сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек, оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады.
кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс (табыс) әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты (толық) қаралады.
Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан – Д1 ге дейін), ал азаюы – төмен және солға (Ддан – Д2 ге дейін).
P
D1
D
D2
Q
2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.
Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.
1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |