Мазмұны кіріспе 3 1 тарау қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#133836
1   2   3   4   5

1 сурет

Кедендік төлемдер мен салықтарды тіркеуді жақсарту, сондай-ақ кедендік процедураларды оңтайландыру мақсатында мақсатты түрде кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кедендік органдарға қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақша ауырысу тәртібінде бюджетке СЭС қатысушыларының ақша қаражаттарын аударуын жеделдету жөніндегі ҚР Қаржы Министрлігінің Қазыналық басқармаларымен ара қатынас орнатуға мүмкіндік беретін компьютерлік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу қажет. Бұл жүйе кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін растауға қажетті уақытты азайтуға мүмкіндік туғызады.


3 ТАРАУ ӘСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді

бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып

кеден тарифтерін қалыптастыру
Мемлекеттің Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы тауар айналымын кедендік бақылау және реттеу құралдарын аса тиімді пайдалануын қамтамасыз ету ұлттық нарықты қорғау жөніндегі сауда-саяси міндеттерді жүзеге асыруға, отандық өнеркәсіптің дамуын ынталандыруға, нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық түрленулерді динамикалық түрде жүзеге асыру мақсатында құрылымдық қайта құру жасауға жәрдемдесуге негіз болады.

Кеден саясатын әзірлеу және жүзеге асыру ҚР кедендік тарифі, қорғау шараларының кешені (антидемпингтік, өтемақы және арнайы баждар), лицензиялау мен квоталауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге немесе одан әкетуге шектеу қою, тарифтік преференциялар жүйесі және басқа қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылықпен қарым-қатынасын реттеу шаралары сияқты арнайы механизмдер көмегімен жүзеге асырылады.

Нарыққа өту жағдайында мемлекеттік кедендік реттеудің негізгі элементтері болып экономикалық әдістер есептеледі.

Олардың арасындағы орташа орынға мемлекеттік шекарадан өту процесіндегі экспорттық-импорттық тауарлар легіне бағалық ықпал ететін тарифтік реттеу ие болып отыр.

Қазіргі кездегі мемлекеттің жүргізіп отырған кедендік-тарифтік саясаты елдің ішкі нарығын реттеу тетіктерінің ең негізгісі және ұлттық өндірушілер мен экспортерлерді қаржылық-экономикалық қолдау көзі болып отыр.

Тарифтік реттеу механизмінің негізгі элементі болып импорттық және экспорттық тауарлар бойынша төлемдер мөлшерін, яғни кедендік төлемдерін анықтайтын мөлшерлемелердің жүйелендірілген тізбесі (жинағы) ретінде қызмет атқарады.

Кедендік тариф, импорттық және/немесе экспорттық тауарлардың бағасын көбейте отырып, сыртқы сауда көлемі мен құрылымына әсер етеді. Кедендік тарифтің классикалық қызметі болып протекционизм (отандық тауарларды шетелдік бәсекелестіктен қорғау) және фиск (мемлекеттік бюджетті толтыру) саналады. Тарифтердің көмегімен сыртқы сауда балансының белсенді сальдосының қалыптасуына, валюта легінің артуына, әсіресе, оларды еркін кәсіпкерлік аймақ құру туралы мәселе қозғалғанда, елдің жекелеген аймақтарын дамытуға ықпал жасауға болады. Тарифтік реттеу қызметтері өзіне тариф элементтерін алатын және оны толтыратын салық жүйесімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. ҚР кедендік баждар жүйесін талдай отырып, олардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:

Кедендік реттеуде импорттық тарифтер негізгі үлесті құрап отыр және ішкі салық жүйесімен параллельді түрде ең алдымен баға мөлшеріне, кәсіпорынның рентабельділігіне, ұлттық валюта жағдайына, импорттық тауарлардың оңтайлы тауарлық құрылымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Экспорттық кедендік тариф реттеу құралы ретінде сыртқы саудада саны шектеулі елдерде, негізінен, едәуір көлемде табиғи шикізаты бар және соның арқасында әлемдік тауар нарығында өз позициясын берік ұстанып отырған дамушы елдерде қолданылып отыр. Жекелеген жағдайларда олар экспорттық бағаға ықпал етуде және елдің валюталық ресурсын толтыру көзі болып отыр. Қазақстандағы экспорттық тарифті қолдану туралы айтатын болсақ, біздегі өнімдердің ішкі бағаларын әлемдік бағаларға сәйкестендіру саясаты жүргізілген жатты да ескерген жөн. Экспорттық баждарды енгізуде қазақстандық шикізат базасын жан-жаққа тартудан қорғауға, дайын өнімді экспорттауға ынталандыруға ғана талпынып қойған жоқпыз, сондай-ақ фискальды қызметті жүзеге асыруға тырыстық. Одан кейін, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметті реттеудің заңнамалық және нормативтік базасын бірыңғайлау экспортқа ынталандыру мақсатында Кедендік одақ аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 маусымдағы № 810 Қаулысымен баждар салымы алынып тасталды.

Кедендік баждар да, өздерінің экономикалық мәні және ықпал ету сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеушіге жатады. Кедендік баждар дегеніміз ақша алымы немесе ел шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына мемлекеттің салатын салығы, олар ең алдымен тауар бағасын көтереді және бісекелестікке қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан да кедендік баждар сыртқы нарықта сауда-саяси бәсекелестіктің белсенді құралы ретінде пайдаланылады.

Отандық өндірісті қорғау үшін барлық елдер импорттық тауарларға кедендік баждар салу механизмін қолданып отыр. Импорттық кедендік баждардың объективті негізі болып әлемдік және ұлттық баға арасындағы айырмашылық есептеледі. Алдыңғы қатарлы елдерде ұлттық бағаға ықпал ететін еңбек өндірісі деңгейінде ешқандай өзгешеліктер жоқ, және кедендік баждар деңгейі де осыған қатысты төмен болып отыр. Дамушы елдерде ұлттық шығындардың жоғарғы деңгеіне қарамастан, отандық өндірушілерді қорғау үшін импорттық тауарларға едәуір жоғары кедендік баждар қолданылып отыр. Халықаралық еңбек бөлінісін дамыту барлық немесе көптеген елдердегі импорттық баждарды азайту үшін келешекте жағдай туғызатын қоғамдық еңбек өндірісі деңгейінде ұлттық өзгешеліктерді қысқартумен қатар жүзеге асырылып отыр. Дегенмен, бұл жалпы заңдылық кейбір өзгешеліктерге жол беріп отыр: жекелеген елдерде дамудың белгіленген кезеңдерінде еңбек өнімділігі кемуі мүмкін, бұл Қазақстанда да орын алып отыр, немесе мысалға экономикаға инфляция мен ішкі бағаның өсуі тән болған аздаған жылдар бұрын Ресей Федерациясында да орын алған. Бұл кезеңдегі әлемдік бағалар тұрақты болып қалып отыр, тіпті төмендеуде. Осы жағдайларда шетелдік тауарларға импорттық баждарды азайтудың алғышарттары болмай отыр. Отандық өндірісті қорғау үшін ұлттық шығындардың қандай деңгейін экономикалық негізделген және шетелдік бәсекелестіктен қорғауды талап ететіндігін есепке алған жөн. Әрине, бұл қорғау жеке шығындары орташа ұлттық деңгейден асып кететін техникалық артта қалған, келешексіз кәсіпорындар мен өндірістерге қатысты қолданбайды, бұл оның техникалық және экономикалық артта қалғандығын жоюы болып есептеледі. Ұлттық өндірушілердің негізгі бөлігі бәсекелестік қабілеті шектелген өнімдер шығаруға қабілетті, яғни ол әлемдік нарықта бәсекелестікке шыдай алмайды, бірақ ішкі нарықта бұл нарықтың шетелдік бәсекелестіктен қорғалған жағдайында бәсекелестікке қабілетті болып келеді.

Басқа экономикалық сипат экспортталатын тауарлардың кедендік баждарына тән болып отыр. Ол үкімет белгілеген тауарлардың шектелген номенклатурасы бойынша алынады, және алым үшін негіздеме ұлттық шығындар әлемдік деңгейден төмен болған жағдайда туындауы қажет. Экспорттық баждар тарихи және өнер туындыларына, сонымен қатар әзірленуін мемлекет қаржыландырған интеллектуалды өнімдерге қолданылады, сондықтан да бұл өнімдердің барлығы ұлттық игілік ретінде қарастырылады. Экспорттық квоталарды алып тастау және экспорттық баждардан ақырындап бас тарту кеден ретінде мемлекеттің экспорттық мәмілелерге назар аудармай қоюын білдірмейді.

Халықаралық тәжірибеде тарифтік реттеу олардың белгілену ретімен байланысты бірнеше баждар түрлерінен тұрады:

- салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайыздық мөлшерде есептелетін адвалорлық баждар,

- салық салынатын тауарлар бірлігіне есептелетін арнай баждар,

- кедендік салымдардың аталған екі түрін де үйлестіретін аралас баждар;

Қажет жағдайларда кезеңдік және ерекше баждар қолданылады. Соңғысына арнаулы, антидемпингтік және өтемақылық баждар жатады. Тауардың шығарылған еліне байланысты кедендік баждар максимальды, минимальды және преференциалды болып бөлінеді. Шығу сипатына қарай баждар автономиялық және конвенциялық түрлерге бөлінеді.

Қазақстандағы импорттық тарифтер жүйесі, басқа елдердегі сияқты, келесі негізгі қызметтерді атқарады:

1) протексионистік, бұл отандық тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғауға негізделген, мұндайда жұмысшылар мен қызметкерлердің табыс көзі болып саналатын жұмыс орындары да қорғалады. Қазақстан үшін бұл проблема аса көкейкесті болып отыр, себебі бір жағынан сыртықы экономикалық қызметті ырықтандыру ұлттық өндірушілердің ішкі нарықтың едәуір бөлігін жоғалтуына әкеп соқтырса, екінші жағынан байқалып отырған экономикалық тұрақтылық белгілері мен қазақстандық өндірушілердің күш жинауы жаңа фазада бәсекелестік күрес туралы сұрақ тудырып отыр. Нарықтық өзгерістер барысында сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру нәтижесінде қазақстандық өндірушілердің 30% ішкі тұтыну нарығын жоғалтуға әкеп соқтырған осы қызметтің бірден әлсіреуі байқалды. 1994 жылы бөлшек саудадағы тауар айналымының импорт үлесі 20%-ін құраса, ал 2001 жылы ол 40% шамасында болып отыр.

2) фискальды, мемлекеттік бюджеттік қамсызданудағы қызмет түрі. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, елдің экономикалық дамуындағы мемлекеттік табыс көзі болып есептелетін импорттық баждар ролі төмендеуде. АҚШ-та 19 ғасыр соңында бюджетке түскен барлық түсімдердің 50%-і импорттық баждар есебінен өтелген болса, ал қазіргі уақытта бұл үлес 1,5%-тен аспай отыр. Бұған ұқсас көптеген басқа өнеркәсіптік дамыған мемлекеттерде – бұл сәйкес көрсеткіш 1%-тен аспай отыр, ал табысы орта деңгейдегі мемлекеттерде - 9%-ті құрайды. Қазақстанға келетін болсақ, фискальды қызметті атқаруда бұрынғыдай кедендік органның басым бағыты болып отыр, себебі алынуы кедендік қызметтерге жүктелген кедендік төлемдер мен салықтар республиканың мемлекеттік бюджетін толтырудың бірден бір көзі болып табылады. Сондықтан да әрине, Қазақстанда кедендік істі ұйымдастыруда мемлекеттік бюджеттің қалыптасқан жалпы сомасының едәуір меншікті салмағын (20% шамасында) құрап отырған кедендік төлемдер мен салықтардың толығымен және уақытылы төленуін бақылау мәселесіне көп назар аударылып отыр.

Жоғарыда айтылғандардан түйетініміз, Қазақстан үшін кедендік тарифтердің фискальды қызметінің маңыздылығы салық тәртібінің төмен және нақты секторлардың “ақшасыздығы” жағдайында импорттық баждар мемлекеттік қазынаны толтырудың аса сенімді көздерінің бірі болып саналады.

3) реттеуші қызмет, оның мәні елдің сауда және төлем балансының тұрақтылығында.

Бұл қызметтерді тиімді жүзеге асыру аясында импорттық кедендік баждар негіздемесі туралы сауал туындайды. Белгіленген шамада бұл импорттық баждардың экономикалық болмысының әлі күнге дейін анықталмағандығымен байланысты. Ал бұл, өз кезегінде баждардың болмысын, олардың қызметі мен қалыптасу әдістемесін ашуға мүмкіндік берері анық.

Экономикалық әдебиетте осы күнге дейін баждардың жанама салық түрі болып табылатындығы жөніндегі тұжырымдамасы басым болып келген. Бұл көзқарас Үлкен Кеңес Энциклопедиясында айқындалған: “Баждар жанама салық түрі болып табылады”4. Кедендік баждардың ұқсас анықтамасы сыртқы экономикалық қызмет туралы көптеген әдебиеттерде келтірілген. Ол сыртқы экономикалық байланыс мәселелері бойынша басқа жарияланымдарда кеңінен таралған.5.

Соңғы жылдары РТА ғылыми еңбектерінде кедендік баждардың экономикалық табиғатына басқа көзқарас қалыптасып отыр, ол келесі анықтамаларға телінеді: баждар әрбір тауар бойынша оның негіздемесін болжайтын бағалық негізі бар баға элементі болып табылады. Бірақ ол іштей салық формасы ретінде шығады, себебі ол мемлекет иелігіне өтіп, ел бюджетіне түседі. Баждар табиғатын түсіндіруде олардың қызметі мен негіздемесін түсінудегі айырмашылықтар туындайды.

Егер баждар жанама салық түрі болып табылса, онда олар фискальды қызметтерді, яғни бюджет табысын толтыру қызметін атқарады, олардың негізінде салықтарды негіздеуде қолданатын сол әдістерді пайдалану қажет болады. Кедендік баждар табиғатына РТА ғалымдарының (В.Е.Новиков, М.В.Кокорев) көзқарасы аса негіздеме болып табылады.6.

Кедендік баждардың бағалық табиғатын мойындауда олардың құн негіздемесі мен оны анықтау әдістері туралы сауал туындайды. Әкелінген баждар әлемдік шығындар және жоғары ұлттық шығындар және сәйкес өнімді импорттаушы елдердің бағалары арасындағы айырмашылық түрінде қалыптасады.

Тауарлар мен өнімдер топтарына әкелінетін кедендік баждарды дифференциациялау – аса күрделі және жауапты мәселе, оның шешіміне отандық нарық жағдайы және оның қатысты тауарлармен толықтырылуы, отандық өндіріс техникасы мен технологиясының деңгейі, оның түрлі салалары мен өндіріс түрлерінің дамуы, ғылым мен мәдениеттің дамуы, халықтың денсаулығын және қоғамдық үлгі-өнегені сақтау, экология жағдайы және т.с.с. жайттар байланысты болады. Бұдан шығатыны, бұл мәселе шенеуніктердің тар шеңберінде және сәйкес коммерциялық құрылымдардың мүдделерін әрекеттендірусіз шешіле алмайды, оны шешуде мемлекеттік көзқарас және қоғамдық мүдде қалыптасуы қажет.

Мәселенің күрделілігі оны әзірлеуге түрлі мамандықтар бойынша білікті мамандарды – тауартанушыларды, технологтарды, экономистерді, қаржыгерлерді, халықаралық құқық саласында мамандандырылған заңгерлерді, экологтарды, медицина қызметкерлерін, ғылым, мәдениет, өнер саласының және т.б. салалардың мамандарын жұмылдыру қажеттілігін де анықтайды.

Баждар деңгейі оның ұлттық және интернационалдық шығындар арасындағы айырмашылық шамасына қарай, баға мен мемлекеттің сыртқы сауда саясатына байланысты дифференцияланады. Ең төмен әкелінген баждар экономикалық дамыған елдерде қолданылады, себебі олардың экономикасындағы жоғарғы бәсекелестік оны сақтау үшін жоғары баждарды қолдануды қажет етпейді. Дамушы елдер олардың экономикасы бәсекелестікке әлсіз болғандықтан, мемлекет тарапынан шетелдік бәсекелестерден қорғауды қажет етеді. Қазақстан экономикасының бәсекелестікке қабілеттігінің төмендігі ұлттық өндірісті қорғау үшін импорттық баждардың аса жоғары мөлшерлемесінің қажеттігін анықтап отыр. Баждар мөлшері өнімдердің түрлері мен топтары бойынша, сәйкес салалар мен өндірістердің тиімділігі мен бәсекелестікке қабілеттілігін есепке ала отырып, дифференциациялау арқылы белгіленеді: ең төмен баждар мемлекет тарапынан қорғау шараларын қажет етпейтін тиімді және бәсекелестікке қабілетті өнімдерді әкелуге белгіленеді, аса жоғарылары – шамалы тиімді және бәсекелестікке қабілетті емес өнімдерге қолданылады.

Экономикалық артта қалған елдердің тауарларына, ереже бойынша, әкелінім баждары салынбайды, бұл олардың экономикасының тиімсіздігімен және бәсекелестікке қабілетсіздігімен түсіндіріледі.

Баждар деңгейіне ұлттық экономиканың салалары мен кішкене салалары қатысында сәйкес елдердің үкіметтерімен жүргізілетін экономикалық саясаты ықпал етеді. Бұл саясат әртүрлі ммақсаттарды көздейді және соларға сәйкес импорттық баждар мөлшерлемесі анықталатын болады. Егер мемлекет ішкі нарықтағы отандық және импорттық тауарларға бәсекелестік шарттарын теңестіру шарттын қойса, онда ол импорттық баждар мөлшерлемесін әлемдік және ұлттық шығындар мен бағалар арасындағы айырмашылықтармен толық сәйкестікте анықтай алады. Мұндай саясатты, қатаң түрде ескерсек, протекционистік деп есептеуге болмайды, себебі ол отандық тауар өндірушілерді қоса алғанда, тараптардың біреуі үшін бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыра алмайды.

Мемлекет отандық өндірушілер өнімдерінің ішкі нарықта өткізілу мүмкіндігін кеңейту үшін тауарларды әкелуді шектеуді алға мақсат етіп қояды. Бұл мақсатқа жету үшін ұлттық және интернационалдық шығындар мен бағалар арасындағы айырмашылықтың артуы деңгейінде импорттық баждарды белгілейді. Мұндай баждар өнім импортерлері үшін тыйым салынған және отандық тауар өндірушілер үшін пртекционистік деп есептелуі мүмкін.

Бұрын байқағанымыздай, Қазақстанда баждар жүйесі ғылыми-әдістемелік ақпараттық қамсыздандырусыз, білікті мамандардың, мұндай жұмыстар тәжірибесінің, сәйкес сынамалар мен қателер әдісінің болмауы жағдайында қалыптасқан болатын. Импорттық баждар жүйесін құру жөніндегі жұмыс асығыстықпен және ВАҚ, ССҰ және алдағы позицияларды дамыған елдер алып отырған басқа халықаралық және аймақтық одақтардың қысым жасауымен жүзеге асырылды. Әрине, бұл одақтар мен келісімдер экономикалық дамыған елдер үшін пайдалы саналатын шегіністерге Қазақстанның көндігінуіне қол жеткізді. ВАҚ қысым жасауымен 1996 жылы Қазақстанда ел мүддесіне қайшы келген, бірақ оның батыстық серіктестері үшін пайдалы саналған экспорттық баждар төлемі байқалған. Нәтижесінде ұлттық нарықта ішкі бағалар көтерілді, ол шығындардың инфляцияға ұшырауына және келешекте қазақстандық тауарлардың бәсекелестікке қабілеттігін төмендетуіне қосымша себеп болды. Нәтижесінде елдегі өндіріс одан ары төмендей бастады.

Экономикалық негізделген баждар жүйесін қалыптастыру мәселесі ТМД елдері үшін қандай мәнге ие болса, Қазақстан үшін де маңызы зор болып отыр. Баждар СЭҚ реттеудің басты экономикалық құралы болып табылады. Экономикалық негізделген импорттық баждар жүйесінің және отандық тауар өндірушілерді қорғау мен экспорттық өндіріс пен экспортты ынталандыру жөніндегі тиімді шаралардың болуы елдің сыртық экономикалық саясатын, қазақстан экспорты мен импорт стратегиясын, ел экономикасын құрылымдық-технологиялық қайта құрудың сәйкес міндеттерін табысты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кездегі қолданыстағы импорттық тарифтер жүйесі халықаралық практикада жалпыға бірдеу қабылданған принциптерге құрылған. Бұл принциптерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Кеден кодексі және басқа заңнамалық актілер қатарында сәйкес нормативтік-құқықтық база құрылған.

Қазақстанның кедендік тарифтерін талдай отырып, әлемдік тәжірибедегідей, әртүрлі тауарларға белгіленген импорттық тарифтердің базалық құрылымы (ең алдымен адвалорлық тарифтердің) бірыңғайландырылған және 0 ден 30% диапазонында өзгеріп отырады. Бұл бірыңғайландыру тарифтердің сандық градациясына ғана қатысты – адвалорлық мөлшерлемелер 5% қадаммен өзгеріп отырады (яғни 5-10-15-20-25-30%). Мұндайда импорттық тарифтердің құрылымдық кескіні көбіне әкелінетін тауарларды қайта өңдеу шегінде анықталады. Бастапқы шикізат пен материалдарға (бастапқы өңдеу) кедендік тариф тағайындау импортталатын тауарлардың кедендік бағасының 0-5% шегінде тіркеледі, жартылай фабрикаттарға және оның құрамдарына – 5-15%, импортталатын дайын өнімдерге – 15-30% аясында тіркеледі.

Кедендік тарифтерді белгілеудің аталған принциптері тәжірибеде әрқашан қолданылып отырған жоқ. Нарықтық экономика жағдайында импорттық тарифтерді басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру Қазақстанда бастапқы сатыда болып отырғандығын атап өткен жөн. Оның көрсетілген жағдайларға негізделген аса маңызды кемшіліктері өзінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілмеуімен, сондай-ақ мемелекеттік экономикалық саясаттың басқа бағыттарымен әлсіз байланыста болып отырғандығымен түсіндіріледі. Нәтижесінде, көптеген жағдайларда, импорттық тарифтер қажетті негіздемесіз және қабылданған шешімдердің салдарын ашатын қажетті аналитикалық есептеулерінсіз айқындалып отыр. Осы себептермен тауар топтарына тарифтердің өзгертілуі қажетті өзара байланыссыз жүзеге асырылады және көбінесе жүйесіз түрде болып отыр.

Біздің жүргізген талдауымыз көрсеткендей, қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған тарифтік жүйесіне соңғысының үлесіне шешілетін кедендік салымдардың орташа номинальды және орташа есептелген деңгейі арасында едәуір алшақтық тән болып отыр. Егер тарифтік мөлшерлемелердің орташа номинальды деңгейі нарықты қорғаудың жалпы, формальды режимін анықтаса, онда орташа есептелген деңгейі – кедендік тосқауылдың нақты деңгейін белгілейді, яғни нақты импортталатын тауарлар шеңбері бойынша қорғау дәрежесін анықтайды. Орташа есептелген тарифтер мөлшерлемесінің номинальды тарифтер мөлшерлемесінен асуы елде нақты импорт жүзеге асырылып отырған тауар позициялары бойынша аса жоғары әкелім тосқауылдары туралы көрнекті түрде бейнелеп береді. әлемнің көптеген елдерінде жағдай керісінше болып отыр – онда орташа номинальды тариф орташа есептелген тарифтен асып отыр (1 кестені қараңыз) .

Кесте1 - АҚШ-та, ЕО елдерінде, Жапонияда және Қазақстанда орташа номиналды және орташа өлшенген тарифтік мөлшерлемелер, %*






Шикізаттық тауарлар
(%)

Жартылай
фабрикаттар
(%)

Дайын өнімдер
(%)

Дайын өнім бойынша шикізат мөлшерлемесін көбейту (рет)

Дайын өнім бойынша жартылай фабрикаттар мөлшерлемесін көбейту (рет)

АҚШ

1,8/0,2

6,1/3,0

7,0/5,7

3,9/28,5

1,1/1,9

ЕО

1,6/0,2

6,2/4,2

7,0/6,9

4,4/34,5

1,1/1,6

Жапония

1,4/0,5

6,3/4,6

6,4/6,0

4,6/12,0

1,0/1,3

РФ

8,1/7,0

10,7/15,9

20,4/16,8

2,5/2,4

1,9/1,1

ҚР

4,8/5,3

11,1/12,6

12,2/14,2

3,8/3,3

1,6/1,1

* Алымда – орташа номинальды тариф, бөлгішінде – орташа есептелген тариф



Дерек көзі: расчеты ИМЭИ при Минэкономики РФ и расчеты автора (по РК)
Аталған импорттық тарифтермен қатар қолданыстағы жүйеге басқа кемшіліктер қатары тән, оның ішінде:

ішкі нарықты протексионистік қорғауға емес, фискальды мақсаттарға айрықша бейімделу – 5% деңгейінде төмен мөлшерлемелер өте көп. Мысалы, 5% мөлшерлеме бойынша бәсекелес емес импорт позициясындағы көптеген тауарларға салынады; егер нарықты қорғау тұжырымдамасына ғана сүйенетін болса, баждардың нөлдік мөлшерлемелерін белгілеу дұрыс болар еді, осылайша қазақстандық тұтынушылар мен инвесторлары үшін қолайлы экономикалық жағдай туғызу;

бір ғана тауарлық топтағы өнімдер аясында мөлшерлемелерді дифференциациялауға негізделген экономикалық тұрғының болмауы, бұл әкелінетін тауарлар кодын бұрмалап декларациялау және бюджет түсімдерінің жеткіліксіздігі нәтижесіндекедендік әкелінім баждарын төлеуде импортерлердің “үнемдеу” мүмкіндігін ашып береді.

тариф эскалациясы және тиімді тариф тұжырымдамалары, яғни импортталатын тауарларды қайта өңдеу дәрежесәне байланысты импорттық кеден тосқауылының белсенді артуы (яғни баж мөлшерлемесінің артуы) сияқты тарифтік саясаттың “алтын ережелері” сақталмай отыр. Шикізат та, онын құрамдары да және дайын өнім де бірыңғай мөлшерлемелер бойынша салық өте жиі салынып отыр (мысалы электрлі машиналар мен жабдықтар және олардың құрамындағылар кедендік баждың 10% бір мөлшерлемесімен салық салынып отыр).

Мұндайда кедендік әкелінім баждарының қолданыстағы жүйесінің эскалация дәрежесі әлемнің өнеркәсіптік дамыған елдеріндегі ұқсас көрсеткіштерге салмақты орын беріп отыр. ТСБК “уругвайлық” раунд нәтижесінде келісімге қатысушы елдердегі дайын өнімге салынатын орташа мөлшерлеме әкелінген шикізатқа салынған ұқсас мөлшерлемеден шамамен 8 есе артық болған. Нақты кедендік тосқауылдар бойынша баға беруде (яғни орташа есептелген тариф бойынша) бұл айырмашылық аса маңызды болып отыр: мысалы АҚШ-та – 28 есе, ЕҚ – 30 еседен астам. Қазақстанда жағдай басқаша болып отыр – дайын өнімнің орташа мөлшерлемесі шикізат мөлшерлемесінен 3 есе ғана артық (5 кесте);

ұлттық мамандандырылған салалардағы бәсекелес өнімдер (әр топтағы өнім түрі бойынша дифференцияланусыз) бойынша дайын өнім нарығының сегментін қорғаудың негізделмеген жоғары тосқауылдары жиі белгіленуде;

қолданыстағы тарифтер үшін жоғары деңгейдегі өңделетін өнімдер және ғылыми сыйымды өнімдердің көптеген түрлері үшін олардың тыйым салынған сипаты тән.

Осылайша, сыртқы сауданы тарифтік реттеуді жетілдіру мақсатында жүргізілген талдау негізінде автор кедендік баждардың нақты мөлшерлемелерін қолдану жөнінде ғылыми негіздеме және аналитикалық есептеулер базасында кедендік тариф қалыптастыруды ұсынады. Бұл ұлттық басым бағыттағы салаларды дамытуға ынталандыру мақсатында әрбір топта өнім түрлері бойынша импорттық тарифтерді терең дифференциациялаумен, сондай-ақ кедендік тарифтер эскалациясы деңгейін арттырумен және кедендік баждар мөлшерлемесін әзірлеуге және негіздеуге сарапшыларды жұмылдырумен қатар жүргізіледі.

Талдау объектісі ретінде қазақстан экономикасы секторының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан аса әлсіз саналатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы белгіленді.

2001 жылғы ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын талдаудан көретініміз, ішкі нарықтағы құс еті импортының үлесі 49,1%-ті құраса, қоюландырылған және құнарландырылған сүт - 98%, сары май – 64,5%, шұшық өнімдері - 50% құраған. Халықаралық сарапшылардың бағалары бойынша азық-түлік импортының қауіпсіздік деңгейі жалпы тұтыну деңгейінен 17%-тен аспауы қажет. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдері нарығында туындаған жағдай ішкі нарықтың тауарлар импортына жоғары байланыстылық деңгейімен сипатталады.

Тауарлардың таңдаулы топтары бойынша (2 кестені қараңыз) жүргізілген талдаудан көретініміз, ішкі нарықтағы импорт үлесі орта есеппен 50%-ті құрап отыр, мұндағы импорттық кедендік тарифтердің қолданыстағы мөлшерлемелері 0 ден 20% шегінде тұрақсыз болып отыр.

Кесте2 - Тамақ өнімдерін өндіру және импорттау (мың тонна)



Тауарлар

1995

1997

2000

2001




өн-ру

имп

%им

өн-ру

имп

%им

өн-ру

имп

%им

өн-ру

имп

%им

Ұн

1575

1,9

0,1

1528

2,9

0,2

1741

1,9

0,1

1028

1,6

0,2

Өсімдік майы

44

14,4

25

28,8

33,2

54

55,2

76,8

58,2

74,1

101

58

Қант

113

204

65

148

230

61

280

324

53,7

346

337

50

Сары май

30

3,6

11

7

5

42

4,4

7,6

63,3

3,9

7,1

65

Кондитер.өнімдер

29

14,4

33

49

19,3

28

28,3

36,3

56,2

32,7

39,4

55

Маргарин

3

2,7

47

6

6,7

53

10,4

12,9

55,4

16,9

10,0

55


Біздің пікірімізше, мөлшерлемелердің мұндай деңгейі ұқсас өнімдердің отандық өндірушілерін қажетті түрде қорғаумен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар ішкі нарықты импортқа байланысты етіп қояды. Бұл Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында импорттық кеден баждарының оңтайлы мөлшерлемелерін есептеу қажеттілігіне негізделді. Қойылған міндеттерді шешу үшін біз РТА ғалымдары әзірлеген кедендік баждардың негіздемелік әдістемесі мен есебіне жүгіндік.

Осы әдістемеге сәйкес импорттық кеден баждарының бастапқы шамасы ішкі нарықтағы экспортқа шығарылатын тауарларды өткізушілер үшін де, отандық және импорттық өнімдерді тұтынушылар үшін де тең пайдалылық тұжырымдамасына сүйене отырып, анықталады.

Импорттық баждарды есептеуде біз келесі формуланы қолдандық:

Ип = (Спа + Пра + Тзр) х К – (Цм + Тз), мұндағы

Ип – импорттық кедендік баж

Спа – ұқсас отандық өнімнің экономикалық негізделген өзіндік құны

Пра – ұқсас отандық өнім өндіруде экономикалық негізделген пайда (доллар есебінде)

Тзр – ұқсас отандық өнімдерді дайындаушы-кәсіпорыннан тұтынушыға жеткізуде туындайтын көліктік-дайындаушылық шығындар (доллар есебінде)

К – ұқсас отандық өнім сапасын импорттыққа келтіру коэффициенті.

Цм – импорттық өнімнің әлемдік құны

Тз – импорттық өнімді РФ шекарасынан тұтынушыға жеткізуде туындайтын көліктік-дайындаушылық шығындар (доллар есебінде).

______________________________



Новиков В., Голяшева Т. Методологические основы определения таможенных пошлин на производственно-техническую продукцию. – М.: Экономист № 9. 2002 г.

Мұндайда К коэффициенті импорттық өнім сапасы жағынан отандық өнім сапасынан асатын жағдайда қолданылады. Біздің жағдайымызда сапаға келтіру коэффициенті 1 арқылы қабылданды. Отандық және импорттық өнімді жеткізуде туындайтын көліктік-дайындаушылық шығындар біркелкі шамада қабылданған, сондықтан да олар есептелмейді. Әлемдік баға ретінде биржалық баға мен ірі экспортерлер бағасы алынды. Баждарды негіздеу базасы есебінде шығындардың жоғарғы дифференциациясы күшіндегі өндірушілердің орта есеп бағалары алынды.

Жүргізілген есеп өсімдік майы, қанта және сары май (3 кестені қараңыз) сияқты өнімдер бойынша импорттық кеден баждарының адвалорлық мөлшерлеме деңгейін нақты өзгерту қажеттілігін көрсетіп берді.

Кесте3 - Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне импорттық баждарын есептеу



Атауы

(кг)


СЭҚ КС

коды



Ұлттық өндірушінің есептік бағасы

Импорттық есептік баға

Баждың есептік шамасы

Баждың қолданыстағы мөлшерлемесі







теңгеде

$

$

$

%

%

1

2

3

4

5

6= 4-5

7=6/5x 100%

8

Өсімдік майы

1512

158

1,02

0,58

0,44

75

15

Сары май

0405

355

2,3

1,5

0,8

53

20

Қант

1701

72

0,46

0,23

0,23

100

30


Импорттық және ұлттық бағаларды теңестіруді ғана емес, сондай-ақ ұқсас өнімдердің отандық өндірушілерін қорғауды да қамтамасыз ететін импорттық баждардың тиімді мөлшерлемесі болып есептелетіндер: сары май бойынша – 20% қолданыстағы мөлшерлеме бойынша 53%, өсімдік майы бойынша – 15% қолданыстағы мөлшерлеме бойынша 75%, ақ қант бойынша – 30% қолданыстағы мөлшерлеме бойынша 100%.

Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша келтірілген баждарды есептеулер баждардың сәйкес мөлшерлемесін аса терең және жан-жақты талдау, сондай-ақ оларды дифференциациялауды (мысалы, қанттың импорттық легін оны өңдеу, бастапқы шикізат, жеткізу кезеңділігі, сонымен қатар Кедендік одақ елдерінен импорттау бағыттары деңгейінде шектеу қою) көрсетті. Кедендік тарифті дифференциациялауды тереңдету және баждардың мөлшерлемесін есептеуді аса негіздеу үшін, мына көрсеткіштер бойынша ақпараттық қамсыздандыру негізінде тарифтік қорғауды қажет ететін тауарлар легіне мониторинг жүйесін құру қажет:

отандық өндірушілердің ішкі бағалары, өзіндік құны және экономикалық негізделген пайда;

әлемдік бағалар,

есептік сыртқы сауда бағалары;

сыртқы сауда айналымының көлемі мен динамикасы жөніндегі деректер.

Осылайша, осы деректер негізінде кедендік баждар шамасына тұрақты есептеулер және кедендік құнды анықтауға бақылау жүргізуге болады. Ұсынылған шаралар заңнамалармен бекітілуді талап етеді, яғни “Кедендік тарифтер мен баждар туралы” Заңда есепті кезеңде (тоқсан) кем дегенде бір рет алынатын мониторинг нәтижелеріне байланысты кедендік баждар мөлшерлемесін жедел түрде қайта қарау мүмкіндігін қарастыру қажет.
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден бажын төлеуді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет