Мазмұны кіріспе 3 1 тарау. Туризи – табиғатты тану 7


ТАРАУ. ТУРИЗИ – ТАБИҒАТТЫ ТАНУ



бет2/6
Дата05.07.2016
өлшемі494 Kb.
#179963
1   2   3   4   5   6

1 ТАРАУ. ТУРИЗИ – ТАБИҒАТТЫ ТАНУ

1.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам

өміріндегі маңызы

Туризм біздің елімізде қазіргі кезде өте қарқынмен дамып келеді. Ғалымдардың айтуынша туризмге деген қызығушылық бұдан әрі дами береді. Көпшілік адамдар үшін туризм туған өлкені және шөт мемлекеттерді тану құрамы ғана емес, сонымен бірге ол дене шынықтыру мәдениетінің негізгі, құраушы бөлімі болып табылады.

Қазақстан туризмнің дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосатын мемлекет. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның жер бедері, климаты, географиялық белдеудің көптүрлілігі көз тартады. Осының барлығы туристерге демалыс түрлерін (теңізге шомылу, шаңғымен сырғанау, тауға жорықтар) таңдауына мүмкіндік береді.

Қазақстан территориясында көптеген ежелгі мәдени ескерткіштер, архитектуралық және тарихи ескерткіштер, қазіргі салынған Медеу мұз айдыны, Екібастұз энергетикалық кешені, Айша-бибі мавзолейі бар. Адам қолынан туындаған осы ғажайып туындылар біздің мемлекетке келушілерді өзінің қайталанбастығымен таң қалдырады.

Атақты орыс жазушысы А.М.Горький отан тануды туризмнің рекреациялық түріне жатқызды. Біз үшін, Қазақстан халықтары үшін ең бастысы - Отанды танып білу, оның тарихымен таныс болу, оның әсемдігін құдіретін, байлығын танып білу. Туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсияларсыз еліміздің ұлылығы мен әсемдігін көріп білу, түсіну мүмкін емес.

Туризм - демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз - қоғамның игілігі болып табылады. /10/Оны өзің үшін және қоғам үшін ұқыпты пайдалану керек. Автомобильдің гуілі, магнитофон, гитараның шуылы адамның көңіл күйіне зиян әсер етеді. Австриялық оқымыстылардың айтуынша, шуылдар адам өмірін 8-12 жылға қысқартады екен. Осы шуылдардан құтылу үшін барлық кезде уақыт жете бермейді. Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша ұйқыға, тамақ ішуге жұмсалғаннан басқа жылына 300 сағат бос уақытымыз бар екен. Ал біз 1 жылда 58 сағатты ғана табиғатты тамашалауға жұмсаймыз. Оп бір күнге шаққанда 4-ақ минутты құрайды екен. Дәрігерлер туризммен айналысатын адамдардың 1,5 есе аз ауыратынын мақұлдап отыр.

Аристотельдің айтуынша, әрекетсіздіктен сорақы ешнәрсе жоқ. Осыдан жүз жыл бұрын әр адам дене жұмысының 90 пайызын өзі атқарған. Ал техниканың дамуына байланысты бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Осы орайда XVIII ғасырда өмір сүргөн француз дәрігері Тиссоның сөздері еріксіз еске түседі:

Қозғалыс кез-келген дәрі-дәрмектің әсерін алмастыра алады, ал барлық дәрі-дәрмек қозғалыстың орнын басуға дәрменсіз. Демалыс еңбек тәрізді белсенді болуы керек. Ал қазіргі туризм осыған сәйкес келеді.

Туризмнің өзі - қозғалыс. Ол барлық адам орындай алатын жүктеме береді. Әр адам өзіне қаншалықты жүктеме қажет екенін өзі мөлшерлеу керек немесе дәрігердің көмегімен анықтау керек.

Туризмнің бұдан басқа танымдық қызметі бар. Туризм адамның ішкі жан дүниесін байытады, мінез-құлқын тәрбиелеуге әсерін тигізеді.

Туризм - француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.

Туризм - адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет пен өнердің дамуына жол береді.

Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады, яғни туризмнің ұлттық мәнділі, қанғаттандырылуы туристік саяхатқа пайдаланатын негізгі қозғалыс құралдары; сяхаттың ұзақтығы, топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының негізгі принциптері және т.б.

Туризм келесі түрлерге бөлінеді:

1 Рекреациялық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы ерекшеленеді. Мысалы, реакреациялық туризм құрамында төмендегі бағдарламалар болуы керек:

А) көріп тамашалау, көңіл көтеру (театр және кино, жәрмеңке, қала күндері, фестивальдар және т.б.);

Ә) қызығушылық іс-әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка және т.б.);

Б) "этникалық" және тұрмыстық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);

Г) туристік- сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.);



2. Діни туризм.

Туризмнің бұл түрі әртүрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделгөн. Діни туризм екіге бөлінеді:

А) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару; ғ,

Б) әулие жерлерге бару;



3. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатынада келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.

4.Конгресті туризм.

Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақстындағы туристік сапарлар қатысуға /12/ байланысты ұйымдастырылады.

Туризмнің осы түрінің интенсивті дамуы толығымен халықаралық іскерлік және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға әкөледі.

5. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм.

Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне негізделген.

6. Өз бетінше ұйымдастырылған туризм.

Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтармен және бірлестіктермен бірге отырып ұйымдастырады.



7. Іскерлік мақсаттағы туризм.

Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.

8.Танымдық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға алынған табиғи аймақтарға баруды ұсынады.

9. Спорттық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты: активті және пассивті түрге бөлінеді.

Активті спорт туризміне спорттық белгілі түрімөн айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге - белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.

10. Емдеу медицина туризмі.

Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Емдеу туризмі адам организміне табиғи құралдармен әсер ету арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы, климат арқылы емдеу, теңіз арқылы, батпақ арқылы, жеміс- жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б.

Қозғалыс құралдарына байланысты туризм келөсі түрлкрге бөлінеді.

1. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.



2. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі ХІХ-ғасырдың 40 жылдарынан /15/ бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестік те болып тұрады.

3. Әуе жолы туризмі.Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы, 1960 -1980 жылға дөйіннің өзінде туризмде қолданылатын әуе жолы транспортының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.

4. Теплоход туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға тоқтауы және тоқтамауы да мүмкін.

Өзен бағыттары - өзен пароходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурсиялық серуендер жатады.

Круизді және туристік - экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.

Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде.

5. Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік- экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін, яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және "денсаулық автобусы" деп аталатын - серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус).

6. Велосипед туризмі.Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады.



7. Жаяу туризм Туризмнің бұл түрі ішкі туризмде кеңінен таралған.

Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді, саяхаттау ұзақтығына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді. Топ құрамы бойынша: /8/

1. Жаппай туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);

2. Жеке туризм. Туризмнің көбінесе іскерлік, ғылыми және сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі. Соңғы кезде жеке туризм туыстық байланыста, шақырулар бойынша баруда кеңінен таралуда.

3. Жанұялық туризм, Туристердің жанұя мүшелерімен бірге саяхаттауы. Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары туристік фирмалардың балалармен саяхаттайтын тұлғаларға ұсынатын жеңілдіктері есебінен дамуда.

4. Жастар (студенттік) туризмі.

5. Балалар туризмі. Жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әртүрлі елдер арасындағы туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда. Балалар және жастар саяхатына туристік қызмет көрсету бағаларына біршама жеңілдіктер бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет