Мазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны



бет6/10
Дата19.05.2022
өлшемі145 Kb.
#457502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мазм ны кіріспе I жылды жиынты табысты есептеудегі салы тарды

2.2 Жылдық жиынтық табыс
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексіне сәйкес жасалған түзетулерді ескере отырып, заңнамалы түрде белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық заңнамасына сәйкес түзетулерге тиіс.
Резидент-заңи тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс(алынған) табыстардан тұрады. тҚазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңи тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.
Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері кіріктіріледі:

  1. тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;

  2. үймереттерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімімен түсетін табыс;

  3. міндеттемелерді есептеп шығарудан түсетін табыстар;

  4. күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;

  5. мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

  6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;

  7. борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар:

  8. кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар

  9. шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар;

  10. кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар ;

  11. ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;

  12. бұрын негізсіз ұсталып, бөджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері, егер сомалар бұрын шегеріп тасталмаған болса;

  13. бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

  14. өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;

  15. дивидендтер

  16. сыйақылар;

  17. оңбағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айрма сомасынан асып кетуі;

  18. ұтыстар;

  19. роялти;

  20. әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артығы.

Алынған жиынтық жылдық табыс түзетілуі, яғни салық төлеушінің бұл табысынан мыналар алынып тастауы тиіс:

  1. Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент-заңи тұлғасынан алынған дивидендтер;

  2. Эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және эмитенттің өз акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі;

  3. Қор биржасының “А” және “В” ресми тізімдерін тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімімен алынған табыс;

  4. Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;

  5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің құны;

  6. Мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі негізгі құрал-жабдықтардың құны;

  7. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет