Мазмұны Кіріспе І тарау



бет1/10
Дата19.05.2022
өлшемі381.44 Kb.
#457212
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-62115


Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................2
І тарау Сүзбеге қысқаша сипаттама
1.1 Сүзбенің ассортименті мен тағамдық құндылығы........................................3
1.2 Сүзбенің пайдасы мен зияны туралы..............................................................5
1.3 Сүзбенің сапасына қойылатын талаптар.........................................................8
ІІ тарау Сүзбе өндіруге арналған технологиялық тізбектер
2.1 Сүзбе өндіру технологиясы............................................................................12
2.2 Бөлектеу тәсілімен сүзбені алу технологиясы..............................................20
2.3 Шаруашылық және асханалық сүзбені дайындаудың технологиясы.........................................................................................................23
2.4 Биологиялық белсенді заттарды қоса отырып сүзбе өндіру технологиясын жетілдіру....................................................................................................................................24


Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылатын әдебиеттер тізімі......................................................................29

Кіріспе
Сүзбенi айраннан әзiрлейдi. Ол үшiн айранды кенептi қапшыққа құяды да, одан ағызады. Қалған қою масса сүзбе болып табылады. Одан кейiн сүзбеге кiшкене тұз салады. Қазақтар сүзбеден құрт жасайды. Кейбiреулер мұны қатық деп атайды. Сүзбеден қазақтар құрт жасап, оны ет тағамдарына астатым ретiнде қосып пайдаланады, тың түрiнде де қолданады.
Қазақ халқының өзіне ғана тән және сирек әзірленетін тағамдарының бірі-"сүзбе". Сүзбе сүзу үшін айранды ұйытып, соны кәдімгі қапшыққа құйып,жоғары іліп қояды. Осы жерде айранның суы әбден ағып болып,қап түбінде айранның маңызы,яғни қоюы ғана қалады. Оны шұңғыл шараға құйып алып әбден араластырады да тұз салады. Сүзбе әдетте күн суыған кезде, қыста дайындалады. Оның ащылау әрі қышқыл дәмі тәбет ашады. Дастарқан үстіне дәмін алуға немесе сорпаға қосып ішсе астың құнын,сапасын арттырады. Сүтке, қайнаған суға езіп ішсе,шөлді тез басатын қасиеті де бар. Сүзбе, негізінен , қысқы азық ретінде дайындалатын тағам Оның екі түрі болады. Біріншісі- қатық сүзбе. Ал сүзбенің екінші түрін құрт сүзбе деп атайды.
Қатық сүзбенің өзі екі түрлі тәсілмен даярланады. Сүттің қаймағын бетіне шығармай сапырып отырып пісіреді де, қазанда тұрған күйінде қанжылым болғанша салқындатады. Қатық айранды ұйытқан сияқты сүтке бірер кесе ұйытқы ( бұрын ұйытқан қатық ) қосып, қазанның бетін тұмшалап жауып қояды. Жылылық мөлшері бабында болса, екі-үш сағатта ұйып қалады. Маңызды сүттің қаймағы әрі-бір сап-сары болып, қатықтың бетіне қалың боп түсіп қалады. Ожаумен араластырып, қаймақты қатыққа сіңіруге күш салады. Содан соң көзі сиректеу матадан тігілген дорбаға құйып, іліп қояды. Сүзіліп алынған сүзбе енді бірнеше жолмен даярланады. Тұздамай қарын, бүйенге салып кептіреді. Мұны сол жаз айларында езіп, айран-шалап қылып, сусын орнына пайдаланса , кейде сорпаға, көжеге езіп қосады. Ал ұзақ сақтауға арналғанын тұздайды. Ол үшін дорбада сорғып тұрған сүзбені үлкен тегене не астауға салып, жеткілікті мөлшерде тұз себеді. Азық көгеріп, бүлініп кетпеу үшін тұзының шығыңқы болғаны жөн. Оның үстіне тары араластырып, сүзбемтары жасауға да болады. Немесе домалақтап, жұмырлап алып, тұзды құрт жасап, өреге жайып кептіруге болады. Тұз араластырған соң, қой-ешкінінің үрленген қарнына салып сақталған асты қатық сүзбе дейді. Қарынға салынған қатық та көлеңкеде кептіріліп, суы шығу үшін қарынды әр жер-әр жерінен тебен инемен тесіп қою керек. Сүзбе тобарсып, қарын ортайған кезде үстіне еселеп салып отырады.

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: 
Курстық жұмыста сүзбе өндіруге арналған технологиялық тізбектер ерекшеліктерінің маңызы сөз болады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Сүзбе өндіруге арналған технологиялық тізбектердің техникасының, әдіс- тәсілдер ерекшеліктері үрдісінің тиімділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет