Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


«Балдырғанның бал тілі» ойыны



бет14/37
Дата29.10.2023
өлшемі0.58 Mb.
#481905
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
dip -informatikadan-dengeylik-tapsyrmalardy-zhasau-adisi

«Балдырғанның бал тілі» ойыны
Көбінесе оқушылар кейбір компьютерлік ұғымдарды дұрыс атамайды. Жабу батырмасын –«икс», мониторды – «теледидар», принтерді – «печать» деген сияқты сөздермен бұрып атайды. Сол себепті компьютердің бөліктерін өз аттарымен атап үйрету және олардың қызметтерін айқын білдірту мақсатында «балдырғанның бал тілі» атты ойынды сабақтарда жиі пайдаланамын.
Ойынның әр біреуінде компьютер бөліктерінің немесе компьютерге байланысты ұғымдардың негізгі қасиеттері жұмбақтап айтылады. Егер оқушы бірінші жұмбақталған сұрақ бойынша жауап бере алмаса, екінші көмекші – сұрақ оқылады. Жасырылған қасиеттерінің негізінде оқушы өзінше қорытынды жасап, ұғым туралы сөз болып тұрғанын тауып алады.
Тереземен басқару батырмаларына байланысты «Балдырғанның бал тілі» ойыны.

  1. Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар сол ауылды басқарады.

  2. Бірінші отаудың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады.

  3. Екінші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді.

  4. Үшінші отаудың есігін қақсаң, тіпті тас қылып жауып алады.

Принтерге байланысты «Балдырғанның бал тілі» ойыны.

  1. Оның үш түрі бар.

  2. Оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады.

  3. Оның істеген жұмысының нәтижесін тек қағаздан ғана көруге болады.

Қатайтқышқа байланысты «Балдырғанның бал тілі» ойыны.

  1. Оларды компьютердің қосымша бөліктері деп атайды.

  2. Олар ағалы – інілі.

  3. Олар сыбырлап та , айқайлап та, сөйлейді.

Егер осындай сұрақтарды оқушылардың өздері құрастыруына тапсырма берсек, оларды қиялдау мүмкіндіктерінің шексіздігіне көзіңіз әбден жетеді.
ІІІ –гейм. «Көрме». Мұнда топ басшылары компьютерге байланысты қарсы топқа тақырып береді. Қарсы топтың әр мүшесі сол тақырыпта сурет салу керек. Артынан топ ішінде көрме ұйымдастырып, сынып ішіндегі көрмеге ең жақсы салынған суретті ұсынулары керек.
«Көрме» жұмыстарын қолданушы курстың барлық тақырыптарында ұйымдастыруға болады. Бұл жерде оқушы бір бірлерінің жұмыстарын көріп, өзінің істеген жұмысымен салыстырады. Басқаның жұмысымен білімін жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет