Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер



бет17/37
Дата29.10.2023
өлшемі0.58 Mb.
#481905
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
dip -informatikadan-dengeylik-tapsyrmalardy-zhasau-adisi

Эстафета ойыны
Оқушыларды екі топқа бөліп, ойын шартын түсіндіреді.

  1. мұғалім есепті беріп, шартын түсіндіреді.

  2. 1-ші оқушы есептің шартын алып, блок-схемасын құрады (есептің шартын өзінде қалдырады).

  3. 2-ші оқушы блок - схемасын алып программасын құрады (блок-схемасын өзінде қалдырады).

  4. 3-ші оқушы программасын алып, берілген шартын жазып мұғалімге өткізеді.

Топтық ойын
Ойын шарты: әр топқа бір-бір есептен беріп, топ ішінде әр оқушы алгоритм қатарын толтырады.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға
тапсырмалар беру
Берілген тапсырмаларды алгоритм тілінде жазып, блок схемасын сыз
1.

2. y =(ax3+2)/(at2-d) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмнің блок – схемасын құру қажет.
3.
х<2;
2<=x<3;
3<=x;
4. y = (at2+2) / (at2-1), мұндағы t= a*x+x3 формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у-тің мәндерін есептеу кезеңдерін алгоритмдік тілде жазыңдар және блок – схема түрінде құрыңдар.
5. Шай қайнату кезінде орындалатын іс- әрекеттерді алгоритмдік тілде жазыңдар.
6.
Y= егер x<0
7. Z= ax2+b+ cos(ax2+b) - tg(ax2+b)
8. Квадрат теңдеудің түбірлерін табу керек.

9.

егер x>=0


Шығармашылық сабақ

Ұстаздың қайталау сабақтарын мейлінше әртүрлі өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артырумен қатар олардың танымдық белсенділігін арттырады. EXCEL - 97 программасында диаграмма салу сабағын шығармашылық сабақ ретінде өткізудегі басты мақсат оқушыларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға баулу және деңгейлік білімін тексеру.


Сабақтың тақырыбы: EXCEL-97 программасында диаграмма салу.
Сабақтың типі: білім мен білікті практикада қолдана білу сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, EXCEL-97 программасының плакаты, І,ІІ,ІІІ –нұсқада деңгейлік тапсырма қағаздары, тест тапсырмалары, күйтабақ
Сабақтың барысының жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларға шығармашылық жұмыстың деңгейлерімен таныстыру, диск 3,5А тарату, тапсырма қағаздарын таратып беру.

  2. І,ІІ,ІІІ –нұсқада деңгейлік талаптармен таныстыру. Үй тапсырмасымен, EXCEL-97 кестелік процессоры тақырыбы бойынша ауызша сұрақтар арқылы сұрап еске түсіру бағалау.

  3. Шығармашылық жұмыс кезіндегі оқушылардың ойлауына, компьютерде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

  4. Барлық деңгейдің тапсырмалары бойынша жинақтап, тексеріп, бағалау.

  5. Бой жазу кезеңі. (көзге жаттығу)

  6. Қорытынды кезеңі.

  7. Үйге тапсырма беру.

Пән аралық байланыс: орыс тілі, математика.
Оқушыларға сабақтың шартын түсіндіргеннен кейін, тарауды еске түсіруге арналған төмендегідей сұрақтар қойылады:

  1. EXCEL электрондық кестесінің мақсаты?

  2. EXCEL программасын іске қосудың жолдары?

  3. EXCEL терезесінің негізгі элементтерін ата?

  4. Стандартты саймандар тақтасының командалары?

  5. Форматтау саймандар тақтасының командалары?

  6. Диаграмманы салудың жолдары? т.с.с.

Оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін бағалау үшін сұрақ – жауап әдісі арқылы жүргізіледі. Ұзақтығы 3 - минут. Сынып оқушыларының жауабын бағалау тақтадағы аты - жөні жазылған плакатқа белгіленеді.
Шығармашылық жұмысқа оқушылар 3 нұсқадан І-ІІ деңгейлік тапсырмалар алады. Тапсырмалардың бірнеше нұсқада берілуі бағдарламаны толық қамтуға, оқушының бір-біріне қарамай, толық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. І - деңгейдегі тапсырма міндетті деңгей болғандықтан, тапсырма компьютерде орындалып, «2» немесе «3» бағасымен бағаланады. Компьютерде жұмыс істеу уақыты 10 минут.
ІІ –деңгейдегі тапсырма «2» «3» «4» бағалары қойылады. Тапсырмаға 7 минут уақыт беріліп, жазбаша орындалады. ІІІ -деңгейдегі тапсырма «ғылыми жұмысты қорғау» - бөліміне көп оқушы тілек білдірсе қосымша 2- ші 45 минут уақыт беріледі. Ғылыми жұмысты қорғауға 15 минут беріліп, ІІІ – мүмкіндік, дамытушылық деңгейіне тек «5» баға қойылады.
Қорғалған ғылыми жұмыстың тақырыптары:

  1. EXCEL-97 программасының қызметі.

  2. EXCEL-97 программасында диаграмма салудың мүмкіндіктері.

  3. EXCEL-97 программасының артықшылығы.

Сабақты қорытындылап, барлық деңгейдің тапсырмаға қойылған әр оқушының қағаздағы бағасын оқушының аты - жөні жазылған плакатқа енгізіп оқушыларды бағалаймыз. 2 минут. Үйге тапсырма: EXCEL –программасында диаграмма салу жолдарын қайталау және реферат жазып келу тапсырылады. 1 минут.
1- нұсқа. Сынып ________ Аты –жөні___________
1- деңгей: тапсырма компьютерде: N____




1926ж

1970ж

2000ж

Қазақтар
Орыстар
Украиндер
Басқлары

57%
33%
13%
9%

36%
51%
20%
16%

50%
37%
23%
11%

Мына төмендегі шарттар бойынша кестенің диаграммасын сыз.




N EXCEL программасында орындалады

Тексеру белгісі

Баға

  1. Диаграмманың стандартты түрін таңда

  2. Цилиндрлік диаграмма

  3. Сан мәндерін қос

  4. Сан мәдерін ақшалай бірлікте көрсет

  5. Мәліметтерді А Я алфавиті бойынша өзгерт






2- деңгей. Мынадай сұрақтарға жауап жаз.



Сұрақтар

Жауап

Тексеру

Баға

1.EXCEL- мақсаты
2. Бір ұяшыққа қанша таңба сыяды?
3.Диграмманың қанша түрі бар?
4. Оң жағынан тегістеп жазуды EXCEL- қолданамыз ба?
5.Ақша белгісі, % белгісі сан мәнін өзгерткендегі командалар.









ІІ- нұсқа. Сынып ________ Аты –жөні___________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет