Мазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру



бет6/6
Дата13.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#133861
1   2   3   4   5   6

Қорытынды.

Еліміз егемендік алып, келешекке үлкен үмітпен бұрыс жасап жатыр. Қандай мемлекеттің болса да,бет бейнесі мен келешегі жастарға байланысты. Жастар болғанда да, талапты өнерлі жастарды айтамыз.

Олай дейтін себебіміз, ұлттық тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды. Алға қойылған орасан зор міндеттерді жүзеге асыратындар да- жастар. Сондықтанда біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды өнегелі рухта, т.б.көптеген салт-дәстүрлеріміз тұрғысынан тәрбиелеуіміз қажет.Осы талап,міндеттерді орындаған ең бір пәрменді құрал-оқу, тәлім-тәрбие жұмыстарында халықтық педагогиканың алтын мұрасын, қанша уақыт өтсе де-тот баспайтындай адалдығы айнадай ұлттық қазынаны пайдалану.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері “Қазақ халқы рухани мұрасы” пәні республиканың барлық оқу орындарында оқытылуға тиіс болатын. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - қолөнерге үйретуде жастардың бойына жаратылысқа деген, жанды – жансыз әлемге деген, ұлтына деген көз қарастарын мәдени тұрғыда қалыптастыру.

Қоғам жаңашаланып, өткеннің мәдени – тарихи мұралары ортамызға қайта оралып, оның рухани құндылықтары, дәстүрлері, өнерлері адамның адамзат болып қалыптасуына, тұтас алғанда жеке адамды әлеуметтендіру ісінде маңызды роль атқаратындығын көрсетіп отыр. Сондықтан адамзат тарихындағы ең асыл мұраларын қолдан шығарып алмай, білім саласындағы осы “Ақтаңдақтардың” бетін ашып, көне мәдениетімізге тереңірек үңіліп өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау қажеттігі туып отыр.

Осы орайда, қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған мәселе осы төңіректе. Көптеген білім беру жүйесіндегі жаңашаландыру бағыты, ең алдымен, тәрбие мәселесіне әкеліп соқтырады. Оқу-тәрбие процесін бір тұтас алып жүретін халықтық педагогика аталған білім мен тәрбиелеу мазмұнын жаңартуға жәрдемдесе алады.

“Халықтық педогогика” дәстүрлерін оқу – тәрбие процесінде пайдаланған әрбір пән, нәтижелі ауқымды көрініс табады. Ал енді халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде халықтың тәрбие құралдары ( салт дәстүр, қолөнер ) арқылы іске асырылып жатыр.

Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген халқымыз “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап келген. Демек халықтың ой түлегі жас ұрпақты қолөнерге уағыздай отырып тәрбиелеу деген ұғымды білдіріп отыр. Осындай халықтық ұрпақ тәрбиелеуде озық тәжірибелері мен ой түйіндері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қозғаушы күш болары анық. Ендігі мәселе осы тәрбие көздерін пайдалануда қолөнер негіздерін, білім беру жүйесін жетілдіруде, жаңа технология үрдісінде тереңдетіп оқыту жолдарын қарастырып, қажетті оқу құралдарымен әдістемелік, бағдаорламалармен қамтамасыз ету.

Осы мақсатта мектеп мұғалімдеріне тәлім-тәрбиелік мәні бар, қыз балаларға арналған “Қолөнер негіздері ” – бойынша бағдарлама ұсынылып отыр. Бұл жұмыстың мазмұнының ерекшелігі – қазақ қол өнерінің тек тамырымен ерекшелігін игеру тәсілдері бүгінгі күнгі талаптармен байланыстыра жазылған.

Атадан-балаға жалғасып келе жатқан ұлттық киімдерімізді; қолөнерлерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді; дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ киім үлгілері мен қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине, бұл халықтық педагогика оқу-тәрбие процесінің құралы болып, бүгінгі таңда кейбір мұғалімдеріміз үшін септігін тигізіп, осы тұрғыда ізденіп жүрген ұстаздарды көптеп айтуға болды.

Осы ұлттық педагогиканы насихаттап, қазақтың ұлттық киіміне, қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау етіп, игілікті істерімізді жалғастырып жүрген мектебіміздің технология пәнінің мұғалімдері қаншама.

Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәләмнің сыры мен ерекшелігін оқушыларға үйреткен киім түрлері, қол өнері түрлерімен ерекшеленіп отыр.

Менің оқушыларға жалпы білім мен еңбек дағдысын игеруде, жаңа технологиялық талаптарды орындау жолында тынымсыз еңбек ету. Мақсатым- қазақтың ұлттық киімдерін,оның ішінде қазақ ұлттық қалыңдық киімін, қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігін көрсету.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әбдалаева Ш. Халық қолөнері. Алматы. Рауан. 1992.

2. Әбдуәлиева Ш "Қазақтың қолөнері" - әдістемелік құрал

3. Әбдуәлиева Ш "Халық қолөнері" Алматы. Рауан. 1992

4. Байжігітов Б "Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері" Ақтөбе. "А-полиграфия" ЖШС 2003 ж

5. Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ "Бейнелеу өнері" Алматы "Ата-мұра" 2001 ж

6. Бапанов И.В. Бисер "Народное творчество" 2001

7. Бағдарлама "Қолөнер" (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент 2002

8. Валя - Валентина Издательский дом "ОВА-Пресс" 2003

9. Вышитые картины ЗАО "Эдипресс конлига" 2004

10. Газарян "Прекрасная своими руками" Москва 1986

11. Джанибеков У "Культура Казахского ремесла" Өнер 1982

12. "Еңбекке баулу" Алматы "Атамұра" 2000

13. Егорова Р.И. Монастырная В.П. "Іс тіге біл" "Рауан" Алматы 1993

14. Жанибеков О. "Эхо" Өнер Алматы 1990

15. Исламгулова С.К. Дидактические условия проектирования учебгого процесса на основе технологического подхода. Творческая педагогика №2, 2001

16. Касиманов С. "Қазақ халқының қолөнері" Алматы 1995

17. Құтпанбаев Ә "Ұстаз ұлағаты" Ғылым 2002

18. Караев Ж.А. Момынбаев В.К. Устимиров К. Государственные стандарты начального профессионального образования РК-Алматы, Республиканский издательский кабинет, 1999

19. "Лена - рукоделие" ЗАО "Эдипресс-конлига" 2004

20. Литвинец Э.Н. "Низание Бисером и ручное вашивание" Хэлтон Харвест Астана 2001

21. Лученкова Е. "Как сделать нужные и полезные вещи" Минск Хор-вест 1999

22. Маргарита Максимова. Марина Кузмина "Вышываем крестом" Москва "Эксмо" 2004

23. Мектептегі технология Алматы 2004

24. Морков Л. Большая школа Энциклопедия, Москва 2000

25. Өмірбекова М.Ш. "Қазақ халқының дәстүрлі өнері" "Алматы кітап" 2004

26. Поеная энциклопедия женских рукоделий "перевод французского" 1992

27. Программа технологии 2000 года

28. Педагогика педагогические теории системы, технологии "Академия" 1999

29. Русакова М. "Аппликация" Москва "Посвещение" 1987

30. 8 жылдық мектеп программалары (еңбекке баулу 1-3, 4-8 сыныптар) Алматы "Мектеп" 1982

31. "Технология" Алматы "Атамұра" 2003

32. Тәжімұратов Ә "Шебердің қолы ортақ" Алматы 1977

33. "Шаңырақ" үй тұрмысы энциклопедия, Алматы 1989



34. "Энциклопедия рукоделие" Москва 2000 Борисовский Г: Красота и стандарт. М. 1968.

  1. . Сенешаль М. Дж.Флекс. Узоры симметрии. 1980.

  2. . Схнамеровская Т.П. Направление, творческий метод и стиль в искусстве. Лениздат. 1975.

  1. Ақайқызы З. Ою-өрнек ой айтар. (Монғолия қазақтарының ою-өрнектері мен қолөнері). Алматы. 1996.

  2. Әбдіғаппарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Алматы.1999.

  3. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. 1-том. Алматы. 1986.

  4. Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы. 1979.

  5. Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана. М. 1970.

  6. Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы.1985.

  7. Жәнібеков Ө. Жолайырықта. Алматы. Рауан. 1995.

  8. Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.

  9. Маргулан А. Казахская юрта и ее убранство. М. 1964.

  10. Қалиев С. Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. Рауан. 1994.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет