Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Монополистің өндіріс көлемін, бағаларын сипаттайтын мәліметтер кестеде берілген



бет62/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92
Микроэконом каз

Монополистің өндіріс көлемін, бағаларын сипаттайтын мәліметтер кестеде берілген:

Q

1

2

3

4

5

6

7

T

20

18

16

14

12

10

8

MC тұрақты және «4» тең жағдайда пайданы жоғарылату, көбейту үшін монополист өндірістің қандай көлемін таңдау керек? Монополиялық нарықта қандай баға белгіленеді?
9. Ең жоғары пайда алғысы келген монополист өз өніміне бағаны төмендетеді, егер ...
а) орташа шығындар түссе (төмендесе)
б) жарнамаға шығындар өссе
в) шекті табыс шекті шығындардан асса
г) шекті табыс ауыспалы шығыстармен теңелсе
д) орташа шығындар бағамен теңелсе
10. Бір салада сату үлестері 60,30,10 тең 3 фирма қызмет жасайды, екінші салада сату үлестері 40,30,30 тең 3 фирма қызмет жасайды. Осы салалар үшін Херфиндаль – Хиршман индексін есептеңіз. Қайсысында индекс төмен болады? Ол ненің белгісі?

10 тақырып. МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ



    1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы

Монополия бәсекелестік теориясы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында ағылшын экономистер Дж. Роббинсон мен Э. Чемберленмен әзірленген. Бұл нарық түрі нағыз бәсекелестік және монополиямен бірдей сипатты бола тұра, қазіргі заманда ең таралған болып табылады. Монополия бәсекелестігінің ең басты белгісі – өнімнің әр түрлілігі, сондықтан кез келген фирма, нарық билігіне ие болып, өз ісінде монополист. Монополистік бәсекелестік нарығында көптеген бәсекелес – сатушылар, кіру кедергілерінің жоқтығы оны нағыз бәсекелестікке жақын қояды. Монополия бәсекелестік жағдайларында қызмет жасайтын фирма нарық билігіне ие болғандықтан, оның өніміне деген сұраныстың қисық сызығы төмен түседі. Сұраныс баға бойынша жоғары икемді, себебі, көптеген субтитут – тауарлары бар. Сондықтан, монополия бәсекелестік жағдайларда фирмалар баға бойынша емес, бағалық емес сипаттар бойынша бәсекеге түседі: сапа, сатудан кейінгі қызмет көрсету, орау. Өткізуді ынталандыру, жарнама, сауда белгілері мен сауда маркалары да маңызды рөл атқарады. Монополия бәсекелестік нарығының мысалдары: тамақ, киім, аяқ киім, тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі, қызмет көрсету.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет