Мазмұны кіріспе І тарау. ҚАзақстан республикасы экономикалық-географиялық дамуына сипаттама



бет7/14
Дата02.01.2022
өлшемі140.39 Kb.
#452541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Санду диплом

1-сызбанұсқа. Табиғи орта құрамы.
Қазақстанның жер бедері алуан түрлі. Оған тән ерекшелік оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа аласарып, оңтүстік және шығысын биік тау массивтері қоршап жатуында. Қазақстанның жазықты жерлері басым болып, ол республика аумағының 90 пайызын алып жатыр.

Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-шығысына Батыс Сібір ойпатының оңтүстік жиегі еніп жатса, қиыр батысында Каспий бойы ойпаты, оңтүстік батысында Тұран жазығы, шығысы мен солтүстігінде Қазақтың ұсақ шоқылы өлкесі - Сарыарқа мен Тарбағатай жотасы, оңтүстігіндегі Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань арасында Балқаш, Алакөл ойысының аласа жазығы орналасқан. Жер бедерінің мұндай жазық болып келуі өсімдік шаруашылығын дамыту, өнеркәсіп құрылыстарын салу және байланыс жолдарын жүргізуге қолайлы болып келеді.

Жер бедері мұхит деңгейінен төмен жатқан кең байтақ ойпаттардан , биіктігі 5000 м дейін баратын биік тау жоталарына дейін көтеріледі.Таулар республика аумағының 10 пайызын алып жатыр. Бұл Іле (Жоңғар) Алатауы, Алтай, Тянь-шань, Сауыр Тарбағатай таулары. Мұндай таулы аймақтардың мұздықтары мен мәңгі қары егістіктерді суару және одан басын алатын өзендер арзан электр энергиясын өндіру көздері болып табылады. Ал шырынды шөптесін өсімдіктер өскен тау беткейлері мен тауаралық аңғарлармал шаруашылығы үшін жазғы жайылым-жайлау, халықтың демалу орны болып табылады.

Өте кең аумағы бар Қазақстанның климаты өзінің алуан түрлілігімен көзге түседі. Қазақстан аумағында Орталық Азияның ыстығы мен Сібірдің қатаң суығы тоғысады. Аумағының солтүстіктен оңтүстікке едәуір жерге созылып жатуы дала зонасынан шөл зонасы климатына біртіндеп өтуге мүмкіндік береді. Республика аумағы әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп жетілуіне қажетті жылуды жеткілікті алады, бірақ Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аудандарының климаты жағынан бір-бірінен айырмашылығы байқалады.

Температуралық режим егіншілікке қолайлы. Тұрақты тәлімі, яғни суарылмайтын егіншілік республиканың жылына 300-400 мм жауын-шашын түсетін солтүстік бөлігіндегі ең құнарлы қара топырақты орманды дала және дала зоналарында дами алады [Е.Ахметов, Г.Е.Бердіғұлова, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқу құралы, Алматы,2011].

Еліміздің аумағында сан-алуан пайдалы қазбалар орналасқан. Менделеев кестесінде кездесетін 105 элементінің 99-ы Қазақстанда табылған, оның 70-нің қоры анықталған, қазір 60-тан астам элемент өндіріске енгізіліп қолданылуда.

Қазақстан дүние жүзі бойынша мырыштың, вольфрамның және бариттің зерттелген қорлары бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хром қорлары бойынша – екінші орын, мыс пен флюорит қорлары бойынша – үшінші орын, молибден қорлары бойынша – төртінші орын, алтын қорлары бойынша – алтыншы орын алады. Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрі бар 493 кен қазба орны белгілі болып отыр.

Ал ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан хром рудалары және қорғасын бойынша – бірінші орын; мұнай қорлары, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфор шикізаты бойынша – екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орын алады.

Республика күміс, хромит, қорғасын және мырыш өндіруден ТМД елдерінің арасында – бірінші орын, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізатын өндіруден – екінші орын, алтын өндіруден үшінші орын алады. Қазақстанның батыс өңірінде мұнай мен газдың айтарлықтай мол қоры жинақталған, бұл елімізді әлемдегі мұнай өндіретін ірі мемлекеттер қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Оңтүстік Торғай ойпаты маңынан мұнай шығатын жаңа ауданның ашылуы республиканың мұнай өндіру саласының болашағын одан әрі кеңейтеді.

Қазақстанның пайдалы қазбалар қорын геологиялық-экономикалық бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңызы жағынан көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромит, алтын, марганец алдыңғы қатарда тұр.

Қазақстан дүние жүзінде пайдалы қазбалар байлығымен көзге түседі. Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы ашылған, оның жетпісі зерттеліп , алпысы шаруашылыққа пайдаланады. Ғалымдардың эксперттік баға беруі бойынша, табиғат ресурстарының қоры бойынша дүние жүзінде Қазақстан алтыншы орында, ал мұнай мен табиғи газ қоры бойынша алғашқы он мемлекеттің қатарында деп есептейді. Ғалымдардың айтуынша, зерттелген табиғат қоры АҚШ долларымен 10 трлн.-ға бағаланып отыр. Мұнай, көмір, темір, хром және марганец рудасы, көптеген түсті металл рудалары, фосфат қорлары бойынша жан басына шаққанда Қазақстан дүние жүзілік орта көрсеткіштен әлде-қайда асып түседі. Табиғат ресурстары мен энергетиканы пайдалану мәселелерімен ғылыми айналысатын Массачусете технология институтының докторы Даниель Файнның бағалауы бойынша, Кеңес Одағы ыдырау кезеңінде (1991) Қазақстанның үлесі: хром рудасы - 90%, барит - 88, фосфорит - 65, вольфрам - 38, қорғасын - 33, никель - 33, молибден - 29, мыс рудасы - 26, боксит - 22, асбест - 20, темір рудасы - 15, марганец - 13, көмір 12 %-ға тең келді. Ал, мұнай мен газ, титан, магний, қалайы, уран, алтын, германий, индий, теллур, селен, цирконий, кадмий, галий сияқты пайдалы қазбалар ресурсынан дүние жүзінде алдыңғы қатарда орын алды. Қазіргі уақытта дүние жүзінде (газ және қымбат металдар рудаларынан басқа) 9 млрд. т. минералдық шикізат өндіріледі. Оның құрылымы 84,6 %, отын-энергетикалық ресурстар, қара металл рудалары – 7,9; түсті металл – 1,9; қалған ресурстарға 5,6 % тиесілі. Минералдық шикізат өндіруден дүние жүзілік иерархияда Қазақстан жылына 100 мың т өндіріп, 13-ші позицияны алады, мұнай мен газды қосып есептегенде 18 орында тұр. ТМД елдерінің ішінде бұл көрсеткіштен Ресей – 5-ші , ал Украина 10-шы орында. Қазақстанның тау – кен өнеркәсібі дамыған басқа елдерден айырмашылығы шикізаттың көптеген түрлерінің өндірілуі және кейбіреуіне қорынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 9-шы орында, ТМД елдерінде екінші орында иемденеді. Қоры жағынан әлемде бірінші орында: мырыш (13%), вольфрам, барит және ваннадий, рений, висмут, фтор; екінші – уран (25), күміс, қорғасын (20) және хромит (30); үшінші – асбест, мыс (10 %), флюорит, марганец және волластонит; төртінші – молибден; алтыншы – фосфорит және алтын; жетінші – темір рудасы; 13-ші мұнай, 16-шы орында – табиғи газ; қазақстандық Каспий қайраңында геологиялық барлаулардың болжамы бойынша, Қазақстан мұнай мен газ қорынан алғашқы алты елдің қатарына кіруі мүмкін [5].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет