Мазмұны Кіріспе І бөлім. Атақұлдық туралы ой-пікірлер



бет2/4
Дата29.06.2016
өлшемі375 Kb.
#165049
1   2   3   4

Құрандағы ата-баба діні туралы аяттар. Аллаһ Тағала тарапынан түрлі-түрлі қауымдарға жіберілген нәбилерді олардың қауымы дереу жылы қабылдап, олар уағыздаған имандылыққа әп-сәтте келісе қоймағаны анық, бұл туралы Құран Кәрімде көптеген ғибратты мәліметтер келтіріледі. Пайғамбарлардың туған елдерін тек жақсылыққа, тура жолға, бір Жаратушыға ғана құл болуға шақырып, жасаған ғаламат қызметі үшін олардан ешқандай әжір (ақы, сыйлық) сұрамағанына қарамастан, ең ауыр азаптарға душар болғанын бізге Сөз Иесі кітабында көрсетеді.

Пайғамбарлар да біздер сықылды фәни адамдар еді һәм өздері туып өскен қоғамның мүшелері еді. Ерте заман қоғамындағы рулық-тайпалық құрылым мен әлеуметтік жағдаятқа байланысты, пайғамбарлығын жариялап, тура жолға шақыра бастаған елшіге маңайындағылар сенім білдірмей, кеше ғана өздерімен бірге жүрген таныстарының бұл иддиғысын мұғжизалар арқалы дәлелдеуін сұраушы еді. Пайғамбарлар Жаратушының рұқсаты һәм ғинаятымен мұғжизалар көрсеткен күннің өзінде, қауымы оларға көбінесе сенбеген. Олар күпірліктерін жалғастырып һәм өршелендіріп, иман етпеу үшін ылғи да жаңа сылтаулар таба берген. Олардың бұлай істеуіндегі негізгі себептер мыналар еді;

• Рулық-тайпалық құрылым бойынша әр рудың өзіне тән дәрежесі, абырой-атағы мен иерархияда орны бар еді. Пайғамбар өзінің руынан шықпаған соң, басқа рулар тек осы себепті оның елшілігін мойындаудан бас тартқан. Мисалы, Мұса пайғамбар Мысыр елінің байырғы тұрғыны, перғауынның ұлты қобтилерден емес, олардың елінде екінші сынып адам деп саналған, құлдар қауымы Исраил ұрпағынан шыққандықтан мысырлықтар оның пайғамбарлығын мойындамаған-ды.

• Мансап пен байлық иелерінің қалыптасып келген табыс көздері мен үлесім жүйесі бар еді. Негізгі кіріс қанаушылық пен құл-қатын саудасы арқалы һәм рибақорлық (өсім алу) саясында түсуші еді. Пайғамбарлар үшбұ хақсыздықтарды тоқтатып тура жолға бастау үшін жіберілген пенделер. Міне, Аллаһ жіберген нәбилердің қанаушылық жүйесінің жойылуын талап етуі күштілерге ұнаған жоқ. Сондықтан, олар өз дәулетін сақтау үшін қарсы үгіт таратып, пайғамбарларды азаптауға, хатта, өлтіруге дейін барған. Мисалы, Өз Мұхаммед пайғамбардың рибаны (пайыз, өсім) тыйуы, құлдарға иелерімен бірдей бостандықтар мен хұқұқтарды ,беруі, әйелдердің мирастан үлес алуына рұқсат етуі т.т. Меккелік билер мен байларға жақпаған. Сондықтан, олар Пайғамбарымызды азаптап, жолынан тыя алмаған соң, аяғында өлтіруге ұйғарысқан.

• Мүдделері әрқандай себептерге байланысты жаншылған кері қағушылар, пайғамбарды рәсуа етіп, қара халықтың алдында үгітін негізсіздендіру үшін көбінесе ата-бабаларын сылтауратып, оларды алға тартқан. Олардың бірауыздан айтқаны; "Сенің мына айтқаныңды біз әкелерімізден, аталарымыздан естіп көрген емеспіз! Сенің айтқаның біздің ата-бабаларымыздың жолына қайшы келеді! Ата-бабаларымыздың жолы басқа еді! Сен бізді ата-баба жолынан шатастыруға келгенсің!' т.т.

Құран Көрімде аталмыш мәселе хақында көптеген қиссалар келтіріледі. Олардың кейбірін оқып көрейік;



Бұт саудагерлері. Бір кездері Ибраһим мен Ысмағұл пайғамбарлар тарапынан Аллаһ Тағалаға құлышылық ету мақсатымен жасалған Кәғба, азғыншылыққа ұшырап, қараңғылықта адасқан жәһілия адамдары тарапынан бұттардың мекеніне айналдырылған. Жәһілия дәуірінде Кәғбада 360-дан астам бұттар бар еді.1415 Олардың бастылары Хубел, Лат, Ұзза, Манат, Уәд, Суа, Йағұқ, Йағұс, Нәсір секілді ағаштан не тастан жасалған бұттар еді. Рулардың бұттарға қатынасы бірдей емес еді, мәселен, бағзы рулар бұттардың бірнешеуін ғана ерекше құрметтейтін. Ежелгі түріктерде де әр рудың өзінің бөлек тәңірі болғанын жоғарыдағы тарауларда айтқанбыз. Сондықтан, арабтар да оз руының бас тәңірлерін өзге рулардың бұттарынан жоғары ұстап, құрметтейтұғын.

Меккеде бұтқа құлдықтың қалай бастағаны туралы мынандай дерек-риуаят айтылады: м.б. 207- м.к. 440 жж. Меккенің билеушісі болған Хұзаға руынан Амр Лұхайұлы деген кісі Кәғбаның қызметкері еді. Бір күні ол ауырып, шипа табу үшін Шам маңындағы Балқа арасанына барады. Ауруынан айыққан Амр жергілікті халықтың бұттарға табынғанын көріп "мыналарың не?" деп сұрайды. Олар: Бұларға табынамыз, бұлармен жаңбыр сұраймыз, жауға қарсы көмек сұраймыз" дейді. Амр олардан бір бұт сұрап, Меккеге алып келеді; осы уақиға бұтқа құлдықтың Арабыстанға алғаш келуі деп есептеледі.

Ендігі бір жорамал бойынша былай болған екен: бұтқа табыну батырлардың, елдің жадында қалған адамдардың қабір тастарынан басталған. Мұндағы мақсат өлікті құрметтеу, оларды разы ету еді. Кейін манағы батырлардың, билердің мүсінін жасау салты хасіл болған; мақсат тағы да өліктерді еске алу, оларды құрметтеу т.т. әсіре құрметтеудің нәтижесінде мүсіндерге табыну әдеті қалыптасқан сыңайлы. Орталық Азияда ежелгі дәуір қабірлерінің басында да белгі тастар, мүсіндер, ишараттар кезігеді. Міне, осының бәрі де тегінде өліктің атын өшірмеу, мәңгі есте сақтау, жер астындағы өмірінде жалғыз қалдырмау (мүсіндер өліктерді күзетеді деген сенім болған) т.т. сықылды коптөңірлі кезеңге төн нанымдардан шыққан хұрафалар. ҮІ-УІІ ғғ. араб және түрік қоғамдарында осындай ұқсастықтың кезігуі, олардың бірдей діни-әлеуметтік сатыда болғанынан еді. Меккеде басқа өңірлерден келген көшпелі арабтарға (бәдеуи) бұт жасап, сататын саудагерлер бартұғын. Әсіресе, Мекке иерархиясында маңызды орын иемденетін Кәғбаның қызметкерлері осы сауданың қызығын көруші еді. Арабтардың бұттарға табынуы терең тамырланған, салмақты сенім емес-ті; тілегі іске аспай қалғанда олар ашуланып, бұтты сабайтұғын яки басын шауып, жіпке байлап, көшеде сүйреп, бұтты мазақтайтұғын-ды. Пайғамбарымыз бұтқа табынуға тыйым салды. Өйткені, барша махлұқатты жаратқан Аллаһ Тағаланың орнына еш нәрсеге мардымы жоқ, қолдан жасалған нәрселерге табынудан асқан қылмыс болуы мүмкін бе? Мүшриктер "бұттарсыз Кәғбаның қасиеті болмайды, һәм олар болмаса Меккеге ешкім келмейді, сүйтіп, саудамыз тоқтап, дәулет көзіміз сарқылады" деп ойлағандықтан, иман етуге қарсы болды. Бұл тікелей затқақулдықтан (материализм) өрбіген көзқарас еді.

Ата-баба діні мәселесі. Ертеден қалыптасқан, дағдыға, тіпті әдетке айналған сенім-нанымдарды тастау кімге болса да оңай тимесі анық. Меккелік мүшриктер де солай еді: олар, ата-бабаларынан бері жалғасып келе жатқан бұтқақұлдық жолын ұстанатұғын. Олардың сенімінде бұтқа айналған тас, ағаш немесе шүперектің рухани қасиеті бар-ді, ол ендеше бұрынғы тас, агаш, шүперек емес, шектен тыс құдірет иесі тәңір еді. Ата-баба жолынша сол бұттар Аллаһ Тағалаға арыздарын жеткізуші, шапағат етуші, болысушы тәңірлер еді. Олар, Аллаһ Тағаланың барлығын мойындай отырып, Оған ортаққосушы еді. Олар, тіпті, Аллаһ Тағаланы ұмытып, тек бұттарга ғана табынатын болған. Пайғамбарымыз оларға бұттарға табынбаңдар, Аллаһ Тағалаға асылық жасамаңдар дегенде ата-бабаларын желеуретуші еді мүшриктер:

"2/170: Оларға (мушриктерге): "Аллаһ тарапынан жіберілгенге ұйыңдар "делінгенде олар: "Жоқ! Біз ата-бабаларымыздың (олар жүрген) жолына ғана мойынсұнамыз!" дейді. Ал, ата-бабалары еш нәрсені түсінбеген, туралықты (жолды) таба алмаған болса ше?".

Демек, олар аталарынан қалған жолдың хаққа сәйкестігін, туралығын тексеруді еш ойламаушы еді, атадан қалған жол болса болғаны, қалғаны керек емес-ті. Бұл, әрине, асқан көрсоқырлық, бір нәрсенің байыбына бармай жасалған құр қараңғы сенім. Мүмкін, аталары олар қол жеткізген ғылымнан, жаңалықтан, хабардан, дәлелден махрұм еді. Сонда да олардың надандығын, қаталығын ұстану керек пе еді? Аталардың жолын ешқандай ғылыми негізге, ақыл-ой таразысына салмай, Аллаһ Тағаланың қошеметіме сәйкестігін анықтамай ұстану, Оның жолынан бөтен жолды артық көруге, бұл болса, Оған серік қосуға апарып соқтырады. Өйткені, мұндайға барған адам Жаратушының бұйрығын емес, адамның бұйрығын жоғары көретін болады. Біз тек аталарымыздың жолын ұстаймыз деген сөздің екінші бір мағынасы: аталарымыз қай жағынан болса да біздеп артық, білім-ғылымы жоғары, көргені мол, олар бізден үстем дегенге саяды. Бұл көп жағдайда шындыққа жанаспайды; неге дегенде, заман өткен сайын ғылым-білім, технология дамып келеді, кейінгі ұрпақтардың білімі бұрынғылардан жоғары, көргені молырақ келеді. Екіншіден, бұрынғылардын кейінгілерден жоғарылығын және ұстанған жолының дұрыстығын нақтылап анықтамайынша, бұлай кесіп айтқан дұрыс емес.

Мекке мүшриктері ата-бабаларынан қалған хұрафаларды, әр түрлі ырымдарды өмірдің басты шартына айналдырып, мұқият ұстанатушы. ЬІрымдарды орындамағандар қоғам тарапынан қорланып, сөгіске ұшырайтұғын. Әңгіменің негізінде тағы да материалистік себептер болғанын байқау қиын емес:

"5/103: Аллаһ сендерге бахира, саиба, уасила және хам деген нәрселерді бұйырған жоқ. Алайда, кері қағушылар Аллаһқа жала жабуда һәм олардың көбінің басы істемейді. 5/104: Оларға: "Аллаһ түсіргенге және Расулға (елшіге) келіңдер!" делінгенде, олар: "Әкелеріміз (ұстанған) жол бізге жетер "дейді. Аталары еш нәрсені білмейтін және тура жолда емес болса да ма? 5/105: Ей сенушілер! Сендер өздеріңе қараңдар. Сендер тура жолда жүрсеңдер, адасқандар сендерге жамандық жасай алмайды. Бәріңнің қайтуың Аллаһ Тағалаға! Сонда, Ол, сендерге жасағандарыңды білдіреді!".

Құранның қайталанбас фасахаты мен әсерлі суреттеуі! Аяттарды толық түсіну үшін бірінші аяттағы бахира, саиба, уасила және хам сөздерінің мағынасына қарайық: аса көрнекті ғұлама, XX г. ең беделді Құран тәфсіршілерінен, ғалым Елмалылы (Алмалылық) Мұхаммед Хамди еді. Ол, 8 тамыз 1938 ж., 10 том, 5 317 беттен тұратын "Хақ Діні — Құран Тілі" атты тәпсірін тәмамдаған. Аталмыш тәпсірде жоғарыдағы аяттардың мағынасы туралы былай түсініктеме берілген:

"Аллаһ Тагала бахира, саиба, уасила және хам туралы ырымдарды заңды қылған емес. Оның шариғатында бұлар туралы хукім һәм негіз де жоқ. Жәһилият дәуіріндегі (араб) халықтар бес рет боталап, бесіншісі еркек болған інгенді құлағын тіліп, ен салып еркіне қоя беретұғын. Мұндай інгенді саууды, бұған мінуді һәм пайдалануды өздеріне харам (заңсыз) етіп "бахира" деп атаушы еді. Екіншіден: мәселен, біреу ауырып қалса яіаі бір двртке ушырап қалса: "егер де жазылсам, түйем саиба болсыи!' деп атап, қудды бахира қусап бос қоя беретугын да одан пайдалануды харам саиайтугын. Үшіншіден: қоіі ургашы туса өздерінікі, еркек тол туса тәңірлерінікі болатугын. Ал, екеуін бірге қоздайтугыи болса "тол-төлге уласты "деіітүгын. Үргашы төлдің қурметіне қатар тугаи еркегіи құрбандық ептейтін-.міне, уасила деген осы. Төртіншіден: Он буын ботоға аталық болған бураның жонын харам деп санап, оның кез келген судан ішуіне және қалаған жайылымда оттауына рұқсат ететұғын. Олар "Оның жоны харам болды" дейтұғын, міне, "хами" яки "хам " дегендері сол. Бұлар Хақ Тағала тарапынан келтірілген бұйрықтар емес-ті. Кері қағушылар Аллаһ Тағалаға қарсы мұндай нәрсені заңды деп санап, Оган қарсы басқа дін, басқа шариғат жасап, жалақорлық қылушы еді. Тәфсірші ғалымдар былай дейді: Амр Лухаййи-л Хузайы деген кісі Меккенің әміршісі болғанды. Ысмағұл пайғамбардың дінін (шариғатын) алғаш өзгерткен байтақ сол еді. Ол алғашқы реті бұттар жасатып қойдырды һәм бахира, саиба, уасила, хам әдеттерін қалыптастырды. Міне, кері қағушылардың басшылары, мансаптылары осындай жалғап және нахақ нәрселерді ойдан шығарып, халықты адастырды һәм пайғамбарларды да өздері құсаған деп (ойлап), Аллаһ Тағалаға жала жапты. Сол інкәршылардың көбісі, әсіресе, надан халықтың басы осыған істемеді де олар залымдардың жолына бағынып кете береді.

Енді оларға "Аллаһ түсірген хақ шариғатқа (заңға) және пайғамбарға келіңдер, бағыныңдар" делінгенде, мүшриктер "Ата-бабалорымыздың жолы бізге жеткілікті" деді. Ата-бабаларынан қалған ісері қағушылық әдеттерін көрсоқырлықпен ұстанды олар. Әттең! Ата-бабалары еш нәрсс білмейтін һәм тура жолда емес болса, сонда да олардың жолын қумақ па олар?! Дінімізде әдетті құрметтеуге, ата-бабаларга, бұрынғыларға құрмет етуге жалпы тыйым жоқ, қайта көп жағдайда бұл қажетті де. Бірақ, оларға бағыну надандық пен адасушылыққа емес, ғылым мси һидаятқа (тура жолға) жету мақсатымен болуы керек. Бағыну меи тақлид ету (еліктеу, олардың жасағанын жасау) құр ғылыми болғандықтан емес, тек тура жолдағы ғылымды ұстанғандарға ғана жасалатын болуы тиіс. Бұдан да дұрысын айтар болсақ: ғалымның өз басына емес, оның хақ ғылымына бағыну керек. Ғұрып пен әдет жағымды һәм заңды (аталмыш критерияларга сәйкес) болғанда ғана бағалы. Сірә, хақтан басқаны ұстанғандар түбінде зиянға ұшырамақ, сондықтан Ей иман етушілер, муминдер! Сендер оларға қарамаңдар, өздеріңе сақ болыңдар. Сендер тура жолда болсаңдар, туралықтан тайып кеткендер сендерге кесір тігізе алмайды. Бәрің Аллаһ Тағалаға қайтарыласыңдар. Ол, сендерге жасағандарыңды хабарлайды".

Бұлар жәһилият дәуірінде арабтардың бұттарға арнап немесе құлшылық ретінде ырымдап, еркіне қоя беретін малдары. Арабтар осы ырымдарды діннің парызындай берік ұстаушы еді. Олар туралы ешқандай ақыли, ғылыми дәлелдері болмағанына қарамастан тұтынушы еді де пайғамбар оларға үгіт айтқанда: "біз ата-бабаларымыздың жолып ғана ұстанамыз, басқасы (дұрыс және керекті болса дағы) бізге қажет емес!" деуші еді олар. Алайда, сол арабтар тірі түйенің өркеші мен тірі қойдың құйрығын кесіп жейтұғын. Пайғамбарымыз осы асқан жауыздықты дереу тоқтатты һәм тірі малдың кесілген өркеші мен құйрығы секілді мүшелерін харам етіп, жеуге тыйым салды. Орайы келген соң Сәййідіміз айтқан бірнеше хадисті де келтіруді жөн көріп тұрмын:

"Иби Аббас риуаят етті: "Рәсулуллаһ төбелестіру мақсаты мен хайуандарды өшестіруге тыйым салды".

Бүкіл әлемдік адам хұқұқтары XX ғасырдың ортасында ғана қабылданғанын ескерсек, осыдан 14 ғасыр бұрын Пайғамбарымыздың хайуан хұқұқтарын қорғауының маңызы айқын болмақ. Арабтар тағы да тірі хайуандарды нысана етіп, оларға оқ атым, ойып ойнаушы немесе жаттығулар жасаушы еді. Бір реті олардың тірі ешкіге оқ атқанын көрген Пайғамбарымыз былай деген:

"Ибн Аббас риуаят етті: "Расулуллаһ бұйырды: "Жаратылысында рух болған (рухты, жанды) ешбір жәндікті оқтарыңа нысана қылмаңдар!".

Көрер көздің бәріне хайуандарға жасалған бұл зұлымдық көрінеу еді. Алайда, жәһилия арабтары үшін бұл ата-бабаларының жолы еді! Мүшриктердің бағзылары пайғамбардың ескертуінің дұрыс екенін түсініп жатты. Бірақ, олар тағы да ата-бабаларына жармасты да өздерінің інкәршылығын Аллаһ Тағаладан деп тапты. Бұл туралы мына аят түсті:

"6/148: Бұтқа табынушылар былай демек: "Егер Аллаһ қалағанда, біз серік қоспас едік, ата-бабаларымыз да серік қоспас еді. Еш нәрсені де харам қылмас едік". Олардан бұрынғылар да осылайша пайғамбарларын жалғандап, кері қаққан еді! Ақырында олар азабымызды татты. Оларға былай деп айт: "Жандарыңда бізге ұқтыратын бір мәліметтерің бар ма? Сендер құр болжамнан басқаға бағынбайсыңдар һәм тек жалғап сөйлейсіңдер". 6/149: Ей Мұхаммед! Оларға айт: "Нақты дәлел тек Аллаһтікі! Егер Аллаһ қаласа, әлбетте, бәріңді тура жолға салар еді".

Ата-бабаларының иман етпегендігі, олардың иман етпеуі үшін жеукілікті себеп еді! Жоғарыдагы аяттардың мағынасы тым терең, арыда жатыр. Біріншіден: бұтқақұлдар былай демек сөзіне қарағанда мәзкүр аят түскенде олардың ондай сөзді әлі айтпағанын байқаймыз. Аллаһ Тағала, иман етпеу үшін сылтаудан сылтау іздеп жүрген мүшриктердің болашақ жоспарын Елшісіне бұрынырақ білдірген еді. Шынында да олар кейінірек:

"16/35: Аллаһқа серік қосушылар: "Егер Аллаһ қалағанда, не біз не ата-бабаларымыз Одан басқаға табынбас едік және Оның бұйрығынсыз еш нәрсені өздігімізден харам өтпес едік!" деді" деген-ді. Бірақ, біреудің күнәсін біреу көтермейтіні, біреудің қаталығы басқа біреуге артылмайтыны хақиқат болғанымен, кері қағушылардың бұған жауабы әрқашан да дайын еді. Аллаһ Тағала олардың аталары жасаған қылықтарды, әрине, тоқтата алар еді. Бірақ, мұндағы мақсат олардың жасағанын растау емес, қайта терістігін келешек ұрпақтарға гибрат етіп қалдыру еді. Яғни, олар адасты, бірақ сендер адаспаңдар дегендей. Мүшриктер мұны ұға қойған жоқ. Аталарының жаңсақ жолын өздеріне үлгі тұтты. Алайда, заман ағып бара жатыр; кешегі күні дұрыс саналған нәрсе бүгінгі күні дұрыс саналмауы мүмкін. Бұрын пайдалы делінген нәрсе, бүгін-ертең зиянды боп шығуы мүмкін.

Атақұлдықта болса бұрынғылардың жолы ғана дұрыс, себебі бұрынғылардың қаталығы болмайды!

Ата-бабаларын сылтау етіп, олардың атын жамылып, хақжолды кері қаққандарға Аллаһ Тағала тарапынан өте мағыналы, жан-жақты түсіндірілген һәм негізделген аяттар жіберілді. Ең бастысы Жаратушы Раббымыздың әрбір адамға ақыл, ынсап, мантиқ (логика) мен ұждан секілді нығметтер бергені. Бұларды дұрыс қолданғандар, әрине, Оның барлығыы, бірлігін һәм шариғатын мойындамақ;

"7/172: Қиямет күнінде, біз будан хабарсыз едік демеулерің үшін Раббың, Адам ұғылдарынан, олардың белдерінеи зуррияттарын шығарды, оларды өздеріне куә тұтты және оларға: "Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?" деді, олар да: "Әрине, біз бұған куә болдық" десті. 7/173: Немесе "Бұрынғы ата-бабаларымыз Аллаһқа серік қосты, біз болсақ олардың ұрпақтары едік, олардың жолымен ғана жүрдік. Нахақ жолды ұстанғандарың кесірінен бізді әлек етесің бе?" демеулерің үшін (солай істедік). 7/174: Бәлкім, олар кері қағушылықтан қайтар деп, аяттарымызды үстіп егжей-тегжейлеп түсіндірудеміз!".

Аллаһ Тағала жаратқан ең бірінші пендесі Адам Атамыз өзін жаратқан Жаратушыны таныды, бұған куә болды. Жоғарыдағы тақырыптарда айтылғандай, біртәңірлі діндердің барлығы да мұны растайды һәм солай деп қабылдайды. Тәурат, Інжілде һәм Зәбүрде солай деп жазылған. Адам Атамыз бен одан кейінгі пайғамбарлардың барлығы да бәшериетке бір мәселені қайта-қайта ескертті, түсіндірді: ол, Аллаһ Тағаланың барлығы мен бірлігі мәселесі еді. Хақ Тағаланың барлығы мен бірлігіне бүкіл әлем, күллі жаратылыс куә. Аспан денелері, олардың ара қашықтығы, әлемдегі тепе-теңдік, әсілі, әр нәрсе бұл хақиқатты бізге паш етуде, тек көре білу керек.

Мәселем, адам баласы әлі аяқ баспаған жерлерге қарасаңыз, онда ең кәміл тазалықты, балансты, табиғи теңдікті көресіз. Бәрі жетеді, тыныштық жайлайды. Қашан сол жерге адам баласы аяқ басса, бұзақылық, қылмыскерлік, асылық, қантөгіс басталады. Демек, әлемде адам баласынан басқаның бәрі Рахмани заңдарға бағынған, сондықтан олардың наразылығы болмайды. Адам болса озіпе құдірет Иссі тарапынан берілген ақыл, ойлау нығметтерін пайдаланғанда ғана биік дәрежеге көтерілмек. Сондықтан, ол өзінің қалам жаратылғанына қараса жеткілікті. Шынында адам баласының сперманың жұмыртқаға егілуінен бастап, бұл дүниеге келуіне дейін басынан өткен сатыларды қарайтыы болсақ, Аллаһ Тағаланың шексіз құдіретін түсінер едік. Бұл дүниеге келмейтұрғандағы зуррият, яғни ұрық та Оның заңына бағынады; Аллаһ бұйырған сатылардан өтеді де туады. Туып, ер жеткен соң, ол не Иләһи заңды мойындап, сенушілерден болады, не кері қағып адасқандардан болады. Сондықтан, мүшриктер бізден бұрынғылар серік қосушы еді, бұл олардың қаталығы, біз неге олардың қаталығы үшін әлек болуымыз керек деп айтпауы үшін Аллаһ Тағала жаратылыс заңдарын мысалға келтіріп, егжей-тегжейімен түсіндіруде. Сонсоң, аятта зүррияттардың бөлек-белек куәлік бергенінің келтірілуінде де терең мағына жатыр; демек, әрбір зүррият озінің куәлігін берген, сірә, өзінің ғамалдарына өзі жауап бермек. Сондықтан, аталарымыз сондай жолда болған екен, біз шарасыз олардың істегенін істеуге мәжбүр болдық деген сылтау өздігінен дұрыс болмай қалады. Үйткеиі, әрбір зүрриятқа бөлек сапа мен бөлек ақыл берілді. Сол себепті, кері қағушылар ата-бабаларының өсиеті солай болғаны үшін емес, өздерімің ықтияры солай қалағаны үшін мойынсұнбады.

Мәселе хақты қабылдап, тура жолда жүруде. Хақты қабылдмағандар шайтанның жолына түседі, ол ең жаман жол. Мүшриктер бұрынғыларды айыптағанмен, өздерінің шайтанның жолында болғанын жасырғысы келді. Алайда, Аллаһ Тағалаға ор нәрсе аян-баян емес пе? Жаратқан Раббымыз тағы бір аятында бұрынғылардың қаталасқанын былай деп түсіндіреді:

"7/27: Ей Адам ұғылдары! Шайтан ата-аналарыңиың ұятты жақтарын (ғауратын) көрсету үшін киімінен айырып, Жәннеттен шығарғанындай, сендерді де алдамасын! Үйткені, ол шайтан мен оның әріптестері сендерді оларды көре алмайтын тұстарыңнан көреді. Шубәсіз, шайтандарды иланбаушылардың достары еттік! 7/28: Олар бір жамандық жасаған соң: "Әкелерімізді осы жолда таптық! Аллаһ та бізге мұны бұйырған еді" дейді. Ей Мұхаммед! Оларға айт: "Аллаһ жамандықты, ұятсыздықты бұйырмайды! Аллаһ атынан білмейтін нәрселеріңді айтып отырсыңдар ма?". 7/29: Айт: "Раббым әділетті әмір етті (бұйырды). Сәждеге жығылған сайын беттеріңді Оған қаратыңдар және дінді тек Аллаһ Тағалаға тән етіп, Оған жалбарыныңдар. Әуел баста сендерді жаратқаны сықылды (тағы да Оған) қайтасыңдар!".

Қазақ тілінде кісі өлгенде айтылатын "қайтыс болды " немесе "қайтты" деген сөздер, осы аяттың мағыасымен парапар. Адам баласының бас жауы шайтан екені анық. Аллаһ Тағала Адамды жаратқанда менмендігінің тұтқыны болған шайтам қарсы болған-ды. Сонсоң, ол, мақсатына жету үшін Адам Атамыз бен Хауа Анамыздың жәннеттен кетуіне себеп болды. Сондықтан, шайтанның шәрінен сақ болуларың керек. Шайтанның имансыздардың досы екенін ұмытпау керек. Мүшриктердің шектен шығып кеткені соншалық-кім, олар ұятты ағзаларын (ғаурат) беттері қызармай ашып жүруші еді де, осы қылықтары туралы "Құдайдың бұйрығы солай" деуші еді. Сондықтан, аятта мұның негізінде шайтанның бұйрығы болғаны, Аллаһ Тағаланың ешқашанда жамандықты, ұятсыздықты бұйырмайтұғыны ескертілуде. Сендердің бұрынғы ата-бабаларыңның иман етпегені де сондықтан. Сол үшін сендер шайтанның досы болмаңдар, иман етіңдер де құтылыңдар. Дінді Аллаһ Тағаладан болғанда ғана ұстаныңдар, Оған ғана құлшылық етіңдер деп түсіндіруге болады жоғарыдағы мүбәрәк аяттарды.

Шайтан азғырған адамның зиянға ұшыраушылардан болатұғыны даусыз. Пайғамбарымыз өзінің үгітіне құлақ аспай бұттарға табынуды жалғастырған адамдарды көргенде, кейіп ренжуші еді. Ол ғазиз елші ешбір адам баласының жаман жолға түсуіне, омірін босқа сарп етуіне әсте разы болмас еді, сондықтан мұңайғаннан кейде қатты азаптанушы еді;

"11/109: Сондықтан, олар құлшылық етіп жатқан нәрселер туралы (оларды азапқа жетектейтіні хақында) еш күмәнданба, Үйткені, олар бұрынғы ата-бабалырының істегеніндей-ак оларға табынуда. Біз олардың нәсіптерін (жазаларын) мұхаққақ кемшіліксіз береміз!".

Міне, осы аят арқалы мүшриктер бұттарға жасаған құлшылықтың бәрінің бекер екені һәм олардан бұрынғылардың жасағанының да еш болғаны тағы да бекітілді. Ислам діні, әрине, әке-шешені құрметтеуді, оларды ренжітпеуді, олардың тілін алуды бұйырады. Әке-шешенің разылығын алмай, оларды ренжітудің ең үлкен күнәлар қатарына жатқызылуы да сондықтан. Бірақ, әке-шешеге бағынудың да шегі бар; ол иман мәселесі, яғни, әке-шешесі Аллаһ Тағаладан басқаға иман келтіріп, құлшылық етуді бұйырса һәм Аллаһ Тағала харам еткен нәрселерге шақырса, олардың айтқанын орындамау керек, әке-шеше тұрмақ олардан бұрынғылар да сондай ширкке шақыратын болса, олардың да жолын ұстанбау керек делінеді.

Иесриб (қазіргі Мәдине) қаласына көшіп барған соң, сондағы йаһүдилер де пайғамбарымызға иман етпей, әр түрлі өсек-өтірік таратып, мұсылмандардың берекесін бұзуға һәм Мәдиненің жергілікті араб руларын Меккеден көшіп келген мұсылмандарға (мүһажирлер) айдап салуға тырысып баққан Аллаһ Тағала олардың бұл арам ойды іске асыруына рұқсат етпеді. Йаһүдилер қолдарындағы мұхарраф. Тәурат аяттарын бөлек-болек қағаздарға жазып алып, оларды елден жасырушы еді. Олар керек кезінде Тәураттағы хүкімдерді өзгертіп, қажеттерінше пайдаланушы еді. Пайғамбарымыз оларды Кітап Елі, яғни өздеріне бұрын пайғамбар жіберілген, кітабы бар, кітабилер деп өзіне жақын тартуға әрекет етуші еді. Олар бұтқақұлдардан гөрі хақ дінге дереу иман етуге тиісті еді: үйткені, кітаптарында ақыр заманда келетін ең соңғы пайғамбар туралы деректер сақталған-ды. Бірақ, йаһүдилер Оған иман келтірмеді. Олардың рахмет Елшісіне иман етпеуінің түбінде, өздерін арабтардан һәм басқа халықтардан жоғары санауы жэне бұрыннан тас боп бекіп қалған ата-баба жолын тастай алмағандық жатушы еді. Пайғамбарымыз олардың біле, көре тұра өзіне иман етпегеніне қатты қынжылып, күйзелуші еді. Аллаһ Тағала мына аятты түсірді:

"18/4: Және де "Аллаһ бала асырап алды "дегендерді де оятуың үшін 18/5: Не (Аллаһ бала асырап алды) дегендердің (йаһудилердің) не олардың ата-бабаларының бул туралы титтей де мәліметі жоқ. Ауыздарынап шыққан бұл сөз қандай үлкен сөз! Олар өтіріктен басқаны айтпайды. 18/6: Олар мына жаңа Кітапқа (Құранға) иман етпесе (және сол үшін әлек болса) қынжылыстан, тіпті, өзіңді жеп-бітірмекшісің".

Жәһилия дәуіріндегі арабтар: "періштелер Аллаһтың қыздары", йаһүдилер болса: "Ұзайыр Аллаһтың ұлы", ал христиандар: "Мәсіх (Иса) Аллаһтың ұлы" деген-ді. Христиандықта осы сенім иманның негізгі шартына айналған. Алайда, олардың қолында айтқандарын растайтын ешқандай мәлімет, айғақ жоқ екеніне қарамастан, олар құр әншейін аталары мен дін көсемдері айтқан соң солай сенуші еді. Яғни, сенген адамның да сүй деп айтқан рұһбанның да мәселеден хабары жоқ еді. Христиандардың Мәсіх туралы "Логос" (Сөз) деп айтқанына меңзеп, бұл айтқандарың қандай үлкен сөз болды деген мағына да соған саяды. Пайғамбарымыз олардың өзіне инанбағанын көргенде елшілік міндетін лайығынша атқара алмадым, Аллаһ Тағаланың дінін оларға лайығынша баяндай алмадым деп, көп қынжылып, тіпті азап шегуші еді. Сондықтан, аяттың аяғында олардың жолының қата жол екені ескертіліп, Расұлұллаһ жұбатылуда.

Кері қағушылар Құранның аяттарын тыңдаған кезде оның сөзінің өткірлігі, образдарының кереметтігі, ұйқастарының ғажайыптығы һәм бұрын-соңды кездеспеген теңеулерді, сез тіркестерін пайдалануы, тілінің тазалығы т.т. қатарлы қасиеттерін көріп, аң-таң болғанын мына аяттар тым әдемі суреттейді:

"23/54: Ендеше, оларды белгілі бір уақытқа дейін ғапыл һәм адасқан халде өз еркіне қоя бер! 23/55-56: Олар өздеріне берілген дәулет және ұлдар арқылы оларға жылдам ізгілік бермекпіз деп ойлай ма? Жоқ! Олар істің астарын ұға алмай жүр. 23/57: Раббыларына деген құрметтен дірілдеушілер 23/58: Раббыларының аяттарына инанғандар 23/59: Раббыларына серік қоспағандар (танымағандар) 23/60: Және де Раббыларына қайтатынын білгендіктен жосаған нәрселерін жүрегі (сезініп) дірілдеп жасағандар; 23/61: Міне, солар жақсылық үшін жүгіріседі һәм жақсылық үшін жарысады! 23/62: Біз ешкімді шама-шарқынан тыс нәрсеге жауапты қылмаймыз. Хұзырымызда (алдымызда) хақты ғана сәйлейтін бір кітап (Құран) бар және олар хақсыздыққа душар болдырылмайды. 23/63: Жоқ! Олардың (інкәршылардың) жүрегі бұл туралы надандықта, Сонымен қатар олардың бұдан басқа да жаман істері бар; оларды қайталап тұрады. 23/64: Аяғында, кеңшілік және молшылықпен өмір кешкендерін (дәулеттілерін) бір қиыншылыққа ұрындырғанымызда, олардың ойбайды салғанын көресің. 23/65: Бекерге ойбайламаңдар бүгін! Сірә, бізден сендерге болысу болмайды. 23/66: Үйткені, сендерге аяттарым оқылушы еді де сендер теріс бұрылып, менсінбеп кете беруші едіңдер! 23/67: Ашуға салынып, түнімен қаһарланып шығушы едіңдер! 23/68: Олар бұл сөз (Құран) туралы еш ойламады ма?

Яки олардың өзіне бұрынғы ата-бабаларына келмеген бір нәрсе келді ме?".

Жоғарыдағы аяттарда айтылғанындай, Аллаһ Тағала құлдарына Өзін танып, білу үшін қажетті нәрсенің бәрін берді. Байлық, дәулет берді. Ұлдар, ұрпақтар берді. Оларды молшылыққа, кеңшілікке жеткізді. Бірақ, адам баласы осыншама нығметтерден, риздықтардан кейін тура жолды мықтап ұстаудың орнына, жаңсақ жолға ұрынды. Тапқан дәулетті өзім таптым деді, ұлдарды өзім таптым деді. Дүниелік пен жақын көрген адамдарын өзіне сүйікті етті, сүйтіп, негізгі мақсат пен себеп өз жайында қалды да әлгі сүйіктілерді өзіне тәңірлер етті. Міне, содан бұтқақұлдық пайда болды. Алайда, ол бұттардың еш жазығы жоқ еді: үйткені, олар жансыз нәрселер еді, тас еді, ағаш еді, сүйек еді. Олардың адамды тура жолдан тайдыратын шамасы мем билігі де жоқ еді. Төмендегі аятта тәмсіли (образный) суреттелгси уақиға арқалы осы хақиқаттың асты сызылады:

"25/17: Сол күні Раббың олар мен олардың табынғандарып (тәңірлерін) бірге жинап, бұттарға айтады-кім: "Мына құлдарымды сендер жаңылттыңдар ма? жоқ өздері жолдан шығып кетті ме?" 25/ 18: Олар (бұттар): "Сен кемшіліктерден адасың Раббымыз! Сені мадақтаймыз. Сенен өзге достар иемдену бізге жараспайды; бірақ, Сен оларға және олардың ата-бабаларына сонша көп нығметтер бердің (ізгілікке кенелттің), аяғында олар Сені еске алуды ұмытты һәм әлек етілуге тұрарлық бір қауым болды!".

Құранның аяттары тек Меккелік мүшриктерге түсірілген емес. Құран қиямет қайымға дейінгі барлық адамзатқа жіберілді. Сондықтан, Оның аяттарының мағынасы орқашан да үлгі аларлық, ғибратты болмақ. Құранда бұрынғы пайғамбарлар меы олардың қауымдарының қиссаларының жиі келтірілуіндегі бір мақсат та осы болса керек. Олардың ғибратты хикаяларын оқығанда тәлім аламыз, сабақ аламыз. Солай бола тұра адам баласы өзінің нәпсісіне тым беріліп кеткендіктен, кейде сол ғибратты да ұға алмайтыны болады. Төмендегі аятта сана-сезімсіз жол қуғандардың халі көрсетіледі:

"31/20: Аллаһ Тағаланың көктердегі және жердегі нәрселердің барлығын сендердің әміріңе қаратып бергенін көрмедіңдер ме? Оның сендер көретін және көрмейтін нығметтерді толықсытып бергенін көрмедіңдер ме? Бірақ, адамдардың ішінде кейбіреулері не ғылымға, не бір жол көрсетушіге не болмаса нұрландыратын бір кітапқа сүйенбей-ақ, Аллаһ хақында талас-тартыс жүргізуде! 31/21: Оларға: "Аллаһ түсіргенге (жібергенге) бағыныңдар!" делінгенде, олар: "Жоқ! Біз ата-бабаларымызды қандай жолда тапсақ, сондай жолмен ғана жүреміз!" дейді. Ендеше шайтан оларды даулаған жәһаннамның азабына шақырған болса, сонда да ма? (сонда да олардың жолын қумақ па олар?)".

Шынында табиғаттағы байлықтың барлығы да адамның құзырында. Бұрынғылар білмеген байлықтардың, бұлақтардың біздің өмірімізде ашылғанына талай куә болдық. Бізден кейінгі ұрпақтар біз көрмеген риздықтарды көретін-ді. Аятта көрінеу һәм ғайып нығметтер туралы айтылғаны ерекше назар аударарлық. Содан кейінгі келтірілген критерияларға назар аударыңыз:

1-) ғылым

2-) жол көрсетуші (пайғамбар)

3-) нұрландырушы кітап (Құран)

міне, бұлар бізді тура жолға жетектейтұғын критериялар. Алайда, кейбіреулер бұларға жүгінбей-ақ құр дабырға сенуде. Пайғамбарымыз сонда да жан-тәнімен өзінің хабарлаушылық уазифасын орындады, өзіне жасалған жаңа һәм ауыр азаптарға қарамастан оларды құтылысқа шақырды. Інкоршылар сонда да былай деді:

"34/43: Алдарында ашық дәлелдер халінде аяттарымыз оқылғанда, ол залымдар: "Мынау (Мұхаммед) тек сендерді ата-бабаларың табынған тәңірлерден тыйғысы келетін адам" деді. Және де: "Бұл (Құран) ойдан қиыстырылган өтіріктен басқа ештеңе емес" деді. Ол кері қағушылар, өздеріне хақ келгенде: "Мынау ап-анық сиқыр ғана, басқасы еме".

Алайда, оларға (арабтарға) Құраннан бұрын кітап, Расұлұллаһтан бұрын пайғамбар жіберілген емес-ті. Сондықтан, олар мұндай ерекше уақиғадан хабарсыз еді. Бұрын бізге мәлім болмаған мына жағдайды түсінейік, тыңдайық немесе бізге де елші жіберілді, кітап жіберілді деп қуанудың орнына олар ата-бабаларынан мұндайды естімеген соң һәм ата-бабаларының жолына қарсы болған соң Исламды менсінбеді, мұсылмандарға шабуыл жасады. Олар өздеріне Аллаһ тарапынан жіберілген хақ пайғамбарды жалғандады. Олардан бұрынғы қауымдар да пайғамбарын жалғандағанды. Арабтар христиан уә йаһүди саудагерлерден ертеректе болған қауымдардың хикаяларын естіп, әсіресе, әлек болғандардың тарихынан құлағдар еді. Төмендегі аят бұған меңзейді:

"14/9: Сендерден бұрынғылардың, Нұх, Ғад һәм Семуд қауымдарының және олардан кейінгі санын Аллаһ гана білетін қауымдардың хабары сендерге жетпеді ме ? Пайғамбарлары оларға муғжизалар көрсеткенде, олар қолдарымен пайғамбарларының аузын жауып былай деді: "Біз сендерге жіберілгенді кері қақтық және сендер шақырған нәрсе туралы терең күдіктеміз". 14/10: Пайғамбарлары оларға былай деді: "Көктер мен жерді жаратқан Аллаһ туралы күдік бар ма? Алайда, Ол, сендердің күнәларыңның бір бөлігін кешіру және сендерді белгілі бір уақытқа шейін жасату үшін сендерді хақ дінге шақыруда!". Олар пайғамбарларына былай деді: "Сендер де біздер сықылды жай адамсыңдар. Сендер бізді ата-бабаларымыз сиынған нәрселерден қайыруды қалайсыңдар. Сондықтан, бізге тым анық бір дәлел әкеліңдер". 14/11 "Пайғамбарлары оларға былай деп жауап қатты: "Иә, біздер де құдды сендер сықылды жай адамдармыз. Бірақ, Аллаһ нығметін (пайғамбарлықты) құлдарынан қалағанына береді. Аллаһ Тағаланың рққсатынсыз біздің сендерге дәлел әкелу мүмкіндігіміз жоқ. Имандылар тек Аллаһ Тағалаға сүйенсін!".'

Бұрынғы пайғамбарлардың ғибратты тарихын білмек керек. Өздеріне жіберілген елшілердің аузынжапқан қауымдар шындығында хақиқаттың үнін жапқан-ды. Иә, оларға не болды? Олар қайда қазір? Бәрі де жоқ болды емес пе? Әрине, олардың аты-жөнін Аллаһ ғана біледі; Адам пайғамбардан бері қарай канша қауымдардың өткенін қанша ұрпақ ауысқанын Ол ғана білмек. Сондықтан, кейбіреулердің Адамнан бері қарай пәленше жыл өтті дегені тура болмайды. Меккелік мүшриктерге олардың ақибетін ескерткен Пайғамбарымыз, бұл жолы иманға келулерін сұрады. Олар ізгі ұсынысты тағы да кері қақты. Інкәр еткен кейбір қоғамдардың қазіргі жағдайын ғибраттылықпен көрудеміз; әлеуметтік жарылыстар, ұрпақтардың қашықтығы, жыныстық аурулар, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, сатанизм (шайтанғатабыну), рухани аурулар т.т. Бұлар әлек емегенде немене? Әлек дегеніміз міндетті түрде табиғат апаты боп келмейді. Тарих қайталанатын уақиғалардан тұрады деп бекер айтылмаған секілді. Бүгінгі ұрпақтар да кері қағушылықтың зиянын, зардабын көріп жатыр. Оларды осы зобалаңнан Ислам ғана құтқара алмақ!

Ата-баба жолы деп Аллаһ Тағаланың бұйырғанынан басқа жолды ұстанғандардың ақибеті өте аянышты болмақ. Олар хақында Құранда былай делінген:

"37/68: Бұдан соқ олардың баратыны (қайтарылатыны) жалындап тұрған от болмақ! 37/69: Олардың ата-бабаларының адасқандар екеніне күдік жоқ! 37/70: Бірақ та олар (көрсоқырлықпен) ата-бабаларының ізімен жүгіруде!".

Фатиха сүресіндегі "Дін күнінің Иесі" деген аяттағы "дін" сөзін тәфсіршілер: жаза күні, қиямет күні, хүкім күні деп түсіндіреді. Ол күні Раббымыздыд алдында бұл дүниедегі жасаған қылықтарымыз бен сеніміміз бойынша есеп береміз. Аллаһ Тағаланың жолында жүргендер мен ата-бабаларының жолында (Рахманның жолына қайшы жолда) жүргендер жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет