Мазмұны кіріспе 3



бет1/17
Дата20.05.2022
өлшемі195.31 Kb.
#458099
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту


Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту


Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ЖОБАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7

1.1 Жалпы педагогикалық технологиялар және олардың қолданылу ерекшеліктері 7

1.2 Әдебиеттік оқу сабақтарында жаңа технологиялардың элементтерін қолдану ерекшеліктері 16

Жаңа технологиялардың элементтерін қолданғанда сабақта үрдісті сипаттау мен түсіндіру, болжау мен жобалауға негізделіп әдебиеттік оқу сабақтарында технократиялық тіл элементі ретінде тиімді болмақ. 18

1.3 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының жалпы сипаттамасы және әдебиеттік оқу сабақтарында қолданылуы 24

2 ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ЖОБАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ 34

2.1 Әдебиеттік оқу сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі 34

2.2 Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың сөздік қорын молайту мен тілін дамытуды сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы жүргізу жолдары 36

ҚОРЫТЫНДЫ 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 50




КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты."Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары қазақ тілі және әдебиеті пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б. СТО бағдарламасын қазақ тілі және әдебиет сабығында осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа , елге,айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабілеттері қалыптаса бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет