1.3 Текстиль, материалтану және стандартизация
«Процестер және аппараттар» және «Химиялық талшықты материалдар технологиясы» кафедрасы негізінде «Технологиялық процестерді стандарттау және сертификаттау» кафедрасы 1998 жылы құрылды. 2013 жылы «Технологиялық процестерді стандарттау және сертификаттау» кафедрасы аталуы «Стандарттау, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» болып өзгертілді.
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Жеңіл және тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары және техника қауіпсіздігі» кафедрасы 1970 жылы құрылып, ең бірінші кафедра меңгерушісі м.а.болып Мамыров Қ.,онан соң Рахыжанов О. Р. тағайындалды (қазіргі уақытта ол ҚР «Технолмашинновация» өндіріске енгізу кәсіпорнының директоры), 1973 жылдан бастап Джакпарова Р.С «Химиялық талшықты материалдар технологиясы» кафедрасының.меңгерушісі қызметін атқарды (қазіргі уақытта Алматы технологиялық университетінің доценті).
Институттың және университеттің дамуына үлкен үлес қосқандар, кафедра меңгерушілері: профессорлар Кұсмұхамбетов Е.М., Керимкұлов Ж.К., Ошақбаев П.О., Омарбеков Т.О., Абубакирова К.Д., Ақынбеков Е.Қ., доценттер Амреева Т.М., Мусина Т.К., Кұтжанова А.Ж., Аханова Р.К., Сансызбаев Қ.К.
Кафедрада өндірістік технологияларды дамытуға бағытталынған ғылыми жұмыстардың негізі жеңіл, тоқыма және тамақ өнеркәсіптерінің өндірістік технологияларын жетілдіру, интенсификациялау және экологизациялау мәселелерін шешумен байланысқан.
Кафедрада қызмет істегендер т.ғ.д., профессор Әлпейсов Е.А. ҚР БҒМде бөлім бастығы, т.ғ.д., профессор Кац В.Я. (Израиль), т.ғ.д. профессор Спандияров Е.С. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Тараз институтының професоры, т.ғ.д., профессор Қуатбеков М.Қ. ҚР ИА академигі, ХЭКҒА академигі, Нью-Иорк ғылым академиясының мүшесі.
Т.О.Омарбеков басқарған уақыттан бастап, кафедра ұжымы білім берудің қазіргі заманға сай жүйесіне сәйкес қызметтер атқарып келді. Профессор Т.О. Омарбековтың жетекшілігімен 2 докторлық, 4 кандидаттық және 8 магистрлік диссертациялар дайындалып, қорғалды.
Қазіргі уақытта кафедраның дамуына үлес қосып жүрген оқытушы-ғалымдардың қатарында: Байтуреев А.М.- т.ғ.к., профессор, ұнтақ материалдарды кептіру, Мамыров Қ.М.- т.ғ.к., доцент, материалдарды ұнтақтау және оларды кептіру, білім беру жүйесіне еңбегі сіңген, тәжірибелі ұстаз, Чернявская Н.П.- т.ғ.к., доцент м.а., Орынбаева У.А.- т.ғ.к., доцент м.а, Жапсарбеков Ғ.П.- т.ғ.к., доцент м.а , Қауымбаев Р.Т., Оңлабекова А., Демеуова Г.Б., Туралина М.- университеттің ең алғашқы PhD докторлары.
Кафедра мүшелерінің ғылыми-педагогикалық еңбектерінің нәтижесінде, кафедрада ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік бағыттары қалыптасқан. Білімгерлердің толық білім алуына жағдай беретін, қазіргі заманға сай материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған зертханалар жұмыс істейді және оқу-әдістемелік құралдармен, арнайы оқу-әдебиеттерімен қамтамасыз етілген.
Кафедраның мақсаты: Стандарттау, сертификаттау және өнім сапасын басқару саласында терең теориялық білім мен практикалық тәжірибені қамтамасыз етуді көздейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін кафедрада бүгінгі күні жоғары білікті мамандарды даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Иіру және трикотаж өндірісінің мамандандырылған кафедрааралық зертханалары, компьютерлік сыныптар, интерактивті жабдықтар бар. Оқу процесіне оқытудың заманауи әдістері енгізілген. Оқытушылар өз біліктіліктерін республикалық және шетелдік тағылымдамаларға шығу арқылы арттырады.
Миссиясы - қазіргі заманғы отандық және халықаралық өлшемдерге сәйкес келетін бәсекеге қабілетті, инновациялық-ойлайтын және патриоттық тәрбиелі мамандарды даярлау, сондай-ақ Жамбыл өңірінде оның жан-жақты экономикалық өсуі мен өркендеуіне ықпал ететін элиталық ғылыми-зияткерлік және ақпараттық-мәдени орта құру. Осы миссияға қол жеткізуге ықпал ететін негізгі құралдар: оқу процесіне оқытудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу; проблемалық оқыту болып табылады; ғылыми зерттеулер және әртүрлі инновациялар мен ғылыми - зерттеу әзірлемелері мен әдістемелерін практикада қолдану жолдары.
Ғылыми әлеуетті дамыту және оқу-әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру мақсатында кафедра шетелдік серіктестермен байланыс орнатып, өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
Каунас технологиялық университеті;
Нижнетагиль технологиялық институты
Б.Н. Ельцин атындағы Орал мемлекеттік техникалық университеті (Ресей);
жоғары кәсіптік білім берудің федералдық мемлекеттік білім беру мекемесінің инновациялық технологиялар институты;
К. Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университеті (Ресей);
Тоқыма академиясы;
Мәскеу мемлекеттік дизайн және технологиялар университеті;
Мәскеу мемлекеттік Тамақ өнеркәсібі университеті;
Ташкент жеңіл және тоқыма өнеркәсібі институты;
"Мембраналық техника және технология" АҚ (Мәскеу қ.);
"Владипор" ҒТО (Владимир қ.);
"Биокон" ҰКП (Мәскеу қ.);
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ҚазҒЗИ ЖШС (Астана қ.).
Мынадай өндірістік және ғылыми ұйымдар бакалавриат және магистратура бағдарламаларын іске асырудағы әріптестер болып табылады:
"ТаразКожОбувь"ЖШС;
"Фабрика-ПОШ-Тараз" ЖШС;
"Эксперт "Оқу орталығы"ЖШС;
"ЖЗМК Имсталькон"ЖШС;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті;
"Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты"ЖФ РМК;
"Бидаулет" ЖШС және т. б.
Жалпы 10 кәсіпорынмен келісім - шарт жасалды.
Шарттарға сәйкес "Фабрика ПОШ-Тараз" ЖШС, "ЖЗМК Имсталькон" ЖШС филиалдары бар.
Бакалавриат түлегі жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және арттыруға бағытталған жаңа материалдарды алуға байланысты кәсіби қызметті (ұйымдастыру-басқару, өндірістік-технологиялық, ғылыми-зерттеу, жобалық) орындай алады.
Түлек бітіргеннен кейін, атап айтқанда, келесі кәсіби міндеттерді шешуге дайындалды:
а) ұйымдастыру-басқару қызметі: өнімнің сапасын арттыру және бақылау, өндіру, сынау және пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастыру; дайын өнімді және кәсіпорынға келіп түсетін материалдық ресурстарды сынауға бақылауды жүзеге асыру, өлшеудің заманауи әдістері мен құралдарын енгізу, бұйымдарды дайындау мен сынауды бақылау;
б) өндірістік-технологиялық қызмет: өнімнің сапасын арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету; өнімнің және технологиялық процестердің өлшенетін және бақыланатын параметрлерінің номенклатурасын, өлшеу дәлдігінің және бақылау сенімділігінің оңтайлы нормаларын айқындау, өлшеу, сынау және бақылау құралдарын таңдау, өлшеулерді, сынақтарды және бақылауды орындау әдістемелерін әзірлеу;
в) ғылыми-зерттеу қызметі: өнім сапасының жай-күйі мен серпінін талдау; тоқыма және былғары-үлбір өнімдерінің сапасын сынау, өлшеу және бақылау жүргізу жоспарларын, бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу;
г) жобалау қызметі: өнімнің сапасын қамтамасыз ету саласында конструкторлық және технологиялық шешімдерді әзірлеу; сапаны басқару құралдары мен технологияларын жобалау кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану.
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлек келесі құзыреттерге ие:
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын дайындауға арналған былғары, тоқыма және синтетикалық материалдарға қойылатын талаптарды білу; жеңіл өнеркәсіптің нақты бұйымдары үшін материалдардың жарамдылығын бағалай білу; аяқ киімді дайындаудың технологиялық режимдерін таңдау кезінде негізгі параметрлерді анықтау; материалдардың құрылымы мен қасиеттерін, олардың ассортиментін, олардың сапасын бағалауды терең білу негізінде аяқ киімге арналған материалдарды негізделген таңдау жасау дағдысының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |