Мазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны


IІ. Корпорациялық табыс салығының есептеуде жылдық жиынтық табыс



бет5/10
Дата19.05.2022
өлшемі145 Kb.
#457502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мазм ны кіріспе I жылды жиынты табысты есептеудегі салы тарды

IІ. Корпорациялық табыс салығының есептеуде жылдық жиынтық табыс
2.1 Корпорациялық табыс салығының субъектілері және объектілері
Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәір орын алады (27,7%). Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент-заңи тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңи тұлғалар төлейді . Корпорациялық табыс салығының объектілері: 1) Салық салынатын табыс; 2) төлем көзінде салық салынатын табыс; 3) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы болып табылады.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңи тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Негізгі шектерде бұл механизм заңнамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңи тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейді.
Жаңадан енгізілген 119- бап бойынша корпорациялық табыс салынған төлеушілер қатарына мұнай- химия өнеркәсібіндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай- ақ бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықтағы кезеңде мемлекеттік тіркеуден өткен;
2) өндірістік мақсаттағы (толық технологиялық цикл бар) обьектілерін мемлекеттік қабылдау комиссиялары 1- тармақшада көрсетілген кезеңде пайдалануға қабылдаған;
3) жылдық жиынтық табысының кемінде 90 проценттік Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндірілетін мұнай және (немесе) газ өнімдерін өндеуге негізделген жеке өндірісінің тауарларын өткізуден алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;
4) өндірістік мақсаттағыобъектілеріне инвестициялардың ең төменгі көлемі тиісті қаржы жылына арналған республткалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бес миллион айлық есептік көрсеткішті құрайтын жеклеген ұйымдар жатады.
119-1-баптың күшін қолданылмайтын заңды тұлғаларға жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін тауарлар өндіретін ұйымдар және арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет