Мазмұны кіріспе І тарау. ҚАзақстан республикасы экономикалық-географиялық дамуына сипаттама



бет5/14
Дата02.01.2022
өлшемі140.39 Kb.
#452541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Санду диплом

Жұмыстың теориялық негізі: Соңғы кезде жарық көрген әдебиеттер мен мерзімді баспа сөздерде жарияланған еңбектер және интернет беттері пайдаланылды. Жұмыстың мазмұнын аша түсу мақсатында салыстырып бағалау, баяндау, математикалық, тарихи және картаграфиялық әдістер пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Жұмыс құрамында 9 кесте, 4 карта, 6 сурет бар.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНА СИПАТТАМА
1.1 ҚР физикалық географиялық орналасу ерекшелігі
Кез келген мемлекеттің, сондай ақ Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық орыны физикалық-географиялық орынының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Мемлекеттің Еуразия материгінің ортасында, Атлант, Тынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта,Үнді мұхитынан біршама алыста орналасуы, ішкі континенталдық орнына байланысты табиғат жағдайлары тәуелді болуы: айқын қатты-континенталдық климат, көпшілік ішкі өзендердің теңіздер мен мұхиттарға құймауы, территориясынан батыс және солтүстік ауа массаларының кедергісіз ауысуы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан шекарасындағы таулардың (Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы) барьерлік климаттық рөлі және беткейлерінде жауын-шашынның (ылғалдылық) аккумуляциялануы сол мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның шаруашылығын тиімді орналастыру мен территориялық ұйымдастыру үшін экологиялық-географиялық орынының ерекшелігін де білген дұрыс болады. Мұдай ерекшеліктерге мыналар жатады: біріншіден, Жер планетасы атмосфера қабатының оттегімен толықтырылып отыратын экожүйеге негізінде орман мен шабындық жатады десек, жаһандық ауа айналымы үрдісінде Қазақстан оттегін тұтынушы аймақ болып есептеледі. Себебі орман көлемі барлық республика территориясының 2,8%-ын алып жатса, шабындықтың үлесі 2% ғана жетеді. Екіншіден, Қазақстан халқының тығыздығы 1ш.ш. 5,5 адам болып келеді, яғни сирек орналасқан елге жатады, оның ішінде 50% территориясында халықтың тығыздығы 1 адамнан аспайды, мұнда 18 млн. га жыртылуға жарайтын топырақты жер ресурстары бар (оның 35 млн. гектары жыртылған), яғни Қазақстан стратегиялық жер ресурстары қорымен ерекшеленеді. Үшіншіден, Қазақстан биосфералық экологиялық қауіпті аймаққа жатады. Мұнда биосфераға жаһандық әсері бар Арал теңізі, Семей ядролық полигоны, әскери – ракеталық сынау полигондары, "Байқоңыр" космодромы сияқты экологиялық нысаналар орналасқан. Төртіншіден, Қазақстан геожүйесі (ландшафты) (45 % - шөл, 20 %-ы – таулы аймақтар) антропогендік әсерлерге тұрақсыздығымен, берік еместігімен сипатталады. Мысалы, пайдалануға жарайтын 80 млн. га жердің 61 % шөлейттенуге жылдам шалдығады.

Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы 13311 шақырым, солтүстігі және шығысында Ресей мемлекетімен шектесіп жатыр, оның ұзындығы – 7591 км, оңтүстік-батысында Түркменстан 380 км, оңтүстігінде Өзбекстан 2300 км, Қырғызстан 980 км, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен 1460 км шектеседі. Сонымен бірге Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан мемлекеттерімен Каспий теңізі арқылы жалғасады. Оның қазақстандық бөлігінің ұзындығы – 600 км. Батысында Волга жағалауына жақын жерден, шығысында Алтай тауларына дейінгі ара қашықтық 3000 шақырым болса, солтүстік шекаралық нүктеден оңтүстігіне дейін 1800 шақырым қашықтықты алып жатыр. Территорияның үлкендігін республиканың екі сағат белдеуінде орналасуы көрсетеді.

1 сурет. Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы


Біраз тарихшы-ғалымдар Қазақстанның шекарасының құрылуын XV-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығының құрылуымен байланыстырғанмен, негізінде ол Кеңес үкіметі кезінде анықталды (1920 ж. Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының, одан кейін 1936 ж. Одақтық республикаға айналуына байланысты). Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасы көршілес елдермен (Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Қытай) шекарасы өркениеті екі жолмен: делимитация және картаға түсіру екіжақты келісім арқылы шекараның орыны мен бағытын анықтау және демаркация – жергілікті (микродеңгейде) шекараның орынын нақтылы белгілеу арқылы жүзеге асты [1].

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы толығымен анықталып, екіжақты қазақстан – қытай, қазақстан – өзбекстан, қазақстан – түркменстан, қазақстан – қырғызстан келісімдеріне қол қойылды. Мемлекеттік шекара туралы соңғы нүкте 18 қаңтар 2005 ж. қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын айқындайтын, әлемдегі ең ұзын шекара болып саналатын қашықтығы 7591 шақырымдық шекара мәселесі рәсімделіп, халықаралық құжатқа Ресейдің бұрынғы Президенті В.В.Путин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойды. Алайда Каспиий теңізінің құқықтық статусы бүгінге дейін анықталмай отыр. Оның себебі Каспий маңайында орналасқан бес елдің (Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан, Қазақстан) арасында ортақ келісімнің болмауында. Қазақстан мен Ресей Каспий теңізін табаны арқылы бөлу және судың акваториялық бетін жалпы қолдануды ұсынса, Иран бес елге 20%-дан бөліп тастауды, Әзірбайжан мен Түркменстан ұлттық секторларға бөлуді ұсынады. Каспиий теңізі қайраңдары мен табаны мұнай – газ ресурстарына бай болғандықтан, оларды пайдалануда даулы мәселелер (мысалы, Түркменстан – Әзірбайжан, Иран – Әзірбайжан) шешілмей отыр. Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы конвенцияға бес елдің келісім шарты қабылдануы үшін мына мәселелерді шешу керек: теңіз көлігі, минералдық және биоресурстарды пайдалану, экология, делимитация және демаркация, қайраң ресурстарын пайдалану құқығын анықтау, Волга – Дон, Волга – Балтық каналдары арқылы дүние жүзі мұхитына шығу т.б. Бұл мәселелерді шешуде екіжақты келісім шарттар жасалып, қол қойылғанмен (мысалы, 1998 ж. 6 маусымда Ресей мен Қазақстан арасында Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі түбін шектеу келісім шартына екіжақты қол қойылды), жақын арада толығымен шешілетін түрі жоқ.

Шекаралас көрші елдерге баға беретін болсақ, Қазақстан екі Ұлы мемлекеттері мен мұсылмандық шығыс елдері арасында орналасқаның көреміз. Ресей мен Қытай мемлекеттері дүние жүзінде территориясы, халқы, табиғат байлықтары, экономикалық пен ядролық потенциалы жағынан ірі державалардың қатарына жатады. Сондықтан бұл елдермен экономикалық, саяси, мәдениет, ғылыми – техникалық, әскери т. б. байланыстар жаңа көріністе, жаңа деңгейде болу керек, Қазақстан бұл елдер арқылы Батыс және Шығыс Еуропа елдерімен, Орта Азия мен азиялық Тынық мұхит аймақтарымен қатынастарды байланыстырушы мемлекетке айналуға толық мүмкіндігі бар. Мысалы, Қазақстан территориясы арқылы Трансеуразиялық темір жолы магистралын салу немесе транзиттік әуе жолдарын ашу еліміздің экономикалық-географиялық орнын жақсартуға әсер етеді. Тәуелсіздік алған Орта Азия елдерімен нарықтық экономикаға байланысты қарым-қатынастар жасау республиканың экономикалық-географиялық орнының өзгеруіне әкеп соғады. Мысалы, бұл елдердің (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан) тарихи, мәдени-этникалық ортақтығы, табиғат жағдайларының ұқсастығы және экономикалық-географиялық орнының ортақтығы, мұсылман елдері: Иран, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Эмираты, Түркия т.б. елдердің көршілес таяу орналасуы Қазақстан Республикасының экономикасына, мәдениетіне, ұлттық саясатына, Орталық Азия экономикалық қауымдастығының құрылуына көп әсер еткені анық. Каспий теңізі (ішкі континенталдық болса да) Қазақстанның дүние жүзі теңіздеріне шығатын бірден-бір жолы. Екіншіден, бұл теңіз табиғи және биология ресурстарымен (мұнай, газ, балық) ерекше көзге түседі. Сондықтан Каспий теңізі оның маңындағы экономикалық, сауда, экологиялық т.б. қарым-қатынас жасау аймағына айналып отыр [2].

Қазақстанның географиялық орны (Еуразия ортасында) ыңғайлы дей отырып, оны жан-жақты тиімді пайдалана білуіміз керек. Ол үшін басқа мемлекеттермен әр түрлі байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік шекараларды белсенді түрде қолдана білу керек. Сонда ғана Қазақстан Республикасы дүние жүзі қауымдастығында бейбітшілік сүйгіш, құқықтық, демократиялық, саяси-экономикалық тұрақтылығы бар мемлекетке айналады. Бұл жайында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 ж. қазан айындағы "Қазақстан-2030" деген Қазақстан халқына жолдауында былай делінген: "Тоғыз жылдың торабында орналасқандықтан, шекараларымыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оның бәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жұтып қоюға қабілетті. Бұл көршілер – Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің бір тобы. Таяу және Орта Шығыс елдері тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады. Күллі Еуразия құрлығында бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-қатынастарын табысты дамудың шарты". Еліміздің географиялық орынын тиімді пайдалануды іске асыру мәселелеріне тоқтала келіп, Елбасы былай деп тұжырымдайды: "... бірінші мүмкіндік біздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан жағдайымыздан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды түсіндіреді. Біздің бабаларымыз түркі халықтарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды тиімді пайдалана білді. Атақты Ұлы Жібек жолы бойымен Еуропа мен Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгін біз осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдестік қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтіре бастадық" [3].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет