Қорытынды
Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы тиылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мындап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар. Міндет – жастарды қалаға қанша үгіттеуде емес, оларға ауылдық жерде мәдениетті, өркениетті, білікті тіршілік жасауына жағдай туғызуда болып отыр.
Қазір Қазақстанға шет елдерден ет, сүт тағамдарын тасымалдағанды көріп жүрмін. Бұл – жақсылық емес. Яғни, Қазақстан басқа елдердің адамдарын жұмыспен қамтамасыз етіп келеді деген сөз. Бұл олқылықты түзету үшін ауылдық жерде өндірілетін өнімдердің өзіндік құны шетелдік тауарлармен салыстырғанда төмендеу болу керек те, сапасы кем болмауы тиіс. Бұл айтар ауызға ғана жеңіл міндет ғылыми тұрғыдан жан-жақты жоспарланған жағдайда, компелексті шаралар жүзеге асырылғанда ғана талапқа сай болмақ. Сонда ғана егемендіктің де, келешектің де талабына сай экономика бой көтереді.
Қазақстанның ерекшелігі – біздің мемлекетте жер көп, адам аз. Мемлекетіміздің жерін кісі басына шақса Қазақстан әлемде Австралиядан кейінгі екінші орында тұрады. Қазақстанның жерінің табиғаты бай, өз халқымызды ғана емес, басқа елдердің халықтарына да астық, ет, сүт, жүн, тері беріп тұрарлық келешегі бар. Еліміздің жер байлығы бүкіл әлемнің игілігіне жарауы қажет. Бұл – Қазақстанның, қазақ халқының адамзат алдындағы абыройлы борышы деп түсінсек абзал болмақ .
Ал, жерді сату керек пе, сатпау керек пе деген мәселеге келсек, бұл - өте ауыр сұрақ, бір кісінің пікірі ақыл болмайды деп ойлаймын.
Егер жерді шынымен сатамыз деген үкіметтің тиянақты пікірі қалыптасса, онда қате жіберіп, қалт кетпеу үшін бүкілхалықтық референдум өткізу керек деп ойлаймын.
Әлемде ауыл шаруашылығы озық, жерінің өнімі өзінен артылып жатқан, жердің өнімін сатып, өркениетті өмір сүріп жатқан бірнеше мемлекеттер бар. Солардың астықтан бірегейі – Канада, ет пен сүттен озығы – Голландия. Бұл екі мемлекетте де шет елдерге сататын миллиондаған тонна бидайдың, жүз мың тонналаған ет пен сүт қоры бар. Осы екі мемлекетте де бір заманда жерді қалай пайдалану керек деген мәселе көтерілген екен. Ұзақ пікірталастан соң екі мемлекетте шаруаларға пайдалануға, яғни арендаға беріледі. Егер алғашқы бес жылдың ішінде шаруа бөлінген жердің дұрыс пайдаланса, онда аренданың мерзімі он жылдан жиырма жылға дейін ұзартылады. Канада ауыл шаруашылығы негізнен кооперативтелінген, жан-жақты механизацияланған. Сапасы төмен техника сатуға үкім бойынша тыйым салынған. Бұл елде астықты біреу өндіреді, екіншісі – дереу сатып алып өндейді, үшіншісі – үкіметтің бақылауымен ішке және сыртқа сатады. Сол бір – бірімен байланысты ұжымдардың бәрі бір кооперативтің мүшесі. Басқаға (яғни, жеке саудагерлерге) жол жоқ . Егер астық шет елге қымбаттау сатылса, одан түскен таза пайданың тиісті мөлшерін өндірушілерге қайтарып береді екен. Сол сияқты Голландияда да ет, сүт өндіру, өндеу кооперативтің қолында. Ал, оны шетке сату негізінен үкіметтің құзырында. Табиғат құбылып тұрады ғой. Егер құрғақшылық, не су тасқыны сияқты апат болып, қиыншылық күн туа қалса екі мемлекеттің де шаруалары қамқорлықсыз қалмайды. Оларға үкімет қорынан дереу жеткілікті мөлшерде жәрдем көрсетіледі. Назар аударыңыз – қарыз емес, жәрдем. Бұл қиын-қыстау ауа-райы кезінде шаруалар дағдарып қалмау үшін әдейі жүзеге асырылатын ақылды шара ғой. Бірнеше мемлекеттерде осындай қор бар. Ауа-райы біздегі сияқты құбылып тұратын Қытайда бұл қордың мөлшері аз болмаса керек. Егер біздің елде де осындай мәселелер жан-жақты қаралып, шешімін тапса дұрыс болар еді.
Ал, жерді сату не береді? Одан мемлекет, халық не пайда табады? Жер – нан емес «Бір тойғанның» қамымен жер тағдырын шешу қате болып жүрмесін. Ал, жерді шет елдің азаматына сату қауіпті қателік болар еді депекпін....
Ең соңғы мәселе – Қазақстан сияқты жер байлығы соншама мол мемлекеттің де, оның халқының да келешегі жарқын. Барлық әңгіме – жерді ұтымды пайдалану шараларын мемлекеттік стратегиялық міндеттермен ұштастыра отырып шешуді келешек ұрпақтың үлесіне қалдырмай, осы күннің өзінде қолға алып, ғылыми негізде жүзеге асыруда болса керек.
Ауылға қолдау жасау үшін мемлекеттік бюджеттен үш жыл ішінде 150 миллиард теңге бөлу белгіленген. Олар қандай мақсаттарға жұмсалмақ?
Елбасының «ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» деп аталатын Қазақстан Халқына жолдауында ауылды /селоны/ жаңғырту еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының базалық басымдығы деп анықталды. Президент өзінің Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және серпінді дамуы, оның экономикасының қазіргі заманғы рыноктық принциптер бойынша тез көтерілуі ауылды көтерудің басты факторы болып қала береді деп көрсетті.
Республикалық бюджеттік комиссия 2003 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын жасаған кезде Президент Жолдауында айтылған міндеттерді шешу қажеттігін ескере отырып 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басымдық бағыттарын анықтады. Аграрлық секторды дамыту және ауылды \селоны\ жайғастыру жөніндегі басымдықтар шеңберінде ондай міндеттерге мыналар жатады:
-
Ауыл шаруашылық өндірушілерді қолдаудың несиелік және лизингтік тетіктерін дамыту;
-
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге ақшалй жәрдем жасау;
-
Өсімдіктерді жаппай зиянкестер мен аурулардан, малды – аса қауіпті және жұқпалы аурулардан қорғау;
-
Тұрғын мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
-
Селолық инфрақұрылымды құру және қайта құру;
Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы №889 жарлығымен Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы бекітілді. Осы құжатқа сәйкес мемлекет село экономикасына 2003-2005 жылдар ішінде 150 миллиард теңге бөлуді жоспарлауда. Осы қаражат есебінен мал мен өсімдіктің аса қауіпті ауруларына диагностика, мониторинг жасауды және олармен күрес жүргізуді, карантинді өнімге лабороториялық және фитосанитарлық талдауды, ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын сынақтан өткізуді, суармалы жерлерді мелиоративтік бағалауды, мемлекеттік резервтегі астықты сақтауды, элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды малдарды сақтау мен өсіруді жүзеге асырып, минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға ақшалай көмек көрсету және басқаларды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ аграрлық саланың қаржы жағынан тұрақты жұмыс істеп тұрған субьектілеріне де қолдау көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған: мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу, ауыл шаруашылық техникасының лизингісіне несие беру, көктемгі егін салу және егін жинау жұмыстарын атқаруға жергілікті бюджеттерге несие беру, селолық несие беру және басқалар.
Бұдан басқа мемлекет жыл сайын 2004-2005 жылдары:
Осыған орай Қазақстанның қалаларының әкімдері нақты шараларды ойластырып, жүзеге асырса құба-құб болар еді.
Баяғыда Мұса деген ақылды ақсақал болған екен. 1949 жылы ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету туралы СОКП Орталық Комитетінің қаулысы шығып, соны талқылаған жиында ақсақал мінбеге шығып, аудан басшыларына:
-
Сіздер қоштаймыз, құптаймыз деп бізді үгіттегенше, анау қаңқиып тұрған бес тракторды жөндеуден өткізіп, екі жүз күрек пен бес мың қап жеткізіп беріндерші. Басқа істі бізге қалдырыңдар, - деген екен.
Сол айтқандай, барлық қаланың әкімшілігі жалпы сөзбен гөрі ауылдық жерге нақты іспен жәрдемдесіп отырса болар еді.
Қазақтың «көп түкірсе – көл» деген мақалы осындайдан туған емес пе?!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы.1997.32-44 бет.
-
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 1997 жылғы шілде. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 жыл. №17-18, 216 құжат.25-34 бет.
-
Қазақ ССР-індегі тұтыну корпорациясы туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомстары. №51 1990 ж. 38-44 б.
-
Постановление Кабинет Министров Республики Казахстан от 22 октября 1992 года №886 «О новых условиях оплаты труда на основе Единой тарифной сетки для всех категории работников народного хозяйства». Вестник ВС РК. 1993 г. №5. 100-107 бет.
-
Закон Республики Казахстан «О внесении дополнении в Указ Президента РК, имеющий силу Закона, «О налогах и других обьязательных платежах в бюджет Алматы, 30 октября 1997 г, №175-13 РК 75-82 стр.
-
Ф.Г. Панкратов, В.К. Памбухчинянц. Коммерция и технология торговли. Москва, 1994 г. 56-63 стр.
-
Болт Г.О.Ж. Практическое руководство по управлению сбытом. Перевод с английского. Москва, Экономика, 1991 г. 36-42 стр.
-
Сейдахметов А.С., Байбараков Е.Б. Рынок и социальная программа. ҚазМБА, 1998, №4. 25-27 стр.
-
Сейдахметов А.С., Аяганов Қ.Т. Становление и развитие крестьянских (фермерских) хозяйств в АПК Казахстана. Казахстан на современном этапе экономической реформы. Сб. Научных трудов посвяшенное 150 летию Абая Кунанбаева. Алматы. КазГАУ, 1996 г.45-52 стр.
-
Аубакиров.Я.А. Аграрный сектор в условиях рыночной экономики. Алматы, 1991г. 36-89 стр.
-
Концептуальная программа развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 1993-1995 годы и до 2000 года. Научно-издательский центр «Бастау», 1994 г. 63-67стр.
-
Агробизнестің экономикалық негіздері. Алпыспай Сейдахметов. Алматы. «Экономика». 2001 жыл. 89-97 бет.
-
Оспанов.М.Т., Аутов.Р.Р., Ертазин.Х. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі. Алматы., 1997 жыл. 35-67 бет.
-
Жатқанбаев.Е. Аралас экономика негіздері. Алматы, 1996 жыл. 12-53 бет
-
Ғ.Н.Нұрышев Ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың қалыптасуының кейбір мәселелелері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1997 жыл. 75-100 б.
-
Сахариев С.С., Сахариев А.С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы (оқулық). Алматы: «Дәнекер», 2004жыл. 70-151 бет
-
Сахариев С.С, Сахариев А.С. Әлем экономикасы. (оқулық) І-бөлім. Алматы, Дәнекер, 2003жыл. 27-44 бет.
-
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның егеменді мемлекетретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Егеменді Қазақстан. 1992 ж. 16 мамыр.4-5 бет.
-
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан-2030, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - Егемен Қазақстан, 1997, 11 – қазан,14-бет.
-
Әлеуметтік-экономикалық реформаны тереңдету үшін кезек күттірмейтін шаралардың бағдарламасы. Егемен Қазақстан 1993 ж. 10 сәуір.2-3 бет.
-
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 1997 жылғы шілде. ҚР Парламентінің Жаршысы, 1997 ж. №17-18, 216 құжат.6-9 бет.
-
Қазақстан Республикасының Заңы. Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы. Егемен Қазақстан. 30 желтоқсан, 1998 ж.3-бет.
-
Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңы. Егемен Қазақстан, 6 ақпан, 2001 ж. 4-бет.
-
Ақиқат. №6.2003 жыл.26-33 бет.
-
Ақиқат. №4.2002 жыл.38-45 бет.
-
Ақиқат. №3. 2002 жыл. 16-23 бет.32-47 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |