Мазмўны Кіріспе html



бет39/65
Дата13.11.2022
өлшемі6.71 Mb.
#464698
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Bilim Boribaev-Web-teh

MARGINWIDTH=n атрибуты фреймнің сол және оң жақтарын­дағы пиксель санымен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды.
MARGINHEIGHT=n, фреймнің жоғары және төмен жақтарын­дағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды. Бұл екеуі­нің мәні әрқашанда абсолютті түрде пиксельмен беріледі. Мысалы:

кадрдың жоғары және төмен жағында 5 пиксельден, ал сол және оң жақтарында 6 пиксельден орын қалдырады. Әдетте бос кеңістік 1-ден 6-ға дейінгі мәндерді қабылдайды.
SCROLLING=... фрейм бойынша жылжу жолақтары. Егер жылжу жолағы болуы керек болса – SCROLLING=YES , ал олар болмайтын болса – SCROLLING=NO, ал егер жолақтардың болуын/болмауын бро­у­зер анықтайтын жағдайда – SCROLLING= AUTO деп жазылады. Егер бұл атрибут көрсетілмесе де, келісім бойынша AUTO мәні қабылда­нады. Мысалы:

NORESIZE атрибуты фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді. Мысалы:
BORDERCOLOR атрибуты және тәгтерінің екеуінде де қолданыла береді. Оның мәні стандартты түс атауларына немесе түстің он алтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келеді. Мысалы:




Мұнда тәгінің BORDERCOLOR атрибуты жақтау­лар­ға қызыл түс тағайындайды, ал тәгінің осындай атрибуты күл­гін түс (#FF00FF) береді. Осылардың нәтижесінде екінші кадр түсі толық анықталмай қалған, сондықтан оның бірінші кадрмен жанаса­тын шекарасы күлгін түсті, ал басқа жағы – қызыл түсті болып қалады.
Егер екі кадрдың әрқайсысында өз BORDERCOLOR атрибуттары болса, онда ол екеуі де әсерін жояды. Олардың жақтаулары сыртқы FRAMESET тәгінің BORDERCOLOR атрибуты бекіткен түспен боялады.

2.7.4 Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру


Енді фреймдерді пайдаланып, олардың бірінен біріне ауысу мүмкіндіктерін қарастырайық. Фреймдерді шығарудағы ең негізгі ой – олардың ішкі мазмұндарын автоматты түрде ауыстырып отыру болатын.
Фреймге гиперсілтеме жасау үшін оған ат қойылуы керек. Ат қою тәгінің NAME атрибуты арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет