Аймақтарға әлеуметтік зерттеу орталығының жүргізілген әлеуметтік зерттеу сауалнамасы.
2. кесте ( пайызбен есептелді )
Аймақтар
|
шақсы
|
Шыдамды
|
Немқұрайлы
|
Нашар
|
Солтүстік
|
28.8
|
34.6
|
24.2
|
5.6
|
Оңтүстік
|
42.5
|
19.7
|
15.4
|
7.4
|
Батыс
|
46.4
|
13.7
|
23.6
|
4.8
|
Шығыс
|
26.2
|
18.4
|
24.6
|
17.2
|
Орталық
|
31
|
28.4
|
29
|
10.6
|
Алматы қаласы
|
28.2
|
33.6
|
18.1
|
16.1
|
Республика бойынша
|
34
|
25
|
22.5
|
10.1
|
Жалпы республикалық көрсеткішпен салыстырғанда оралмандарға деген сыни көзқарас келесі аймақтарда басым болып отырғанын байқалады:
Шығыста - немқұрайлы (24.6%) және нашар (17.2%);
Орталықта - шыдамды (28.4%), немқұрайлы (29%) және нашар (10.6%);
Алматы қаласында - шыдамды (33.6%) және нашар (16.1%).
Бұл тұрғыда Солтүстік және Батыс аймақтар орташа ойды білдіргенін көруге болады:
Солтүстік - шыдамды (34.3%) және немқүрайлы (24.7%);
Батыста - жақсы (46.4%) және немқұрайлы (23.7%).
Оралмандар үшін ең қолайлы аймақ оңтүстік өңірі болып отыр сауалнамаға қарасақ;
- жақсы (42.5%), шыдамды (19.7%) және немқұрайлы (15.4%).
Респонденттердің оралмандарға мінездеме бергеніне яғни, қазақстандықтар шет елдерден келген қазақтарға қандай сипаттама беретіндігіне де көңіл аудара кету өте маңызды. Аталған зерттеу көрсеткендей оралмандардың әлеуметтік статусына респонденттер түрліше ой білдірген. Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігінің қоғамдық санасында «жағдайын жақсартқысы келгендер» деген пікір басым болғанын көреміз. (2 кесте қараңыз)
Қазіргі таңда әлемде тұратын қазақтарды 7-8%-ы ғана көшіп келді. Көштің басы болған соң оларды қалай орналастырды жостарлы түрде қоныстандыру маңызды. Шетелден келіп жатқан оралмандарды нақты қандай территорияға қоныстандыру деген мемлекеттік концепция жоқтың қасы. Тек мемлекеттің қауіпсіздігі үшін Солтүстікке қоныстандыру бағыты ғана болған. Қазақтану саясатын жасау біздің мемлекетіміздің негізгі мақсат болып табылады. Сондықтан да менің ұсынарым оралмандарды қоныстандырудың негізгі бағыттары;
1. Солтүстік Қазақстан территориясына орналастыру керек.
Бұл дегеніңіз ұлттық қауіпсіздігіміздің, ұлттық саясатымызды нығайтуға бір-бірден амал болып табылады. Қазақ ұлтының Солтүстікте азшылығы әрине мемлекеттік саясатты жүргізуге кейбір кедергілері бар. Еліміздегі диаспоралар (орыс) топтасып орналасуы қазақ қоғамына бейімделуді тежеп отыр. Міне, осындай мәселені оралмандарды Солтүстік өңірге қоныстандыру арқылы ұлттық саясатты жүзеге асырамыз. Мәселен, қоныстандыруды мақсат ете отырып белгіленген елді-мекенге 100-200-дей отбасынны біржолата орналастыру. Қоныстандырған кезден бастап олардың әлеуметтік мәселесін шешіп беру керек. Мәселен, қазақ тілінде оқитын мектептер ашу, балабақша, мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге жағдай тудыру. Ағайындарды тарихи отанына көшіріп алып келіп, орастандыру процесіне ұшыратпауымыз маңызды.
2.Қазақ диспорасы Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарына байланысты қоныстардыру.
Мәселен, географиялық және климаттық жағдайы, мәдени салт-дәстүрдің байланыстығы бар екенін ескере отырып орналастыру керек. Мысалы; Қытай қазақтары соның ішінде Алтай өңірінде болса, онда Қазақстандағы Алтай өңіріне қоныстандыру өте тиімді. Негізінде адамдарға табиғи құбылыстар қаты әсері бар екені шындық.
3.Қазақтардың жүзіне, рулық, туысқандық қатынасына сәйкес қоныстандыру. Жалпы қазақ ұлты туысқандық қарым-қатынасы өте жоғары деңгейге қойған. Бұл қарым-қатынасты пайдалана отырып, шетелден келген ағайындарды жүзіне, руына қарай орналастыруға болады. Негізінде қазақтардың территориялық мекендері жүзіне байланысты шоғырланған. Біз осы қатынасты саяси мәселеде емес әлеуметтік-мәдени мәселеде шешу үшін қолданғанымыз тиімді. Оралмандар өзара байланыс жасауы жергілікті қазақтармен мәдениеті, салт-дәстүрлері, сөйлеу диалектісі, менталитеті, жүріс-тұрысы, т.б. әдептері жақын немесе бір деуге болады. Әлеуметтік ортаға бейімдеудің бір методикасы ретінде қолдануға болады.
4 Қазақстан территориясындағы өнеркәсібі дамыған қала немесе қала-шықтарға қоныстандыру.
Өнеркәсібі дамыған қалаларда еңбек күші жылдан-жылға қажеттілігі артуда. Осы сұранысты қанағаттандару мақсатында оралмандармен шешуге болады. Біріншіден оралмандардың жұмыссыздық мәселесін шеше аламыз. Сонымен қатар мемлекет тарапына жасалып жатқан қазақ ұлтын урбанизациялау саясатын жүзеге асыруға мол мүмкіндік туады. Қазір Қазақстанда 57% тұрғындар қалада тұрады, ал 43% ауылдық жерде тұрады. Соның ішінде 80 пайызы қазақтар ауылдық тұрғындар болып табылады. Жалпы Еуропа халқының 7-10 % қана ауылдық тұрғындар екен. 1990-1999 жылдар аралығында оралмандардың 80% ауылдық жерге орналасқан. 2000-2007 жылдар арасында оралмандар қалалық жерлерге 70% көшіп келіп қоныстануда. Оралмандарды қазір таңда қалалық жерден үймен қамтамас ету мүмкін емес, сондықтан оларға жер тілімдерін беру керек. Мәселен 2001 жылы мемлекет тәжірибе ретінде Алматы қаласының шетінен оралмандарға жер тілімін беріп, соның нәтижесінде Байбесік атты ауыл пайда болды. Сол ауылда шамамен 200-дей отбасы тұрады. Сол сияқты тағы Алматы облысындағы Нұра ауылынан, Павлодардан, Астанадан (Қоянды) Ақтаудан жер тілімдерін оралмандарға беріп жатыр. Бірақ та жер тілімдерінің көлемі шектеулі болғандықтан оралмандарды қоныстандырудың өзекті проблемаға айланып отыр. «Жер туралы » Заңда оралмандардың құқықтарын анықтаған. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 9 шілдедегi N748 қаулысы мен оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерiн беру ережесiде бекітілген. Бұл қауыл мен ереженің толық орындалып жатқаны жоқ.
5. Демографиялық азшылыққа ұшыраған территорияға қоныстандыру.
Елімізден көшіп кеткен немес, орыс т.б. ұлттар мекендеген табиғаты оңды елді-мекендерге орналастыру керек. Сол елді-мекенді абаттардыруға оралмандарды пайдалану абзал.
6. Қазақстандағы кен орындары бар жерлерге қоныстандыру. Ең басты мигранттарды еңбек күшін пайдалана аламыз. Мәселен, Монғолияның ішкері жағындағы қазақтардың көбі кен орындарында қызмет жасайды. Яғни біз дайын мамандары игере аламыз.
Тағы бір мәселе Қазақстан территориясындағы экологиялық апаттан тыс және болашағы жоқ ауылға оралмандарды қоныстандырмау маңызды. Алғашқы келген оралмандар Семей өңірігдегі экологиялық полигон зонасы болып табылатын Қайнар, Абыралы, Саржал, т.б. және Арал өңіріне қоныстандырды. Ешқандай дұрыс нәтиже бермеді. Көбі табиғаты қолайлы елді-мекендерге көшіп кетуге мәжбүр болды. Кейбіреулері сол жердегі экологиялық зардаптың кесерін тартып жатқанын айтуға болады. Сонымен қатар болашағы жоқ ауылдар болып табылатын елді-мекендерге мүлдем қоныстандырмау қажет.
1991 жылы қарашаның 18 күні «Басқа республикалардан және шет елдерден Қазақстанның ауылды жерлерінде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ КСР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» Қазақ КСР Министрлер кабинетінде 711 қаулысы қабылданды. Осы қаулыдан кейін 1991-1993 жылдары көшіп келген оралмандар болашығы жоқ елді- мекендер болып табылатын ауылдық жерлерге қоныстанды. Тіпті ауылдық елді-мекендер де емес мал бағатын қыстақтар да, бөлімшелер де, разезде т.б. мекендерге жайғастырды. Бұндай көші-қон қоныстандыру процесі де сәтсіз аяқталды. Негізгі себеп жекешелендірудің дұрыс болмағандығы совхоз, колхоздардың таратып жекешілікке айлау әлеуметтік күрделі жағдайға алып келді. Ауылдықтар жұмыссыз қалуы, күнкөрістің кенеттен төмендеу, маскүнемдіктің белең алуы, т.б. салдары да оларға әсер етті. Содан кейін оралмандар қалалық жерлерге көшуге мәжбүр болды.
Қоныстандыру туралы мемлекеттің нақты бағдарламасы болмады. Осының кесерінен көптеген оралмандар зиан шекті. Материалдық және моралдық жағдайдан қиындық көрді. Мемлекеттік көші-қон саясатын немқұрайлы жүргізілген салдарынан бүгінгі күні үлкен мәселеге айналып отыр. Қайталанған көші-қон үрдісі (немесе басқа облысқа, ауданға көшу) оралмандар арасында жиі кездесетін жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, оралмандардың 24%-і тұрған жерлерін ең азы 3 рет көбі 10 рет өзгерткен. Қайталанған көші-қон үрдісі әсіресе ауылдық жерде қоныстанған оралмандар арасында жиі кездеседі. Солтүстік аудандардан оңтүстік аудандарға ауысып көшу 90-жылдары кең етек алған, бұл квотаның географиялық тұрғыдан өзгеруіне байланысты, ауылдық жерлерден қалаға көшуі әлі де жиі кездеседі.
Мұндай миграцияның жоғары деңгейіне ауылдық жерлерде жұмыс орнының болмауы (колхоз, совхоздардың күйреуі); мектептер мен ауруханалардың азшылығы, кейбір аудандарда бала оқыту мүмкіншілігінің болмауы; жақын қалаға бару үшін көлік ақысының жоғары болуы және ауылдық инфрақұрылымның нашар дамығандығы сияқты факторлар жатады. Орталық және Солтүстік аймақтардағы оралмандар ауылдық жерлерден қалаға жиі көшеді. Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында респонденттердің ең аз бөлігі өздерінің бастапқы тұрған жерлерін өзгерткен. Себептеріне назар аударсақ. Қоныстандыру саясатын нақты зертттеп, оған дұрыс баға бермегені. Сонымен қатар қоғамдық пікірді ескермей, бюрократиялық тәртіппен жүзеге асыру, ақпараттардың жетпеу, сөйтіп көші-қон саясатының кемшіліктер бар екенін уақыт көрсетті.
Интеграция үрдісінде мемлекеттік органдардың алдында оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы тұрады. Квотаға енгізілу дегеніміз, тұрғын үймен қамтамасыз ету деген сөз, сондықтан да оралмандардың квотасының өсуі қаржымен қамтамасыз ету және ұйымдастыру қиыншылықтарын туғызады. Бүгінгі күнде мемлекеттік дотациялардың басым бөлігі оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2005 жылы 8044223 теңге мемлекеттік бюджеттен бөлінді.
Квотаға енгізілмегендер уақытша немесе тұрақты үй алуға мемлекеттен көмек ала алмайды. Көші-қон комитетінің мәліметтеріне қарағанда оралмандар-дың 48,3% тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Тұрғын үймен жеткілікті қамтамасыз етілмеу проблемасы оралмандардың көп шоғырланған облыстарында көрініс тапқан: Оңтүстік Қазақстан (11,9%), Маңғыстау (31,9%), Алматы қаласы (47,1%) және Жамбыл облысы (49,1%). Қазақстанның оңтүстік өңірлері квотаға енгізілмеген оралмандарға және қайтып келген иммигранттарға тартымды. Одан басқа квотаға енгізілген оралмандар да бұл аймақтарға көптеп көшіп жатыр. Оралмандарға қойылған сұрақтарға орай байқағанымыз, олардың ішінде 29% жеке меншікте тұрғын үйлері бар, 17% үй иесімен бірге тұрады және 12% тұрғын үйді жалға алған.
4. сурет Оралмандардың үй алудағы қаржылары туралы
Зерттеулер көрсеткендей, оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайлары облысқа және олардың нақты орналасқан жеріне байланысты. Қалада тұратындар, көбінесе, қалыпты немесе қанағаттанарлық жағдайдағы жеке өз үйлерінде немесе жалға алған үйлерінде тұрады. Ауылдық жерлерде оралмандар кедейленіп, уақытша соғылған үйлерде тұрады. Барлық облыстарда оралмандарға берілген үйлер күрделі жөндеуді керек етеді. Көбінің үйінде ешқандай санитарлық жағдай жоқ, тұрғын үйлердің сапасы нашар. Оралмандардың тұрғын үй сапасын жақсартуға ақшасы болмағандықтан, мемлекеттен көмек күте алмайды. 2004 жылы ақпан айында квотаға енгізілген оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бастапқы механизмдері өзгертілді. Жаңа тәртіпке сәйкес, Көші-қон комитетінің жергілікті департаменті тұрғын үйді сатып алмайды, оның орнына отбасының әр мүшесіне 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде - шамамен 97 200 теңге (730 АҚШ доллары) ақша белінеді. Енді оралмандар өздері пәтер сатушымен келісім шарт жасап үй табулары қажет.
Бірақ, Қазақстанда тұрғын үй бағасы жылдам жоғарылап жатқандықтан, бөлінген бір адамға 730 доллар үй сатып алуға жеткіліксіз (ауылда да, қалада да). Егер адамдардың жекеменшік салымдары болса, жетпей тұрған ақшаны өздері толтырады. Бірақ, жеке салымдары жоқ оралмандар немесе мемлекеттік грантқа қажетті пәтер сатып ала алмайтын оралмандар бұл ақшаны басқа мақсаттарға жұмсайды: мысалы автомобиль немесе ауыл шаруашылық құрал саймандар сатып алады. ҚР шоттық комитетінің мәліметтеріне қарағанда оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бұл жаңа механизмі оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетері мен мақсаттарын шешпейді. Қазіргі таңда үйдің шарықтап тұрғанда мемлекеттік бөлінген ақшасы жетпейді. Ауылдық жерлердегі үйдің бағасы шамамен 8-30 мың доллар болса, оралмандарды үймен қамтамас ету өзекті мәселе болып тұр.
Квотаға енгізілген оралмандар кейбір көмекті алса, квотаға енгізілмеген оралмандар тұрғын үйді өздері табуға міндетті. Жергілікті басқару органдары материалдық көмек көрсете алады, бірақ қолдағы қаржылар тым аз. Нақты айтар болсақ, тұрақты үйі немесе уақытша үйі болмау оралмандардың Қазақстанға келгендегі ең бірінші проблемасы.
Қазақстан Республикасы оралман қазақтарды өзінің тарихи отанына қайтару саясатын негізінде басым приоритетті мақсаттарының бірі болмақ. Тұжырымдамалардың негізгі мақсаты қазақтарды тарихи отанына оралтып, ұйымдасқан түрде орналастырып, тұрғылықты жерінде тиісті жағдай тудыру болып табылады. Қазақтадың тарихи отанына оралту халқымыздың сан жағынан өсуіне әсер етіп, демографиялық жағдайды жақсарта түспек. Олай болмаған жағ-дайда ішкі демографиямен қазақтардың демографиялық өсіп-өркендеп дамуы мүмкіншілігін жүзеге асыра алмауымыз қазірдің өзінде айқын болып тұр [10].
Мәселен, Израильда еврей репатриаттары көшіп барған кезде оған белгілі мөлшерде әлеуметтік жағдай жасайды. Анықталған елді-мекенге өздерінің қалауы бойынша қоныстардырады. Бірақ репатриаттар сол жерге кемінде 3 жыл тұруы міндетті. 3 жыл ішінде жайғасқан мекенінде әлеуметтік ортаға бейімделу процесінен өтуі керек. Бұл Израилдің көші-қон заңының бір бабында көрсетілген. Көп евейлер туған тілін білмей барды. Бізде керсінше шетелден келген қазақтар 98% -і қазақ тілін жеттік біліп, елге келеді. Ал, Ресейде орыс репатриаттарын РФ-ң солтүстік өңіріне шоғырландыру мақсат қойып отыр. Мысалы; Красноябрьский край, Новосибирскі облысы, т.б. олар біріншіден ұлттық қауіпсіздікті қамтамас етуде. Сонымен қатар еңбек миграциясын ұлттық негізде жасап жатыр. Ресейде ортаазиялықтар еңбек миграциясын басып алған осы мәселені орыс диаспорасымен шешуге кірісті. Бізгеде осындай көші-қон саясаттын қолданғанымыз дұрыс деп есептеймін.
II-Тарау Оралмандары әлеуметтік ортаға бейімдеу және интеграциялау
2.1 Оралмандарды бейімдеу орталықтары мен ортаның негізгі рөлдері
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «...қазақ үшін, бір елден бір елге көшу тұрмақ, бір ауылдан бір ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне, шеттегі қазақтардың өскен ортасы, алған тәрбиесі мүлден өзгеше... ». Неміс ғалымы Отто Бауэр өзінің «Ұлт мәселесі және социал-демократия» атты еңбегінде «Ұлт дегеніміз – ортақ тағдыр, генетикалық және мәдени мұра негізінде қалыптасқан мінездің ортақтығы», -дейді. Оның ойынша мәдениет пен өркениетдің дамуымен бірге ұлттық қасиеттер нығайып, ұлттық сана-сезім тереңдей түседі.
Әлеуметтік бейімделу қазақ диаспорасының бір бөлігі ретінде көптеген оралмандар қазақ мәдениетінің әр түрлі аспектілерін, әдет-ғұрпын сақтап қалған. Мұндай жағдай мәдени бейімделуге жақсы жақтарымен қатар, кедергі де болады. Осыған байланысты екі жағдайды байқауға болады: қай елден көшіп келді және қандай облысқа қоныстандырылды. Бұл жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау) бойынша байқауға болады, бұл облыстарда қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпы жақсы сақталған. Бұл облыстарда оралмандардың әлеуметтік-мәдени бейімделуі солтүстік пен орталық өңірлерге қарағанда жеңілдірек өтеді. Оралмандар солтүстік және орталық облыстарда интеграциялау барысында көптеген қиыншылықтармен кездеседі бері, кеңес одағы кезінде қазақ мәдениеті бұл облыстарда басқа мәдени және этникалық топтардың ықпалында қалды. Бұл өңірлерде орыс тілі, орыс мәдениеті басым болғандықтан, ол жерде тұратын оралмандардың жергілікті жағдайға бейімделуі қиындауы мүмкін.
Әлемдегі қазақтардың бір тарихи түбірі болса да, олардың мәдениеті мен тұрмысында сәл өзгешіліктер бар. Мұның себебі, оралмандар қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен өмір сүру қағидатын сақтап қалса, (Қытай) Қазақстандағы қазақтар кеңес кезеңіндегі әр түрлі өзгерістердің, тәуелсіздік алған кезден бастап нарықтық экономикаға өту кезіндегі өзгерістердің ықпалына бейімделіп қалды. Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттерінен көшіп келген қазақтар дінге өте жақын болады.
2007. 18 сәуірде мәжіліс депудаттары «Халықтың көші-қоны туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар еңгізді. Осы өзгертулер мен толықтырулардың негізінде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру бабан енгізді. Осы заң жобасы сенат депудаттарының қарауына ұсынылды. Бұл заң жобасында оралмандар мен үкімет арасында заңды құқықтарды анықтаған және 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттен оралмандарды бейімдеу орталықтарын құру үшін 633,1 млн. теңген бөлуді қарастырды [11].
Бейімдеу орталықтары алғашқы қазақ көшінің басында болған. Еліміздегі экономикалық күйзеліс кезінде бұл орталықтар жойылып кеттік. Бейімдеу орталықтары әлде кімдердің жекеменшігіне өтіп кеткен. Тек Павлодар қаласында сақталып қалды. Қазірде бұл орталық жұмысын жалғастыруда. Осы орталық талай оралмандарға баспана және әлеуметтік-ағарту мәселесіне көмектесті. Ал облыс орталығындағы бейімдеу орталықтарына төрт бөлмеле пәтерлер бөлінген. Егер халықаралық стандарттарға сай «бейімдеу орталықтарын» салатын болсақ, оның сметалдық құны 200 миллион теңгеден асып кетеді. Қазір сол деңгейде әр облысқа орталық салуға ақша жоқ.
Бірақ бейімдеу орталығы тәжірибесі Ресейде болған. Бірақ ол да нақты үмітті ақтамады.
Ендігі ашылатын орталықтары оралмандарды орыс тілін үйретуге негізделген. Мәселен, Германия, Израиль, Ресей мемлекеттерінде өз мемлекеттік тілі тұрып, көшіп келген оралмандарын өзге тілде туралы мәселесі болған емес. Бейімдеу орталықтары Германия мен Израильде әлі күнге дейін жұмыс істейді. Бұл орталық шетелден келген репартиаттарды 6 айдан 1 жыл аралығында өмір сүруі мен сол елдің қоғамдық заңдылықтарын, заңды құқықтарын, мәдени-этикаларын, мемлекеттік тілін үйретеді. Сонымен қатар кәсіптік мамандандыру және оқыту процестері осы орталықтардың міндеті болып табылады. Германия мен Израильдегі репатриаттар біздегі репатриаттардан айырмашылығы өте көп. Себебі немістер мен еврейлер өздерінің ана тілін мүлдем білмейді. Сондықтан оларға бейімдеу орталықтары өте қажет етеді. Тіл білмеуі, жазу жаза алмауы (немісше, евейше) өзекті проблема болып жатыр. Неміс диаспораларының тарихи отандарына барғанда өте күрделі мәселеге тап болды. Сондықтан да олар қайта көшуге мәжбүр болады. Тіпті, қоғамдық пікірлер теріс, яғни «сатқындар» деген көзқараспен қарайды. Қоғамда оларды екінші сорттың адамы ретінде қарау мәселе болды. Өркениетті дамыған қоғамның әлеуметтік модерниза-циясына сәйкес келмеуі қиыншылық тудыруда. Біздегі оралмандар ондай қиыншылық жоқ. Дегенмен де өзекті мәселелер баршылық. Қазіргі таңда оралмандар арнайы бейімделу орталықтарысыз қоғамдық ортада бейімделіп кетіп жатыр. Тәуелсіздік алған соң, елімізде саяси және әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Біздің жүйе нарықтық және ақпараттық қоғам жасау негізінде бағыт алған. Осы өзгерістер қазақ қоғамын жаңа замандық мобилизацияға бейімделуін талап етіп тұр. Сондықтан қазақстандық қоғамды нарықтық негізінде жасау мемлекеттің басты мақсаты. Арпалысып жатқан, өткен кеңес замандағы қоғамдық психологияны өзгертуде тек Қазақстанда тұратын қазақтармен қоса шетелдегі қазақтарды көшіріп әкеліп, бір уақытта жасаса өте тиімді болар еді. Сондықтан оралмандарды қазақстандық қоғамдық өзгерістер-ден қалыс қалдыруға болмайды.Ауыл шаруашылығына адам күші жетпеді. Қазақ көшінің басталуы- Монғал жерінен 10 мың отбасы қазақ жеріен шақырып алудан басталды. Олардың басым көпшілігі жаңа ортаға бейімделіп кетті [12].
«Халықтың көші-қоны туралы» заңға және де басқа заң актілеріне сәйкес, оралмандарға көшіп келген соң міндетті түрде «уақытша үй» берілуі керек немесе бейімделу орталықтарына орналастыруы қажет деп көрсетілген. 2004 жылы ХК¥ (Халқаралық көші-қон ұйымы) жүргізген мониторинг мұндай орталықтардың өз мақсаттарын орындамайтынын көрсетті. Көбінесе оралмандар мұндай орталықтардың бар екендігінен хабардарсыз. Қандай көмек көрсетілуі керек екендігі немесе қалай орналасуға болатындығы туралы ешқандай қағидаттар жоқ. Мұндай орталықтарда уақыт шеңберінде шектеулер қойылған (20 күн), бірақ кейбір оралмандарға мұндай орталықтар тұрақты мекен жайға айналды.
Оралмандардың мәдени-әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін тағы бір
жағдай, оралмандардың өмір сүру сипаты, дінге деген көзқарасының ерекшелігі. Ауғанстаннан және Ираннан келген оралмандар әсіресе киім киюінде, отбасылық қарым-қатынаста нақты көрініп тұрады. Әйел оралмандар, әсіресе оңтүстік өңірлерде мойынды жауып тұратын көйлек киеді, оның үстіне жакет киіп, бастарына орамал тартады. Түркіменстаннан, Ираннан және Ауғанстаннан келген оралман әйелдер жергілікті қазақ әйелдерінің киімін өте ашық, инабатсыз, сыпайы емес деп санайды. Оралман ерлердің де көзқарасы осындай. Иран мен Пәкістаннан келгендер (әсіресе жасы келгендер) сәлде киеді. Оралмандар мен жергілікті халықтың күнделікті өмірінде де көп ашырмағылық жоқ. Көптеген орламандар жиһаз сатып алмайды, олар өздері қолдан жасап алады. Қолдан құрап жасалған көрпені, түскиіз, жастықтарды және сырмақтарды қолданады. Қоғамдық өзара қатынастардың әсерінен тұрмыстық заттарды басқаша жасаудық амалдарын тапты. Қазір Монғолиядан келген қазақтар үй жиһаздарын қазіргі заман талабымен өндіруде. Айта кетсек, диван, ас үй жабтықтары т.б.
Оралмандарды қоғамдық ортаға бейімдеудің механизмдері әлеуметтік институттар болып табылады. Мәселен, мектеп, ЖОО-ны, жұмыс орындары негіз болады.
Тіл жағынан бейімделу. Тіл қарым қатынастың негізі болып табылады, сондықтан да тіл интеграциясына айрықша көңіл бөлінеді. Мигранттардың көшіп келген елдің тілін білуі, олардың еңбек, әлеуметтік мәдени өмірге интеграциялануының негізгі индикаторы болып табылады. Мигранттарды қабылдайтын барлық елдер интеграция бағдарламаларында тіл жағынан бейімделуіне аса көңіл бөледі, бірақ әр ел тілді игеруге берілетін көмектің көлемін өздерінше анықтайды. Қазақ ұлты Қазақстанға көшіп келуінің бірінші себебі қазақ тілін, мәдениетін, тарихи отанының әдет-ғұрпын сақтап қалу, балаларының келешегін қамтамасыз ету. Көшіп келген соң оралмандар орыс тілінің күнделікті қолдану қиыншылықтарымен кездеседі. Орыс тілі қарым - қатынаста негізгі тіл болғандықтан, оралмандардың еңбек нарығында интеграциялануы, орыс тілін білмеу салдарынан көптеген қиындақтарға тап болуда. Мәселен Қытайда тұратын ханзу ұлты гегеорафиялық аймақтарына байланысты тіл ерекшеліктері бар, тіпті Батысы мен Шығысыда тұратын ханзулар өзара тілдік қарым-қатынасқа түсе алмайды. Себебі түсенбейді. Монғолдар арасында тілдік диалектінің көптігінен өзара тілдік қарым –қатынаста бару өте қиын. Бұндай факторлар әлемде көп кездеседі. Қазақтар арасында диалектілер болғанмен ханзу ұлтындай тілмашсыз тілдік қатынасқа түсе алды. Тек оралмандар өзі тұрған жерінен алып келген, өзге ұлттардың тілі тілдік қатынаста кейбір жағдайда кедергілер жасауда. Негізгі себептер қазақ тіліндегі терминдердің ертеректе жасалмауына туындап отыр. Көбінесе техникалық атауларды өзге тілде ату қатынасы бар. Жергілікті қазақтар мен оралмандар арасында кей жағдайда тілдік түсінбеушіліктер болып тұрады. Жергілікті қазақтар орыс тілінің қорын қосып сөйлеуіде тілдік қатынасқа әсер етпей қоймайды.
Жалпы қазақ даласындағы тілдік ерекшеліктер бар. Қазақстан терри-ториясына жапсарлас территорияда тұратын шетел қазақтарында тілдік ерекшеліктер жоқ. Басында айтып өткендей оралмандарды бейімдеудің ең тиімді тәсілі, тарихи шежірені еске ала отырып бейімдеу нақты нәтиже береді. Мәселен проблеманы шешуде рулық қатынастарды қолданған абзал болар еді. Руына, жүзіне қарай шетелдегі қазақтарды еліміздегі қоныстандырсақ, оралмандар мен жергілікті қазақтар арасында үзілген мәдени қатынастар қайта жалғасын табар еді. Ортаға оралмандар әп-сәтте сіңісіп кетер еді. Жалпы қазақ халқы туысқандық қатынасты өте жоғары қойған. Осы қатынасты оралмандарға қатысты әлеуметтік бейімдеу процесінде пайдаланған жөн.
Бұл жерде айта кететін жайт, қазір әлемде үш қазақ алфавиті қолданылады; Қазақстанда, Монғолияда, Ресей мен басқа ТМД елдерінде кириллица, Түкия мен Батыс Еуропада латиница, Қытайда, Иран мен Пәкістанда ескі қазақ алфавиті (төтеше жазу). Осының нәтижесінде Қытайдан, Ираннан, Пәкістаннан, Ауғанстан мен Түкиядан келген оралмандар толық кириллица жазуындағы қазақ тілін оқи алмайды, сондықтан да келе салысымен орыс тілін білмеушілікке байланысты қиыншылықтарға кездеседі. Кейде ең қажетті істерді, мысалы, оралман статусын алуға құжаттарын толтыра алмайды. Осы қиыншылықтарға байланысты оралмандарға тілді меңгеру курстары ұйымдастырылмайды. Мемлекеттік бағдарламалар жоқ болғанымен, кейбір мектептер мен ЖОО өздері орыс тілі мен қазақ тілі курстарын ұйымдастырады. Елімізде орыс импералистік ықпалы үстем болып тұрғанда. Қазақстанда орыс тілінің қолдануы кең мемлекеттік статусы бар. Қазақ Елінде қазақ тілінің төмен мәртебесі тарихи отандарына оралған қазақтарға айтарлықтай әсер етіп отыр. Қазақтар қазақ тілін білмей, бір-бірімен аудармашылар арқылы қатынысқа түсуі ұлттық мәселе екені анық. Тіпті құзырлы органдардың өзі түшкіріп қарамайтынына қарағанда қазақтілділердің қандай дәрежеде қалыпқалғанын көруге болады.
Кейбір қоғамдық пікірлерге назар аударсақ, оралмандар орыс тілін білмейді сондықтан олар еліміздің дамуына кедергілер жасауда деген пікірлер кездесіп жатады. Бұдай пікірдің қайнар көзі,. «Біз қашан орыс тілін кез үйренсек соғырлым жылжам дамимыз» -деген 1952-1960 жылдар аралығында кеңес үкіметін басқарған Хрущевтың ұрандары еді. Хрущевтың жалған ұрандары қоғамдық психологияда сіңісті болып қалған. Өкінішке орай, одақ ыдырағынмен, кеңестік азаматтық сана бірқатар адамдардың жадында өшкен жоқ. Оны көтеген социолгоиялық зерттеулерде дәлелдеп отыр. Кеңестік сананы аңсайтындар әсіресе Қазақстан көп. Ал тілсіз - ұлт, ұлтсыз - тіл болмайтыны белгілі. Орыс тілінде басымырақ сөйлейтін, орыстана бастаған қазақстандық қоғам орыс тілінді Қазақстан болуы дайын-ақ тұр [13].
Қазақ тілінің мәселесін шешу қазақтілділірдің көптігімен анықталады. Олай болса нағыз ресурстар оралмандар болып табылады.
Иммигранттардың экономикалық интеграциясы немесе жұмыспен қамтылу деңгейі еңбек нарығына қатысуы жаңа қоғамға кіруіндегі негізгі көрсеткіш болып табылады. Зерттеулердің нәтижелері көрсетіп отырғандай, оралмандардың экономикалық интеграцияға жеткен деңгейі өте төмен деуге болады.
Көші-қон комитетінің ресми статистикасына жүгінсек, оралмандардың тек қана 61,5% ғана жұмыспен қамтылған. 2000 жылдағы жұмыспен қамтылу деңгейі 32% болғанына қарамастан бұл көрсеткіш 2004 жылы 91,6% болған барлық халықтың жұмыспен қамтылу деңгейімен салыстырғанда өте төмен болып отыр. Оралмандар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы ел бойынша керсеткіштен (2004 ж 8,4%) анағұрлым жоғары.
Аймақтар бойынша жұмыспен қамту деңгейінде айырмашылық бар. Мысалы Астанада оралмандардың 91% жұмыспен қамтылған. Алматы облысында сұрақ қойылған оралмандардың 83% жұмысымыз бар деп жауап берді. Солтүстік Қазақстан облысында зерттеу барысында оралмандардың 79%-не жұмыс орны табылды. Оңтүстік аймақтарда жұмыспен қамту деңгейі өте төмен. Оңтүстік Қазақстанда сұрақ қойылған оралмандардың 38%-інде ғана жұмысы бар. Осындай төмен көрсеткіштер зерттеу барысында Батыс Қазақстан облысында да байқалды, ол жерде сұрақ қойылған оралмандардың 41% ғана жұмысымыз бар деп жауап берді.
5. сурет Оралмандар арасындағы жұмыссыздық
Оралмандар ішіндегі жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуын әр түрлі себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, оралмандардың жұмыс та орналасуына әсер ететін құқықтық кедергілер. «Халықтың көші-қон туралы» заң оралманның статусын анықтағанмен, заңда осы статусты айқындайтын оралманның құқтары мен міндеттері көрсетілген нормалар жоқ.
Сондықтан, заңда оралманның статус алғаннан кейінгі құқықтық нәтижелері бекітілмеген. Бұл нормалар басқа да заңдарда, атап айтқанда еңбек және салықтық заңдарда да көрсетілмеген. Мысалы, Қазақстанның еңбек туралы заңдарында жұмысшылар екі түрлі топқа бөлінеді (резиденттер және резиденттер емес) және резидент емес деп саналатын оралмандарға арнаулы құқықтық режим бекітілмейді. Сондықтан да жұмыс беруші оралманды жұмысқа алса, онда оған арнайы лицензия алу қажет, бұл оңай емес.
Тағы да осыған ұқсас құқықтық кедергілерге азаматтықты растау жатады. Ресми түрде Қазақстанда жұмыс істеу үшін оралмандар азаматтық алу керек немесе уақытша тұруға рұқсат керек (осылай Қазақстан азаматтығын ресми түрде және жұмыс істеу құқығын алу үшін). Бірақ азаматтық алу үшін оралмандар тұратын жеріне тіркелуі қажет. Сондықтан тұрақты мекен жайы жоқ оралмандар үйіне тіркеуге тұрғызатын адамдарды іздеуге мәжбүр болады. Қазір азаматтық алу ережелері өзгеріп тұрақты тіркеуді талап етуде. Бұл мәселеге алаңдаушылық білдіріп, 672 оралман жастар парламентке хат жолдады. Жаңа келген оралман қандай тұрақты тіркеуі болуы мүмкін? Бұл мәселе оралмандардың азаматтық алуына кедергі болып тұр.
Екінші экономикалық интеграцияға кедергі болып отырған жайт тіл проблемасы. Орыс тілінде сөйлей алмайтын немесе осы тілді нашар меңгерген оралмандар жұмыс іздеуде, әсіресе, солтүстік аймақтарда елеулі кедергілерге тап болады. Қазақ тілі жақсы дамыған оңтүстік облыстарда тілге байланысты проблемалар көп емес, дегенмен ондай қиындықтар аздап кездеседі. Мысалы, Қытайдан, Ауғанстаннан және Пәкістаннан келген оралмандар ескі қазақшада (негізінде араб алфавиті кірген) жазады, ал Түркияда латин графикасы қолданылады. Осы елдерден көшіп келген оралмандар қазақ тілінде оқи да, жаза да алмайды. Сондықтан, орыс тілді де білмеу оралмандарға жұмыс табуында едәуір қиындықтар туғызады.
Білім деңгейіндегі айырмашылық та жұмысқа орналасуға кедергі жасай-ды. Жоғары білімі бар оралман егер оның дипломы елімізде мойындалмаса, (мысалы Қытай ) жұмысқа орналаса алмайды бір жағдайларда оралмандар өз мамандықтары бойынша (инженерлер, технологтар, дәрігерлер, экономистер) жұмысқа орналаса алмайды, бұл жағдай арнайы білімі жоқ сатушыларға да қатысты.
Сауалдардың нәтижесі көрсетіп отырғандай, оралмандардың 20%-і Қазақстанға көшіп келгенге дейін мемлекеттік секторда жұмыс істеген (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және т.б.), бірақ, соның ішінде 7,2%-і ғана сондай құрылымдарда жұмыс таба алған. Оралмандардың ішінде қол өнерімен айналысқандар саны 2%-тен 5%-ке өсіп отыр. Майда ұсақ бизнеспен айналысқан оралмандардың саны екі есе өсті (1,9% көшкенге дейін 4,9% көшкеннен соң). Басқа жағынан қарағанда көшіп келгенге дейін ауыл шаруашылығымен айналысқан оралмандар саны 4%-тен 1%-ке төмендеп кетті.
Респонденттердің ішінде жұмыссыздар көбейіп бара жатыр. Иммиграциядан кейін бұл көрсеткіш 24,4%-ке өсті. Оралмандар арасындағы жұмыссыздықты талдау барысы көрсетіп отырғандай олардың көбісі жұмыссыздар.
ҚР «Халықтың көші-қон туралы» Заңға сәйкес (29-3 бабы) мемлекет оралмандарға жұмыс беруде, біліктілігін жоғарылатуда және жаңа мамандықты таңдауда көмек көрсетуге тиісті. Бірақ, соның өзінде, оралмандарды жұмыспен қамтуға байланысты көмектер беру туралы интеграциялық бағдарламалар жоқ. Оралмандарға көмек беру өкілеттігі бар жергілікті органдар , оларға жергілікті жұмыспен қамту органдарына тіркелуге ақыл береді немесе «қоғамдық жұмыстарды» ұсынады. Қазақстандағы заңдарға сәйкес, оралмандар жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға құқығы бар. Соның ішінде мүгедіктер, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы мен зейнетақылар, атаулы әлеуметтік көмектер кіреді. Заңға сәйкес, барлық оралмандар еңбек өтіліне және бұрынғы елде қандай жұмыс істегеніне қарамастан ең төменгі мөлшерде мемлекеттік зейнетақы алады. осыған байланысты, кейбір оралмандар, әсересе Қытай мен Ресейден келгендер Қазақстанның азаматтықтарын алғысы келмейді.
Осылайша, социомәдени орта оралмандарды бейімдеудің обьектісінің негізі болып қызмет етеді. Сатаистикалық зерттеуге сүйенсек, классикалық варианттағы социомәдени орта қызметінің төрт саласы бойынша қалыптасады: өндірістік, өмір сүру әрекеті, қоғамдық нормалық, және танымдық. Бұл салалардың әрқайсысына бірқатар мағаналар, құндылықтар, нормалар мен қалыптастыру тәсіліне тән. Бірақ олардың барлығы, социомәдени қайталанбас специкациясын бейнелейтін ортақ негізге ие [14].
Көшіп келуші оралмандардың белгілі бір деңгейде білім дәрежесі бар және еңбек істеуге қабылетті.
Екі түрлі ойдың болуы тек мигранттардың орналасуының әр түрлі шарттарымен ғана емес, тек мәселелерін әр түрлі түсінуде ғана емес, сондай-ақ мигранттардың бұл категориясының проблемаларын шешуде әр түрлі стратегия таңдау мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Мигранттар өздерінің орналасу мәселесін шешуде белсенді позиция ұстау керек деген ойдағылар бұны нарықтық қатынастардың дамуымен түсіндіреді. Сонымен қоса, олар көшіп келушілерді кәсіпкерлер және белсенді жұмысшылар деп қарастырады, өйткені өмірдің өзі олардың еңбек әрекетіне деген қажеттілікті тудырады.
Мемлекет тарапынан оралмандар белгілі көмек алып тұрады. Бірақ бұл оралмандардың материалдық қамсыздануы мәселесін толық шеше алмайды. Ол үшін тек мемлекеттік ұйым тарапынан ғана көмек керек емес , сондай-ақ еңбекке қабілетті оралмандардың кәсіби еңбекке бейімделуге мүмкіндік тудыру бұған оралмандарға тіркелуде, жұмысқа тұруда, аударылған жергілікті төлемақымен қатар жеңілдіктер жасау қажет.
Оралмандарды бейімдеу және орналастыру көбінесе тұрақты жұмыс табуға байланысты. Жаңа жерде оралмандардың мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі аз, сондықтан уақытша жұмыс және біліктілікті қажет етпейтін жұмыс істеуге мәжбүр.
Көшіп келушілердің көбісі тұрғылықты жерін, жұмыс орнын қаладан табуға қызығушылық танытады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей оралмандардың интеграциясы мәселесін шешудің тиімді түрі ол өз еркі бойынша жиып орналастыруды ұйымдастыру. Барлық тек баспаналық шаруашылық мәселе ғана емес , сондай-ақ бейімделу процесі ешқандай дау-дамайсыз, әлеуметтік-психологиялық ауырт-палықсыз бірте-бірте өтеді. Оралмандардың жаңа жерге орналасуда жиі қиын-дықтарға кезігеді, басқа қоғамда өмір сүру мүмкіндігінше адам баласына біраз қиындықтардан болады.
Оралмандарды әлеуметтік қорғау шаралары ішінде еңбекке жарамды отбасы мүшелерін еңбекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет, балаларды оқыту мен тәрбиелеу жатады.
1991-1997ж. қабылданған барлық отбасы өтемақымен қамтамасыз етілген, көбісі жұмыспен қамтамасыз етілген, ауылдық жерде тұратындарға жеке шаруашылық үшін мал берілген.
Миграция жолында көп қиыншылықтар кездесіп тұр. Ол қиындықтар жоғарыда айтылған баспана мен жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл мәселеде жергілікті басшылардың бюрократтық танытып отырғаны.
Шағын несие беру және бизнес инкубаторларға тарту мүмкіндігін пайдалана отырып оралмандардың өз бетінше кәсіп тауып алуын қамтамасыз ету жөнінде мақсатты жұмыс жүргізу жоспарланып отыр
Қорыта айтқанда миграция жолында істейтін істер шешетін қиыншылықтар толып жатыр. Оның бастысы - баспана және жұмыспен қамтамасыз ету. Көші-қон жөніндегі агенттік жергілікті, аудандық үкімет орындарымен байланыса отырып, оралмандардың жайын, кәсіби жұмысын шеше алатындығына күмән жоқ. Оралмандарға жеңілдіктер беретін үкімет заңдары қағаз жүзінде қалып қоймау үшін аталмыш агенттіктің шенеуниктері оларға шынайы қызмет көрсетулері керек. Сондықтан Көші-қон агенттіктің штатын ұлғайтып, құқығын кеңейтіп, міндетіне сай күшейтуді казіргі жағдай талап етеді.
Мигранттар, әлеуметтік көңіл-күйі маргиналдық қалыпта түрған, ерекше категорияны құрайды. Осы категориядағы адамдармен жұмыста, тұлғаның жаңа әлеуметтік қарым-қатынас аясына біртіндеп енуін қамтамасыз ететін, әлеуметтік бейімдеу керек.
Оралмандардың қазіргі жағдайы, проблемалары социологиялық зертеудің нәтижесінің негізінде жасалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің жалпы оралмандардың әлеуметтік мәселелерін анықтады. Оралмандардың әлеуметтік мәселесі мемлекеттің шешіп жатқан және шешуін талап ететін проблемалар жөнінде талданды. Және Қазақстанда олар қалай тұрып жатыр сонымен қатар жергілікті халықтың пікірлері ескерілді. Отаным деп келгенде мемлекеттен бастап жергілікті халық болып оларды қалай ортаға сіңістіре аламыз. Әрине ортаға бейімдеу 3-5жыл аралығында жүрілетін процестер. Жас шамасына байланысты оралмандар ортаға жылдам және кеш бейімделеді. 1991-1997ж арасында көшіп келген қазақтар елге сіңіп кетті. 10-30 жас арасындағы репатриаттарға әлеуметтік сауал қойғанда 95 пайызы жеке куәлік алған кезде туған жерін өзгерту туралы ұсыныс жасаған. Яғни құжатын Қазақстанда туылған деп жасатпақ ойда. Бұл идея өте орнықты себебі ерте көшіп келген қазақтар бейімделу процесінен өтіп кеткен. Бірақ құжаттарында қайдан келгені туралы жазылған. Бұл халықаралық талап болса да қоғамдағы қиыншылықтарға байланысты өзгертулер жасағаны дұрыс болар еді. Мысалы жұмыс т.б орындарға барғанда олардың қайдан келгені туралы білсе, жұмыс бабына алмай қою фактілері бар. Сәби кезінде келгендер тіпті туған жерін сезіне де алмайды. Олардың құжаттарын өзгерітсе көптеген мәселере шешімін табар еді. Жастар арасында стереотипті көзқарастар бар. Яғни кейбір жағдайда «оралман» деген сөзден болып адамдар арасында келіспеушіліктер болып тұрады. Жастарды нақты ортаға бейімдеуді мемлекет мақсат қойса, олардың құжаттарын өзгерту туралы шешім қабылдау керек.
Қазіргі таңда оралмандар өздерінің тарихи отанына оралғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени әлеуметтену тұрғыдағы және азаматтық-құқықтық сипаттағы бір топ проблемалармен кезігіп отырғаны баршаға аян. Бұл проблемаларды шешу біріншеі кезекте мемлекеттің міндеті болып табылады. Оралмандардың кез келген салаларда әлеуметтену проблемалары қандайда бір формада болсын мүдделер соқтығысуын тудырып отырады, тиісінше оның нәтижесінде ашық немесе жасырын түрде жанжалдық орта қылаң береді. Сондықтан аталған тенденциялар тұрғысынан келгенде қазақстандықтардың тарихи отандарына оралған этникалық қазақтарға, олардың жай-күйіне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көзқарастары үлкен мәнге ие.
Енді оралмандарға қатысты тікелей жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне тоқталып өтелік. "Әлеуметтік Технологиялар Орталығы" атты тәуелсіз сараптамалық ұйымның 2005 жылдың 5-12 қыркүйегі аралығында социологиялық сұрау жүргізген. Сұрауға жасы 18-ден асқан, республиканың алты аймағының ірі, орта қалаларында және ауылды жерлерінде тұратын ұлты қазақ, орыс және т.б. ұлт өкілдерінен тұратын 1800 респондент қатысқан.
3. кесте
(жауап беруге қиналғандарды есепке алмағандағы сұралғандардың % алғанда)
Жақсы
|
34
|
Шыдамды
|
25
|
Немқұрайды
|
22.5
|
Нашар
|
10.1
|
Мысалы, Оралмандарға қатысты көзқарасыңыз қандай? деген сұраққа респонденттердің көпшілігі жақсы ойда екенін білдірген (34%) және 25% шыдамды көзқараста екенін айтқан.Сұралғандардың айтарлықтай бөлігі (22.5%) оралмандардың тағдырына немқұрайдылық білдірген, тек респонденттердің оннан бір бөлігі ғана оларға жағымсыз көзқараста болған.
Халықтың ұлттық белгілері бойынша оралмандарға қатысты көзқарастарының көрсеткіштерін талдау айтарлықтай алшақтығын байқатты. Оралмандарға қатысты оң пікірді көбіне қазақтар және шағын ұлттар өкілдері білдірген. Сонымен қатар халықтың бірқатар бөлігінде оралмандарға деген жағымсыз ойлардың айтарлықтай потенциялы сезіледі. Мысалы ұлты қазақ респонденттердің ішінен оралмандарға кері көзқарасын 7.5% білдірген. Қазақстандағы саны жағынан екінші тұрған орыс ұлтының көзқарастары біршама басқаша болған. Зерттеу нәтижесі бойынша анықталғандай орыстар арасында 15.9%-нің, яғни әрбір алтыншысында көңілі толмаушылық болған, тағы бір айтарлығы орыстар арасында өзге ұлт өкілдерімен салыстырғанда көңіл толмаушылық екі есе артық болып отыр.
Аталған зерттеу орталығының жүргізген ендірілген бақылаудың қорытындысында байқалғандай, халықтың кейбір тобында оралмандарға деген кері көзқарас жақтырмаушылық пен қатар, оралмандардың келуімен жұмыс орындары үшін бәсекелес, тұрғын нарығындағы жағдайды одан да бетер күрделендіріп жібереді деген ойдан туындаған қорқынышпен де байланысты екен. Әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделер соқтығысуы проблемасын қазақстандықтардың әртүрлі жағдайдағы репартриантарға деген көзқа-растарының көрсеткіштерінен көруге болады.
Кестеде біз тұрмысы жоғары және ортадан жоғары респонденттер оралмандарға айтарлықтай жылы қараса, табысы төмен респонденттер көбіне кері көзқараста болып отырғанын байқаймыз.
Егер халықтың жалпы құрамында материалдық жағдайы жоғары адамдар аз бөлігін, ал тұрмыс жағдайы орта және ортадан төмен тұрғындар басым бөлігін құрайтынын еске алар болсақ, оралмандар мен жергілікті халық арасындағы өзара қарым-қатынастың шиеленісу ықтималдылығы айтарлықтай екенін айтуға болады.
Тұрғылықты жеріне қарай алатын болсақ. Оралмандарға ауыл және кіші қалалар тұрғындары оң көзбен қараса, облыс орталықтары мен Алматы қаласының тұрғындары біршама сын пікір білдірген. Мұндай жағдайдың себебі оралмандардың көпшілігі ауылды жерлерден көшіп келгендіктен ауыл адамдарымен тіл табысуы жылдамырақ, ал облыс орталықтары мен
4.кесте
Оралмандарға материалдық жағдайына қатысты білдірілген көзқарастар көрсеткіштері
|
Әл-ахуалдың
деңгейі
|
Жақсы
|
Шыдамды
|
Немқұрайлы
|
Нашар
|
Жоғары
|
44.4
|
27.8
|
11.1
|
16.7
|
Жоғарыдан төмен
|
50
|
19
|
19
|
9
|
Ортадан жоғары
|
37.7
|
26.3
|
21.9
|
6.5
|
Ортадан төмен
|
32.2
|
25.7
|
23.3
|
11.5
|
Төменнен жоғары
|
27.9
|
24.9
|
23.9
|
11.7
|
Төмен
|
18.8
|
23.4
|
25
|
25
|
Жалпы Республикалық
|
34
|
25
|
22.5
|
10.1
|
Алматы қаласы тұрғындарының ішінен жақтырмаушылық ойлар көбірек болуының себебі ретінде жұмыс орындары мен тұрғын үй нарығындағы бәсекелестер деп қараудан келіп шығатынын айту керек. Сонымен бірге халықтың белгілі бір бөлігінің көшіп келуші қандастарымызға көзқарастары өзгеше болуының факторы ретінде орыс тілді халықтар өкілдері мен оралмандардың менталитетіндегі айырмашылықтың үлкен болуын айта кету керек. Бұл тұста туындайтын басты қиыншылық ол тілдік кедергі. Оның үстіне оралмандар Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін айпағанның өзінде жергілікті қазақтардың өзімен тілдесуде қиыншылықтарға тап болып отырады. Оралмандарды жергілікті қазақтардың діннен алшақтығы, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай бермеуі және ана тілге құрметтің төмендігі ашындырады.
5. кесте Жергілікті халық оралмандарға көбіне қандай мінездеме береді?
(пайызбен берілді)
Мінездемелер
|
%
|
Олар, өз отандарының нағыз патриоттары
|
11.8
|
Олар, қазақ мәдениеті мен дәстүрін тасушылар
|
13.7
|
Олар, өз жағдайын жақсартқысы келгендер
|
25
|
Олар, еліміздің толық азаматтары болған адамдар
|
8.3
|
Олар, тек мемлекетке ғана сенетін жатып ішерлер
|
14.8
|
Олар, Қазақстанда үміттері ақталмаған адамдар
|
5.7
|
Олар, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделе алмаған адамдар
|
4.8
|
Сұралғандардың айтарлықтай бөлігі (14.8%) оралмандарды мемлекетке ғана арқа сүйеп отыратындар деп санайды. Шамасы, бұлай пікір білдірудің тамыры өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмен болып отырғандығына, тиісінше мемлекет алдымен өз азаматтарының жағдайын көтеріп алуы тиіс деген ойда жатқан секілді. Жалпы алғанда оралмандарға берген пікірлердің жағымсыздары жағымды мінездемелерден 16% асып отыр.
Бұл жерде бір байқалғаны қазақстандыктардың басым бөлігінің қоғамдық
санасында қандастарымыздың әлеуметтік-мәдени жэне экономикалық тұрғыда
бейімделулері тиісті түрде назарға алынбай тыс қалып отыр. Ал аталған
сипаттағы қиыншылықтар оралмандарды Қазақстан жағдайына әлеумет-тенуінің басты проблемалық аймағына жатады. Бұл проблемалар қарапайым тұрғындардың ойынша оралмандардың өз бастарының мәселесі болып шығады. Мысалы сұралғандардың ең аз бөлігі (5.7%) олар, Қазақстанда үміттері ақталмаған адамдар десе, 4.8% олар, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделе алмаған адамдар деген позицияны ұстанған. Оралмандарға жанаршылықпен қараған екі аймақты атауға болады: олар Оңтүстік және Батыс аймақтар, аталған аймақта тиісінше сұрауға қатысқандардың 10.4% және 6.5% олар, тек мемлекетке ғана сенетін жатып ішерлер деп жауап берген.
Достарыңызбен бөлісу: |