Өрнектер операциялар (амалдар) таңбаларымен біріктірілген литералдардан, айнымалылардан және жақшалардан тұрады. Өрнектерді есептеу нәтижесінде сан (бүтін не нақты), сөз тіркесі немесе логикалық типте болатын бір ғана мән шығады. Өрнектерде қолданылатын айнымалылар оған дейін инициалданған болуы керек. Өрнектерді есептеу кезінде анықталмаған немесе инициалданбаған айнымалылар кездессе қате шығады. JavaScript тілінде анықталмаған мәнді белгілеу үшін null литералы қолданылады. Егер айнымалы null мәнін меншіктесе, ол инициалданған болып саналады.
Өрнек операндтардан (мәндер мен айнымалылардан) және операциялар таңбаларынан (+, -, *, /) тұрады. Мысалы, а*b формуласында а және b операндтар, * таңбасы – көбейту операциясы.
Операциялар унарлық (бірорындық) немесе бинарлық (екіорындық) болып екіге бөлінеді. Өрнек +А түрінде жазылса, ондағы + – унарлық операцияны белгілейді, ал егер ол А + В түрінде берілсе, ондағы + – бинарлық операцияның орындалатынын көрсетеді. +А өрнегін есептеу А операндының мәнін есептеп, оған + операциясын қолдану дегенді білдіреді. Ал А+В өрнегін есептеу төмендегі әрекеттерден тұрады:
1. А және В мәндері есептеледі.
2. Операция 1-ші қадамда табылған операндтар мәндеріне қолданылады.
Есептелген мәннің типіне қарай өрнек арифметикалық, логикалық және тіркестік типтердің біріне жатқызылады. 4.1-кестеде көрсетілген арифметикалық операциялардың орындалу нәтижесінде өрнектер құрылады.
4.1-кесте. Арифметикалық операциялар
Операция
|
Аталуы
|
+
|
Қосу
|
-
|
Азайту
|
*
|
Көбейту
|
/
|
Бөлу
|
%
|
Бүтін сандарды бөлгеннен кейінгі қалдық
|
++
|
Операнд мәнін бірге өсіру
|
--
|
Операнд мәнін бірге кеміту
|
Өрнектегі операторлар арифметикалық операциялардың басымдылықтарына (приоритеттеріне) қарай солдан оңға қарай есептеледі. Керекті жағдайда өрнекке жақша енгізу арқылы операциялар реттілігін өзгертуге болады. JavaScript тілінде теңдіктің оң және сол жағында орналасқан операндтарға арифметикалық амалдар қолданып, нәтижені сол жақтағы операндқа меншіктейтін операторлар анықталған. Операциялардың мұндай қысқарған түрлері 4.2-кестеде көрсетілген.
4.2- кесте. Меншіктеу операторының қысқаша жазылу жолдары
-
Оператор
|
Соған сәйкес меншіктеу операторы
|
X += Y
|
X = X+Y
|
X –= Y
|
X = X-Y
|
X *= Y
|
X = X*Y
|
X /= Y
|
X = X/Y
|
X %= Y
|
X = X%Y
|
Қатынас операциялары кез келген типтегі операндқа қолданыла береді.
Келесі мысалда:
var х = 1;
var у;
у = (х += 2) + 1;
у айнымалысының мәні 4, ал х айнымалысының мәні – 3. Мынадай тізбекті түрдегі меншіктеулерді де пайдалануға болады :
x = y = z = t = өрнек;
Мұнда бірнеше айнымалының бәріне бір ғана мән меншіктеледі.
«+ +» және «--» операциялары тек айнымалыларға тіркеледі, оларды өрнектерге қосып жазуға болмайды.
Мынадай командалардың + + х және х + + (-- х және х --) айырмашылығы бұлар басқа командалар құрамына кіріп тұрғанда ғана есепке алынады. Алғашқысында (олар айнымалы алдында) операция айнымалыны пайдаланғанға дейін орындалады, ал соңғысында – пайдаланғаннан кейін орындалады.
х = 5; Меншіктеулерінен кейін:
у = ++ х; х және у-тің мәні 6-ға тең.
х = 5; Ал мына меншіктеулерден соң:
у = х ++; х-тің мәні 5-ке, ал у-тің мәні 6-ға тең болады.
Операция нәтижесі – салыстыру мәндері дұрыс болса, логикалық true, ал оған кері жағдайда – false мәні болып табылады. Салыстыру операциялары төмендегідей:
< (кіші);
<= (кіші немесе тең – артық емес);
== (тең);
!= (тең емес);
>= (үлкен немесе тең – кіші емес);
> (үлкен).
! (логикалық ЕМЕС) операциясы логикалық типтегі операндтарға қолданылады, егер операнд мәні true болса, онда !а өрнегінің мәні – false, ал егер операнд мәні false болса, онда !а = true болады. && (логикалық ЖӘНЕ) пен | | (логикалық НЕМЕСЕ) операцияларының қолданылу ережесі 4.3- кестеде көрсетілген.
4.3- кесте. Логикалық операциялардың орындалу ережелері
-
Достарыңызбен бөлісу: |