Мазмұны кіріспе 3 1 тарау қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#133836
1   2   3   4   5

Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруіне кедендік бақылау саясатының болашағы байланысты. Қол қою қажет саналатын бірнеше міндетті келісімдер тобы бар. Негізінен олар тауарлар және көлік құралдарына салынатын имапорттық баж салығына қатысты болады.


ТСБК құруда негізгі болып, ал келешекте қатысушы елдердің экспорты мен импортын реттеудің бірден бір құралы болып кедендік-тарифтік құралдар (тәжірибеде әлі де олай болмай отыр) саналатыны болжанған болатын. ТСБК ХІ бабында: “қатысушы елдердің бірде біреуі басқа қатысушы елдің аумағынан кез-келген тауарларды әкелуге немесе басқа қатысушы елдердің аумағына арналған кез-келген тауарларды экспорттауға, квота формасында болсын, кедендік баждар немесе басқа алымдардан басқа экспорттық лицензиялар немесе басқа шаралар түрінде болсын ешқандай тыйымдар салуға немесе шектеулер қоюға тиіс емес.”1.

ТСБК кедендік саясатты жан-жақты реттейтін бірнеше ережелерден тұрады. Келісімде, ең алдымен, оған қол қойған елдердің кедендік баждарды және халықаралық саудадағы басқа шектеулерді азайтуға келіссөздер арқылы жету ниеті туралы айтылған. Келісімнің І бабы қатысушы елдердің кедендік баждар мен формальдылық қатысында аса қолайлы режим қолданылатынын белгілейді. Жалпы формадағы ІІ бапта қатысушы елдердің тарифтік шегіністер тізімін келісулері керек.

Кедендік баждарды азайту туралы келіссөздер жүргізу тәртібі, сондай-ақ дайындық процедуралары және тарифтік шегіністер тізімін өзгерту ХХVІІ және ХХVІІІ баптарымен белгіленеді. Қандай да бір ел ТСБК енген кезде, оған барлық қолданыстағы тарифтік жеңілдіктер беріледі. Сондықтан да ТСБК кіруші елге өзінің кедендік тарифтер мөлшерлемесін азайту жөніндегі қарсы ұсынысын алға тарту арқылы басқа елдермен келіссөздер жүргізуі қажет. Содан кейін бұл тарифтік шегіністер Бас келісімнің бөлігі болатын тарифтік шегіністер тізіміне енгізіледі.

V бабы әрбір қатысушы ел аумағы арқылы транзит бостандығын жария етеді және транзиттік тауарларды кедендік баждар мен кедендік алымдардан босатады.

ТСБК өмір сүруі кезіндегі кедендік-тарифтік мәселелерге қатысты баптар көптеген түзетулер мен толықтырулар есебінен едәуір кеңейді. Аса маңызды өзгерістер дамушы елдердің өз экономикасын қорғауда кедендік баждарды көбейтуге құқықтарын мойындайтын, сондай-ақ дамыған елдердің дамушы елдер тауарларына кедендік баждарды азайту міндеттемелері бекітілген жаңа ХХХVІ және ХХХVІІ баптарының қосылуымен байланысты болып отыр. ТСБК министрлер деңгейіндегі сессиясы (1982 жылғы қарашада) барлық қатысушы елдерге Тарифтік және статистикалық мақсаттарда тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлесімді жүйесін жақын арада пайдалану үшін шаралар қолдануды ұсынды.2.

Чернышев С.В., Механизм регулирования международной торговли: нормы и правила ГАТТ.

Сборник научных трудов, М. - 1991 г., стр. 15.

Дюмулен И., Торгово-политическая система ГАТТ: принципы, правовые нормы и правила.

Внешняя торговля - М., 1993 г., №7/8., стр. 39.

1 сурет. 2004 жылға бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсу құрылымы


1 суреттен көріп отырғанымыздай, импорттық баждар ҚР бюджетіне түсетін кедендік баждар мен салықтардың жалпы көлемінің 15%-ін ғана құрап отыр. ҚҚС бойынша шығындар аса көп емес. Яғни бұдан болжайтынымыз, Қазақстанның ДСҰ кіруінде мемлекеттік бюджет 18% мөлшерінде кедендік баждар мен салықтарды жоғалтады. Кедендік баждар мен салықтардың 2004 жылғы мемлекеттік бюджеттегі табыстың жалпы сомасының 17,3%-ін, ал республикалық бюджеттегі табыстың осы көрсеткіші 27,2%-ін құрады. Импорттық баждардан бас тартуда мемлекеттік бюджет 2-4% түсімдерді жоғалтады.

Импорттық баждарды алып тастау үшін Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгертулер енгізу, сонымен қатар Үкімет Қаулылары мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан былай ҚР ҚМ КБК) төрағасының бірнеше бұйрықтарын алпы тастау қажет.

2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірігіп жасалған нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

ДСҰ Қазақстан Республикасының кедендік органдарына қоятын талаптарының бірі ҚР ҚМ КБК бөлімшелерін қазіргі уақыттағы техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету болып отыр.

ҚР ҚМ КБК басшылығымен ЖСҰ кіруге белсенді дайындық жүргізілуде. 2005 жылы екінші кезектегі кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізіліп отыр (бұдан былай КААЖ-2).

2004-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының кедендік қызметін дамыту Бағдарламасында жоспарланған шаралар уақытылы жүзеге асырылуда.

2004 жылдың басынан бастап республиканың ішкі сауда статистикасы өз бетінше жүргізілуде және кедендік шекарада радиациялық бақылау жүзеге асырылып отыр.

Құрылымға радиациялық бақылау жүйесі енгізілуі кезеңінде кедендік орган бөлімшелерімен Қазақстанға мемлекеттік шекара арқылы иондалған сәулеленуі жоғары радиоактивтік материалдар мен тауарларды заңсыз түрде өткізу жайттары анықталған және тыйылған.

Қазақстанның ДСҰ кіру жағдайында, Қазақстан Республикасының кедендік қызметі өз қызметінде басымдылықты кедендік процедураларды жеңілдету мақсатында, олардың тұнықтылығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық саясатқа (СЭС) қатысушы елдерге қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында кедендік бақылауды жетілдіруге, қазіргі уақыттағы ақпараттық технологияларды енгізуге, барлық операцияларды автоматтандыруға бағыттап отыр. Барлық аумақтық бөлімшелерде кедендік жүк декларациясының (КЖД) барлық ресімделу кезеңдеріндегі қозғалысын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін визуальды бақылау мониторларымен жабдықталған кедендік ресімдеу орталықтары құрылған.

Жүктердің кедендік шекара арқылы өту уақытын азайтатын, сыртқы экономикалық саясатқа (СЭС) қатысушы елдерге аса қолайлы жағдайлар туғызуға мүмкіндік беретін алдын ала және мерзімдік декларациялау жүзеге асырылады.

Адал ниетті кәсіпкерлерге “ашық жол” құқығын пайдалануға мүмкіндік туғызатын сертификаттар беріледі.

Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының әуежайларында кедендік тексеру жаңа технологиялық жүйе арқылы саналған минуттарда жүзеге асырылады.

Республикалық министрліктер мен ведомстволардың бірігіп шығарған бұйрықтарымен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде бақылау жүргізуде бақылаушы органдардың өзара байланысы мен орналасуы белгіленген, бұл оларға “бірыңғай аялдама” типі бойынша бір-ақ рет және бір жерде ғана бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Қытай Халық Республикасынан Қазақстан аумағына бағытталған транзиттік тауарлар жеткізуді бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ аталған тауарлар категориясын сақтау және “жалған транзитпен” тиімді күресу мақсатында, нақты кезеңде тауарлар мен көлік құралдырының қозғалысы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін кедендік органдарды Тауарлар жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйемен (ТЖБАЖ) қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданды.

Басты “шығыс қақпасы” болып есептелетін Қазақстан-қытай шекарасындағы “Қорғас” рұқсаттама пунктінде ТС SCAN контейнерлік сканерлеу жүйесі құрылған және ТЖБАЖ енгізілген.

ТС SCAN мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге тыйым салынған тауарлардың контрабандасы мен салымдарын анықтау мақсатында ірі габариттік контейнерлер мен жүк автомобильдерін жедел тексеруді қамтамасыз етеді.

ТЖБАЖ және ТС SCAN пайдалануға берілген сәттен бастап “Қорғас” кеденінде (2004 жылғы қыркүйекте) СЭС қатысушыларымен Қытайдан әкетілетін жүктердік көлемі мен санының шынайылығы біршама жоғарылады, бұл кедендік төлемдердің артуына әкеп соқтырды. “Қорғас” кеденінде жүйенің пайдалануы кезінде 11,5 мыңнан астам сканерлеу жүргізілген. Мұндайда көлік құралын ашпастан тауарлардың бірыңғайлығы мүмкіндігінше зор анықталып отыр.

Транзиттік тасымалдарды қамтамасыз ету үшін осыған ұқсас жүйе Қазақстаннан шығар жердегі “Қордай” кеденінде (Қырғыз Республикасымен шекарада), Оңтүстік қазақстан облысының Ғ.Мұратбаев атындағы бірыңғай бақылау-өткізу пунктінде (Өзбекстан Республикасымен шекарада) құрылған.

2005 жылы бұл жүйелермен келесі постыларды жабдықтау жоспарланған:


  • “Қайрақ” кедендік постысы (Қостанай облысы) – кіру-шығу;

  • “Жаңа жол” кедендік постысы (Солтүстік қазақстан облысы) – кіру-шығу.

Осылайша, кедендік қызмет оның транзиттік потенциалын арттыруға оңтайлы әсер ететін Қазақстан аумағы бойынша автокөліктердің негізгі транзиттік қозғалыс бағыттарын қамтиды.

2003 жылдың соңында елдегі кеден қызметінің Ақпарттық орталығы ашылды, онда кедендік органдардың қызметін жедел мониторингін (оның ішінде бақылау құралдары арқылы) жүргізу, Қазақстан Республикасы шекарасында кедендік бақылау жүргізумен байланысты ақпараттарды үздіксіз қабылдауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар кедендік заңнама тұрғысында жіберілген тәртіп бұзушылықтарға және оқиғаларға жедел шара қолдану мақсатында Жедел басқару орталығы жұмылдырылды.

Жаңа ақпараттық жүйелерді енгізудегі шет елдердің тәжірибесі зерделенді және осы негізде “KTNET”, “Самсунг” компанияларының және біздің республиканың мамандарының қатысуымен “электрондық Үкіметтің” құрамдас бөлігі болып саналатын “электрондық кеден” құру бағдарламасы әзірленген болатын. Оны жүзеге асыру СЭС қатысушы елдеріне қызмет көрсету уақытын біршама азайтады, сыртқы сауда қатынастарының тұнықтылығын қамтамасыз етеді, “адамзат факторының” әсерін кемітеді.

“Электрондық кеден” аясында тәжірибелі қолданысқа шағын және орта бизнес өкілдері үшін олардың кедендік органдарға кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынуы бойынша “Web-декларант” электрондық декларациялау кешені енгізілді.

Кедендік әкімдеу формалары мен әдістері жақсарып келеді. Қауіптерді талдау және басқару жүйесі енгізілуде.

Бұл шаралардың барлығы 84,4% КЖД бір жұмыс күні ішінде ресімдеуге мүмкіндік берді.

Халықаралық кедендік баға принциптеріне сәйкес кедендік құнды белдгілеуге бақылау жүргізіліп отыр, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолдануда. Мұндайда Үкімет қаулыларына сәйкес шартты бағалар, импорттық тауарлар құнының халықаралық каталогтары (“Superschwacke”, “Баға-информ”, “Инфо-анықтамалық”) қолданылады.

Экономикалық қылмыстармен және әкімшілік заң бұзушылықтармен, контрабандалық тауарлар мен көлік құралдарын, есірткі заттары мен прекурсорларды тыйю мақсаттарына бағытталған күрес жүргізілуде. 2004 жылы 883 млн.теңге сомасында тауарлар мен валютаның заңсыз өтуіне тыйым салынған, 1 млрд. 175 млн.теңге сомасында кедендік төлемдер мен алымдар төлеуден жалтарған жағдайлардың алдын алу шаралары жасалған. Анықталған 631 қылмыстық және 21951 әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша айыппұл ретінде, тауарларды тәркілеу және шығынды өтеу түрінде 1 млрд. 357 млн. теңгеден астам мөлшерде республикалық табыс өтелген. Кедендік органдармен есірткі контрабандасынның 171 фактісі анықталып, 538 кг есірткі заттары, оның ішінде 99 кг героин тәркіленген.

Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресуге Кинологиялық орталық едәуір үлес қосты, оларда оқу процестерін ұйымдастыруға, қызмет иттерін асырау және курсанттарды қамтамасыз ету қажеттіліктерінің бәрі бар. 2004 жылы қыркүйекте осы орталық базасында Дүниежүзілік кедендік ұйымның Аймақтық Кинологиялық орталығын құру жөніндегі Меморандумға қол қойылып, оған халықаралық мәртебе берілді.

Кедендік органдар қазіргі кездегі жағдайларға байлансты, терроризм мен экстремизмнің дамуын еске ала отырып, оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс бағыттарындағы өткізу пунктерін күшейту жөнінде шаралар қолданып отыр. Бөлінетін радиациялық материалдардың, стратегиялық қарулардың, сондай-ақ екі мақсатта пайдаланылатын өнімдердің халықаралық қозғалысы қатысында кедендік бақылау процедурасы қайта қаралды.

Басқа құқық қорғау органдарымен біріге отырып, қарулардың, әскери оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өтуінің 35 фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 18 бірлік атыс қаруы, 493 кг жарылыс заттары және 1687 бірлік әскери оқ-дәрілер алынған. Сондай-ақ кедендік бақылаудан жасырын өткізілген діни экстремизм идеясын уағыздайтын 7747 брошюра көлемінде діни әдебиеттер ұсталған.

Терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес кедендік органдар алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жүргізуге ниет білдіріп отыр.

Кедендік бақылау постыларының бөлімшелерімен 290 тексеріс жүргізілген және 2,43 млрд.теңге толығымен аударылған, 1,81 млрд.теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар өндіріліп алынған, бұған ұқсас 2003 жылмен салыстырғанда 3 және 2,3 есе өсімді құрап отыр.

Кедендік органдар қызметінің ДСҰ кіру алдындағы ең маңызды бағыттарының бірі кадрлық саясатты жетілдіру болып қалып отыр.

Кадрлық құрамды жасақтау тек конкурстық негізде жүзеге асырылады. 2004 жылы кедендік органдарға 521 адам қабылданған, оның ішінде конкурс бойынша қабылданғандар саны 461 адамды немесе 90%-ті құрап отыр. Мұндайда артықшылық профильді білімі бар (заңи, экономикалық, кеден ісі, ақпараттық технологиялар) кандидаттарға беріледі. Нәтижесінде жоғарғы білімі барлардың меншікті салмағы 2003 жылмен салыстырғанда біршама өскен (4998 адам – 88%) және бүгінде ол 5487 (99%) құраған, оның ішінде экономикалық біліммен – 1536 (28%), заңи біліммен – 2010 (37%), “кеден ісі” мамандығы бойынша – 461 (8%), ал 2003 жылы – 1360 (24%) экономист, 1730 (30%) заңгер және 323 (6%) кеденші құрап отыр.

Кадрларды аттестациядан өткізу жиі өткізіліп отырады. өткен жылы 591 лауазымдық тұлғаға немесе 10% жеке құрамға аттестация жүргізілген. Олардың нәтижесінде, сондай-ақ келеңсіз мотивтерге байланысты кедендік органдардан 61 қызметкер қуылған, 78 лауазымдық тұлға қайта аттестациядан өтуге тиіс.

Кедендік органдарда сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары жүзеге асырылуда. Кадрлармен жұмыс жүргізудің басым бағыттары анықталып отыр, оларға біліктілік талаптары белгіленген, Ар-намыс Кодексі, Кедендік органдар декларациясы және тағы бсақалары бекітілді.

Барлық кедендік органдарда ақпараттық-кеңес пунктілері, нөмірлері республикалық БАҚ-да басылған “сенім телефондары” қызмет етуде, ай сайын 5 мыңнан астам адам қарайтын копроротивтік телевидение және Комитеттің Web-сайты жұмыс атқарып отыр.

Жоспарлы негізде кедендік саясат жөнінде Кеңестік советтердің отырыстары, кедендік брокерлердің, кедендік тасымалдаушылар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен “дөңгелек үстелдер”, әлеуметтік сұрау және анонимді сауалнама жүргізілуде.

Комитет халықаралық ынтымақтастық саласында да белсенді жұмыстар атқарып отыр. Мұндайда негізгі күштер ЕЭС құру жөніндегі нормативтік актілеріне сәйкес туындайтын мәселелер төңірегінде, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі аясында шоғырланған.

Қазақстан Республикасының тауарлар нарығына шығуы жөніндегі тарифтік ұсыныстарын қалыптастыру саясаты елдегі экономиканың нақты жағдайын назарға алып отыр және ДСҰ ережелерін бұлжытпай орындауда орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте ұлттық тауар өндірушілерді қорғау қажеттілігін қарастырады.

Республика экономикасының басым секторларын қорғау мақсатында, қазақстанның тарифтік ұсыныстарын қалыптастыруда қолда бар өндірістік потенциалға қарап, негізінде өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы құрылымында қосымша құннның өсу дәрежесі бойынша импорттық кедендік баждарды бекітуді қарастыратын кедендік тарифтерді эскалациялау принципі енгізілген.

Қазақстанның кедендік заңдары әкелінетін және әкетілетін тауарларға қатысты тарифтік және тарифтік емес мақсаттарда барлық тауарлардың шығарылған елін анықтаудың бірыңғай жүйесін қарастырады. Қолданылып отырған жүйе Дүниежүзілік кеден ұйымымен әзірленіп, Киот Конвенциясында байқалып отыр.

Кеден ісі, сыртқы сауданың статистикалық деректерімен алмасу және салыстыру мәселелері бойынша Ресейдің, Қытайдың, Қырғызстанның. Германияның, Нидерландалардың кедендік қызметтерімен шарттарына және келісімдеріне қол қойылды.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәжірибелік қадамдардың бірден-бірі қазақстан-ресей (“Шарбақты” кеден постысы) және қазақстан-қырғыз (“Қордай” кедені) шекараларында біріге отырып кедендік бақылау бойынша эксперимент жүргізу болды.

Басты назар Ресей, Қазақстан, Украина және Белорусия елдерінің бірыңғай экономикалық кеңістігін құру мәселеліне айдарылып отыр. Олар ЕурАзЭҚ Кедендік қызмет кеңесінің (КҚК) отырыстарында, сонымен қатар ЕЭС құру жөніндегі жоғарғы деңгейлі топтардағы отырыстарда талқыланды.

Бізбен ЕурАзЭҚ КҚК талқылауға қарастырылған және қолдау тапқан бірнеше жобалар ұсынылды. ҚР кедендік қызметінің бастамасымен ЕурАзЭҚ СЭҚ ондық белгідегі тауар номенклатурасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді, бұл тауар кодын нақты анықтауды, кедендік төлемдерді толығымен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

ЕурАзЭҚ аясында еркін сауда режимінен шығарылып тасталынатын тауарларға кедендік баж мөлшерлемелерін сатылы түрде азайту жөніндегі тарифтік саясатты іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетімен ЕурАзЭҚ мүше-елдері мен ТМД қатысушы-елдерінің еркін сауда режимінен алымдарды алып тастау Бірыңғай графигінің жобасы құпталды. Тарифтік және тарифтік емес сәйкес реттеулер қалыптастыру кедендік аумақтардың бірлесуіне және Қауымдастық көлемінде тауарлардың еркін айналымын қамтамасыз етуге жеткізеді.

Басқа мемлекеттердің кедендік әкімшіліктерімен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы, Қытай Халық Республикасындағы және Бельгия Короьлдігіндегі елшіліктерінде кеден ісі мәселелері жөнінде Елші Кеңесшілері лауазымы құрылды.

Корея және Түркия елдерінің кедендік қызметтегі кедендік процедураларды автоматтандыру саласындағы тәжірибелері зерделенді, сондай-ақ германия-польша және польша-белоруссия шекараларында бақылауды жүзеге асырудағы кедендік, ветерианрлық, фитосанитарлық және көлік қызметтеріндегі тәжірибелермен алмасыт және осы негізде біз қазір жаңа технологияларды, сонымен қатар қазақстан шекарасынан өтуде “бір аялдама” принципін енгізіп отырмыз.

Ұлы жібек жолы арқылы есірткі трафигіне жол бермеу мақсатында ҚР кеден қызметіне техникалық жәрдем ету мақсатында өтеусіз көмек көрсету туралы Германиямен келісім-шартқа қол қойылды.

Сыртқы істер министрлігі өкілдері және Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары үшін “дөңгелек үстел” өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің басқаруымен Қытай Халық Республикасына ресми ісспапармен барған ресми делегация құрамында ҚР ҚМ КБК Төрағасы да болды, онда кедендік ынтымақтастық, статистикалық деректермен өзара алмасу жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды.

Дүниежүзілік кедендік ұйымның бас хатшысы М.Данемен кездесу өткізілді. Оны ҚР Елбасы, Премьер-Министрі қабылдады, ол Ұлы жібек жолы аймағындағы есірткі трафигі және Астана қаласында Кедендік ресімдеу орталығының жаңа ғимаратын ашу мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.

Іргелес мемлекеттердегі әріптестермен ынтымақтастық құруға да көп көңіл бөлініп отыр. Егер бұрын қарым-қатынастар Ресей, Өзбексатан және Қырғызстан елдерінің кедендік қызмет басшыларының деңгейіндегі хаттамалық шаралармен шектеліп келген болса, соңғы жылдары ара-қатынас сапалы жаңа орамға өсіп отыр. Ара-қатынастағы нақтылық арта бастады, мемлекеттердің кедендік қызметтерінің арасындағы ынтымақтастық аймақаралық, шекаралық деңгейге жетті.

Зерделеу барысында концептуальды айырмашылықтарының жоқтығы анықталған екі елдің Кеден кодексіндегі негізгі ережелерді талқылау жөнінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден қызметінің сараптамашыларының қызмет кездесулері өткізілді.

Пекин, Ташкент, Астрахань, Павлодар, Саратов, Бішкек, Алматы, Өскемен, Үрімші, Шымкент және Атырау қалаларында екі жақты ынтымақтастық, ақпарат алмасу, жеңілдетілген кедендік процедуралар және шекаралық аймақтар тұрғындары мен СЭС қатысушылары арасында өзара пайдалы шекаралық сауда үшін қолайлы жағдайлар туғызу мәселелері жөнінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің шекаралық кеден органдары басшыларының қызмет кездесулері болып өтті.

ТМД қатысушы елдерінің кедендік және басқа құқық қорғау органдары арасында Келісім мен Хаттама аясында жүзеге асырылып отырған контрабандамен күресте ынтымақтастық жүргізіліп отыр. Атап айтсақ, іргелес мемлекеттердің кедендік органдарының қатысуымен біздің еліміздегі кеден қызметімен экономикалық контрабанда жасаудың 33 фактісі және 26 қылмыстық іс қозғалған кедендік төлемдер мен салықтардан жалтару фактілері анықталған.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес елдегі кедендік органдар Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім-шарт Ұйымының мүше елдері аумағында, есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды анықтау және тыйюға бағытталған “Канал-2003”, “Канал-2004” профилактикалық операцияларына қатысты. Сонда, Орынбор (Ресей), Ақтөбе (Қазақстан) облыстарының құқық қорғау органдарының және Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бірігіп жұмыс істеуі арқасында героиннің ірі партияларын жеткізумен айналысатын халықаралық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтың қызметі анықталып, жойылды.

2004 жылы қарашада Қазақстанның кедендік органдарының ақпараттары бойынша Ресей ФҚҚ мен Челябі кеденімен марихуананың ірі партиясы (1200 кг) ұсталды, бұл нәтижесінде Қазақстаннан Ресейге есірткі тасымалдаумен айналысатын құрамы 15 адамнан тұратын (Қазақстан мен Ресей азаматтары) халықаралық қылмыстық ұйым анықталып, жойылды.

Іргелес мемлекеттердің кедендік қызметіндегі ынтымақтастық шекараны контрабандадан қорғау бойынша біріге жүргізген операциялармен ғана шектеліп қоймайды. Сондай-ақ олар біздің ортақ қызметіміздің басқа да салаларын, бос уақыт пен демалыс кездерін де қамтиды.

Павлодар қаласында Сібір кеден басқармасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының кедендік органдарының кезекті Көркемөнерпаздар фестивалі болып өтті. Қостанай облысының “Қайрақ” және “Аят” шекаралық кеден постыларының базасында ресейлік кеден постылары командаларының қатысуымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Кедендік органдардың тарихи шежіресін, сондай-ақ Қазақстандағы Ресей жылына арналған іс-шараларды ары қарай дамыту аясында, Комитеттің қамқорлығымен Екінші Халықаралық журналистер десанты өткізілді. Алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктердің, баспасөз басылымдарының және телерадиокомпаниялардың өкілдері қазақстан-ресей шекаралары шаршысында дисклокацияланған “Шарбақты”, “Ауыл”, “Жезкент”, “Оба”, “Жаңа жол”, “Қызыл жар”, “Ақбалшық”, “Қайрақ” кекдендік постыларының жұмыстарымен танысты. Десант нәтижелері “ВВС”, “Мир” және басқа телерадиокомпанияларда жарияланды.

Елдегі кеден қызметінің материалдық-техникалық базасы ары қарай дамуда және жаңалықтар енгізілуде.

2004 жылы кедендік постылар мен кедендік инфрақұрылым объектілерінің құрылысына республикалық бюджеттен 2,8 млрд.теңге бөлінген. Барлық бөлінген қаражаттар толығымен игерілген, пайдалануға 3 бірыңғай бақылау-өткізу пунктері (ББӨП) берілді: Павлодар облысында “Шарбақты”, Оңтүстік Қазақстан облысында Ғ.Мұратбаев атындағы, Шығыс Қазақстан облысында “Ауыл” пунктері, Астана және Павлодар қалаларында кедендік ресімдеу орталықтары, “Бақты” кеденінің кедендік ресімдеу залы, Атырау қаласындағы аймақтық оқу-әдістемелік орталығы, “Достық” кеденінің жеке құрамына арналған 36 пәтер пайдалануға берілді. Қостанай облысындағы “Обаған” және Солтүстік Қазақстан облысындағы “Қарақоға” ББӨП-тері, Ақтау қаласындағы 10 қызметтік-іздеу иттерін қамтамасыз етуге арналған питомнигі пайдалануға берілуге дайындық үстінде. Дружба станциясында теміржол терминалының, Алматы қаласындағы оқу-әдістемелік орталығы, Астана қаласындағы Комитет қызметкерлеріне тұрғын үй құрылысы салынуда. 2005-2006 жылдары тағы да 9 ББӨП, 3 теміржол терминалы құрылысы салынады.

Сонымен қатар кедендік постыларда 1,2 млрд.теңге сомасына жаңа кедендік бақылау жабдықтары сатып алынып, орналастырылды. Оның ішінде: “TS Scan” маркалы жүк автомашиналарын стационарлық рентгендік инспекциялық бақылау жүйесі, автомобиль электрондық таразылары, радиологиялық бақылаудың стационарлық жүйелері және бағалы металдарды, есірткі заттары мен жарылғыш заттарды идентификациялаудың портативтік құралдары, тауарларды жеткізудің автоматтандырылған жүйелері, жеке тұлғаларды тіркеу автоматтық пунктері (киоскілері), ретрансляторлар және портативтік радиостанциялар бар.

ҚР кедендік органдары ДСҰ кіргеннен кейін де кедендік бақылауды жетілдіру, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды модернизациялау және дамыту, есірткі трафигі және терроризммен күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар қолдануды жалғастырып келеді.

1996 жылдың қаңтарынан бастап республика Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісімнің (ТСБК) орнына келген Дүниежүзілік Сауда Ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие болып отыр. Бірақ республикада бұған қажетті түрде көңіл аударылмай отыр. Мысалы, Сиэтл қаласындағы кездесу (онда сонымен қатар жаңа мемлекеттердің ДСҰ кіру мәселелері талқыланды) Қазақстан үшін еш өзгеріссіз қалып отыр. Біздің республиканың әлемдік нарықтағы интеграция мәселесі бізді қалайша толғандырмайды? Сиэтлдағы кездесуде Билл Клинтон “глобальды экономикаға адамзаттық кескін беруге” шақырды. 30 жыл бұрын біз “адамзаттық кескіндегі социализм” түсінігін ұғынғымыз келмеген еді. Қазір де бізді бұл мәселе қызықтырып отырған жоқ. Егер бұл осылайша жалғаса берсе, онда біз глобальданған кеңістікте назардан тыс қалған провинцияға айналуымыз мүмкін. Қытай мен Қазақстанның ДСҰ кірудегі айырмашылықтары көзге түседі. ДСҰ кіруге құлшыныстың мысалы ретінде Қытайды атауға болады – оны өткен жылдың соңында ұйым қатарына қабылдауға осы уақытқа дейінгі 15 жыл бойғы толассыз өткізген келіссөздер негіз болды.

Осыған қарамастан, қазіргі уақытта басқыншылық сыртқы саясат жүргізіп отырған ел үшін шексіз ұланғайыр нарық ашылып отыр. ҚХР өз мәртебесін толығымен пайдаланып отыр және сауда тосқауылдарының жойылуы нәтижесінде қытай тауарлары өте арзан және барлығына қол жеткізу мүмкіндік туғызады.

Сондықтан да, қатысушы елдерге өз өндірушілерін Қытайдың экспансиясынан қорғауға көптеген жылдар қажет болды. ДСҰ мүшелігіне кіру үшін Аспан асты еліне көптеген шарттар мен міндеттермелерді қабылдауға мәжбүр болды, олардың кейбіреуі басқа елдерде ешқашан қолданылмаған еді.

Ұйымға кіруде Қытайдың дамушы ел мәртебесіне ие болуына қарамастан, (бұл оған көптеген жылдар бойы жоғарғы импорттық кедендік баждарды және нарықты қорғаудың басқа шараларын сақтап қалуға теориялық құқық берді) елдегі кедендік баждардың орташа деңгейі едәуір төмендеген. Сол кезеңде ДСҰ мүше елдер өз нарықтарын қытай экспортынан қорғау үшін 12 жыл бойы аса маңызды шараларды қолданатын болады.

Қытайдың өзін-өзі асқақтатуына қысым жасаудың тағы бір түрі таяу арадағы 15 жылда антидемпингтік тексеру жүргізуде, ҚХР “нарықтық экономикасы жоқ” мемлекетпен одақтаса алады, ал бұл дегеніміз, ДСҰ төрелік органдарының шешімі Қытайдың үлесіне шешілмейді дегенді білдіреді, яғни соңғысының жеңіске жетуі екіталай.

Осылайша, Қытайдың ДСҰ кіруін болжаған көңіл толарлық перспективалар ең болмағанда, таяу арада ақталмайтын сияқты. Қытай аналитиктерінің пікірінше, жақын арада ДСҰ талаптарынан жекелеген кәсіпорындар ғана емес, сондай-ақ экономиканың бүтіндей салалары зардап шегеді, халықтың тұрмыс деңгейі жоғары топтары мен халықтың ауқатсыз жіктері арасындағы айырмашылықтар артады, сонымен қатар шығыс (аса дамыған елдерге қатысты) және батыс аудандар арасындағы жіктер ұлғаяды. Әсіресе өндірушілердің қорғансыз категориясы болып ауыл тұрғындары саналатын болады, себебі олардың өнімдерін экспорттау субсидисяы бұдан былай толығымен тоқтатылады.

Ұзақ мерзімді перспективалар аса алдамшы болып отыр. Қытайға қарсы сауда тосқауылдары тоқтатылған кезде елдердің ДСҰ мүшелікке кіруі ақырындап оның дамуына оң ықпал ете бастайды. Бірақ 2005 жылдың өзінде-ақ ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Даму мәселелерін зерттеу орталығының есептері бойынша, ДСҰ кіру есебінен ұлттық ІЖӨ өсу көрсеткіші 1,5 пайызға өседі, тұтыну өсімі 0,6 пайызды құрайды, экспорт – 26,9, импорт – 25,8, инвестициялар – 1,8 пайызды құрап отыр. Ал Әлемдік банк 2020 жылы Қытайдың сыртық сауда айналымы жалпы әлемдік айналымның 10 пайызына жетіп отырғандығын болжаған (Әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында болып отыр).3.

ДСҰ кіру қажеттілігін кеңестік дәуір кеңістігіндегі елдер де мойындап отыр. Тәжікстан мен Түркіменстанды қоспағанда, қалған барлық республикалар мүшелікке өтініштерін баяғыда-ақ беріп қойған, ал Молдова мен Грузия бұл ұйымның қатарына кіріп те үлгерді. Бұл елдердің келісімге қол қоюындағы жеңілдік – мәні жағынан олардың экономикасының келешегін айқындайды, олар келешектегі салдары туралы ойланбастан, ұйымның барлық талаптарын қабылдады.

Бұның айқын мысалы – ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ДСҰ мүшесі болған бізге көршілес ел – Қырғызстан. Алайда, қырғызстандықтар оң нәтижелерге қытайлықтарға қарағанда бес есе жылдам жетті.

Қырғызстанның аса белсенді келіссөздер жүргізу нәтижесінде кедендік баждарды төмендетуге мәжбүр болды, ал кейбір тауарлар үшін оларды мүлдем алып тастауға, лицензиялауды жеңілдетуге, ауыл шаруашылығын субсидиялаудың ең төмен деңгейін белгілеуге, жергілікті және шетелдік кәсіпкерлер үшін бірыңғай заңнамалық режимін енгізуге қол жеткізді.

Нәтижесінде, ДСҰ кіруге дейінгі бәсекелестікке қабілетсіз болып келген отандық өнімдер мүшелікке өткеннен кейін ішкі нарықтан біржолата аластатылды. Сол кезде кедендік тосқауылдарды кемітуді қолдану және қандай бір экспортты жүзеге асыру ел үшін нақты болмады. ДСҰ кіруде Қырғызстанның иек артқан шетелдік инвестициялары қолайсыз инвестициялық климаттың салдарынан елге жұмылдырылмаған еді.

Әрине Қырғызстан қазір ДСҰ мүшелігіне кіру шараларын қайта қарау жөнінде іш пыстырар келіссөздер жүргізуге мәжбүр болып отыр, әйтпесе сауда шарттарын бұзғандығы үшін ДСҰ басқа мүше елдеріне өтемақы төлеуі қажет және ұйыммен қоштасуға тура келеді. Дегенмен, Қырғызстанның кішкентай ішкі нарығы әлемдік қоғамдастықтың назарына ілінуі екіталай, сондықтан осыған байланысты олар кейбір жұмсақтықтарға да баруы мүмкін. Ал сыйымды ішкі нарығы және дамыған экспорты бар аса ірі елдер ондай еркіне жіберуге жол берілмейді.

_____________________

http://www.continent.kz/2002/10/index.html

Ресейдің ДСҰ кіруі де алыс емес. Ол ұйымға кірген Қытайдан кейінгі сауда жүйесінен тыс орналасқан бірден-бір ірі держава болып қала берді. Шынында да, біздің көршілестеріміз бұл қадамға барлық мүмкін пайдалар мен шығындарды есепке ала отырып, алдын-ала ойланып келіп отыр.

Қырғызтанға қарағанда Ресейге қорғау қажет нәрселер көп, сондықтан да келліссөздер өте ауыр өтуде. Тараптар арасында салмақыт келіспеушіліктер болып отыр, сондықтан да ДСҰ оларға аса қатаң талаптар қоюда. Сауда, тариф және ауыл шаруашылығын субсидиялау режимі сияқты дәстүрлі сұрақтар қатарында аса күрделі мәселелер – интелектуалды меншік құқығы және мемлекеттік сауда кәсіпорындарының қызметі мәселелері болып отыр.

Бұдан басқа, ДСҰ Ресейден үкіметтік сатып алуға, химиялық тауарларға баждардың үйлесімділігіне, азаматтық әуе техникасын, ақпараттық технологияларды сатуға қатысты “секторалдық бастама” аталатын міндетті емес келісімге де қосылуын тұрақты талап етіп отыр.

Ресей заңнамалары әлі күнге дейін ДСҰ нормаларына сай емес. Бірақ көптеген ізденушілерге заңды түрлендіруге мүмкіндік болып жатса, ұйымның мүшелігіне өткеннен кейін, Ресейге бірнеше ай ішінде елдің экономикалық қызметін белгілейтін заңдарға өзгертулер енгізу ұсынысы жасалған болатын.

Соған қарамастан, Ресей Федерациясының ұстанымы еш өзгеріссіз болып отыр: яғни ұйымға кіру қажет. Дегенмен, олар осындай келсіпеушілігінің арқасында және өте қысқа мерзімде қажетті консенсусқа жете ала ма – осы түсініксіз болып отыр, ал мүшелікті ресімдеу 2005 жылы жоспарланған.



Қазақстанның ДСҰ кіруі асығыстық емес пе деген сұрақтар жиі туындайды. Бұл тұрғыда әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысалы, Ресей, ағылшын экономистерінің есептеулері бойынша, ДСҰ кіруден бір миллиардтан астам долларын үнемдейді екен. Әрине, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру де арзан емес, ол үшін едәуір дайындық жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет