Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Сабақ – информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың



бет9/37
Дата29.10.2023
өлшемі0.58 Mb.
#481905
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
dip -informatikadan-dengeylik-tapsyrmalardy-zhasau-adisi

2.1. Сабақ – информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ сынып – сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар: 1) оқу топтарының құрамы; 2) әр сыныптағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау; 3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі; 4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру; 5) мұғалімнің жетекші рөлі ; 6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған сынып - сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту процесін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ. ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталды. Солардың ішінде Белль - Ланкастерлік түрі, Мангейм жүйесі, Дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлері бар. Ал, информатика негіздерін оқыту дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі.
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат –оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:
1. Жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);
2. Оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы);
3. Оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алап қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді. Және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепте міндетті пән ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П. Лапчик информатика курсы бойыша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндік береді.
Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау
(дидактикалық функция бойынша)

Оқу сабағының түрі

Сабаққа тән дидактикалық функциялары

Сабақ

Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі іскерліктерді қалыптастыру: оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау. Есептер шығару.

Лекция (теориялық оқыту)

Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу, лекция жазу, жоғарғы оқу орнындағы оқу түріне дайындау іскерлігін қалыптастыру.

Семинар (теориялық оқыту)

Өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап, жүйелеу, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру, әртүрлі әдебиеттермен мақалалардағы баяндалған материалдарды салыстыра білу, өзінің көзқарасын айта білу және негіздей білу іскерлігі. Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және хабарламалар жазу; оқылғанды конспектілеу, көшірме жасау, және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану.

Конференция (теориялық оқыту)

Өтілген материлдар бойынша білімді тереңдетіп, кеңейту; қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

әңгімелесу (теориялық оқыту)

Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; біліміндегі оқулықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.

Консультация (теориялық оқыту)

Білімі мен іскерлігіндегі оқулықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек көрсету.

Фронтальдық лабораториялық жұмыс

Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту, меңгерілген материалды тексеру), жеңіл есептерді орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.

Практикум

Күрделі программалармен және ПҰ-дің қосымшалармен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.

Сонымен қатар сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Информатика сабағында ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру, анаграммалармен жұмыс жасау жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптас тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.


Осы мақсатта 7-ші сыныптағы сабаққа тоқтала кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет