Бақылау сұрақтары:
Телефондық желі деген не?
Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар қалай орындалады?
Интернет желісін құру принциптері.
Интернеттің даму тарихы.
Интернет дамуындағы құжаттандырудың рөлі қандай ?
Әр түрлі тораптардағы технологияларға сипаттама беріңіз.
Провайдер деген не?
Интернеттергі ISP, POP, NAP сипаттама беріңіз.
Интернеттегі соңғы миля деген түсінігі нені білдіреді?
1.4 Интернетке ақпаратты жіберу Қазіргі заманғы Интернет - жер шарының кез келген нүктесінде тұрған адамдардың өзара ақпарат алмасуына мүмкіндік беретін және кез келген қажет ақпараттарды жылдам тауып беріп, өз мәліметтерді жариялауға болатын өте күрделі және жоғарғы технологиялық жүйе. Интернет көмегімен өзімізге қажетті жұмысты табуға, танысуға, қызықты тақырыптарды талқылауға болады.
1968 жылы ARPAnet желісі пайда болып, біріншіден барлық компьютерлер «тең» дәрежеде жұмыс істеді, екіншіден негізгі желілік хаттама ретінде IP (Интернет хаттама) қабылданды.
Интернетпен байлансудың ең кең тараған және арзан тәсілі – модем және телефон жүйесі арқылы байланысу. Осыған байланысты Интернетке қосудың қызмет көрсету көлемдері мен бағасы жағынан бір-бірінен ерекшеленетін үш түрі бар:
пошталық – кез келген Интернетті қолданушымен тек электронды пошта арқылы алмасуға рұқсат береді, ең арзан түрі;
on-lіne тәртібінде сеанстік («тікелей байланыста») – сұхбаттық тәртіптегі жұмыс – жүйесінің барлық мүмкіндігі тікелей сеанс уақытында;
тура (жеке), ең қымбат тұратын – барлық мүмкіншілігі бар байланыс кез келген уақытта.
Сеанс тәртібіндегі жұмыс кезінде Интернетке кіру көбінесе провайдерлерден (англ. provіde — рұқсат беру, қамтамасыз ету), Интернеттің кейбір бөліктеріне кіруге және оның пайдаланушыларына алуан түрлі қызметтерді жеткізіп беретін фирмалардан сатып алынады.
Интернеттің кейбір маршрутизаторлардың көмегімен өзара байланысатын учаскелерді әр түрлі архитектурадағы жүйелерді ұсынады. Жіберілетін мәліметтер, пакеттер деп аталатын кішігірім тиісті бөліктерге бөлінеді. Әрбір басқа пакеттерге қатысы жоқ пакет жүйе бойынша орналастырылады.
Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP коммуникациясының біркелкі хаттамасын пайдаланады.
TCP/ІP хаттамасы – жүйедегі мәліметтерді жіберудің әр түрлі аспектілерін анықтайтын әрқайсысы жеке екі хаттама болып табылады.
TCP хаттамасы (Transmіssіon Control Protocol) – қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару хаттамасы; бұл хаттама жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруге жауап береді;
ІP хаттамасы (Іnternet Protocol) – жүйеаралық өзара әрекеттердің хаттамасы. Ол пакетті адресіне жіберу және қажет адреске беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіндігін жауап беретін хаттама.
TCP/ІP хаттамасы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР хаттамасы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP хаттамасының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР хаттамасының көмегімен тексеріледі; барлық пакеттер қабылданып болған соң ТСР хаттамасы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.
Әрбір Интернетке қосылған компьютерлердің бағалары бірдей, өте сирек кездесетін екі адресі: сандық ІP-адрес (цифровой ІP-адрес) және символды домендік адресі (символический доменный адрес) болады. Адрестерді тағайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі: Жүйелі ақпараттық Орталық халықаралық ұйымы жергілікті жүйелердің иелеріне адрестердің топтамасын береді, ал қалғандары нақты адрестерді бөледі.
ІP-компьютердің адресінің ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жүйе адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің адресын, ал төртіншісі бөлімше жүйенің тармағының адресін анықтайды. ІP-ге ыңғайлы бөлу үшін адрес нүктелермен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады, мысалы: 145.38.6.135. Жүйенің адресі – 145.38; жүйе бөлімшесінің адресі – 6; компьютердің жүйедегі адресі – 135.
Сандық адрестен домендік адрестің айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. Домендік адрестің мысалы, basа.lek.nur.kz. бұл жердегі домен basа – компьютердің анық атауы, өз ІP-адресі бар, домен lek – өзі компьютерге берілген топтың атауы, домен nur lek – доменіне атау берген өте ірі топтың атауы, және т.с.с. Домендік адрес мәліметтер жіберу процесінде ІP-адресіне өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |