Ерекшеленген сервері бар желілер
Біррангілі желіге 10 компьютерден артық қосылса, онда ол қойылған мақсатты шеше алмайды. Сондықтан көптеген желілердің конфигурациясы бөлек болады – олар ерекшеленген сервер негізінде жұмыс істейді. Ерекшеленген сервер деп тек сервердің рөлін атқаратын, ал клиент немесе жұмыс станциясы рөлінде пайдаланылмайтын серверді айтады. Сервер желілік клиенттерден түсетін сұранысты жедел өңдеу және файлдар мен каталогтардың қорғалуын арттыруға арналған. Сервер негізіндегі желілер өндірістік стандарттар қатарына жатады.
Желілер өлшемі және желілік трафик көлемі ұлғайғанда сервер сандарын да көбейткен дұрыс. Пайдаланушылардың қазіргі заманғы талаптарына сай келу үшін үлкен желілерді мамандандырылған, яғни бір бағытқа лайықталған етіп жасайды.
Желілердің жіктелуі
Желілерді ұйымдастыру әдісі бойынша нақты және жасанды желілер болып бөлінеді.
Жасанды желілер (псевдосети) компьютерлерді тізбектелген немесе параллель порттар арқылы байланыстыра алады. Мұндай желілерді нуль-модем (модем пайдаланылмайды) бойынша байланыс деп те атайды. Біріктірудің өзін нуль-модемдік деп атайды. Жасанды желілерді ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге жөнелту үшін пайдаланады. MS DOS пен Windows операциялық жүйелерінде нуль-модемдік байланысты жүзеге асыру үшін арнайы программалар бар.
Негізгі кемшілігі – мәліметтерді жөнелту жылдамдығы төмен және тек екі компьютерді ғана байланыстыра алады.
Нақты желілер компьютерлерді коммутациялық және мәліметтерді жөнелтудің физикалық ортасының арнайы құрылғылары көмегімен байланыстырады.
Негізгі кемшілігі – қосымша құрылғылардың қажеттілігінде болып саналады.
Компьютерлік желілерді келесі объект топтары бойынша жіктеуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |