"Алла" сөзінің ислам шариғатындағы түсіндірмеcі.
«Алла» сөзі Алла Тағаланың барлық көркем есімдерін жинақтаушы есім. Арабтар бұл сөзбен құлшылық етілетінді, яғни сол құлшылыққа лайықтыны атайды. Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Алла — бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ, және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Алла сөзінің зор маңызы бар. Барлық өте жақсы аттар және сипаттардың иесi, ол жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және тумайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес. Бірақта Оны Құранда жазылған, Сүннеттен жеткен сипаттармен сипаттауға болады.
Алланың таухиді (бірқұдайшылық) мынадай бөліктерден құралған:
Алланың бүкіл әлемнің Жаратушысы, Ризықтандырушысы және Басқарушысы екеніне, өлтіретін де, тірілтетін де тек қана Алла екеніне, қиындықта көмектесіп, дұға-тілекті орындайтын тек қана Алла екеніне, Одан басқаның бұл істерге күші мен құдіреті жетпейтініне сену;
Барлық құлшылықты тек қана Аллаға арнау; өз-өзіңді төмен санау, бағыныштылық, махаббат, иілу және сәжде ету, құрбан шалу мен ант ішуді ешбір серігі жоқ Аллаға арнау;
Алла Тағаланың Кітабында және Пайғамбарының Сүннетінде келген есім-сипаттарын мойындап, Оны барлық кемшілік атаулыдан, жаратылыстарға ұқсаудан пәктеу. Алланың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаға жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Алладан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді.
Мұсылман мейрамдары.
Исламда мейрам ретінде екі айт — Ораза айты мен Құрбан айт, Арафат күні және Ташриқтың үш күні бекітілген. Пайғамбар Мединелік адамдар бір мейрамды тойлағанын көргенде былай деген:
«Шын мәнінде Аллаһ оларды екі жақсырақ күндермен ауыстырды: құрбан шалатын күнмен және ауыз ашатын күнмен».
Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт (араб.: عيد الفطر — 'ид әл-фитр) деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн.
Мәулид (араб.: مولد) — араб тілінде «туған күн, туған жер» мағынасын білдіреді. Мұхаммед пайғамбар ﷺ мен оның сахабалары тойламағанмен, мәулид кейбір мұсылман елдерінде Пайғамбардың өмірбаянын оқумен, оған арнап өлең жазуменен аталып өтіледі. Мәулидті һижри VII ғасырда Сирияның Ирбиль мекенінің әмірі Мұзаффар әд-Диннің бұйрығымен тарихта алғашқы рет атап өткен. Кейбір мұсылмандар бұл амалды Ислам дініне қатысы жоқ бидғат пен Иса пайғамбардың туған күнін тойлайтын христиандарға еліктеу деп санайды, себебі бұл амал Құран мен Сүннетте әмір етілмеген, соған қоса алғашқы мұсылмандар оны істемегені белгілі.
Құран — «Фатиха» сүресінен басталып, «Нас» сүресінен бітетін, оған сенушілер үшін ақырғы пайғамбар Аллаһтың елшісі Мұхаммедке ﷺ түсірілген Алланың сөзі деп есептеледі. Құранда 114 сүре, 6236 аят бар. Құран әдеби араб тілінде түсіріліп, Ислам шариғатының негізі боп табылады. Алла Тағала Құранды өзгертулер мен қосымшалардан сақтауға уәде берген. Оның ішінде наным-сенім, ғибадат, адамдардың ара-қатынасы және т.б. мәселелердің үкімдері жалпы және жекеше түрде баяндалған.
Ең алғашқы түсірілген уахи болып Құранның Аләқ сүресі саналады, ал елшіліктің ең алғашқы аяты деп Муддәссир сүресінің бастапқы аяттары саналады. Сондықтан кейбір ғалымдар Мұхаммед ﷺ «Алақ» сүресінің түсуімен пайғамбар, «Муддассир» сүресінің түсуімен елші болды деп санайды.
Тағы қараңыз: Аяттардың түсу себептері
Түсу себебіне байланысты Құран аяттары екіге бөлінеді:
Аллаһ тарапынан ешбір себепсіз түсірілген аяттар;
Белгілі бір оқиғаға байланысты немесе басқа да себебтемен түсірілген аяттар.
Достарыңызбен бөлісу: |