Мазмұны кіріспе I. Тарау Шетел қазақтары тарихи отанына оралудағы теориялық аспектілері



бет4/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#149317
1   2   3   4   5

Оралмандардың проблемалары: Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтару бағдарламасын жария ете отырып мемлекет бірқатар міндеттерді өз мойнына алды. Ол міндеттер оралмандарға тиісті құқықтық-азаматтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларды жасауды білдіреді.

Мемлекеттің көші-қон саясатында айтылған механизмдер мен

құралдарды репатрианттарға қатысты тиімді пайдаланғанда, оралмандардың қазіргі уақытта кезіккен экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделуі пролемалары мұндай масштабқа ие болмас па еді. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай оралмандар Қазақстанға келгеннен кейін жиі кездесетін қоғамдық психология және шеттетушілікке тап болып жатыды.

Осы оралмандардың проблемаларын төменгі кестеден көруге болады.

6. кесте


Қиыншылықтар

%

Нормативті-құқықтық базаның жетілмегіндігі

14,

Тұрғын жерді өз бетінше таңдай алмау (квота бойынша орналастырған)

18

Тұрғын үйге қол жеткізудің қиыншылығы

31,1

Квота бойынша келгендерге бір мезеттік және транспорттық жәрдемақыладың төленбеуі

7,8

Қазақстан азаматтығын алудағы қиыншылық

18

Жұмыс табу

45,3

Еңбек нарығына сай мамандарды даярлау мен қайта даярлау

6,5

Жеке өндірісті жасау кезінде, кәсіпкерлікпен айналысуда микрокредиттер беру

5,7

Жер тілімдеріне және малға ие болу

9,9

Білім алуда жеңілдіктер жасау

6,2

Жергілікті халық көзқарастарының әрқилы болуы

13

Әлеуметтік жағына тез бейімделуі

14,3

Экономикалық жағына көмектесу

13,6

Әрбір аймақтың тұрғындарыныц ұлттық құрамына, тілдік, діни, мәдени орталарының ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік бейнесі қалыптасады, тиісінше оралмандарға әрқилы көзқарастардың орын алуы аталған ерекшеліктерге байланысты келетінін байқауға болады. Жеке аймақтар бойынша жіктеу, қазіргі кезде республикамыздың әр түрлі аймақтарында оралмандарды толғандыратын негізгі проблемалық зоналарды анықтауға мемлекет тарапынан оралмандардың проблемаларын шешуге қажетті бірінші кезектегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді.

Қайырып айтар болсақ, "Әлеуметтік технологиялары орталығы" атты зерттеу ұйымы жүргізген зерттеуінің нәтижесі халықтың басым бөлігі тарихи отанына оралған қандастарымызға оң қабақ танытатына көз жеткізуге боладьі. Сонымен қатар халықтың белгілі бір бөлігінің қоғамдық санасында оралмандарға деген жағымсыз ойлар басым болған. Мұндай ойлардың пайда болуы, көбінесе әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделердің соқтығысуынан орын алған деп айтсақ қателеспеген болар едік. Алынған нәтижелер көрсеткендей тұрғындар оралмандарға байланысты болған біршама мазасыздық таныта бастаған, оның себебі еңбек және тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің көшеюіне.

Қазіргі кезде оралмандарды жергілікті жағдайға бейімдеу тұрғысындағы жұмыстар қажетті деңгейде атқарылмай отыр деп айтуға болады, оны сұралғандар да атап өткен, және сұралушылар бұл саладағы үкіметтік іс-шаралар нормативті сипатқа ие, ал міндеттерді орындау формалды түрде жүргізіледі деген пікір білдірген.

2.2 Оралман жастарға білім беру және ортаға бейімдеу мәселесі

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алысымен Қазақ елінің әлеуметтік-саяси өмірінде «оралмандар» деген атау пайда болды. Бұл әрине, кездейсоқ құбылыс емес, ол еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастан жүргізген диаспора саясатының нәтижесі деп атап айта аламыз.

Шелелдегі қандастарының жоғын жоқтап, жыртысын жырту - тек қана тәуелсіз мемлекеттің қолынан келетін күрделі іс.

1992 жылы 23 қыркүйекте Министрлер кабинеті «Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезіндегі әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» № 791 қаулысы қабылданды.

Қазақ диаспора саясатын қолдау мақсатында шетелде тұратын қазақ жастарды елге шақырту саясаты болды. 1994 жылы Қытайдан 30 оқушы шақыртып, Қаратау қаласындағы Қазақ Ұлттық Техникалық универ-ситетінің филиалында дайындық курсын оқытты. Дайындық курсын бітіргеннен кейін оқуға түсуіне жәрдемдесті. Сөйтіп шетелдегі қазақ жастарды тарихи отанға шақырту үшін оқу мәселесін алға тарта отырып көш саясатын жүргізуді мақсат етті. Бұл үрдіс содан кейін жалғасын тауып келеді. Шетелдегі қазақ жастарын оқыту үрдісін қозғаушы дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы екенін айта кеткен жөн. 1995 жылы Қауымдастық пен Білім және ғылым министрлігі бірлесе отырып, Қытайдан, Монғолиядан, Қарақалпақстанан жүзге жуық оқушы дайындық курсына түсіп, қалаған мамандықтарына түсіп кетті. 1996-1997 жылы екі жүз оқушы қабылданып оларда қалаған кәсіптің иесі болып кетті [15].

Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 1996 жылы қабылдаған «Шетелдегі ағайындарға қолдау көрсету туралы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып жатыр.

Оралман жастардың Қазақстанда оқуы мен елге көшіп келген қазақтардың балалары мектепте оқитындары мен жоғары оқу орындарында білім алуға ынта білдіргендері қабылданып отырды. Тіпті, аспирант, докторанттық оқимын дегендерді де жеңілдіктер жасалды. Оларға шәкіртақы беріп, тегін жеке жатақханамен қамтамасыз етті. Өйткені олардың көбі отбасымен келген жастар еді. Ол кезде талапкерлер мен ізденушілер бірден жергілікті студенттер мен аспиранттарға қосылып оқитын. Соған байланысты олардың көп бөлігі отандық оқу орындары мен ғылыми ортаға айтарлықтай үйлесіп кетті.

Қазақстан қоғамы кеңестік социалистік саяси-экономикалық жүйеден түбегейлі өзгеру кезеңін бастан кешіріп жатқандықтан, оларға әлеуметтік және экономикалық ауыртпалық ауыр тиді. Сонымен жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарына түскен оралман ізденушілердің көбі тіршілік қамымен базар жағалап кеткені де болды. Елден кеткен жоқ. Олар отанында отау тігіп, Қазақстан азаматтығын алып, шағын кәсіпкерлікпен шұғылданып, ел экономикасына өз үлестерін қосып жатқан жайы бар. Демек, олар да еліміздің оралман саясатының арқасында өз мақсаттарына жетті дейміз. Өйткені қандастарымыздың тарихи отаны - Қазақстанға оралудағы түп мақсаты - Қазақстан азаматтығын алып, қазақтық болмыста өмір сүру және өз елі үшін еңбек ету. Елімізде қолданып отырған қазақ диаспорасы саясатының мақсаты да осы болып табылады.

Сырттағы қазақ диаспора жастарын оқытуға қатысты мәселелер ҚР-ң шетелдегі елшіліктеріне жүктелген. Аталған елшеліктер тиісте талаптарды орындай отырып, дайындық бөлімдеріне оқуға жіберу үшін консурсқа қатысуға ұсынылған қазақ диаспора өкілдерінің тізімін. Сыртқа істер министрлікінің Консулдық депарламенті арқылы Білім және ғылым минист-рлігіне өтеді. Барлық талапкерлердің құжаттары куәландырған болуы керек. Шетелден келетін қазақ жастарына келуіне ешқандай бөгеттер жоқ. Тек Қытай мемлекеті ресми түрде қазақтарды жіберуге қарсы. Бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін табылмай келеді.

Жалпы республика бюджетіне ЖОО-ң дайындық бөлімдеріне жыл сайын 1400 орын бөлінеді. Осы орындарға шетелден келген жастар 2004-2005 оқу жылында жалпы саны 1642 өтініш білдірген. Осы өтініштің 1456-сы ғана қабылданған. ҚХР-нан 836,Өзбекстанан 151, Моғолиядан 201, Иранан 3, Швециядан 1, Қырғызстанан 4, Түркіменстанан 41, Ресейден 3 талапкер дайындық бөліміне оқуға түсті.

ҚР Үкіметінің 2000ж 11 қарашадағы қаулысына сәйкес, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ баласына мемлекеттік гранттың 2 пайызы бөлінеді делінген. Шетелдегі диаспора өкілдері 2001-2002жылы 306 бала қабылданса, 2002-2003 жылы 680 , 2003-2004 жылы 775, 2004-2005 жылы 470 болса, 2005-2006 жылы 567 оралған жастар студент өмірді кешіп жатыр. Дайындық бөлімі еліміздің әр түрлі өңіріндегі 14 ЖОО-да бар [16]. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде жыл сайын 300 қазақ диаспора өкілдері университеттің дайындық курсында дәріс алуда.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде дайындық курсына биыл түскен оралман студенттер саны 150. Сонымен қатар еліміздегі ЖОО-да білім алуда. Елбасымыз да оралман студенттер мен тұрғылықты студенттерге әр түрлі жеңілдіктер жасап, қолдау көрсетуде. Осындай оралман студенттерге қолдау көрсетуші, бақылаушы объектілер: Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Есенов атындағы АқтауМУ, Бөкетов атындағы ҚМУ, Әуезов атындағы ОҚМУ, Абай атындағы Алматы педагогикалық университеті, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, С.Сейфулин атындағы Қазақ Аграрлы университеті, О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттері. Осындай ірі оқу орындарының қолдауымен біздің студенттерімізге мүмкіншіліктер жасалынып, жоғары білім алуда.

Отанына қайтып оралған оралман жастар «өз елім» деп аңсап келгенде, қайлай оларды өзектен кебеміз. Ең жылдам бейімделетін жастар болған соң олар жергілікте жастармен араласып, тіл табысып кетуде.

Облыстар бойынша оралмандардың ЖОО-да оқуы

6. сурет.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 29-2 бабына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі оралмандарға орта кәсіптік және жоғары оқу орнына түсуге Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген көлемде квота бөлінуін қамтамасыз етеді. Министрліктің жергілікті департаменттері мектептерде және балабақшаларда оралмандарға орын бөлінуіне жауапты. Жалпы, министрліктің жергілікті және облыстық департаменті оралмандарға білім алуды ұйымда-стыруда шараларыды қолға алған. Көші-қон комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылы оралмандадың мектеп жасындағы балаларының ішінде бастапқы білімді 95,3% алды [17].

«Білім-Орталық Азия» білім беру орталығының зерттеулеріне сүйенсек, мектеп бітіргендердің 46% университеттік білім алуға талпынады, 40% әлі шешім қабылдаған жоқ, ал 14% кәсіптік немесе техникалық колледждерде оқығысы келетіндігін айтты. Ата-аналардың ішінде 54% балаларының жоғары білім алғандығын қаламайтындығын, өйткені қаржы тапшылығы және балала-рының үйден кеткендігін дұрыс деп санамайды.

Айта кету қажет, Ғылым және білім министрлігі білімдерін жалғасты-ратын оралмандардың санын көбейтуде белгілі жұмыстар атқарып жатыр, мемлекеттік кредит пен грант алуда жеңілдіктер бар, атап айтқанда 2% оралмандарға арналған мемлекеттік кредит пен грант. 2003-2004 жылдары жалпы Қазақстанда 183 000 ЖОО - талапкерлер түсті. Сонымен, мемлекеттік көмек арқылы оқып жатқандар саны -26 000 адам, соның ішінде 520 – оралмандар[18].

Соңғы жылдары алыс жақын шетелдерде тұратын қазақ жастарынан орта мектеп бітірген соң Қазақстанға оқу іздеп келетіндердің қатары қауырт көбейді. Солардың арасынан сұрыптап оқуға қабылдау үшін және оларды қазақстандық әлеуметтік ортаға тезірек бейімдеу үшін бір жылдық дайындық курстан өткізу тәсілі қолданылып отыр. Осы жағдайға байланысты, қазір оралман студенттерді қалай оқыту және оларды әлеуметтік ортаға қалай тезірек бейімдеу керек деген мәселе көтеріліп отыр. Бұл заңды сұрақ әрі кешіктірмей шешуге тиісті мәселе. Бұл үшін біз алдымен оқыту нысанамыз болған оралман студенттердің нақтылы болмысын анықтап алуымыз керек деп ойлаймын.

Оралман студентер дегеніміз,- алыс жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың арасынан саналы түрде өзінің тарихи отаны - Қазақстанға келіп жоғары оқу орындарына түскен жастар. Олар әр түрлі елдерде туып өссе де, оларда жалпы қазаққа тән ұлттық сана-сезім мен ортақ құндылықтар және арман-тілектер бар. Сондай-ақ оларда этнопсихология да біршама жақсы сақталған. Олар шетелдерде, жат елдің билігінде өмір сүргендіктен олар ұлттық тәуелсіздіктің қадірін өте жақсы түсінеді. Олар Қазақстанның тәуелсіздігін, мемлекеттік территорияның тұтастығын, ұлттық тіл мен дінді ең жоғары құндылық деп санайды. Сондықтан олар өз елінде қазақы болмыста өмір сүруді және ұрпақтарының мәңгі бақи қазақ болып қалуын армандап келеді, сондай-ақ олар Атамекенін аңсап келеді. Сонымен олар отандық әлеуметтік ортаға үйлесе алмай бір мезгіл қиналады. Бұл түсінуғе болатын қалыпты психологиялық құбылыс. Өйткені қазақ оралман жастарының менталитеті олар өмір сүрген елдердің әлеуметтік саяси-экономикалық және мәдени ортасының ықпалында қалыптасқандықтан, олардың ойлау формасы мен бағамдау өлшемдерінде өзіндік айырмашылықтар сақталған. Егер оралман студенттердің сондай менталитеттік ерекшеліктері мен білім алған тіл жазуын ескере отырып оларды оқытатын болсақ және оларды отандық әлеуметтік ортаға бейімдейтін болсақ, онда біздің ісіміздің нәтижесі ана анағұрлым жақсы болар еді деп ойлаймын.

Қазіргі Қазақстанда оқып жатқан оралман студенттерді негізінен үш түрлі әлеуметтік ортадан келгендер деп санауға болады. 1-ші, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан келгендер. Бұларға Моңғолиядан келгендерді қосуға болады. Бұлардың негізгі ерекшелігі-бұрынғы кеңестік саяси, экономикалық және мәдени ортада қалыптасқан отбасында туып-өскен, кириллицамен білім алып, орысша сауат ашуында. Сондықтан олар елге келген соң әлі де орыстық мәдениет салтанат құрьп тұрған Қазақстанның әлеуметтік ортасын олар жатырқамайды, тіл-жазуынан онша қиналмайды. Посткеңестік қоғамдарда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді қабылдап әдеттенген олар, Қазақстандағы әлеуметтік жағдайға, қоғамдық іс-қимылдарға тез бейімделіп кете барады; 2-ші, Түркия, Иран,Пәкістанан сияқты мемлекеттерден келгендер. Олар өздері тұрған елдерінде қолданылатын түркше, иранша немесе Батыс тілдерінде білім алады. Олар кириллицаны, орыс тілін мүлде білмейді. Тіпті, қазақ тарихы мен мәдениеті жөнінде де мардымды мағлұмат алуға мүмкіндігі болмайды. Өйткені ол елдерде қазақ тілінде білім беретін мектеп жоқ. Олар тек отбасында ғана ата-аналарынан қазақы ғұрып-әдетті, тұрмыстық жай сөздерді үйреніп, қазақтық сананы қалыптастырады және діни танымдарымен ерекшеленеді; 3-ші, Қытайдан келгендер. Олар сол елде төте жазумен қазақша, қытайша оқиды немесе қытай мектептерінде қытайша және ағылшынша оқып келеді. Қытайдағы қазақтарда ана тілінде білім берудің бастауыш мектептен жоғары оқу орына дейінгі жүйесі болғанымен, олардың оқулықтары Қытай мемлекеттік оқу бағдарламасы бойынша дайындалған қытайша оқулықтардан қазақша төте жазуға аударылған нұсқасы (қазақ тіл-эдебиеті оқулығынан басқасы). Сондықтан олар Қазақстанда қолданылатын кириллица жазуы мен орысшаны білмейді. Бірақ олар елге келген соң конкурсқа қатысу үшін кириллицаны өздігінен оқып үйреніп, сауат ашқан болады.

Оқулық демекші, соңғы жылдары посткеңестік елдерде өздерінің мемлекеттік оқу бағдарламалар жасап оқу процесіне енгізуі және латын әріпін қолдануына (Өзбекстан, Түркіменстан) байланысты, ол елдердегі қазақ жастары да кириллица жазуын білмейтін болады. Сондықтан оралман студенттерді оқытудағы бірінші мәселе-жазу болмақ. Сонымен әр елдің оқыту бағдарламамы, әдісі әр түрлі болған соң, ғылымдағы терминдер де өз тілдерінде жасалған. Бұлда өзіндік түсінбейшіліктер туғызады.

Сондықтан оралман студенттерді оқытуда және оларды әлеуметтік ортаға бейімдеуде Қытайдан келген жастардың іс жүзінде жағдайын назарда ұстаған жөн. Өйткені олардың өскен ортасы да, білім алған тіл-жазуы да басқалардан өзгеше.

Тарихи отанымызға этникалық қазақ қандастарымыздың оралу процесіне құқықтық қызмет көрсету; азаматтық алу; тұрғын үй беру; қызметке орналастыру. Елімізге оралған білімді оралмандар қоғамға әлеулі үлестері бар. Мәселен, жақын шет елдерден 13 ғылым докторы, 67 ғылым кандидаты, жоғарғы білімді 12182, аяқталмаған жоғары білімді - 1472, орта білімді - 16196 қазақтар көшіп келді. Шығармашылық саладағы қызметкерлер - 631, білім саласының қызметкерлері - 5917, медицина саласының қызметкерлері - 2492, мемлекет қызметкерлері - 651, кәсіпкерлер -2576 адам болып табылса , ал 2005 жылғы мәлімет бойынша, оралмандар арасынан 45 ғылым докторы, ғылым кандидаты - 242, жоғарғы білімді - 24847 адам, шығармашылық саладағы қызметкер - 1530, білім саласының қызметкерлері - 11753, медицина саласының қызметкерлер саны - 6058, мемлекет қызметкерлері - 773-ке жетті [19].

Бұл репатрианттардың бейім процесін объективті көрсеткіш сияқты субъективті қабылдауын білдіреді. Бұл жағдайдың мәселелері келесідей бөлімдерден тұрады:

Объективті факторлар:


  • тілдік, мәдени интеграциялық проблема;

  • тұрғылықты үй табу, әлеуметтік бөтенсу сезімі;

  • азаматтықты алғанға дейін қызмет табу, азаматтық алу мәселесі
    (аралас некелер, босқындар және т.б.)

  • материалдық жағдайдың төмендеуі, көп балалы отбасы, білім алу
    мәселесі, жоғары білім.

  • тұрақты ақпарат базасының болмауы.
    Субъективті фактор:

  • өмір сүруші ортаның құндылықтары мен нормаларын қабылдау;

-қоғаммен байланысы және ымырашылдығы болып жатқан өзгерістерді
қабылдау;

-тіл біліктілігі (қарым-қатынасқа түсуде қазақ тілі мен орыс тіл білімінің болуы);

-мамандық алу мүмкіншілігі мен талабына сай орта білімі мен біліктілігінің қалыптасуы.

Білім алуды жеңілдету факторын ұстау, оралмандардың интеграциялануы мен бейімделу процесі ресурстардың біріне жатады.

Қазақстан Республикасы алдында оның бір азаматындай сезініп осы елге қарыз сезінсе, екінші жағынан елі мен мәдениетінің терең байланысын сезінеді. Бірақ, репатрианттардың бір бөлігі елінің алдында парыз сезімінен айырылған фактіні байқамауға болмайды. Бұл отанына қайта оралуға айтарлықтай құлқы жоқ жастар. Олар Қазақстан өмірінің болашағына енжар көңіл аударады.

Қазақстанның аймақтарында жүргізілген фокус топтық пікір-талас нәтижелерінің барысында келесі ұсыныстар ұсынылды:

Қазақстан Республикасында жетіліп, білім алған балалар репатриант- тар отбасынан шыққан немесе репатрианттар ретінд қарастырылмайды;


  • ҚР азаматтығын алғаннан кейін балалардың білім алуына кедергі
    келтірмеу және ҚР заңды базасын ұстанып, сапалы білім алуына
    мүмкіншілік туғызу, жан-жақты қолдау көрсету;

  • білім алуды жеңілдету принципін жүзеге асыруды мақсат ретінде
    қарап, оралман отбасы азаматтарына келесі пәндерден тұратын
    қосымша сабақ жүргізілуі тиіс (жергілікті немесе мемлекеттік
    бюджеттен төленілетін): «қазақ тілі», «орыс тілі», «қазақстан тарихы»;

  • оралмандар мен тұрғылықты халықтың арасындағы қарама-қайшы
    көзқарастарды жою үшін оралман отбасылар мен кедей және көп
    балалы тұрғылықты отбасыларына бірдей әлеуметтік бағдарламалар
    мен жеңілдіктер жүргізілуі тиіс;

ЖОО-на түсу кезінде квотаны көбейту, әлемде 35 пайыз қазақ тұрса, шетелдегі қазақ диаспорасына мемлекеттің 2 пайыз гранты азшылық етеді. ЖОО бітіру кезінде мамандық бойынша жұмыс жасауы үшін олармен келісімшартқа отыру. Менің ұсынысым:

1. Оралман жастарды ең бірінші Қазақстан тарихын жақсы тәсілдермен оқыту маңызды. Себебі халықаралық талаптар бойынша әр мемлекет өзінің отандық тарихын оқытады. Келген жастар қазақ тарихына жақсы білмей келеді. Біз оларға қазақ тарихтын оқыта отырып , отандық сезімді бойына сіңдіреміз.

2.Оралман студенттерге арналған орыс тілін тез үйрететін оқулықтар мен
оқу әдістемелік құралдарды дайындау керек. Және дайындық курста негізгі
сабақ орыс тілі болу керек. Ал дайындық курстан кейінгі төрт жылда
университет бойынша оралман студенттерге орыс тілін жалғасты түрде
тереңдетіп оқытатын орталық немесе клуб ашу қажет. Өйткені оралман
студенттер өзінің атамекені - Қазақстанға келгеннен кейін ең алдымен
қиналатыны орыс тілі. Олар егер орыс тілін меңгерсе оқулық мәселесі де,
әлеуметтік ортаға бейімделуі де өздігінен шешімін табады. Келген жастарды орыстық санада емес, орыс тілін үйреткеніміз абзал.

3.Оралман студенттерді әлеуметтік-көпшілік шараларға көбірек тарту


керек. Ол үшін оралман студенттер жергілікті студенттермен араластырып
жатақханаға орналастыру қажет. Олар бір жатақханада тұрса оралман
студенттердің тіл үйренуіне, әлеуметтік өзара қатыныстарға бірге қатысуға қолайлы болар еді. Сондай-ақ олар өзара араласу барысында бір-бірінің жақсы мәдени әдетін қабылдап, кемелдене түсер еді деп ойлаймын.

  1. Оралман студенттерге Қазақстанның әлеуметтік жағдайынан және
    құқықтық жүйесінен негізгі білімдік лекциялар керек. Мысалы, олардың жеке
    бастық құжаттарды дайындау және жұмыс істеу немесе шағын кәсіпорындар
    ашу үшін қандай құжаттар дайындау керек екендігін түсіндіру керек. Өйткені
    дайындық курстағылардың барлығы жоғары оқу орындарына қабылдана
    бермейді, қабылданса да бәрібір олар болашақта Қазақстанда өмір сүруі керек.
    Сондықтан оларға әлеуметтік ортаға бейімделудің тетіктерін үйретудің
    артықтығы жоқ. Сонымен қатар, оралман студенттерге патриоттық тәрбие беру,
    олардың жүрегіне қазақстанық мақтаныш сезімін ұялатумен қатар, олардың өз
    отаны - Қазақстанға үлес қосуға борышты екендігін терең сезіндіру керек.

5. Оралман студентер оқуын тәмандаған соң, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру тетіктерін қарастыру керек.

Мемлекеттік тілді жақсы білітін мамандарды пайдалануда оралман жастарда ескерусіз қалдырмау дұрыс. Олар оқып бітірген кезде жұмыс орындарына орналасу қиыншылықтары бар.

Қазақстан Республикасынан ілім алып осы елге қызмет жасап жатқан бірқатар шығармашылық саласындағы индивиттерді айта кетсе, Монғолиядан; «Жас Қазақ» газетінің журналисі Еренғайып Қуатайұлы, «Хабар» агентігінің журналистері Нұрлан Окаұлы, Ардабек Солдатбайұлы, Айдос Жұқанұлы, «Қазақстан» арнасында Айбек Қобдабайұлы, «Астана» арнасында Ержан Әшейханұлы, «Түркістан» газетінде Есенгүл Кәпқызы, «Қазақ» родиосында Болатбек Баянханұлы, Қабдай Нұрлан, Ақсұңқар Ақынбабақызы, «Әдебиет айдыны» газетінде Әбдімәлі Өміржан, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы т.б. мемлекеттік қызметтер атқарып жатыр. Тәуелсіздік алған соң елімізге шетелде тұратын қазақ ғалымдар да көшіп келді. Зардыхан Қинаятұлы МХР-ң премьер-министрінің орынбасары болған, Түріколог,ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы әлемде орхан-енесей жазуын оқитын 8 ғалымның бірі. Және Қарағанды Мемлекеттік университетінде 15-тей әр түрлі дәрежедегі оқытушылар қызмет жасауда. Ал,Қытайдан келген ғалымдар, Нәбижан Мұхаммед, Жақсылық Сәбитұлы, Дүкен Мәсімхан, Тұрыспен Зәкенұлы, Жәкен Шәди т.б. ғалымдар да баршылық. Биші Шұғыла Сапарғалиқызы, «тарлан» сыйлығының иегері Майра Мұхаммедқызы, Қазір Парижы қаласының орталық опера театрында өнер көрсетіп жүр. Түркиядан келген ғалым, дінтанушы, исламтанушы, дипломат Мұртаза Бұлұтай, ең алғаш қазақ тілінде Құран кәрімді тәжімалаған қазақ халқының бір туар ұлы Халифа Алтай, Шаки Морис, Бруслендермен бірге оқығын, шығыс жекпе-жегінің шебері Мұстафа Өзтүрік т.б. Қазақ мемлекетінің дамуына өз үлестерін қосуда. Елбасының «мәдени мұра» бағдарламасына шетелден келген қазақ ғалымдары да атсалысып жатыр.


ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан әлемде жер көлімінен 9-шы орында болса, ал халқы саны бойынша 79 орында тұр. Халықтың демографиялық санының аздығы мемлекет алдында тұрған өткір мәселенің біріне айналды. 1997 жылы мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан 2030» атты стратегиялық даму бағдарламасы жасалып, 2015 жылы халық саны 20 миллионға 2030 жылы 25 миллионға жеткізуге мемлекет мақсат қойды. бағдарламаның негізі ұлттық миграция саясаты арқылы жүзеге асыру көзделген. Яғни шетелде тұратын қазақ диаспорасын тарихи отанға көшіріп әкелу ретінде бағдарлама нақты іске қосылмақ. Мәселенің басы отанымыз екі ұлы державаның геосаяси территорияға орналасуы немесе державаның демографиялық артықшылығы мемлекеттік саясатқа әсер етпей қоймайды. Сондықтан да еліміздің демографиялық мәселесін жылдам шешу маңызды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуметінің артуы өзге де салалармен қоса Қазақстан шекарасынан тыс қалып қалған қазақтарды елімізге оралуымен байланыстырып отыр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстан өзге елдерде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтарды елге қайтару саясатын ұстанды. Мұндай саясат экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер жағдайында қажетті жұмыс күштерін тарту тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жалпы ұлттық моларь мен этиканы сақтау және тарихи әділеттілікті қайта орнату қажеттілігімен де маңызды болды. Қазақтардың тарихи отанына оралту қазақ мәдениетінің сақталуынада, қазақ тілінің екінші демге ие болып, дами түсуінде көрінетін мемлекеттің ұлттық негіздерді сақтап қалуды көздейді.

Егемендіктің еркіндігі әлемдегі әр қазақты отанға қайтуға ерік берді. Тарихи отанға оралған қазақтар мәдени-әлеуметтік үзілген құндылықтарды қайта жаңғыртып, еліміздегі қазақтардың демографиялық ұлттық болмысына үлестерін қосуда. Көштің басталуынан бастап бүгінгі күнге дейін тарихи отанына оралған оралмандардың жалпы саны 667 мыңды құрайды. Оралмандардың әлеуметтік жағдайы, күнкөрісі, өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, білім алу, баспана, азаматтық алу, т.б мәселелері сын көтермейді.

Мемлекет тарапынан жасалатын әлеуметтік жеңілдіктердің механизмдері қарама-қайшылықтарға толы. Осындай әлеуметтік мәселелер оралмандар үшін өзекті мәселеге айланып тұр. Мәселен азаматтық алудағы кедергі, тұрақты тіркеуді талап етуі. Жаңа келген оралманда қандай тұрақты тіркеу болуы мүмкін? Және де квота алу мәселесі де нақты жолдарға қойылмаған. Жалпы көші-қон саясатын мемлекет қайта қарап, көші-қон саласындағы осындай кемшіліктерді жойып, қайтадан жаңа бағыттар жасауы керек. Және де оперативті әрі тиімді оралмандарға қызмет көрсетсе мұндай өзекті мәселе болмас еді.

Сонымен қатар Көші-қон комитетінінің статусын Көші-қон министрлігі ретінде статусын көтеру керек. Егер министрлік болған жағдайда көптеген шешімі табылмаған мәселелер шешілер еді.

Тарихи отанына келген қазақтардың әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени бейімделу, білім, тіл және т.б. салаларда қиыншылықтары көптеп кездеседі және біртіндеп шешіліп отырғанына қарамастан олардың өзекті мәселесі қоғамдағық проблемаларды күрделендіре түсуде.

Оралмандарды ортаға бейімдеу үрдісі әлі күнге дейін мемлекет тарапынан нақты шаралар жасалмай отыр. Келген оралмандардың 96 пайызы арнайы бейімдеу орталықтарысыз қоғамдық қатынастарға түсу арқылы бейімделуде. Оралмандарды бейімдеу және аймақтық қоныстандыру бағдарламасын жасау қажет етуде. Оралмандарды қоныстандыру жағдайы климаттық, тарихи шежіресіне байланысты орналастыру керек екендігі бүгінгі ахуал көрсетіп отыр.

Келген репатриаттарды жұмыспен қамтамас ету мен қатар білім беру мәселесі де шешімін таппай тұрған жағдай бар. Мәселен, әр түрлі альфабитті қолданған оралмандар еңбек нарығана қатыса алмай тыс қалуда. Қазақстан ішіндегі еңбек нарығында орыс тілінің басымдылығы да оралмандар үшін өзекті проблема болып тұрғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар қоғамдағы психологиялық ахуалда әсері бар екені анық.

Білім саласына келсек оралған қазақтарға Білім және ғылым министрлігі бөлетін 2 пайыз грант аздық етеді. Жалпы қазақтардың 35 пайыз шетелде тұрады. Осы келіп жатқан оралмандардың дені жастар, яғни білім алу мақсатында келіп елімізге тұрақты тұруды мақсат етеді. Оларға отандық негізде білім беру және Қазақстан тарихын жақсылып оқыту маңызды. Осы үрдістерді шешу күн тәртібінде тұр.

Жалпы қорыта келгенде жоғарғыдағы айтылған, оралмандардың қордаланған проблемасын рет ретімен шешуді қажет етеді. Сонымен қоса оралмандарды ғылыми тұрғыдан егжей-тегжей зерттеп, қоғам алдында нақты баға беруді керек етеді. Ойымды қорыта келе оралман жалпы қазақтың мәселесі сондықтан жүйелі түрде әлеуметтік саяси үрдістерін қадағалап, оны іске асыру тек қазақ мәселесі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет