1. Алматы қаласындағы апат туралы ақпараттар жөнінде жалпы көрсеткіші бойынша 0,52-0,88; 0,5-0,08; 0,28-0,04; мұндағы табиғи апаттар жөнінде ақпараттарды 19-29 жас аралығындағы адамдар көп білетіні байқалды. -
Апат туралы білуге тырысасыз ба? 0,82-0,78; 0,14-0,22; 0,04-0,18, мұндағы 19-29 арасындағы адамдармен салыстырғанда 30-40 жас адамдар апатты білуге қызығушылығы жоғары екені танылды.
-
Телебағдарламалардан апат туралы іздеп көресіз бе? 0,32-0,56; 0,1-0,26, 0,38-0,18; мұндағы телебағдарламалардан 19-29 жастағы адамдардан 30-40 жастағы адамдар табиғи апаттың барысын білуге ұмтылуда.
-
Алматы қаласында тұру қауіпті деп ойлайсыз ба? 0,36-0,62, 0,22-0,36, 0,22-0,02; мұндағы 19-29 жастағы адамдардан 30-40 жастағы адамдар қауіптің барысын біршама сезінген.
-
Апаттан сақтану мүмкіндігі бар деп ойлайсыз ба? 0,18-0.2; 0,3-0,18; 0,52-0,62; мұндағы 19-29 жастағы адамдармен салыстырғанда, 30-40 жастағы адамдар сақтану мүмкіндгінің аздығын көрсеткен.
-
Алматы қаласындағы тұрғын үйлер апаттарға төтеп бере алады ма? 0,26-0,42; 0,28-0,3; 0,46-0,28; мұндағы 19-29 жастағы адамдардан 30-40 жастағы адамдар тұрғын үйлердің салынуы табиғат апатына төзеді деп нәтижелейді.
-
Алматы қаласында тұру сіз үшін қорқыныш тудыра ма? 0,14-0,72; 0,32-0,24; 0,54-0.04; 30-40 жастағы адамдар қорқыныш тудыратынын көрсеткен.
-
Мүмкін болатын табиғи апаттар әсерінен басқа жаққа орын ауыстырасыз ба? 0,2-0,5; 0,34-0,26; 0,46-0.21, мұндағы Алматы қаласының тұрғындарының басқа жаққа орын ауыстыруы төмен көрсеткіш, тұрғылықты жерден көшкісі келмейді.
-
Алматы қаласының болашағы сізді ойландыра ма? 0,7-0.88; 0,18-0,1; 0,12-0,02, мұндағы жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 жас аралығындағы адамдарды Алматы қаласының болашағы толғандыратыны анықталды.
-
Алматы қаласында тұруға үрейленесіз бе? 0,32-0,38; 0,38-0,12; 0,3-0,54; мұндағы адамдар өздерінің өмірден алған тәжірибелеріне байланысты үрейлену күйлерінің әртүрлі екені байқалды.
Сауалнама қорытындысында адамдардың жас ерекшелігіне байланысты қорқыныш пен үрейлену күйлері әртүрлі болады. 30-40 жастағы адамдар 19-29 жастағы адамдарға қарағанда табиғи апаттардан қорқынышы мен мазасыздығы біршама жоғары екені зерттеу барысында анықталды.
Тұлғаның мазасыздығын сапалық талдау Тұлғаның мазасыздығын талдауда жас ерекшеліктеріне байланысты
30-40 жастағы адамдар 19-29 жастағы адамдардан мазасыздану деңгейі жоғары. Олар әртүрлі ситуацияны қабылдау ерекшелігіне байланысты.
Дегенмен, мүмкін болатын табиғи апаттардың ерте ме, кеш пе адамның жеке өміріне әсерін тигізеді.
Адамдар арасында өзара қорқыныш қалыптасқаны зерттеу әдістері бойынша анықталынып отыр. Жалпы адамдарды екі топқа бөліп қарастырғанда, жас шамасындағы ерекшеліктерде мазасыздану мен қорқыныштың арасындағы алшақтықты анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеуге қала тұрғындарын ала отырып, адамдар арасында қорқыныш пен мазасыздану деңгейі 19-29 жас аралығындағы адамдар мен 30-40 жас аралығындағы адамдарда айырмашылықтары көрінді.
Қорытынды
Қазіргі кезде табиғи апаттардан адамның қорқынышы мен мазасыздығын бұқаралық ақпарат құралдарынан айқын аңғарамыз. Кейінгі кездері елімізде болып жатқан әртүрлі дүрбелең салған табиғат апаты салдарынан қаншама адам өмірін қиюда. Осының бәрін қорытып қарасақ, сол елді мекендерде болған табиғат апаттарынан адамдар әлі де мазасыздығының бар екенін көрсетеді. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын тануда арнайы зерттеу жұмыстарында жас ерекшелігіндегі психикалық күйлерге байланысты екені байқалды.
Магистрлік жүмыстың мақсатын жүзеге асыру барысында :
-
Психология ғылымындағы мүмкін болатын табиғи апаттардан тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығына теориялық тұрғыдан талдау жасалынды.
-
Табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығының түрлері мен психологиялық механизмдері сипатталынды.
-
Мүмкін болатын табиғи апаттардан тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығының ерекшелігі мен алдын-алу шаралары талқыланды.
-
Зерттеу әдістемелері негізделіп, 19-40 жас аралығындағы адамдарға зерттеу жұмысы жүргізілді.
-
Алынған мәліметтердің сандық өңдеуі және сапалық талдауы жасалынды.
Зерттеу мәліметерінің нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
-
Табиғат апаттары әсерінен адамның психикалық күйлері қорқыныш пен мазасыздану жас ерекшеліктеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшелінеді.
-
Қорқыныш пен мазасыздық ұялаған адамдарда өмірге деген ұмтылысының енжарлығы байқалды.
-
Мүмкін болатын табиғи апаттардың адамға әсері өте күшті реакциялар бере, адамның белсенділігін төмендетеді.
-
Адамның табиғи апаттардағы қауіпті сезінуі қалыпты психикалық тепе-теңдік күйін бұзады.
-
Мүмкін болатын табиғат апаттар әсерінен адамдарда тұрғылықты жерлерін тастап кету аз кездеседі.
-
Табиғи апаттардың болу ықтималдығын адамдар индивидуалды түрде сезінеді.
Алматы қаласы сейсмологиялық орталықтың бірі болып саналады. Жер сілкінісінің алдын-алу шаралары әліде болса толық мүмкіндікті ұйымдастыру қолға алынбай отыр.
Жалпы адамзат баласының мүмкін болатын табиғат апаттарынан қорқынышы о бастан. Дегенмен, осыны ескере мазасыздану адамдарда белгілі қалыпта болмайды, мұны ситуацияның қалай қабылдауына байланысты. Қорқыныш кейде адам бойында ұзақ уақыт сақталынып қалады. Зерттеу жұмысымыздың соңында, тұлғаның мүмкін болатын апаттарға селсоқ қарамай одан сақтануға алдын-ала сынақ жүргізілуі ықпал жасайды. Қорқыныш пен мазасыздықтан аулақ болуға қам жасайық.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиетер:
-
Авазбакиева М.В. Влияние климата Казахстана и Киргизии на организм человека А-Ата Изд-ва АН КазССР,1958
-
Андрусенко В.А. Социальный страх (опыт философского анализа)/ Свердловск: Изд. Уральского ун-та 1992
-
Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы: Білім,1996
-
Айдараалиев А.А., Максимов А.А. Адаптация человека в экстремальных условиях.-М., 1991
-
Бачел Андрей Как подготовить себя к жизни М:Эльф К-Пресс 1994
-
Березина Т.Н. Многомерная психика .Внутренней мир личности М: пер СЭ. 2001
-
Блум Ф. и др. Мозг, разум и поведение – М.: Мир, 1988.
-
Бодров В. А. Информационный стресс Москва 2000
-
Бурлачук Л.Ф., Коржова Е. Ю. Психология жизненных ситуаций. М., 1998
-
Вопросы психологии 6/2001
-
Волович В.Г. Человек В экстремальных условиях природной среды. М. Мысль: 1980
-
Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлений М; Изд-во Моск. ун-та 1976
-
Гостюшин А.В. Энциклопедия экстремальных ситуаций М: Зеркало 1994
-
Гостюшин А.В. Энциклопедия экстремальных ситуаций 3-е изд; доп.М:Зеркало 1996
-
Гофман Ирвинг Представление себя другим в повседневной жизни М: Канон-пресс Ц. 2000
-
Данилова А.Н. Крылова А.Л. Физиология высшей нервной деятельности М: Учебная литература,1997
-
Денис Кун Основы психологии. Все тайны поведения человека М.; ’’ ОЛМА-ПРЕСС’’ 2003
-
Додонов Б.И. В мире эмоции К. Политиздат Украины 1987
-
Джон Платаниа Юнг для начинающих Минск, 1998 Попурри
-
Душков Б.А. Психосоциология человеказнания М. : ПЕР СЭ, 2003
-
Душков Б.А. Психология и география. М. 1987
-
Елисеев О.П. Практикум по психологии
-
Карандашев В.Н. Как жить в условиях стресса СПб Рос.гос.пед.ун-т 1999
-
Коган Б.М. Стресс и адаптация.-М., 1980
-
Кокс Т. Стресс.-М.; 1981
-
Корчемный П.А., Елисеев А.П. Психологическая устойчивость в чрезвычайных ситуациях: Курс лекций. Части І, ІІ, ІІІ-Новогорск, 2000
-
Колесникова Т.И. Мир человеческих проблем: Психологическая концепция здоровья М.: Владос-ПРЕСС, 2003
-
Кореленко Ц.П. Психофизиология человека в экстремальных условиях Л: Медицина. Ленингр. Отд-ние 1978
-
Кирибаум Э.И. Психические состояние Владивосток: Дальневосточ. ун-та 1991
-
Котик М.А. Психология и безопасность. – Таллин, 1989
-
Китаев-Смык Л.А. Психология стресса .М., 1983
-
Кэррол Е . Эмоции человека Издательство Московского ун-та 1980
-
Кирибаум Эдуард, Еремеева Алина Психологическая защита 2-е издание М: Смысл 2000
-
Лебедев В.И. Личность в экстремальных условиях М: Политиздат,1989
-
Левитов Н.Д. О психических состояниях человека М.Просвещение,1964
-
Мир психологии научно-методич. жур № 4 (32) Октябрь-Воронеж 2002.
-
Леонтьев Д.А. Психология смысла:природа, строение и динамика смысловой реальности М: Смысл, 1999
-
Лук А.Н. Эмоции и личность М.: Знание 1982
-
А. М. Иваницкий Мир психологии № 3. 1999
-
Изард К Эмоции человека Пер с англ. М: Изд-во Моск. ун-та 1980
-
Рейковский Экспериментальная психология эмоций М: Прогресс 1979
-
Наенко Н.И. Психическая напряженность/Н. И. Наенко М.Изд-во Моск. Ун-та,1976
-
Небылицын В.Д. Избранные психологические труды. М:Педагогика, 1990
-
Небылицин В.Д. Основные свойства нервной системы человека М,1966
-
Новые исследования в психологии и возрастной физиологии:
(Сб ст /АПН СССР /составители М.Э. Боцманова,С.С.Савватаева)
М: Педагогика-1989
-
Пейсахов Н.М. Саморегуляция и типологические свойства нервной системы. Казань. Изд-во Казань ун-та 1974
-
Практикум по психологии личности Питер Санкт-Петербург Москва-Харьков-Минск 2001
-
Психология эмоции. Тексты /Под ред. В.К. Вилюнаса , Ю.Б. Гиппенрейтер / М: Изд-во Моск. ун-та 1984
-
Психология экстремальных ситуаций : Хрестоматия .-Минск, 1999
-
Психические состояния: Хрестоматия /Сост. Общ. Ред. Л. В. Куликова.-Спб., 2000
-
Позман Л.Я. Психология эмоциональных отношений М. Моск. ун-та 1987
-
В.Б. Сапунов Переживание ужаса при восприятии человеком приматов / Вопросы психология 1994. 4 , 153-156
-
Селье Г. Стресс без дистресса.-М.: Прогресс, 1982.
-
Соколов Е. Н. Теоретическая психофизиология: Учеб: метод пособие для студентов.психол. фак. гос.ун-тов/ М: Изд-во МГУ, 1986
-
Столяренко А.М. Экстремальная психопедагогика М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002
56. Иванов-Смоленский А.Г. Очерки экспериментального исследования высшей нервной деятельности человека М, 1971
-
Филиппов М Психология человека Спб., Тип. Б.М. Вольфа Б.г.
-
Фрейд З. Сновидения: страх . А. 1990 131-148
-
В.И Фурсов Экологические проблемы окружающей среды.Алма-Ата: Ана тілі,1991
-
Ю.Щербатых Психология страха: Популярная энциклопедия
М: Изд-во ЭКСМО-Пресс 2001
61. Шингаров Г. Х. Эмоций и чувства как формы отражения действительности М: Наука 1971
62. Черноушек Михал Психология жизненной среды. М. Мысль, 1989
-
Человек. Среда. Пространство: (исслед. По психол. пробл. пространств. предм среды. [Сб. статей]/ Тарт. Гос. Ун-т, Каф философии; [Ред кол.: П. Кенкманн и др] Тарту, ТГУ 1979
-
Эверли Дж., Розенфельд Р. Стресс. Природа и лечение.-М.,1986)
Қосымша әдебиеттер:
65. Т. А. Акимова, В.В. Хаскин Экология М.; Издательское обьединение ''ЮНИТИ'', 1998
-
Байжанова Н.С. Нілдібаева Ж.Б. Валеология № 9. 2002
-
б.ғ.д.Мырзаханұлы Н. Валеология № 12. 2002
68. Егемен Қазақстан 16 наурыз 2004
69. География және табиғат № 6 2003
70. География және табиғат № 6 2003
71. Автор – составитель А. С. Степановских Общая экология ЮНИТИ М.; 2000
-
Ұлт тағылымы № 2. 2002
-
Ұлт тағылымы № 4. 2002
-
Тейлер сауалнамасы
(Қорқыныш қалпы және күйзеліске деген ыңғай анықталынады)
Сауалнама сұрақтарына жауап беріңіз (осы ұсынылып отырған бланкте
,,Иә,, деп жауап қайтаратын сұрақ нөмірлерінің астын сызып қойыңыз).
-
Мен шаршамай көп жұмыс істей аламын
-
Өзіме ыңғайлы ма, ыңғайсыз ба, санасып жатпай-ақ, берген уәдемді орындап жүремін.
-
Әдетте, қол-аяғым жып-жылы.
-
Менің басым сирек ауырады.
-
Өз күшіме сенемін.
-
Күту жүйкемді жұқартады.
-
Осы менің ештеңеге де ыңғайым жоқ-деп өзім туралы ойлаймын кей кезде.
-
Әдетте өзімді бақыттымын деп сезінемін.
-
Мен тек бір нәрсеге ғана шұқшиып шоғырлана аламын.
-
Бала кезімде қандай тапсырма берілсе де дереу орындайтынмын.
-
Айына 2 рет не одан да жиі менің ішімнің жүретін болады.
-
Мен қайта-қайта мазам кетіп, күдіктене беретін болдым.
-
Мен өзімді басқа көпшілікке қарағанда ашуланшақпын-ау-деп ойлаймын.
-
Мен онша ұялшақ емеспін.
-
Мен үшін өмір дегеніңіз қашан да үлкен шым-шытырық кернеуден тұратын сияқты.
-
Кей-кезде өзім біліп болмайтын заттар туралы сөйлейтінім бар.
-
Мен өзгелерге қарағанда жиірек қызарамын.
-
Менің жоқ нәрседен көңілім бұзылып сала барады.
-
Өзім білетін адамдар маған қашан да ұнай бермейді.
-
Егер мені бірдеме мазаласа, ұйықтай алмаймын.
-
Әдетте, салмақтымын, мені ашуландыру оңайға соқпайды.
-
Мен осы адам айтса сенбейтіндей, қым-қиғаш түс көретін болдым.
-
Мен дүниенің бәрін де, бір түрлі қалыптан жоғары деңгейде қабылдаймын.
-
Кеии бастасам болғаны терге түсіп, берекем кетеді.
-
Менің ұйқым мазасыз, әлсін-әлсін ояна беремін.
-
Ойын ойнасам, осы көбінесе жеңгім келіп тұрады да, жеңілгім келмейді-ақ.
-
Мен басқаларға қарағанда сезімталмын.
-
Мен өз өміріме өщім риза болғым келеді, бірақ өкінішке орай , басқалдар менің өміріме ризадай.
-
Менің асқазаным берекемді енді кетіріп жүр.
-
Менің асқазаным берекемді енді кетіріп жүр.
-
Менің тұрмыс-жағдайым , қызмет бабым қашан да қам жегізеді.
-
Мен кейбіреулерге сақтықпен қараймын, олардың маған келтірер зияны болмайтынын білсем де.
-
Кей кезде сезіктеніп қаламын, алдымдағы тұрған қиындықтарды жеңе алмайтын сияқты көрінеді де тұрады.
-
Мен оп-оңай аяқ астында абыржи қаламын
-
Кей кезде қозып, аса сергіп кететінім бар, бұл дегеніңіз ұйықтатпайды.
-
Жанжалдан, қиын жағдайлардан ығысып кеткенімді жөн деп білемін.
-
Жүрегім айнып, құсық қысатыны бар.
-
Мен кездесуге, жұмысқа ешқашанда кешікпеймін.
-
Кей тұстарда өзімнің пайдасыз екенімді айқын сезінемін.
-
Кей уақытта әй енді ұрысып, сілкіп-сілкіп алғым келеді.
-
Бірдеңеге байланысты қашанда мазам кетеді де тұрады.
-
Біреумен байланысты қашанда абыржимында жүремін.
-
Мүмкін болар сәткісіздіктерді қаперіме алмаймын.
-
Қазір әне-міне қызарып кететінімнен қорқамын.
-
Кей тұста әйтеуір сирек торығамын.
-
Мен ашушаңмын, иінім жеңіл.
-
Мен бір нәрсені істесем болды, қолдарымның дірілдей бастайтынын жиі байқаймын.
-
Мен көбіне аштығымды сеземін де жүремін.
-
Маған өз өзіме деген сенім жетпей жатады.
-
Салқын күндері мен тез тершимін.
-
Мен басқаларға айтуға болмайтындай заттардың өзімде болуын жиі армандаймын.
-
Менің ішім сирек ауырады.
-
Маған белгілі бір есепке не бір бір жұмысқа жиналып барып шоғырлану қиын.
-
Кей тұстарда мазамның кеткені соншалықты, бір орында отыра алмаймын.
-
Хатқа оқып болғаннан кейін бірден жауап жазамын.
-
Менің қас-қағым сәтте көңілім бұзылып қоя береді.
-
Шынында да, мен ешқашан да қызармаймын.
-
Таныстарыма қарағанда менің неше түрлі қорқыныш, үрейлерім аз.
-
Бүгін істеп тастайтын жұмысты, ертеңге қалдырмайтын мінез менде бар.
-
Әдетте, мен шаршағанша жұмыс істеймін.
Ескерту: Орынды жауаптар 1 баллмен бағаланады, қателері белгіленбейді. 20 және одан да жоғары алынған балл алаңдаушылық туғызады деп есептелінеді.
Тұлға мазасыздығын (ТМ) бағалау мәселері
(Ч. Спилберген және О.Л. Ханин бойынша)
Соңғы кезде Сіз межелерде көрсетілген жағдайлардың қайсысын бастан өткердіңіз, баллмен бағаланыз:1-ешқашан десе де болғандай, 2-кейде , 3-жиі, 4-қашанда болмасын десек.
-
Мен қанағат тұтамын
-
Мен әдетте тез шаршаймын.
-
Мен әп-сәтте жылап қоя беремін.
-
Мен басқалардан бақытты болғым келеді.
-
Кей уақытта жедел шешім қабылдай алмағандықтан мен ұтылып, аузым аңқиып қала беремін.
-
Әдетте, мен өзімді сергек сезінемін.
-
Мен бақыттымын, байсалдымын және ширақпын.
-
Күтілер қиындықтар әдетте өте мазамды алады.
-
Болмашы нәрсеге берекем кетеді.
-
Мен осы бақыттымын.
-
Бәрі де не болса да өзегімді өртейді.
-
Маған өзімнің өзіме деген сенімім жеткіліксіз болып жетеді.
-
Әдетте өзімді қауіпсіздік жағдайында сезінемін.
-
Жанжалды сәттерден, қиын жағдайлардан бойымды аулақ ұстаймын.
-
Мен сары уайымға салыну болады.
-
Мен ризамын
-
Не бір ұсақ - түйектер көңілімді алып, толқытып, толғандырады.
-
Көңілім қалса, түңілсем, есім кетеді, осыдан кейін бәрін көпке ұмыта алмаймын.
-
Мен салмақты адаммын.
-
Өз жұмысымды ойлап, қам жей бастасам дегбірсізденемін.
Тұлғаның мазасыздық деңгейін есептеңіз.
ТМЕ1-Е2+35
Е1-балл жиынтығы (2,3,4,5,8,9,11,12,14,15,17,18,20)
Е2-балл жиынтығы (1,6,7,10,13,16,19).
Нәтижелері: 30баллға дейін-мазасыздану төмен, 31-45 балл-бір қалыптағы мазасыздану, 46 балл және бұдан да көп-мазасыздану деңгейі жоғары.
Тұлғаның А типін диагностикалайтын сауалнамасы
Келесі сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беріңіз.
Көп ойланбай бірінші жауаптың шындыққа сәйкес екенін ұмытпаңыз.
-
Сізге бір уақытта бірнеше істі (телефон соғу, әңгіме ілесу, блокнотқа түрту және креслода тербелу) атқару тән бе?
-
Демалыс минутында аяқталмаған іс үшін өзіңізді кінәлі сезінесіз бе?
-
Басқалар сөйлегенде сөзді бөлгенді, фразаларды аяқтағанды, әңгімені тез аяқтауға ықыласыңыз ояна ма?
-
Сіз өзіңізді қызықтыратын әңгіменің басқа адамдардың тыңдағаның
қалайсыз ба?
-
Бір тапсырманы тез орындап, жұмыстың басқа түріне көшуге ұмтыласыз ба?
-
Егер айналада болып жатқан оқиғалар сіздің қызығушылығыңызбен байланысты емес болса, сіз байқайсыз ба?
-
Сіз дәрежеңіз жоғары болудан, өзіңіздің ләззаттанғаныңызды артық көресіз бе?
-
Сіз тамақтанғанда ,жүруде,сөйлегенде ережедегідей шапшаңсыз ба?
-
Жұмыссыз адаммен қарым-қатынас сізге тітіркену сезімін туғыза ма?
-
Сізге қайсарлық және физикалық күш тән бе?
-
Кез-келген істің нәижесін немесе көңіліңіз толғанын қанағат тұтасыз ба?
-
Сізге өзіңізге өзіңіз күлу қиын ба?
-
Сіз өзіңіздің билігіңіз мен міндеттеріңізді басқаларға тапсыру қиын ба?
-
Сіз жиналысқа қатысқанда сөз сөйлеу керек емес деп ойлайсыз ба?
-
Сіз пассивті демалудан (ұйқы, релаксация) , активті демалуды артық көресіз бе?
-
Сіз балаңыздың , бағынушылардың, туыстарыңыздың сіздің жетістікке жетуге ықпал етуін мәжбүр ете, бірақ олардың қызығушылығы сізді толғандырмай ма?
Кілті:Барлық оң жауаптармен бірге, 6 сұрақтың теріс жауабы 1 балл болып есептелінеді. Баллдарды есептеңіз. Егер 16 балл жинасаңыз,
тұлғаның А типі болғаныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |