ІV –гейм. «Сен –маған, мен -саған». Топ басшылары тобындағы оқушылардың үйде құрып әкелген кроссвордтарының ішінен ең тәуірін қарсылас командаларына шешуге береді. /7-8 мин/
Кроссворд, ребус, сканворд құрастыру арқылы оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ұйымдастыру. Ол дегеніміз – тақырып бойынша кроссворд, сканворд, ребустар дайындатып, басқа да ой өрісін дамытатын тапсырмалар беріп, арасынан ең сауатты, ең ұтымды орындағанын іріктеп, сабақта пайдаланы.
Қазіргі кезде адамның ойлау қабілетін дамытудың тиімді жолы кроссвордтарды шешу болып табылады.
Сондықтан информатика сабақтарында үй тапсырмасын түрлендіру мақсатымен арнайы тақырып бойынша оқушыларға кроссворд құрғызу тиімді. Ол үшін әр сабақта сұрақ - жауап немесе информатикалық диктанттар жиі өткізіп отыру қажет. Бұл – оқушылардың сөздік қорымен қоса, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады, әрі сұрақтарды дұрыс қарастыруға үйретеді.
V –гейм. «Ақпараттық диктант». Топ оқушылары бірігіп «Ақпараттық диктант құрастырады», диктант дайын болғаннан кейін, топ басшылары ауысып қарсы топтардан диктант алады, нәтижелерін хабарлайды.
Жоғарыда айтылғандай оқушылардың білімдерін тексерудің өте тиімді жолдарының бірі - «Ақпараттық диктанттар» жаздырту.
Диктантты бірнеше рет жаздырғанда, оқушыларға оның өтілу жолын түсіндіріп алу керек. Мұғалім сұрақты оқиды, оқушы жауабын жазады. Ақпараттық диктанттарда 5 сұрақ болады. Диктант жазып болған соң көрші отырған оқушылар дәптерлерін айырбастайды. Мұғалім тақтаға дұрыс жауаптарын іледі, оқушылар тақтадағы жауаптармен салыстырып, дұрыс жауап берілген сұрақтың қасына «+» белгісін, ал қате жауаптың қасына «-» беогісін қояды. Неше «+» белгісі бар, соншама бағаға бағаланғаны болып есептеледі.
Ақпараттық диктант мысалы:
Компьютерлік өшіргіш (ластик)
Экранды бірден тазарту іс-әрекеті.
Экранды жоқ саймандар тақтасын орнату іс-әрекеті.(Вид-панель инструментов)
Түстер гаммасы (палитра)
Windows операциясын ойлап тапқан фирманың аты. (Microsoft)
Ақпараттық диктанттардың ұтымдылығы:
Оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарының құрылысын есте сақтауға тырысуында, себебі шығармашылық жұмыс кезінде сұрақтың сауатты құрылуы өте маңызды роль атқарады;
Бір – бірін бағалауға мүмкіндік беруінде;
Сөздік қорларын молайтып, дұрыс сөйлеуге жаттықтырады;
Мұғалімнің үлкен сенім артып отырғанын біле отырып, оқушылардың әділ болуларында.
ІІІ. Қорытынды жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |