Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Информатикадан деңгейлік тапсырмалар



бет32/37
Дата29.10.2023
өлшемі0.58 Mb.
#481905
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
dip -informatikadan-dengeylik-tapsyrmalardy-zhasau-adisi

2.2. Информатикадан деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың тақырыбы: Файл. Қапшық. Жарлықтар. Қапшық құрылғылары
1-деңгей
1. «Сілтеуіш» терезесін қарап шығып, оның С: дискісінде «Информатика» қапшығын құрып, әрекеттерін жаз.
2. «Информатика»қапшығының ішінен «Ақпарат»атты екінші деңгейлі қапшық құрып, әрекеттерін жаз.
2. Қапшықтың құрлымында оның қалай орналасқанын қарап, сипаттама бер. «Информатика» қапшығын жауып, одан кейін С:/ дискісін жабу әрекеттерін жаз.
3. Жұмыс үстелінде уақытша «Информатика» жарлығын құр және әрекеттерін жаз.
4. Жұмыс үстелінде уақытша «Алматы» қапшығын құр.
5. «Алматы» қапшығының ішіне өзің тұратын көшенің есімімен аталатын бос құжат файлын құр және құру жолын жаз.
6. «Алматы» қапшығын жұмыс үстелінен сілтеуіш терезесінің С:/ Дискісіне тасымалдап жылжытқанда қанша әрекет орындалатынын жаз.
7. Жұмыс үстелінде «Алматы» жарлығын құр және құру жолын жаз.
2-деңгей
1. Сілтеуіш терезесінде «Мои документы» қапшығының ішінен «Ақпарат» атты қапшықты құр. Сілтеуіштің оң жақ терезесіне қалауың бойынша файлдар тізімін шығарып, оған қатар тұрған бірнеше файлды белгіле.
2. Екінші деңгейлі «Ақпарат» қапшығының ішіне тасымалдау әдісімен белгіленген файлдарды көшіріп, осы файлдар көшірлген қапшықты ашып, олардың түгел көшірілгенін анықтап, сипаттама бер.
3. «Ақпарат» қапшығына көшірілген файлдардың кез келген біреуінің атын «Компьютер» деп өзгерту әрекетін жаз.
4. Сілтеуіштің оң жақ терезесінде «Ақпарат» жарлығын құру әрекетін жаз.
5.Сілтеуіш терезесінде қапшықтар құрлымынан «Ақпарат» қапшығын ашып, «Компьютер» файлын белгілеп, орындалған әрекеттерге сипаттама бер.
6.Белгіленген «Компьютер» файлын «Алматы» бумасының ішіндегі «Райымбек» бумасына жылжыт. «Ақпарат» бумасын ашып, қарап шығып ондағы белгіленген файлдың көшірмесі алынбай, өзі жылжығанын анықтап, талдау жаса.
7.Жұмыс үстелінде «Алгоритм» атты бос файлды құрып, оны «Ақпарат» бумасының ішіне жылжыт.
8.Бос файлды тышқанның көмегімен жүктеп, экранда қандай терезе пайда болғанын анықта.
3- деңгей
1.Жұмыс үстелінде «Калькулятор» жарлығын қой.
2.Қойылған жарлықты пайдаланып, мына арифметикалық өрнекті есепте:(14689+45621*36587)
3. «Калькулятор» программасы туралы толық мәліметті алып, сипаттама бер.
4. «Калькулятор» бумасын құрып, оған «математика» файлын сақта және орындау әрекеттерін анықта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет