TCP/ІР хаттамасының стектері
TCP/ІР-Итернетте қолданылатын әр түрлі деңгейдегі желілік хатттамалардың жиынының, стек жинақталған аты.
TCP/ІР ерекшелігі:
программаның және ақпараттың жабдықтардан тәуелсіз өңделетін ашық стандартты хаттамалар;
өткізудің физикалық ортасынан тәуелсіз;
пайдаланушылар қызметін таратуға арналған жоғары деңгейлі стандартты хаттамалар.
TCP/ІР хаттамасының стектері 4 деңгейге бөлінеді: қолданбалы, транспорттық, желі аралық, физикалық және каналдық.
Мәліметтер пакетпен жіберіледі. Пакеттердің басы және соңы болады, оған қызметші ақпараттар жазылады. Өте жоғары деңгейдегі мәліметтер кіші деңгейдегі пакеттерге қосылады.
TCP/ІР стегі белгілі бір хаттамаларды ғана қолдануды көрсетпейді, ол қолжетімді деңгейде мәліметтерді өткізу ортасы мен физикалық ортасын көрсетеді. Өткізу ортасында қолжетімді деңгейде ІР модульді интерфейс болуы шарт, ол ІР – пакеттерді өткізуді қамтамасыз етеді.
ІР хаттама мәліметтер блогын бір ІР-адрестен екіншісіне жеткізеді. Бір немесе бірнеше хаттамалардың функциясын жүргізетін программа модульдер деп аталады, мысалы: «ІР-модуль» «ТСР-модулі». ІР модулі ІР- пакеті төменгі деңгейден қабылданған кезде, оны тағайындалған ІР адреске тексереді.
егер ІР-пакет осы компьютерге бағытталса, онда ондағы мәліметтер жоғары деңгейдегі модульдерге өңдеуге жіберіледі.
егер ІР-пакеттің тағайындалған адресі бөтен болса, онда ІР модуль екі шешім қабылдайды: бірінші – ІР пакетті жою, екінші – ары қарай тағайындалған адреске жіберу, ал маршрутты анықтауды маршрутизаторлар бар желі шекарасында ІР-пакеттерді фрагменттерге бөледі, содан соң қабылдаушы компьютерге жинақталады.
Егер ІР модуль қандай да себептермен ІР пакетті жеткізе алмаса, ол жойылады. Бұл кезде ІР модуль компьютерге ІР-пакеттің қателігі туралы хабарлама жібереді, ондай хабарламалар ІСМР (Internet Control Message Protocol- ІР хаттамасының кеңейтілуі, қате туралы немесе тексеру туралы хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді) көмегімен жеткізіледі. Одан басқа ІР-пакеттерге жеткізгені туралы, дұрыстығын реттеуге мүмкіндіктері жоқ. Бұл мәселе транспорт деңгейге жүктелген.
Достарыңызбен бөлісу: |