2.2 ҚР нарықтық экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы
Қазақстан Республикасы – жер көлемімен, алуан түрлі табиғат байлықтарымен және көп ұлтты халқымен ерекшеленетін мемлекет. Еліміздің болашағы мен халқымыздың әл-ауқатының артуы экономикамыздың дамуымен тікелей байланысты.
Жалпы елімізде нарықтық экономикагның даму жағдайында келесідей мәселелер орын алуда:
Өнеркәсіптің жаппай шикізат бағыттылығы;
Отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілетінің өте төмендігі;
Негізгі өндіріс құралдарының 80 пайызының тозуы;
Әлеуметтік мәселелердің әлі де болса кейбір тұтастарының (жұмыссыздық, жалақы мәселелері) шешілмеуі;
Ресурстардың тиімді бөлінбеуі және қолданылмауы.
Осы мәселелерді мемлекет өз мойнына алып және оны нарықтық экономика механизмімен әр түрлі саясаттар мен реформалар жүргізу арқылы шешуді қолға алып келеді. Әрине, ол саясаттар бір мезгілде орындала салмайды, ол да уақыт талабына сай орындалады. Осы еліміздің нарықтық қатынасқа өтуісен және елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін келесі жүргізілді және жүргізілу үстінде. Ол реформаларға:
Экономиканы жекешелендіру;
Ұлттық экономсикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, осының негізінде елде индустриялдық-инновациялық стратегшия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;
Әлеуметтік саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесін шешу;
Экономиканың шикізат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргізу;
Ауылшаруашылығын реформалау;
Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу.
Осы жоғарыда аталған реформалар бүгінгі таңда өз жемсісін беріп, еліміздің соңғы жылдары экономикалық өсуі байқалып, әлеуметтік саласының жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсіптік өндіріс жанданып келе жатыр. Тіпті соңғы жылдары ЖІӨ-нің өсу деңгейі он пайызға артып отыр. Бұл дегеніміз еліміз үшін жетістік деп айтсақ та болады. Дегенмен, бізде істеліп жатқан шаралар баршылық, ал шешуін күтіп тұрған мәселелер оданда көп. Біріншіден, Қазақстан нарық экономикасын жан-жақты дамытып жатқан ел. Ал бәсеке нарық экономикасының негізгі құралы. Екіншіден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендерді жақсарту бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру. Үшіншіден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық бағдарлама қабылданып, ол ойдағыдай жүзеге асты.
Экономиканың негізгі секторы олып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы олып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттік қолдау күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Нарықтың өркендеп дамуы кәсіпкерлік қызметке тәуелді болды. Әсіресе, шағын кәсіпкерлікті дамыту нарықтық дамытудың басты көзі болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы елдің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың негізгі бөлігін жұмыспен қамтамасыз ету, яғни жұмыссыздық мәселесін шешу, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерін атқарады. [Е.Ахметов, Г.Е.Бердіғұлова, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқу құралы, Алматы,2011].
Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда. Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің жылдарында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |