Қабілеттің жалпы құрылымы.
д а м у д ы ң ж а ғ д а й л а р ы
|
Қоршаған ортамен белсенді өзара әрекет
Оқыту және тәрбиелеу
Қабілет
Жалпы
Арнайы
Талант
Даныш пандық
деңгейі гейі
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы орта білім беруде үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады» делінген (19).
І саты – жалпы бастауыш білім беру, оқу ұзақтығы – 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 кластан басталады. Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған.
І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын. қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін өзі көрсетеді, мінез-құлық мәдениетін жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған.
Бастауыш мектеп - өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.
Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл) балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға, т.б. жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен роль атқарады.
Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады.Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығыартып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінінің дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.
Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестетеу үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды. Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Еліміздегі тіл туралы заң жыл сайын әрбір Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып отыруға байланысты тек ересектердің сөйлеу әрекетінен ғана нәтиже байқалмайды, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы – ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.
Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білуі жатады. Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді.
Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді ашады. Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттерінің қалыптасуында оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезең. Олардың өзгелермен қарым-қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады. Мұғалім мен тәрбиешілердің үнемі бақылауында болатын балалардың психикалық даму кезеңдері айтарлықтай сапалы өзгерістерге ұшырайды.
Бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарадаы. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі беймделе алмағандықтан, оқу үстінде мына қиындықтарға кезігеді: 1-ші: баланың мектеп жағдайына бейімделуі, -2-ші: мұғалім, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.3-ші: 1 сынып оқушыларына беретін тапсырмалар тым жеңіл болып, қызығу жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды.
Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығалды. Бас миының салмағы 100 гр-нан 1400 гр дейін өседі. әсіресе оның (миы) маңдай бөлігі жақсы қалыптасып, ой мен сөйлеудің дамуының қарқындауына әкеледі. Кіші мектеп жасындағы балаларда ми жасушаларындағы қозу мен тежелу мөлшері күрделі маңызды. Бұл кезде тежелу қабілеті үстем алып, осының нәтидесінде кіші оқушы өзін-өзі меңгере алуына, керек деген жерде өзін-өзі теңселте алуына мүмкіндігі бар. Кіші мектеп жасында бала мақсатты іс-әрекет етіп, өзнің қозғалысын басқара алатын болады.
Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бал ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де ойнағысы келеді. Бірақ оған кіші оқушының уақыты да, мұршасы да жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде 1-ші орыннан 2-ші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай ойын жаңа мазмұн алады. Балалар ролдердің азаматтық қасиеттік сапасына, айталық, ептілік, қайраттылық, батырлығына, әдемілігіне мән береді. 1-ші және 2-3 сыныптағылардың ойыны бірдей емес. 1-ші сыныпта оқушы «мен ұшқыш болатын», «маған сондай роль ұнайды» деп айтып, бірақ соны орындауға әрекет жасап жарамайтын болса, 3-ші сыныптағылар роль ойынына електеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Дмемк, сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болуы үшін әрекет жасайды. Осының өзі өзін-өзі тәрбиелеудің басы болып табылады. Ойын мақсатының мүлдем өзгеруі басталды. Ойын бұрын ермек болып келес, енді кіші оқушы үшін өз-өзін тәрбиелеудің құрамына айналып отыр.
Рольдік ойындардан басқа түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен кіші оқушы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы шахмат, футбол, доп қағу т.б. ойын ойнайды. Ойын үстінде баланың ойы, ептілігі, күштілігі, шыдамдылығы, жылдамдылығы, тапқырлығы дамиды.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Оған біраз мерзім үйрену керек. Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал, жанама ықылас сол нәрсеге қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы кеп тұрады. Мұның себебі олардың оқуға әлі төселмегендігінде.
Бастауыш мектепте тапсырма мынандай 2-түрлі жолмен беріледі: 1-ден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. 2-ден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін баланың қолында үлгісі болуы керек. Мысалы тақпақ берілсе оның тексті болуы керек. Тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманың шарты мен танысу және проблемалық мәселелерді орындай білу жатады. Осыған әр түрлі пәнге, айталық, грамматикалық, географиялық, математикалық есептер шығару жұмысы жатады. Кость және оның жақтаушылары оқу әрекеті барысында 6 түрлі ой әрекеттерімен даму сатыларын көрсетті. 1) ес, 2) қайта жаңғырту, 3) негіз салу, 4) пайда болған жаңа ситуацияға мүмкіндігінше шешіле іздеу, 5) бұрынғы және жаңа білім қарым-қатынасы, 6) рефлексия, яғни ой толғаныс. Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенд, осының мынандй үш сатындан тұратынын айтады. 1. берілген тапсырма шартымен танысудан, 2. оны орындаудан, 3. осының қалай орындалғанын тексеруден.
Әр оқу әрекеті кезінде берілер тапсырма алдында мұғалім кіріспе, яғни түсінік беруі керек. Осыдан кейін барып оны орындау нәтижелі болады. Ал 3-ші сатыға келсек, оған үлкен мән беру керек. Баланы кішкентайынан тапсырманы орындаған соң соның қаншалықты дұрыс орындағанын тексере білуге үйретсе, бала қатесін түзетуге, таба білуге үйренеді.
Кіші оқушының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды.
7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгіге қарағанда жақсы қалыптасады (көзі көргіш, естігіш, байқағыш). Бірақ әлі де болса, қабылдаудың кей жеткіліксіз жақтары да кездеседі М.Орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф-п, б-в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтын болады. Бұл сияқты ажырата алмаушылықтардың бір себебі 7-9 жастағылардың талдау қызметінің әлі жете қалыптаспағанынан. Жалпы алғанда кіші оқушыағ не қызықты немесе не қажетті, соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Оқу барысында мұғалім оқушыға нендей нәрсеге назар аударып, қандай нәрсеге назар керек еместігін айтып отырса жақсы болады. Осныың нәтижесінде бала оқуға керекті объектілерге ғана назар аударуды үйренеді. Кіші оқушының зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған. Зейін, әдетте, ерікті, еріксіз болады. Оның еріксіз зейіні ерікті зейіннен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар, заттар, қызықты дыбыстарға аударады. 2-3 сыныпта ерікті зейін пайда бола бастайды. Ол қызық емес, бірақ қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінін бөле бастайды. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп тапсырманы орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет.
Әдетте, ес пен жадқа байланысты өзінше міндеттер шешу керек. Мұны мнемоникалық міндет дейді. М.бір жағдайда берілген тапсырманы сол түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру қажет. 2-ші жағдайда тапсырманы өз сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осныың өзі әр түрлі мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті қажет етеді. Егер түпнұсқасынан айнытпай есте қалдыру жадқа жатса, өз сөзімен айту еске жатады.
1-ші сыныпта балада арнаусыз есте қалдыру негізгі роль атқаратын болса, 2-3 сыныптарда бірте-бірте арнаулы есте қалдыру негізгі роль атқаратын болады. Кіші оқушының қиялына келсек, оқу талабына сай қиял мазмұны өзгерістерге ұшырайды. Оқушы қиялы шығармашылық және өткенді жаңғырту қиялы болып бөлінеді. Көбісі шындықтан алыстап кететіндіктен мектепке дейінгілерде шығармашылық қиял басым болып, мектептегілерде қайта жаңғырту кең өріс алған (тарих, география). Кіші оқушылардың ойлауына келсек, Ж.Пиаженің айтуынша нақты ой операциясы кездеседі. Бала мектепке келген соң натуралды ойдан мәдени ұғым арқылы ойлануға көшеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларда үлкендерге соның ішінде мұғалімдерге сенімділік, бағыну, еліктеу деңгейлері жоғарылайды. Осы жастағы балалар үлкендердің беделін бағасын сөзсіз қабылдайды. Бастауыш мектеп оқушыларында өзіндік бағалауының мынындай сапалары кездеседі. Олар адекватты (қалыпты), жоғары, төмен.
Баланың өзін-өзі бағалауы үлкендердің бағалауына байланысты. Сенімділік, ашықтық, айтқанын орындау, тыңдау баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолайлы жағдай туғызадды. Бірақ, ол үлкендерден үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Өз еркін басқара алу және жетістікке жетуге саналы түрде талпыну баланың ең маңызды қасиеттерінің бірі. Қабылданған шешімге, ниетіне үлкен мақсаттарға байланысты саналы бақылай алу қабілетінің даму деңгейі қалыптасады. Егер бала белгілі бір затты өздігімен орындап жетістікке жететін болса, бұл кезеңде жетістікке жету мотивациясы, яғни жетістікке жету мотиві және сәтсіздіктің алдын алу мотиві т.б. Егер балаға беделі бар адам баланың жетістіктерін аз мақтап, сәтсіздіктерін көп жазалап отырса, оларда сәтсіздіктердің алдын-алу мотивациясы ертерек қалыптасады. Ш.А. Амоношвили төмендегі кластарда балалардың үлгерімінің төмендігін бағамен жазаласа, балалардың үрей, мазасыздық сапаларын туғызып отырады. Жетістікке жету мотивациясына өздік баға мен ынталану деңгейі де жатады. Жалпы психологиялық эксперимент жоғары болса, және сәтсіздіктердің алдын алу төмен болса, баланың өзін-өзі бағалауы жоғары болады. Баланың ынталану дейңгейінің оқу және басқа әрекеттердегі жетістігіне ғана байланысты емес, ол құрдастарының арасында жоғары статусқа, беделге ие баланың өздік бағалы адекватты бағағағ ие болады және ынталану деңгейі жоғары болады. 6-11 жастар аралығында бала өз қабілетіне сын көзқараспен қарай бастайды. Өзінің қолынан келмейтін кемшіліктердің күш-жігерін жұмсау арқылы түзей алатындығын білдіреді. Бастауыш мектеп кезеңін алдағы уақыттағы жетістікті анықтайтын маңызды тұлғалық қасиеттерінің қалыптылығымен сипаттайды.
Жетістікке жету мотивациясымен бірге балада екі түрлі тұлғалық сапа пайда болады. Ол еңбекқорлық және өзбеттілік. Еңбекқорлық сапасы бастауыш мектеп кезеңінде оқу әрекетімен, еңбек әрекеттерінде дамиды және тұрақталады. Балаларда еңбекқорлықтың сапасына қалыптасуына оқу әрекетінің алғашқы кезеңінде ездесетін қиыншылықтар қолайлы жағдай жасайды, олар жаңа өмірлік жағдайға бейімделу, оқу, санау, жазу барысында кездесетін мәселелер, үйдегі, мектептегі жаңа кедергілер жатады. Осы сапаның қалыптасуына баланың жеткен жетістіктерін мадақтаудағы саналы ойластырылған үлкендер әрекеті жатады. Сонымен қатар мындағы ең маңызды рольді баланың өз жетістігіне сөнуі де жатады. Бала өз еңбегіне қанағаттанған, риза болған кезде ғана еңбексүйгіштік сапалары пайда болады. Еңбектану барысында балада жағымды эмоция әсер беретін жағдай болуы шарт. Өзбеттілік сапасы үлкендерге тәуелділігімен байланысты болады. Егер бала үлкендерге сеніп, солардың дегенімен жүре беретін болса, оларда өзбеттілік қасиеті қалыптаспай жолы өссе де үлкендерге деген тәуелділік байқалады. Ал егер бала ерте жасынан өзбеттілік көрсетсе, тұйықтық, өзгені тыңдамау сияқты қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Мұндай кемшіліктер кездеспес үшін өздігінен жасауға көп жұмыс тапсырып, оған сенімділік білдіру керек. Баланың өзбеттілікке ұмтылуына қуанып, мадақтап отырған жөн. Мектептегі алғашқы күннен бастап үйге тберген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз өздері орындағанын қадағалап, өзі орындаған тапсырманы дұрыс және дұрыс емес болса да қолдап отыруы керек. Бұл сапаның қалыптасуына мынандай әлеуметтік психологиялық ситуациялар ұйымдастыру керек. Балаға бір тапсырма беріледі, сол тапсырманы орындау барысында бала үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсіп, олардың әрекеттерін басқарып отырады және бұл ойын барысында бала топта «лидер» атанады.
Бала мектепке келгеннен кейін өзін қоршаған адамдармен қарымқатынасында үлкен өзгерістерге ұшырайды. ОЛ біріншіден, қарым-қатынасқа кететін уақыт көлемі ұлғаяды. Бұрын бала ойыншықтарын ойнаумен көп уақыт өткізетін болса, мектепке келгеннен кейін уақыттың көпшілігін мұғалімдермен, құрдастырмен, үй ішіндегі туыстармен өткізеді.
Екіншіден, қарым-қатынастардың тақырыбы өзгереді. Бірінші кластарда балалар кластарына қарағанда, мұғалімдермен көп қарым-қатынас жасайды. өйткені, бұл кезеңде баланың мұғалімге деген сын көзқарасы қалыптаспаған. Мұнда мұғалім барлық бейнесімен үлгілі болып көрінеді.
Үшінші, 4-ші кластарда ол өзгереді. Бұл кластарда мұғалім тұлға ретінде көп қызықтырмайды, оларды өз кластарымен араласу қызықтырады. Балалар қарым-қатынас кезінде, достарын таңдау жақтарында өзгереді. Мысалы, бірінші кластарда достарын мұғаімнің бағлауы мен оқу әрекетінің үлгеріміне байланысты таңдаса, 3-ші кластан бастап баланың тұлғалық қасиеттеріне байланысты таңдайды. Мектеп табалдырығында балаларда өздік сананың жаңа деңгейі ішкі позициясы пайда болады. Бұл позиция өзіне қоршаған адамдарға, болып жатқан жағдайларға деге қатынасын білдіреді. Ж.Пиаженің айтуынша әртүрлі жол кезеңдегі балдар мораль нормаларын бағалуы әртүрлі. Мысалы, 5 жаста адамның жасаған әрекетіне байланысты 2 категорияға: жақсы, жаман адам деп бөлуге тырысса, 11-12 жаста қандай адам болса да өзіне деген шынайы әділ сыйластықты қарым-қатынас жасауына құқығы бар екенін түсінеді. Сонымен қатар осы кезеңге адамды жасаған әрекетіне қарай емес, оған итермелейтін себептеріне байланысты адамды бағалау керек екенін біледі.
Жеке бас деген ұғымға «Мен» деген ұғым кіреді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда жақсы орынға ие болсам екен деп арман етеді. Егер кіші оқушылардың өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен болса, ондай баланы кішіпейіл деп атайды. Бастауыш мектеп оқушысы өзінің ісіне, мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде болады. Кіші мектеп оқушыларыныңы жеке басы деген түсінікке – сыпайылығы, керісінше әдепсіздік сапалары да жатады. Бұл жастағы балалар ақкөңіл келетіндіктен бұлардың көбі сыпайы болып келеді. Олардың жеке басына тән қасиеттерде «Мен» деген баға емес, тиісті мөлшерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай екендігі білінеді. Мөлшері немесе норма деп балаға қоятын талаптарды айтады. Бала мектепке келмей тұрып, не істеуге болатынын, не болмайтынын жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Айталық, саббаққа кешігіп, не берген тапсырманы орындамай келмеуіне болмайжы. Тапсырманы орындамаса мұғалімнен, құрбыларынан ұят болатынын біледі. Сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұлар норманы бұзуға жатады. Бастапқы кезде бұған үйрене алмай қиналады, бірте-бірте мөлшерлерді орындауға үйрене бастайды. Баланың мінезінің нормаларын ережелерін шын мәнінде игеруі алдымен педагогтің, олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістері мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді.
Осы нормалары мен ережелері айқын тұжырымдау орындаушылықты міндетті түрде мадақтаумен, ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке тиісті шаралар қолдану, кіші мектеп оқушыларының тәртіптіліг мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары.
Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өмірдегі жаңа бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түп тамырымен өзгертеді. Балалардың қабілеттіліктері жөнінде, ең алдымен: олардың қалай оқитындығын, оқу материалынтүсінуі және есте сақтауы, өз білімдерін қолдана алуы, тапсырманы орындаудағы қабілеті, жазу және сөйлеу тілінің қаншалықты дәрежеде екендігі жайлы білгеннен кейін ғана дұрыс шешімге келуге болады. Балалардың қабілеттіліктерінің кейбір көрсеткіштері мына сапалар бола алады: зейінділік, тез және берік есте сақтау, ойлай білу, тапқырлық, ұшқыр қиял, инициативасы, жұмыс үстіндегі дербестігі және оның жақсы нәтижелілігі.
Бала неге бейім және қандай қабілеті бар, ол қалай дамуда екендігін мұғалім білуі керек. Мұнда қорытынды жасауға асықпау қажет. Кейде талантты балалардың өзін қабілетсіз деп таныған ғой. Мысалы, данышпан жазушы Н.В. Гогольді мұғалімдері орыс тіліне қабілетсіз деп есептеген. Кішкене П.И. Чайковскийдің музыкаға ерекше қабілетін байқаған жоқ. Мектеп оқушысы Николай Лузинді математикаға қабілетсіз деп есептеді, ал одан кейіннен, математикада бірқатар маңыды жаңалықтар ашқан, ірі ғалым шықты.
Жалқау немесе түрлі себептермен білімінде олқылықтары бар оқушыны қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да кездеседі. Кейбір кезде қабілетті, бірақ жүйелі еңбекке дағдыланбаған, ықылассыз, іске немкетті қарайтын, самарқау жұмыс жасайтын оқушыны да қабілетсіз деп танимыз. Алайда, оның жұмыс істеуіне жасалған кедергілерді жойса, қызықтырса, көңілін сергітсе, уақытында көмек көрсетсе, ол жақсы оқу үшін жеткілікті қабілеттіліктер көрсете бастайды. Ақыл-есі сау балалардың ішінде бастауыш кластың оқу материалдарын қанағаттанарлық дәрежеде игеруге қабілеттері жетпейтіндер жоқ. Әдетте, төменгі класс оқушыларында қабілеттіліктері әр салаға бөлінгендері байқалады. Бірқатар балалар оқу мен жазуға, біреулері – математикаға, енді біреулері сурет салуға (немесе қол еңбегіне) қабілеттірек. Бірқатарлары тез есте сақтайды, бірақ тез ұмытып қалады, ал кейбіреулері баяу есте ұстайды, бірақ ұзақ есінде сақтайды. Мұғалім балалардың осындай жекелеген айырмашылықтарымен есептесуі қажет.
Егер баланың не жалпы, не арнаулы бір нәрсеге қабілеттілігі байқалмаса, ол жайлы ештемеге қыры жоқ адам дегендей қорытындыға келуге болмайды. Еш әнрсеге қабілетсіз адам жоқ. Мұағілм әрбір оқушыны жіті бақылап, оңайлықпен қолға түсе бермейтін, оның қабілеттілігін ашуға тырысуы керек. Мектепте ІІІ класс оқушысы Әселдің орыс тіліне қабілеті жоқ деп есептеді. ОЛ сабағын тыңғылықты әзірлемеді, жазу жұмыстарында жиі көптеген қвтелер болатын. Бірақ бірде Әсел көркемөнерпаздар кешінде өлең және прозалық шығарма оқып, өте жақсы өнер көрсетті. Дәл осы уақытта мектепте драма үйірмесі ұйымдастырылды. Оның мүшелері едәуір ересек балалар болса да, Әсел оған қатысуға және кештерде өнер көрсетуге рұқсат етілді. Қыздың мәнерлеп оқуға деген үлкен қабілеті бар екендігі, есте тамаша сақтай алатындығы байқалды. Әдебиет пен өнерге қызыққан Әсел орыс тілі грамматикасына деген қатынасын тез өзгертті, бұл пән бойынша тәуір үлгіре бастады, сөйтіп кейіннен педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, оны жақсы бітіріп шықты. Мектеп пен мұғалімнің міндеті оқушыларды оқыту ғана емес, сондай-ақ олардың қабілеттерін дамыту болып табылады. Қабілеттілікті дамытуда оқу жұмыстарының зор маңызы бар. Дегенмен қабілеттілікті дамытуда оқыту әр түрлі дәрежеде ықпал жасайды, ал қиынсыз методтар (мысалы, түсінбей жаттап алу) бұл дамытуға кедергі келтіруі мүмкін.
Мектептерде оқытудың актив методтары қолданылады, мұнда оқушы есте сақтап қана қоймайды, сондай-ақ көп ойлайды, бұл оның қабілеттерінің дамуына көп көмегін тигізеді. Оқушы мұғалімнің басшылығымен жиі-жиі орыс тілі мен математиканың ережелерін талдауы, оны жасауы, оқығандарын қорытып және айтып беруі, өз бетінше математикалық есептер ойлап, оны шығаруы, шығармашылық шығармалар жазуы өте пайдалы. Мұғалім жұмыстың кез келген түрінде баланың творчествосы мен белсенділігн құптап, мадақтап отыруы қажет. Оқушыға қиыншылықтар кездескен жағдайға көмек беруге асықпауы тиіс. Дұрысы оның өзіне ойлануға жағдай туғызып, ал қажет болса, оған жетекші сұрақтар берген жөн.
Қиындықты бірте-бірте көбейте түсудің зор мәні бар. Оқушыға берілген тапсырмалар біраз ақыл-ой жұмсауды талап еткені дұрыс. Мектеп оқушысына жекелеп қатынас жасай білу қажет, олардың ерекшеліктерін ескеріп, соған сай тапсырмалар берген жөн. Күшті оқушыларға, сабақта зерігіп кетпес үшін және үйде орындауға жетерліктей, қосымша жұмыстар беру керек. Нашар оқитындарға, шамасы келетіндей талаптар қойып, бала нәтижелі орындай алатындай жеңілдеу тапсырмалар беріп, көбірек көмектесуге тура келеді. Мұнадй оқушыларды жиі мадақтап, жұмыс орындаудағы кішкене жетістіктерін байқау керек, бұл оларда өз күшіне деген сенім туғаызады, оқуға талаптандырады. әлсіз оқушыларға жүйелі түрде көмек көрсетуге ата-аналар мен ересек баларды тартқан жөн Әдетте мұндай шаралардың бәрі көмегін тигізеді, балалар ІІІ класты нәтижелі аяқтап, орта мектепте қанағаттанарлық дәрежеде оқиды.
Өкінішке орай, жақсы оқуға мүмкіншілігі толық жететін оқушыны, оның кейбір ақыл-ой енжарлығына қарап, қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да ездеседі. Бұл оқуға қызығушылықтың жоқтығынан, ақыл-ой жұмсаудан қашу ниетінен, онда қалыптасқан сенімнен, яғни ілім – баланың қабілеті жетпейтін, өте қиын нәрсе дегеннен келіп пайда болады. Мұндай балаларға қозғау салып, оны белсенділікке бастап, бейімділік көрсеткен нәрселерінен мағлұматтар беріп қызықтыру қажет. Оған қосымша қызықтыратын материал беріп, білім алудың қуанышын бастан кешруге (мысалы, бұрын оған қиын көрінген, есепті дұрыс шығару кезі) жағдай туғызған пайдалы. Бұл мектеп оқушысының өз күшіне деген сенімін туғызады, сөйтіп басқалардан қалыспай тәуір оқи алатындығына көзін жеткізеді. Мұғалімнің, ойлы, қабілетті балаларға төнген қауіпті де ұмытуына болмайды. Олар оқуды жеңіл меңгереді, сондықтан да олар еңбектенуге дағдыланбаған және қажетті ықыласы жоқ. Ақыл-ой күшін жұмсаудың болмауы мынандай жағдайға әкелуі мүмкін: мұндай балалардың бірте-бірте қабілеттіліктері жойылады, талантты мектеп оқушысынан еңбекке жарамсыз, орта, тіпті нашар жұмыскерлерге де айналып кетеді.
В.А. Сухомлинский: «Егер баланың оқуда бәріне де жеңіл қолы жетсе, онда біртіндеп адамды аздыратын ой самарқаулығы пайда болады. Ой самарқаулығы бәрінен бұрын төменгі кластарда өріс алады, егер басқа балалардың белгілі бір дәрежеде ақыл-ой жұмсауын қажет ететін жұмысты жеңіл игеретін қабілетті бала бостан-босқа ерігуге айналады. Оқушылардың бостан-босқа құр жүруін болдырмау – белгілі бір тәрбие міндетті»,- деп жазады. Оқушыларды жұмыста тыңғылықтылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, мұғалім сонысымен оларда еңбекке қабілеттілік деп аталатын маңызды сапаның дамуына көмегін тигізеді.
Талантты оқушылармен қарым-қатынаста сақтық жасау керек: оларды шектен тыс мадақтамау керек, оларды бәрін білемін, басқалардан артықпын дегендей сезімге негізделген көкіректікке тәрбиелемес үшін, бұл балалардың ерекше екендігіне сонша мән беріп айтпау қажет. Талантты бала, әдетте өзінің басқалардан қабілеттірек екенін түсінеді, бірақ сонымен бірге онда жұмысқа деген жоғары жауапкершілік сезімі де болуы тиіс.
Кейбір төменгі класс оқушылары іс-әрекеттің қандай да бір түріне қабілеттілігін көрсетеді. Мысалы, суретке, музыкаға. Бұл қабілеттіліктердің одан әрі жетіле түсуіне көмектесу қажет. Мектептің алдында тұрған міндет – баланың жан дүниесі мен дене күшін жан-жақты дамыту екенін есте ұстауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |