«Түсіну» -таным мақсаты. Мазмұнын айту, ақпаратты бір күйден екінші күйге аудару,өз сөзімен жеткізіп айту. «Толағай» әдеби ертегісінің құрлысына талдау жасату арқылы түсінгендерін мазмұндау тапсырылды.Әр топ өздерінің жасаған талдауларын қағаз бетіне түсіріп, жариялады.Төменде 1-топтың құрылысына қарай талдау жұмысы.
Басталуы. Саржан мерген мен Айдай сұлу Айсұлудың отбасы.
Дамуы. Толағайдың дүниеге келуі.
Байланысуы. Әкесімен аңға шығуы.
Шиленісуі. Жолбарыспен айқасуы.
Шарықтау шегі. Еліндегі құрғақшылық.
Шешімі. Тау-«Толағай».
Идеясы. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.
«Қолдану» деңгейінде мәселені шешу, нәтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты болып табылады. «Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойларыңнан табыла ма?» 5 минуттық эссе жазу тапсырылады.
Оқушы жазбалары.
Иманғали Қабілет.«Толағай» ертегісін оқығанымда, Толағайдың тау көтеретіндей күшіне таң қалдым, қызықтым.Ал мультфильмді көргеннен кейін осындай алып адамның жүрегінің нәзіктігі мені тіпті қайран қалдырды.Кішкентай сарышұнақты аман алып қаламын деп, өзі мерт болды.Менің бойымда тау көтеретіндей күш жоқ (қолым ауырады), бірақ жанашырлық қасиет бар.
Сәрсенғалиева Фируза.Менің Отаным –Қазақстан.Мен өз Отанымды жақсы көремін.Жақсы көретінімді мен дәлелдей алмаймын, себебі әлі ол үшін ештеңе жасағаным жоқ.Бірақ теледидардан аға-апаларымыз сайыстарда орын алып, Қазақстанның әнұраны айтылып жатқанда біртүрлі боламын.Мүмкін осы сүйіспеншілік шығар, білмеймін.
Арыстанова Ақбота.Толағай –алып,дәу.Еліне деген сүйіспеншілігін тау көтеріп, жаңбыр жауғызумен дәлелдеді.Мен еліме деген сүйіспеншілігімді біліміммен,өнеріммен көрсетсем деймін.Менің үздік оқығаныма,өнеріме тек ата-анам емес, сонымен қатар достарым, сынып жетекшім, тіпті мектебім қуанады.Менің бойымда жанашырлық та, сүйіспеншілік те бар.
Сәрсенов Абылай.«Толағай» мультфильмі маған қатты-қатты ұнады.Менде сол мультфильді түсірген ағаларыма деген сүйіспеншілік пайда болды.Қандай күшті.
«Талдау» деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы тұтас нәрсені көру.Қорытынды жасау арқылы жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.«Толағай» әдеби ертегісінің жазба нұсқасы мен мультфильм нұсқасындағы айырмашылықтарды талдап айт.
Достарыңызбен бөлісу: |