Мазмұны кіріспе і-тарау туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі328 Kb.
#21584
1   2   3

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда айтылғғандардың бврлығын қорыта келіп, келесі біршама ой-түйіндеулерге келуге болады:


Ең алдымен туризмді дамытудың негізгі бағыттарын анықтау қажет:


Мақсаттар мен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:

  • Туристік қызметті мемлекеттік реттеу

  • Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға толық жауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдары мен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің рөлін арттыру қажет. Саланы орталықтандырып басқару Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне жүктеледі.

  • Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:

  • республикалықжәне аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;

  • туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету;

  • сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру;

  • білім және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау;

  • туризм саласында мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз ету;

  • туризмді дамытудың нақты аудандарында жерді пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;

  • тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдаушылардың қызметін лицензиялауды, туристік объектілердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау;

  • ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетингі

  • және жылжытылуы жөніндегі басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;

  • халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;

  • халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттары мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

  • визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату;

  • мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау;

  • туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.

  • Туризм инфрақұрылымын дамыту

Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жып сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға курделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.

Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:



  • жалпы пайдалану және туристік мұқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;

  • ілеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және қатты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;

  • туристік кешендерді, этнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құру; тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мұражайға айналдыру;

  • жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристік объектілер жобаларын оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу.

  • Маркетинг стратегиясын әзірлеу

  • Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.

  • Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

  • сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;

  • Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

  • қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;

  • жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;

  • Германия, АҚШ, ¥лыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және т.б. туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;

  • рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;

  • ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;

  • ғылыми негізделген өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;

  • жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және бағалық тәсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;

  • ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;

  • туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

  • Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру.

Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеулі талап етеді.

Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.

Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудио-бейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмалары-ның WEB -сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар еткізу ықпал етеді.

Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.

Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.

Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлекеттің туристік әлеуетінің әлемдік туристік рыноктағы тұсаукесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазан-дағы № 1604 қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтиды. Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.

Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.

Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды злемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.

Мемлекеттік органдар, туристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттан, әлеуметтік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді.

Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуір дәрежеде осы салада жұмыс істейтін кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет - туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.



Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар әлеуетін қалыптастыру үшін:

  • жаңа буындағы "Туризм" мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу;

  • туристік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік кызметтің әртүрлі қажеттілігі мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;

  • мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттық технологияларды білуіне, тілдік дайындауға негізінен иек арту;

  • орта арнаулы оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру;

  • жалпы білім беретін оқу орындарында туристік сыныптар, секциялар мен үйірмелер құруға көмектесу;

  • бұдан бұрын таратылған балалар мен жасөспірімдер туризмінің республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтіру;

  • Ұлы Жібек жолының (1700 ш) қазақстандық учаскесіндегі туристік-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және түгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрмайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген "тың" күйінде қалып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Агеева О.А. Туристические фирмы и гостиницы; бухучет и налогооблажение.- М.: Совр. экономика и право, 2000.-184с.

  1. Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебник.-М.: Аспект-Пресс,2002-470с.

  2. Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб. пособие. – Алматы: Каз ГАУ, 1999.-94с.

  3. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,2001.-176с.

  4. Багатов А.П. и др. Туристические формальности: Учеб. пособие / Багатов А.П., Бойко Т.В., Зубрева М.В.-М.: Академия, 2004.-304с.-(Высшее проф. образование)

  5. БиржаковМ.Б. Введение в туризм: СПб.: Герда, 1999.-192с.

  6. БиржаковМ.Б. Введение в туризм: Учебник.-Изд.7-е, перераб. И доп.- СПб.: Герда,2005.-448с.

  7. Бирюков Е.С. Развитие туризма в СССР и его влияние на экономику (на примере исторического города-музея Суздаль): Афтореферат.-М.,1975.-20с.

  8. Борисов К.Г. Международный туризм и право: Учебно-метод. Пособие.-М.: НИМП, 1999.-352с.

  9. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. – М.: АСПЕКТ-ПРЕСС, 1995.-382с.

  10. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика, 1999.-352с.

  11. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Бухгалтерский учет и отчетность в туризме : Учеб. пособие.- М.: Нолидж,1998.-272с.

  12. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика,2000.-352с.

  13. Волошин Н.И. Правовое регулирование туристической деятельности: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,1998.-120с.

  14. Волков Ю.Ф. Технология гост. обслуж. Ростов-на-Дону. Феникс 2003г.

  15. Вуколов В.Н. Теория и практика подготовки специалистов туристической деятельности: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,1998.-120с.

  16. Гвозденко А.А. Логистика в туризме: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,2004.-270тен.

  17. Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,1998.-352с.

  18. Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,1999.-352с.

  19. Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,2000.-352с

  20. Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности: Учебное пособие / Московская Академия экономики и права.- М.: Нолидж,1996.-313с.

  21. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустр. гостеприимства Уч. Пос. 2005г. М. Академия

  22. Ляпина И.Ю. Организация и технология гост. обслуж. Уч. М. Академия 2005г.

  23. Папирян Г.А. Менеджмент в гендустр. Гостепреимства : Отели и рестор. М. Экономика 2000

  24. Рахимбекова Ж.С. Международный гостиничный бизнес: Учебное пособие. Алматы Каз. Ун.

  25. Сенин В.С., Денисенко А.В. Гостиничный бизнес: классификация гостиниц и других средств размещения. Учебное пособие М. Финансы и статистика,2004г

  26. Скараманга В.П. Фирменный стиль в гостеприимстве . Учебное издание / Российской международной академии туризма. М. Финансы и статистика, 2005г.

  27. Скобкин С.С. Маркетинг и продажи в гостиничном бизнесе М.:Юрист,2001 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет