Сабақты өткізу сценарийі
Сабақтың мақсаты: 6.1.3.1 - тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердіңмағынасын түсіну;6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру
Білімділік.Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғына отырып, Толағай бейнесін жан-жақты ашу,оқулықтағы нұсқасы мен мультфильм нұсқасын салыстыру арқылы өзіндік пікір айтуға үйрету.
Тәрбиелік.Толағай бейнесі арқылы адамгершілік пен адалдықты бойларына сіңіру, Отанды сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық.Блум таксономиясына сай білуден бағалау дәрежесіне жеткізу, шығармашылыққа баулу, логикалық ойларын дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын молайту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ,сыни тұрғыдан ойлау,диалогтік оқыту,топтық жұмыс,оқыту үшін бағалау.
Ұйымдастыру кезеңінен соң,оқушылар түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлінеді.Топ ережесі жасақталып, тақтаға ілінеді.Топ басшысын,уақыт қадағалаушысын, хатшысын сайлайды.
Сабақ «Ой қозғау» стратегиясынан басталады. Оқушылардан «Толағай» сөзінің мағынасын қалай түсінетіндігі сұралады : «Ертегінің кейіпкері алып,ол алыптың атын неге Толағай деп атаған? Оның мәнісі неде деп ойлайсыңдар?» Оқушылар төмендегідей жауаптарды ұсынды: Толағай –алып, үлкен, дәу деген ұғымдарды білдіреді.
«Толағай»-(монғол сөзі) дамылсыз соққан желдің аты, ал бұлтты тек жел ғана айдап әкелетіндігін түсіндіру арқылы сөздің шығу этимологиясымен танысады да,дәптерлеріне жазып алады.
Мағынаны тану сатысында АКТ-ны қолдану арқылы «YouTube» сайтынан САҚ киностудиясы түсірген «Толағай» мультфильмін (Режиссері Батырхан Дәуренбеков, сценарийін жазған Бақытжан Құлжабек) тамашалауды ұсынады.
Мультфильмді көріп болған соң, Блум таксономиясының ең төменгі деңгей- «Білу»деңгейі,оқыту - есте сақтауға,жаттауға, тануға,еске түсіруге бағытталғандықтан сұрақтар қойылады. Ертегіде қандай салт-дәстүрлер айтылады? Сүйінші дегеніміз не? Топ мүшелері мәтіндегі және мультфильмдегі кездескен сүйінші, ат қою,бата беру сияқты салт-дәстүрлерді атап шықты. «Сүйінші –әлдекімге қуанышты хабарды жеткізу.Мәселен, жаңа көрген мультфильмде бір бала Саржаннан ұлды болдың деп сүйінші сұрайды. Сүйіншісіне Саржан атып алған киігін береді» (Жансаяның жауабы).Түсіндірме сөздікте берілген анықтамасы оқылады. «Сүйінші- жаңалықты, қуанышты хабарлаушыға берілетін сыйлық, жоралғы».
Достарыңызбен бөлісу: |