Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет87/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Бақылау сұрақтары 
1. Дифракция дген не? 
2. Дисперсия деген не? 
3. Лазерлер деген не? 
 
Сабақ № 51 


88 
Тақырыбы: 4.2 Шығару және жұтылу спектрлері 
1. Жалпы теориялық білім 
2. УМ-2 монохроматорының сипаттамасы
3. Сынап және неон спектріндегі кейбір сызықтардың толқын ұзындықтары.
Өте жоғарғы температураға қыздырылған қатты денелерден шыққан жарықты призмадан
өткізіп бақылау жүргізетін болсақ, экраннан бір түстен екінші түске үздіксіз өзгеріп отыратын 
түрлі түсті жолақ спектрлерді көреміз.
Бұл спектрлердің басталар және аяқталар шеттерінде (оң жақ және сол жақ шетінде)
көзге әсері жоқ ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің бар екендігі байқалған. Бұл
спектрлердің барлығын (көзге көрінетін және көрінбейтін) қосып үздіксіз немесе тұтас
спектрлер деп атайды. Осындай спектрлерді жоғарғы тығыздықтағы газдар да береді.
Өте жоғарғы дәрежеде сиретілген газдар (кейбір денелердің, заттардың булары) сызықтық
(қараңғы көрініс бетінен (фон) жарқырауы өте күшті сызықтардан тұратын) спектрлер береді. 
Мұндай спектрлерді энергетикалық жоғарғы деңгейдегі (энергиясы Е
2
) атомдар энергетикалық
деңгейі төмен (энергиясы Е
1
) жағдайға өткенде ғана шығарады. Осындай жағдайда пайда 
болған монохромат сәуле жиілігі мынадай шарт бойынша анықталады:
Ε
2
−Ε
1
=hν (1)
Мұндағы: h=6,62.10-34 Дж·с - Планк тұрақтысы, ν - пайда болған монохромат сәуле 
жиілігі.
Дене шығаратын жарық сол дененің молекуласына байланысты болса, спектрі жолақ
болады, сондықтан спектр жолақ деп аталады. Көрінуіне қарай жолақ спектрлер сызықтық 
спектрлерге ұқсас болады, бірақ жолақ спектрлерде сызықтық спектрлердей фоннан түрлі түсті 
сызықтар байқалмайды. Фон түрлі түсті болса, қараңғы сызықтардың немесе жолақтардың
пайда болғаны байқалады.
Әрбір химиялық элементтің атомдары өздерінің қасиеттеріне сай қайталанбайтын
спектрлер шығарады. Осыған байланысты денелердің шығаратын (немесе жұтатын)
спектрлерін зерттеу арқылы, сол денеге сапа жағынан талдау жасауға болады. Сонымен
қатар денелердің шығаратын сызықтық спектрлерінің интенсивтігіне қарай сол дененің немесе 
сол денедегі белгілі бір элемент мөлшеріне сан жағынан баға беруге болады, себебі 
спектрлердің интенсивтігі және сандық мөлшері бір бірімен тікелей байланысты.
Денелерге спектрлері бойынша талдау жүргізу үшін қолданылатын құрал-
монохроматордың принциптік схемасы 1-суретте көрсетілген. Спектрлік құралдардың барлығын
үш негізгі бөліктен, яғни коллиматордан, дисперсиялайтын жүйеден және көру трубасынан
немесе фотокамерадан тұрады деп қарастыруға болады. 
УМ-2 Монохроматорының сипаттамасы 
Монохроматордың оптикалық схемасы 6.1-суретте көрсетілген. Мұнда: 1 - жарық көзі (электр 
қыздыру лампасы), 2 - лампа кожухының қорғаныс шынысы, 3 - конденсорлық линза, 4 - линза, 5 - 
теңестіру призмасы, 6 - коллиматордың жарық енетін саңылауы, 7 - коллиматор объективі, 8 - 
дисперсиялайтын призма, 9 - көру трубасының (фотокамераның) объективі, 10 - алмалы жарық 
енетін саңылау, 11 - қорғаныс шынысы, 12-5
x
окуляр, 13-10
х
окуляр, 14 - кору трубасының фокаль 
жазықтығындағы көрсеткіш. Схемадағы 1, 2, 3 детальдар монохроматордың оптикалық 
орындығындағы 11 рейтерлердің бағанасында орналасқан (6.2-суретті қараңыз). 
6.1-суретте жарық сәулелері енетін саңылау арқылы коллиматор объективіне түсетіндігі және 
параллель шоқ болып дисперсиялық призмадан өтетіндігі көрсетілген. Монохроматордың 
сәулелер шығатын трубасы түсетін жарық шоғына 90° бұрышпен орналасады. 
Призма орнатылған орындықшаны түсетін жарық шоғына қатысты әртүрлі бұрышқа бұрай 
отырып, шығыс (шығу) саңылауында ең аз бұрылу бұрышты призмадан өткен әртүрлі толқын 
ұзыңдықтағы жарықты алады. 


89 
1-сурет. УМ-2 монохроматордың оптикалық схемасы 
2-сурет. УМ-2 монохроматордың сыртқы түрі 
УМ-2 монохроматордың сыртқы түрі 2-суретте келтірілген. Мұндағы прибордың негізгі 
бөліктері: 1 - коллиматор, 2 - айналатын орындықшаға орналастырылған призма және 3-шығу 
трубасы. Коллиматордың кіре берісінде ашылу ені 0 - 4мм болатын стандартты симметриялы 
саңылау болады. Саңылаудың ені бөлігінің құны 0,01 мм-ге тең барабан 6 арқылы реттелінеді. 
Кіру саңылауы коллиматор объективінің фокаль жазықтығында орналасқан. Әрбір толқын 
ұзындығы үшін объективтің фокустык арақашықтығы өзгеретін болғандықтан маховичокты 8 
айналдыру арқылы объективтің фокусталу мүмкіншілігі қарастырылған. Коллиматордың 
трубасында, саңылау мен объективтіктің аралығында затвор орналасқан; оның көмегімен приборға 
енетін жарықтың жолын жауып тастауға болады. Рукояткамен 7 затвордың қозғалысын басқаруға 
болады. Мұндай жүйе, жоғарыда айтылғандай, толқын ұзындығы әртүрлі жарықтың өте аз бұрылу 
бұрышты призманың дисперсиялайтын бөліктері арқылы өтуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 
коллиматорлық оптикалық ось пен көру трубасы фотокамера оптикалық осінің аралығындағы 90°-
тық бұрыштың тұрақтылығы сақталады. Призма орындықшасы айналатын құрылыспен 
жабдықталған. Микрометрлік винттің 9 венчигін айналдырғанда призмаға түсетін параллель 
шоқтың түсу бүрышы өзгереді; демек, сәуле шығарудың толқын ұзындығы өзгереді. Мұны 
прибордан шығардағы есептейтін (реперлік) көрсеткіштен байқауға болады. Есептеу спиральдық 
канавка бойымен жылжитын, 10 индекске қарсы, барабанның шкаласы бойынша жүргізіледі. 
Приборды градуирлегенде оның жарық шығатын трубасына, фокаль жазықтығында 
көрсеткіш орналасқан окуляры 5 бар, насадка орнатылады. Көрсеткіштің жарықтандырғышы бар; 


90 
оның түсін әртүрлі жарық фильтрлері болатын револьвер типті тетікті 4 бұрумен өзгертуге 
болады. 
Монохроматты шоқты алу үшін жарықтың шығу трубасындағы окулярлық насадканың 
орнына сәулелер шығатын саңылауы бар патрубок 12 орнатылады. Саңылаудың ені 13 маховиктің 
айналуымен реттелінеді. Жарық көздері мен конденсорлық линза оптикалық орындықта 11 
орналасқан рейтерлердің бағаналарына бекітіледі. 
Сынап және неон спектріндегі кейбір сызықтардың толқын ұзындықтары.
Элемент 
Сызықтың орналасуы және түсі
Толқын 
ұзындығы, нм 
Неон 
Сынап 
Екі жақын орналасқан жасыл сызықтың біріншісі 
Жасыл, оң жақта ең шетте 
Жарқыраған сарының сол жағындағы бірінші
ашықсары 
Сары, жарқыраған
Сары, жарқыраған сарыдан оңға қарай бірінші
Қызғылт сары, жарқыраған сарыдан оңға қарай екінші
Қызғылт сары , бесінші
Қызғылт сары , алтыншы
Қызғылт сары , сегізінші
Қызғылт сары , тоғызыншы
Ашық қызыл он төртінші
Қызыл, жарқыраған қызылдан оңға қарай бірінші
Қызыл, төртінші
Қызыл, бесінші
Сары
Сары
Көк
Көгілдір-күлгін 
534.1 
540.1 
576.4 
585.2 
588.2 
594.5 
603.0 
607.4 
621.7 
626.6 
640.2 
659.9 
692.9 
703.2 
579.1 
576.9 
491.6 
435.8 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет