Желінің көлеміне қарай жіктелуі
Жұмыс топтарының жергілікті желілері (Локальные сети рабочих групп) бір операциялык жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін аздаған компьютерлерді біріктіреді. Желіде желілік қызметтерді атқаратын (мысалы файлдық сервер, баспа сервері, факс сервері) бір компьютер белгіленеді.
Бөлімдердің жергілікті желілері (Локалъные сети отделов) жеке бір бөлімнің компьютерлерін біріктіре алады. Компьютер сандары жұмыс топтарына қарағанда бірнеше есе көп болуы мүмкін. Желілік қызметтер жеке белгіленген компьютерлік серверлерге бөліне алады. Жергілікті желілердің екеуі де базалық технологияның біреуін пайдаланады. Бұл желілерді классикалық жергілікті желілер деп те атауға болады. Аймақтық жағынан олар бір-екі ғимаратты, яғни аздаған аумақты алады.
Кампустер желісі бірнеше майда желілерді бір үлкен желіге біріктіруді көздейді. Мұндай желілер үлкен аймақты алып жатады. Желілерді біріктіруде аппараттық және программалық қамсыздандыру, әр түрлі технологияларды интеграциялау мәселелерін шешу керек. Желінің едәуір бөлігі жұмыс топтары мен бөлімдер желілерінің айналасында жергіліктендірілген. Кампустер желісі жекелеген желілердің байланысын, қымбатқа түсетін жалпы желілік ресурстарға мүмкіндікті қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Біріктіру барысында бүкіләлемдік байланыстыру қолданылмайды.
Барлық уақытта да адамзаттың алдында ақпарат алмасу (тарату, беру) мәселесі болып отырды. Компьютердің пайда болуымен адамның қолы ақпаратты жинау мен өңдеудің қуатты құралына жетті және осыған байланысты ақпаратты тарату мәселесінің маңызы арта түсті. Мәліметтерді таратудың дәстүрлі арналары (телефон, телеграф, пошта, радио және т.б.) күннен-күнге геометриялық прогрессияда өсіп келе жатқан ақпараттың үлкен ағымын таратуға барлық уақытта дәрменді бола бермейді. Сондықтан компьютерлердің пайда болуымен қатар, олардың арасында ақпараттарды тасымалдау мәселесі де туды. Қазіргі уақытта әр түрлі есептеуіш машиналар арасындағы байланысты ұйымдастыру кезеңі кез келген компьютерлік жүйенің қажетті және жеткілікті шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |