және тәгтерінің атқаратын қызметтерін сипаттаңыздар. Бұл тәгтерінің нәтижелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
«Абсолютті орналастыру» деген не, ол қандай стильдік нұсқау арқылы беріледі?
Абсолютті орналастыру кезінде координата басы ретінде қай нүкте алынады?
Абсолютті орналастырылған объектілер қандай ереже бойынша бір-бірімен қабатталып орналасады?
z-index стильдік қасиеті қандай мәндерді қабылдай алады және ол объектінің экрандық бейнесіне қалай әсер етеді?
Сатылы стильдік нұсқаулар деген не?
Тапсырмалар:
1. Азат жол аралықтары 1 сантиметрге тең болатын және барлық азат жолтар оң жақ және сол жақ шетке тураланған парақ құрыңыз.
2. P.def жаңа стилін құрыңыз. Бұл стильдің азат жолтары ені бойынша тураланған, сол жақтан 2 см, оң жақтан 1 см шегініс болсын. Параққа P.def. азат жолынан басқа кәдімгі азат жолтарды да орналастырыңыздар.
Тауардың бұрынғы және кейінгі бағасын жазуға арналған стильді анықтаңыздар. Бұрынғы бағасы – сұр түсті, үсті сызылған. Жаңа бағасы – қызыл түсті, өлшемі басқа мәтінге қарағанда 50% үлкен болсын. Бұрынғы және кейінгі бағалары көрсетілген тауарлар тізімін құрыңыздар.
Екі стильді анықтаңыздар. Бірінші стильде:
әріптер ашық сұр фонға қоңыр түспен жазылсын;
элемент жақтауы мен мазмұнынның арасындағы қашықтық 0,5 см болсын;
мәтін оң және сол жақ шеті бойынша туралансын.
Екінші стильде:
фон көгілдір болсын;
элемент жақтауы мен мазмұнының арасындағы қашықтық 0,5 см болсын;
элементтен оң жақ және сол шетке дейінгі қашықтық 1 см;
жұмырланған қаріп.
Екі бөлімнен тұратын құжат дайындаңыз.
Бірінші бөлім бірінші стильмен, екінші бөлімі екінші стильмен анықталатын болсын. Мұралану көрініп тұруы үшін екінші бөлім бірінші бөлім ішіне ендірілуі тиіс. Екінші бөлімде қандай стильдік нұсқаулар мұраланады, ал қандайлары мұраланбайды?
.nb стилін құрыңыз: элемент жақтау ішінде орналассын, браузер терезесінің (оның өлшемінен қатыссыз) жартысын (ені бойынша) алып тұрсын, сол жақ шетіне орналассын, ал парақтың басқа элементтері осы элементтің оң жағынан «көмкеріп» (обтекали) тұрсын.
Оң және сол жағынан тік сызық (азат жол биіктігімен бірдей) жүргізілетін азат жолқа арналған стиль құрыңыздар.
Стильдерді қолдана отырып, мәтін екі бағанға шығатындай (газеттегідей) парақ құрыңыздар. Бұл кезде кестелерді қолданбаңыздар.
Экранда айналдыру сызғыштары бар екі аймақты тұрғызып, оған ақпараттық элементтерді орналастырыңыздар.
z-index қасиетін қолдана отырып, экранда бір-бірін жауып тұратын бірнеше объектілерді орналастырыңыздар.