Мазмұны Кіріспе 2



бет4/13
Дата11.06.2023
өлшемі0.62 Mb.
#474951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
отчет Аңсаған

Институттар:
«Ұстаз» институты: 11 кафедра



«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты:11 кафедра

Факультеттер:

    • Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті: 6 кафедра



    • Технологиялық факультет: 5 кафедра





    • "Ақпараттық технологиялар,автоматика жәнетелекоммуникация факультеті: 5кафедра





    • Экономика және құқық фаультеті: 7 кафедра





    • Қашықтықтан білім беру факультеті:





    • Өнер және спорт факультеті: 6 кафедра







  • Әскери кафедра




Университет ректорлары
• Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы (1998—2001)
• Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы (2001—2008)
• Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы (2008—2012)
• Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы (2012—2021)
• Әмірбекұлы Ержан (2021)
• Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы (17.05.2021—16.08.2022)
• Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы(01.12.2022----қазіргі уақытта)


1.2 Технологиялық факультетінің құрылымы мен тарихы

Тараз мемлекеттік университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде облыс орталығында ҚАЗАҚ ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ филиалы ашылды. Бұл оқу орны облыс орталығындағы қант зауыты, ет комбинаты, аяқ киім фабрикасы сынды кәсіпорындарға білікті кадрлар даярлау мақсатында құрылған. Жамбыл технологиялық институтының түлектері облысымызда ғана емес, республиканың басқа аймақтарында да жеңіл және тамақ өнеркәсібінде сұранысқа ие болды. Әр жерден жас мамандарға өтініштер түсе бастады.


Технологиялық факультет университеттегі алдыңғы қатардағы факультеттердің бірі болып табылады, 6 кафедра бойынша кадрлар даярланады:
• «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы
• «Стандарттау және метрологияі» кафедрасы
• «Туризм және сервис» кафедрасы
• «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасы
• «Тоқыма өндірісінің технологиясы және материалтану» кафедрасы
• «Тамақ өндірісі мен қайта өңдеу өндірісінің технологиясы және биотехнология»кафедрасы
Факультеттің жоғары квалификациялы профессорлық-оқытушылық құрамы және заманауи материалды-техникалық базасы квалификацияланған маманды дайындауға кепіл бола алады.
Факультеттің базасында Қазақстанда жалғыз (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесіне үміткерлерді дайындайтынДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСбар. Төмендегі мамандықтар бойынша: 6D072600 – Жеңіл өндірісінің бұйындарын құрастыру және технология (қолдану саласы бойынша), 6D073500- Тамақ қауіпсіздігі, төрағасы ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Мадиев У.К.
Біздің түлектердің арасында көптеген ғұлама ғалымдар, ғылым және мәдениет саласының көрнекті тұлғалары, ірі өндірістердің жетекшілері, мәдениет, саясат және экономикалық басқарудың мәселелерін оң шешіп жүрген министрлік пен министрлер кабинетінің жауапты қызметкерлері бар.
Біздің факультетте 6 мемлекеттік грант иегерлері жұмыс істейді «Үздік ЖОО оқытушысы»: Сахы М.С., Аймен А.Т., Шардарбек М.Ш., Мунасипов С.Е., Боданов К.И., Джанахметов У.К
Қазақстандағы нанотехнологияның дамуына біздің факультет өз үлесін қосуда. Факультетте нанотехнологиялар облысындағы зерттеулер фундаментальді және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларының приоритетті бағыттары болып табылады. Университетте осындай зерттеулерді жүргізетін және берілген салада ауқымды жетістіктерге жеткен ғылыми ұжымдар бар, бұл өз кезегінде Қазақстанға инновациялық өнімдерді өндіру бойынша индустриальді дамыған елдер арасында беделді орын алуға мүмкіндік береді.
Нанозертхана қызметінің маңызды бағыттарының бірі профессор Н.А.Горбатовская жетекшілігімен, өсімдік тектес наноқұрылымды материалдарды пайдалану негізінде тағамдық құндылығы жоғары жаңа заманғы тамақ өнімдерін құру болып табылады. Зерттеулер«Нанотехнология сверхизмельчения Башкирцева» ЖШС-мен (Өскемен қ.) бірге жүргізіледі.
Қазақстанның жұмсақ жаздық және күздік бидайының перспективті іріктемелері дәндерінің анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымы алғаш рет меңгерілген және келтірілген. Осы бойынша дән сапасының көрсеткіштерімен байланыста олардың технологиялық қасиеттеріне баға берілген.
Жыл сайын факультет білімгерлерінің зерттеу нәтижелері ғылыми конференцияларға ұсынылады, олардың шамамен 10 ҚР Білім және ғылым Министрлігінің және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Фондының» ең жақсы ғылыми жұмысы байқауларына қатысады.
Жүргізілетін зерттеулерді кеңейту және жоғары білікті мамандарды дайындау (PhD докторларын, магистрлерді) үшін университет келесі шет елдердің ЖОО-мен және ғылыми орталықтарымен келісімдер бекітті: Калининград мемлекеттік техникалық университеті, Познаньдегі Жаратылыстану ғылымдарының университеті (Польша); «Манас» Қырғыз-Түрік университеті (Қырғызстан Республикасы); тамақ өндірістерінің Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей); төмен температуралы және тамақ технологияларының Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей); «азық-түліктер бойынша Белорусияның НҒА ғылыми-тәжірибелік орталығы»; К.Разумовский атындағы Мәскеу технология мен басқару мемлекеттік университеті, Б.Н.Ельцин атындағы Орал мемлекеттік техникалық университеті, Ташкент жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің институты, Бишкек мемлекеттік университеті, Ельцы қ. И.А.Бунин ат. Мемлекеттік университет, Каунасс технологиялық университеті, сонымен қатар Қазақстанның да: Алматы технологиялық университеті, «Сымбат» сән және бизнес Академиясы, Рудненск Индустриялы институты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет