NAME= frame1 – фреймге, яғни кадрға frame1 деген ат қойылады.
TARGET= frame1 – frame1 деген аты бар фреймге гиперсілтеме жасалатындығын көрсетеді. Ол тәгінің атрибуты ретінде беріледі.
Мысалы, жолы алдыңғы ашылған фреймге "frame1" деген ат қояды, бұдан кейін осы фреймге гипермәтіндік сілтеме жасау былай орындалады:
бірінші фрейм
мұнда бірінші фрейм сөзін шерткенде, осы frame1 кадрында алғашқы орналасқан файл, мысалы М1.htm файлы, first.htm файлымен алмастырылады.
Егер TARGET атрибуты жазылмай қалса, онда first.html файлы алғашқы сілтеме жазылған кадрға шығады. Сол себепті TARGET атрибуты HREF атрибутында көрсетілген файлды белгілі бір кадрға орналастыру үшін керек. Осы бір кадрда орналасқан файлды екінші бір кадр арқылы басқарып ауыстыру тәсілі сайттардың бірінен біріне көшу ісін жүзеге асыра алады. Төменгі кестеде TARGET атрибутының фреймдер жұмысын басқаратын кейбір тұрақты мәндері көрсетілген. Олар төменгі сызықшадан басталады, сондықтан басқа сөздермен шатастыра алмаймыз.
2.1-кесте TARGET атрибутының фреймдер жұмысын басқаратын кейбір тұрақты мәндері
Мәні
|
Атқаратын қызметі
|
_blank
|
Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді
|
_self
|
Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді
|
_parent
|
Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады
|
_top
|
Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді
|
Әрбір кадрге ат берілуі тиіс, әйтпесе оған сілтеме жасауға болмайды. Сондықтан ішкі мазмұны өзгертілетін етіп жоспарланған кадрлардың барлығына нақты ат қойылуы тиіс. Кадрлар аттары әріптен немесе цифрдан басталуы керек, өйткені жоғарыдағы кестеде көрсетілген мағынасы алдын ала берілген кадр аттары төменгі сызықшадан басталады. Мысалы, бір STUDENT деген бума ашып, оның ішіне төменде көрсетілген тәгтері бар frames.html файлын жазыңыздар:
Мұнан кейін frame1.html, frame2.html, frame3.html атты файлдар ашып, оларға төмендегідей мәліметтер жазыңыздар:
frame1.html:
Достарыңызбен бөлісу: |