікке инвестицияны өсіру, кадрлардың біліктілігін, еңбек гигиенасын және тұрмыстық қызмет көрсетуші жұмысшылардың деңгейін көтеру арқылы негізгі қорлардың оң көрсеткішіне, соның ішінде қор қайтарымдылығының жоғары мән иеленуіне әсер етуге болады. Бұл мақсаттарға жұмсалған қаражаттар өндірістік тез өсуіне әкелмейді. Бірақ олардың тиімділігі белгілі уақыттарда кәсіпорын қызметінің нәтижесінде жалпы түрде көрінеді. Мысалы, техникалық қауіпсіздікке, өндірістік эстетикаға, қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар жұмысшылардың техникалық ақаудан алатын жарақаттардың әртүрлі бақытсыз жағдайлардың, аурулардың болу мүмкіндігін төмендетеді, еңбекке жарамдылықты өсіре отырып, еңбек өнімділігі мен қор қайтарымдылығының өсуіне әсер етеді.Сондай-ақ білім беруді дамыту , ақпараттарды кеңейту тек қана білімділікке қажеттілікті қанағаттандырып қана қоймай, экономикалық тиімділік әкеледі, жаңа идеялардың, ойдардың тууына, дамуына мүмкіндік тудырады, негізгі құралдардың тиімділігін көтереді.
2 – тарау. «Торғай Петролеум» АҚ экономикалық әлеуеті мен негізгі капиталды пайдалану тиімділігін бағалау .
2.1 «Торғай Петролеум» АҚ экономикалық белсенділігін талдау
«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясының ЛУКойл ААҚ ҰК арасында Қазақстан Республикасы территориясында көмірсутегі ресурстарын барлау, өңдеу және игеру мақсатында «Южнефтегаз» мемлекеттік акционерлік қоғам мен ЛУКойл ААҚ ҰК Біріккен кәсіпорын құру жөнінде келісім- шартқа отырды. Осылай «Құмкөл- ЛУКойл» Акционерлік қоғамы қазақстан- ресейлік біріккен кәсіпорны құрылып 1995 жылы тамыз айында акционерлік қоғам болып тіркелді. Компанияның құрылтайшыларының бірі «Южнефтегаз» мемлекеттік акционерлік қоғамы еді, яғни компанияның 50% акциясы Қазақстан Республикасының иелігінде болды.Кейіннен «Южнефтегаз» МАҚ жекешелендірілуі нәтижесінде Құмкөл – ЛУКойл АҚ-ның акциясы түгелімен шетелдік «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ иелігіне көшті. Дәл қазіргі уақытта қоғамның негізгі құрылтайшылары - Ресей Федерациясының заңды тұлғасы «ЛУКОЙЛ» Ашық Акционерлік Қоғамы және Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шетелдік кәсіпорын «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» Ашық Акционерлік Қоғамы.
Құмкөл кен орны Қазақстанның оңтүстігіндегі Торғай ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан және Қарағанды облысының Ұлытау ауданының құрамына кіреді (бұрынғы Жезқазған облысы). Қызылорда қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан, Құмкөл мұнайгазконденсатты кен орнының солтүстік бөлігінде жалпы 15881га жерді «ТОРҒАЙ – ПЕТРОЛЕУМ» кен орны алып жатыр. Құмкөл мұнай орнының оңтүстік бөлігі ПККР иелігінде.
Кәсіпорынның заңды мекен – жайы - Қазақстан Республикасы,467008 Қызылорда қаласы , Есенова «А» көшесі
Заңды тіркелген нөмірі 4167-1993-АО(ИУ) 2002ж 14 мамырда Қызылорда облысында әділет басқармасында берілген.
Меншік түрі - жекеменшік.
«Құмкөл - ЛУКойл» АҚ жарғылық қоры -5 600 000 (бес миллион алты жүз мың) теңге немесе 100 000 АҚШ доллары.
Жарғылық қорда құрылтайшылардың үлесі 50 де 50 - 50 000АҚШ доллары –«ЛУКОЙЛ» АҚ және 50 000 АҚШ доллары – «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз»АҚ иелігінде.
«Құмкөл - ЛУКойл» жабық акционерлік қоғамына көмірсутегі шикізатын игеру және бұрғылау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі пайдалы қазбаларды пайдалану құқығына лицензия берді.
«Торғай Петролеум»АҚ –ның негшізгі қызметі көмірсутек шикізатты кен орнын барлау, игеру және эксплутациялау, шикізат пен өңдеу өнімдерін тасымалдау, өңдеу және өткізу, сондай-ақ төмендегі қызметтерді қоса отыоып, олардың әрі қарай таратылуы мен өткізілуімен ьайланысты кез-келген операцияларды орындау болып табылады:
-
Жер астындағы, жер бетіндегі, және шельфте пайдаланылатын өнеркәсіптік құрал-жабдықтар мен ғимараттардың, сондай-ақ құбыр өткізгіштері мен басқа жабдықтардың құрылысы мен пайдалануын;
-
Мұнай мен газды жер жер бетіне шығаруын, эксплутациялық ұңғымалардағы жұмыс процесін қолдауын және ұйымдастыруын;
-
Мұнай-газды тазалау үшін және өңдеу үшін мұнай тазарту зауыттарына жіберу;
-
Мұнай мен газдан қосымша компоненттерді шығаруын, шикізат пен өңдеу өнімдерін өткізуін, өңдеуін және тасымалдауын;
-
Мұнай мен газды іздеу және барлау, құрылымдық және эксплуатациялықпен бақа ұңғымаларды бұрғылауын;
-
Мұнай-газ өнеркәсібі облфысындағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өңдеуін, иемденуін немесе енгізуін, Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына көмек көрсетуін, бұрғылау кәсіпшілігін;
-
Бұрғылау, мұнай кәсіпшіліктік және арнайы жабдықтар, транспорт құралдары, құралдар мен қосымша бөлшектердің капиталды жөндеуін;
-
Шикізат, материал, отын-энергетикалық ресурстар, технологиялық жабдықтар мен қосымша бөлшектерін жеткізуін.
Құмкөл кен орны Торғай ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан және әкімшілік жағынан ҚР Қарағанды облысы ұлытау ауданына кіреді.
Келісім-шартты территориясы – ауданы 15881 га болып келетін Құмкөл мұнайгаз конденсатты кен орнының Батыс бөлігі.
«Торғай Петролеум »АҚ өзінің өндірістік қызметін барынша тиімді жүзеге асыру үшін мұнай өндірумен қатар келесідей қызметтерді жүзеге асырады:
-
Скажиналарды жөндеу;
-
Жабдықтарды жөндеу;
-
Құралдарды тексеру;
-
Мемлекеттік сараптау;
-
Жолдарды жөндеу және қалыпта ұстау;
-
Көліктік қызметтер;
-
Арнайы техникалардың қызметтері;
-
Тамақпен қамтамасыз ету қызметі;
-
Коммуналдық қызметтер;
-
Мұнайды тасымалдау қызметі;
-
Байланыс қызметі;
-
Медициналық қызмет.
Торғай Петролеум» АҚ өндірстік технологиялық сызбанұсқа негізіне бірқұбырлы жарықтың герметизделген жабық жүйе жатады. Скважинадағы газ сұйықты қоспа өлшеуіш қондырғышқа барады. өлшеуіш қондырғышта мұнай ағыны «Спутник» автоматты қрндырғышта өлшенеді де жылту пешінде қыздырылады. Қыздырылғаннан кейін газды мұнай ағыны топтық қондырғыға жіберіледі. Мұнда сонымен қатар жақындағы мұнай келіп, алдын-ала «Спутник»автоматты қондырғыда өлшеуден өтіп, топтық қондырғыш скважинасына барады. Топтық қондыпғышта 0,1-0,2 мПа қысымында сеперациялаудың бірінші қадам үрдісі жүзеге асады.
Мұнай сеперациялаудан кейін 50-60 градусқа дейін жылыту пеші арқылы насостармен мұнай есептеу түйініне жіберіледі.онда айдатылатын мұнай көлемі өлшеніп, мұнай жинақтау коллекторына түседі. Ол мұнайды алғашқы мұнай өңдеу цехына тасымалданады.
«Торғай Петролеум»АҚ-ның оргтехникаларына сәйкес 1997 жыл мұнайдың 848,0 мың тонна және 101,6 млн. М куб суды айдатуы жоспарланады. Қажетті көлемге жетуі үшін 62 жаңа скважина, оның ішінде 46 өндіруші және 16 айдамалау скважинасын жұмысқа енгізу қажет еді.
1997 жылы Құмкөл кен орнының келісім-шартты террриториясында 771,062 мың тонна мұнай және 811120,0мың м. Куб ілеспе газ өндірілді, өнімді пласталарға 931,165 мың м.куб су айдалды, үш топтық және екі өлшеуіш қондырғылар, 34 скважина(оның ішінде 28 өндіруші және 8 айдамалау) іске қосылды.
Мұнайдың жоспарланған көлемінің өндірілмеуі негізінен құрылыс және жаңа объектілерді орналастыру қарқынының артта қалуымен, екі жақтың құрылтайшылыарының қаржылландыру көздерінің жетіспеуіне тәуелді болды.
Мұнайды өндіру көбінесе фонтанды әдіспен жүзеге асырылады. 1997 жылы 75 скважина фонтанды әдіспен жүзеег асырылса, қалған екі скважина механикалық әдіспен мұнай өндірді.
«Торғай Петролеум»АҚ- өндіретін мұнайлы газдың басым үлесі өз қажеттіліктеріне жұмсалады. Ол шығындар ПП-0,63 сияқты су тасығышы ьар блокты пештерге ішкі кәсіптік тасымалдау кезінде мұнайды жылытуға отын ретінде пайдаланылады.
Келісім-шартты территорияда скважинаның қысымын ұстап тұру үшін блокты кусталы насостың станциясы(БКНС-2) іске қосылған, ал айдамалау скважинасына үйлестіруші пунктер арқылы қажетті қысым мен суды айдауды қамтамасыз етеді.
Барлығы мұнайды ішкі кәсіптік тасымалдау және сумен қамтамасыз ету үшін келісім-шартты территорияда 9 км құбырлары орнатылған. «Торғай Петролеум» АҚ мен «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ-ның қызмет көрсету келісім-шарты бойынша мұнайды ішкі өнеркәсіптік тасымалдау мен дайындауды қуаты 3,0 млн т/жыл болып келетін «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ-ның алғашқы мұнайды өңдеу цехында жүзеег асырылады.
Алғашқы мұнайды өңдеу цехында дайындалған мұнай Құмкөл-Қарақойын—Шымкент магистралды мұнай құбыры арқылы ПКОП-қа жеткізіледі. Бұл қызметті «КазТрансОйл» мұнай тасымалдаушы ұлттық компаниясы жүзеег асырады.
Құмкөл кен орнының геологиялық сипаты, кен орнындағы ауа-райы өзгермелі, құрғақ, жауын-шашын өте аз болады. Температура жазда +30, +35 градус целсийге дейін ысып, қыста -33, -40 градус целсийге дейін салқындайды. Бұл өңірде ұдайы батыстан шығысқа бағыттыалған жел соғып тұрады. Қыста қатты боран мен жел тұрады.
Құмкөл кен орнында өндірістік газдылығы төменгі неокомның және юралық қойылымдарда орналасқан. Төменгі неокомда(Арысқұмдық көкжиекте) екі өнімді көкжиек бар.(М-І,М-ІІ), жоғары юрада үш көкжиек бар(Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ) және орта юрада бір көкжиек бар(Ю- ІІІІ).
Борды көкжиек қойылымдарда, яғни тыңайған жерде 1065-1120 м. Тереңдікте, ал бор шөгінділерінде 1190-1370 м.тереңдікте орналасқан. Ю-І, Ю-ІІ және Ю-ІІІ көкжиегінде газды шапкалары бар.
М-І көкжиегі екі пласта коллекторлар түрінде берілген. «А» жоғары пластасы ені бойынша көбірек ұсталған және барлық құрылымы бойынша зерттеледі. «А» тыңайған жері пласталық, биіктігі-43метр, «Б» тыңайған жері екі бөлікке бөлінген: солтүстік – сусүзгіш болып табылады, оңтүстік- пласталық жиынтық. Солтүстік тыңайған жердің биіктігі 8,5 м, оңтүстікте – 17 м.
М-І көкжиегі екі құмды пласта түрінде берілген, бөлек тыңайған жерлерде құмды пропластиктер биіктігі 5-7м-ге жетеді. Көкжиекте биіктігі 17м-ге жететін массивті мұнайлы тыңы бар.
Ю-І көкжиегінде мұнайлы ауданы басымырақ орналасқан және 2-3 құмды пласта түрінде болып келеді. Тыңайған жер мұнайлы газды, пласталық сводалық, тектоникалық-экрандалған. Газды бөлігінің биіктігі – 32м, мұнайлы-89м.
Ю-ІІ көкжиегі орталық бөлікте 1-2 құмды пласты түрінде. Тыңайған жер газды, пласталық жиынтықтың, тектоникалық-экрандалған. Газды бөлігінің биіктігі -9 м, мұнайлы- 91м.
Ю-ІІІ көкжиегі екі құмды пласталы, тыңайған жер мұнайлы, нласталық, тектоникалық- экрандалған, биіктігі-84 м.
Ю-ІІІІ көкжиегі басымырақ бөлшектенуімен сипатталады, оның құрамы 5 пласта-каллекторлармен ерекшеленеді. Тыңайған жер газды мұнайлы, массивті болып келеді.
Мұнай және босалқы газдың баланстық қоры көлемді әдіспен есептелген. Мұнайдың баланстық қоры 153208,0 мың тонна, өндірілетін 89442 мың тонна С1 категория бойынша. Босалқы газдың баланстық қоры – 1722 млн.м куб –С2 категориялы.
Құмкөл кен орнында эксплуатациялық бұрғылауы 1988 жылы басталды.
Өнеркәсіптік зерттемеген кәсіпорынның тәжірибелі бөлігі «Құмкөл мұнайлыгазды кен орнының зеттемлі технологиялық сызбанұсқасына» сәйкес 1990 жылдың мамырында енгізілген. Онда 4х эксплуатациялық объектілері ерекшеленген: І объект(М-І+ІІ көкжиегі), ІІ объект(Ю-І+ІІ), ІІІ объект(Ю-ІІІ көкжиегі) және ІІІІ объект(Ю-ІІІІ көкжиегі).
«Торғай Петролеум» АҚ басқару құрылымы. Кәсіпорынның басқару органы- директорлардың кеңесі ьолып табылады. Кәсіпорынды басқаруды бас директор жүзеге асырады. Оған тікелей кадрлар жөніндегі инспектор, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, заң қызметшілері, іс-жүргізу хатшысы бағынады. Бас директордың кәсіпорынд басқару бойынша орынбасарлары болады: бас директордың бірінші орынбасары, экономика және қаржы бойынша орынбасары және өндіріс боынша бас маман. әрбір орынбасардың қол астында өзінің арнаулы мәселелерін шешуге арналған тиісті қызметкерлері бар.
Бас директордың бірінші орынбасары басқа екі орынбасардың қызметтерін реттейді, оның тікелей қол астына капиталды құрылыс қызметі, өткізу және жабдықтау қызметі және көлік қызметі бағынады.
Экономика және қаржы жөніндегі орынбасар бухгалтерия, экономикалық қызмет жәнге қаржылық қызметтің жұмыстарын бақылайды. Бұл орыньасардың негізгі қызметі кәсіпорындағы қаржылық қызметті басқарады, кәсіпоырнның стратегиялық жоспарлау және инвестициялық қызмет мәселелерімен айналысады.
Бухгалтерия қаржы есебінде берілген ақпараттардың толықтығына және шынайылығына жауапты.
Негізгі құралдар есебі, материалды емес активтер есебі, еңбекақы және әлеуметтік салықты есептеу қызметтерін бас бухгалтенрдің орынбасары жүзеге асырады.
өндіріс бойынша бас маман келесі өндірістік жұмысшылар қызметін басқарады:
-
Геологиялық қызмет;
-
Басқару жүйелерін автоматтандыру қызметі;
-
Механо-энеггетикалық қызмет;
-
өндірістік-технологиялық қызмет.
Сондай-ақ бұл орынбасардың қол астына мұнай және газ өндіру цехы, оған өндіру бригадалары мен бірге басқа да учаскелер кіреді.бас директор кеңсе қызметін, еңбек ресурстар қызметін және аударма қызметін басқарады. Кеңсе қызметі кәсіпорын қызметтерін қажетті кеңсе заттарымен жабдықтап отыруға жауапты, сонымен қатар хаттар мен басқа да іс-қағаздарын жөнелту мен қабылдауға, оны тиісті мекен-жайларға жіберумен айналысады.
Кәсіпорында аударма қызметі де маңызды жұмыс атқарады. Онда екі тіл бойынша аударма қызметшілері бар: мемлекеттік тіл аудармашылары және ағылшын тілі аудармашылары.
Кәсіпорындағы бүкіл салықтар мен аударымдарды салық қызметі реттеп отырады.
«Торғай Петролеум» АҚ мұнайды ішкі және сыртқы нарыққа тиімді өткізуде ондағы маркетинг қызметінің атқаратын маңызы зор. Бұл бөлімнің басты қызметі – бұл мұнай өнімдерін өткізу, тұтынушылармен, яғни сатып алушылармен және қызмет көрсетуші компаниялармен байланыс жасайды, осндай-ақ ішкі және сыртқы нарықпен байланыс жасасуы, өткізу каналдарынның диверсификациялануына өз үлесін тигізу. Мұнай және газды тасымалдау, сонымен бірге құбырлардың жаңа экспорттық маршрутын дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор. 2015 жылға қарй елде жылына 150-170 млн.тонна мұнай өндіірледі деп күтілуде, яғны қазігі өндіруден төрт есе артық.
Ал көліктік инфраструктура кеңейіп, үнемі диверсификацияланбайтын болса біздің еліміз құбыр өткізгіш қуатының дефицитіне тап болуы мүмкін. «Торғай Петролеум» АҚ көбіне «КазТрансОйл» АҚ –ның шығыс филиалын қолданады. Құмкөл кен орнынан бастап Құмкөл-Қарақойын мұнай құбыры қолданады. Ол құбыр 1989 жылы енгізілген, ұзындығы 450км, кіру диаметрі 530мм,шығу диаметрі 720мм, екі аралық мұнай құю станциялары бар(МҚС), құбыр өнімділігі 5 млн.т/ жылына. Қарақойынға мұнай келіп, құю цистерналарына құйылады. Кіші цистерналар көлемі 5-10 мың, метр.куб, ал үлкен цистерналардыкі 15-40 мың метр.куб. атасудан темір жол арқылы Қарағанды облысы мен Алматы облысын, Балқашты кесіп Дружбадан Қытай мемлекетіндегі Алашаньхоу қаласына барады.
Қытай меемлекеті «Торғай Петролеум» АҚ -ның маңызды тұтынушыларының бірі болғандықтан Құмкөл кен орнынан Қытайға апратын тура мұнай құбырын ашу жоспарлануда.
2003 жыл ұзындығы 178 км, диаметрі 16 дюйм болып келетін, Құмкөл –Қызылқия – Арысқұм – Майбұлақ кен орындарын қосатын Жосалы станцияларында жаңа мұнай құю терминалы бар мұнай құбырын салу аяқталды. Мұнай құбырының өткізу қабілеті – 140000 баррель күніне. ҚАМ бойынша мұнайды тасымалдау көлік жолын шамамен 1300км-ге қысқартуына мүмкіндік береді.
Қарақойын – Құмкөл мұнай құбыры 1989 жылдан бері Пентро Қазақстан Ойл Продактс мұнай айдау станцияларына мұнай келеді. Шымкенттен Шымкент-Чарджоу атты мұнай құбыры істейді. Оның ұзындығы 630 мм, өнімділігі 6 млн т/ жылына, жолда екі аралық МҚС бар. Бұл құбыр мұнайды Чарджоуға апарады.
«Торғай Петролеум» АҚ батыс филиалында қолданады. Жосалы терминалынан темір жолдары арқылы мұнай Атырау немесе Ақтауға жөнелтіледі. Мұнай темір жол цистерналарына құйылады. «Торғай Петролеум» АҚ иелігінде 600цистерналары бар. Егер цистерналар жетпесе мұнай жөнелтуші, яғни экспедиторлар вагон-цистерналарын қолданады. Атырау қаласында мұнайды қабылдап, құйылып, КТК құбыры арқылы Россияға айдалады.махамбет терминалынан Аққыстаудағы МҚС аралығы Қазақстан КТК-сы болып табылады.бұдан әрі Ресей КТК басталады.
Ақтау Портына дейін де мұнай Жосалы терминалынан темір жол арқылы жөнелтіледі. Бұл қызметті экспедиторлар жүзеге асырады. Ақтау портында мұнайды «НЭК -Ақтау»компаниясы қабылдап, теңіз терминалы арқылы Махачкалаға, Бакуге, Туркеменбашиға, Иранға, одан әрі Батулиге жібереді.
«Торғай Петролеум» АҚ басты экспедиторлары «Петро Логистик», «Артис Транс Лтд»ЖШС, «Исткомтранс»ЖШС, «Алттранссервис», «Буран Трейдинг». кәсіпорын экспедиторлық компанияларға төлемін алдын-ала жасйды. Яғни келісім-шарт негізінде орындаушы мұнай жеткізуді міндеттейді.
Кәсіпорынның негізгі экономикалық белсенділігі оның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерінен көрінеді. Төмендегі кестедегі мәліметтерден «Торғай Петролеум» АҚ экономикалық белсенділігін сипаттап көрсетуге болады. Кәсіпорында есепті жылы 2803 мың.тонна көлемінде мұнай өндірілді, яғни бұл алдыңғы жылға қарағанда 1303 мың.тоннаға жоғары немесе мұнай өндіру көлемі 86,9%-ға өсті. Ал тауарлық көлемі – 27836 мың.тонна болды, бұл да сол пайызға өсті. Кәсіпорнда мұнайды тасымылдауда және басқа да факторлардың әсерінен есепті жылы (2826-2803) 83 мың.тонна мұнайды жоғалтты. Болашақта осындай шығындардың болуына жол берілмеуі керек. Тауарлық көлемнің өсуіне байланысты кәсіпорынның өткізілген өнімнен түскен табысы есепті жылы 4139231 мың.теңгеге немесе 85,3% өсті. Бұл көрсеткіштің мәні кәсіпорынның соңғы қаржылық нәтижесіне айтарлықтай әсерін тигіеді, себебі кәсіпорын табысы құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да формаларымен анықталады.
Кесте-2
«Торғай Петролеум» АҚ техника-экономикалық көрсеткіштері.
№
|
Көрсеткіштер
|
өлш.бірл.
|
2004жыл
|
2005жыл
|
Ауытқулар
|
+/-
|
%
|
1
|
Мұнай өндіру көлемі
|
Мың.тонна
|
1500
|
2803
|
1303
|
186,9
|
2
|
Тауарлық көлем
|
Мың.тонна
|
1494
|
2783
|
1889
|
186,3
|
3
|
өткізілген өнімнен түскен табыс
|
Мың,теңге
|
18333286
|
25797848
|
7464562
|
140,7
|
4
|
өткізілген өнімнің өзіндік құны
|
Мың,теңге
|
4854818
|
89940049
|
4139231
|
185,3
|
5
|
Жалпы табыс
|
Мың,теңге
|
13478468
|
16803799
|
3225331
|
124,6
|
6
|
Кезең шығындары
|
Мың,теңге
|
2456869
|
2074187
|
-382682
|
84,4
|
7
|
Негізгі қызметтен түскен табыс
|
Мың,теңге
|
11021599
|
14729612
|
3708013
|
136,6
|
8
|
Салық салғанға дейінгі табыс
|
Мың,теңге
|
12735157
|
14729612
|
1994455
|
115,6
|
9
|
Таза табыс
|
Мың,теңге
|
8914610
|
10310728
|
1396118
|
115,6
|
10
|
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
|
Мың,теңге
|
6017557
|
8651011
|
2633454
|
143,8
|
11
|
1тонна өткізілген өнімге кеткен шығын
|
Теңге
|
4894
|
3949
|
-945
|
80,7
|
12
|
1тонна өткізілген өнімнің өзіндік құны
|
Теңге
|
4894
|
3977
|
-916
|
81,3
|
13
|
Мұнай бағасы
|
Теңге
|
9236
|
11162
|
1926
|
120,9
|
14
|
өнім рентабелділігі
|
%
|
121,9
|
93,16
|
28,74
|
|
15
|
Сату рентабелділігі
|
%
|
48,6
|
93,2
|
44,6
|
|
16
|
өндіріс рентабелділігі
|
%
|
148,1
|
119,2
|
147,1
|
|
17
|
Жұмысшылар саны,
С.і:қызметшілер
|
Адам
|
296
|
305
|
9
|
103
|
18
|
1жұмысшының еңбек өнімділігі
|
Теңге
|
6194,5
|
84583,1
|
78388,6
|
136,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |