Мазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны


Жылдық жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер



бет7/10
Дата19.05.2022
өлшемі145 Kb.
#457502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мазм ны кіріспе I жылды жиынты табысты есептеудегі салы тарды

2.3 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер
Шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуі тиіс.
Салық шегерімдері деп салық төлеушінің заңнамамен реттелмеген шекте жиынтық жылдық табыс алумен байланысты шығындарын айтады. Оларға өткізілген тауарлар, қызметтер көрсету бойынша шығындар мен басқа шығыстар, соның ішінде мына шегерімдер жатады:
Қызмет бабындағы іс-сапарлар кезіндегі және өкілдік шығыфстар бойынша өтем сомалары;
Сыйақы бойынша
Төленген күмәнді міндеттемелер мен күмәнді талаптар бойынша;
Резервтік қорларға аударымдар бойынша;
Ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша
Сақтық сыйақылары жөніндегі шығыстар бойынша;
әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстар;
табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа шегерімдері;
теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуінен шегерім;
есептелген шекте мемлекеттік бюджетке төленген салықтар бойынша (оларға: жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейін есептеп шығарылатын салықтар; Қазақстан аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы; үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды).
2.4 Жылдық жиынтық табыс негзіндегі корпорациялық табыс салығының ставкасы
Қазақстан Республикасындағы қызметтерін тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысына 15 процент ставка мөлшерінде салық салынады. Бұл ретте айта кететін басты жәйт, резидент емес заңды тұлға өзінің тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырған қызметтеріне орай тапқан табыстары бойынша бірінші кезекте салық салынатын табысынан 30 проценттік ставка (егер негізгі өндіріс құралы ретінде жерлерді пайдаланса салық салынатын табысынан 10 проценттік ставка) көлемінде салық төлеуге мәжбүр болады.
Ал 15 проценттік ставка есептелгнен корпорациялық табыс салығының (30 немесе 10 проценттік ставкалар бойынша) сомасы алынып тасталған таза (яғни салық салынатын ) табысқа белгіленеді.
Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді – Салық кодексінің тиісті бабында белгіленген тәртіпке сәйкес салық кезеңі ішінде аванстық төлемдерді енгізу жолымен жүзеге асырады және сол төленілетін аванстық төлем сомаларын салық кезеңі ішінде тең үлестермен төлейді.
Салықтық кезеңі ішінде төленетін корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеуші ағымдағы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салғының болжамды сомасын негізге ала отырып, бірақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етіп есептеп шығарады.
Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда корпорациялық табыс салығына қосымша, бейрезидент-заңи тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылған қызметінен алынған таза табысына 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Таза табыс деп есептелген корпорациялық таза табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табысты айтады.
Салық төлеушілері корпорациялық табыс сағын төлеуді өзінің тұрып жатқан орын бойынша жүзеге асырады және бұл салық бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде белгілі мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.
Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі мағлұмдама бойынша есептеп шығарылған оны төлеу есебіне жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет