Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі



бет3/4
Дата11.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#192070
1   2   3   4

Пара беру (312-бап)

Жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстың мазмұны ашып көрсетілмеген. Заңда лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру деп қана көрсетілген (312-бап).

Объективтік жағынан пара беру:

1) лауазымды адамға пара затын немесе мүлік сипатындағы

2) пара затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы береді;

3) лауазымды адам өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеуге пайдалануы арқылы сипатталады.

Пара беру немесе тапсыру әдістері қылмыстың құрамы үшін маңызды емес. Пара оны алушының тура өзіне немесе оның келісімімен жакын туыстарына берілуі мүмкін. Ол істелінбеген жұмысқа почта арқылы айлық түрінде берілуі мүмкін. Пара берудің жасырылған нысандары бар. Олар заңсыз сыйлық беру, алдын ала ойластырылып пара алушыға картадан елеулі ақша соммасын ұмтылу; пара алушыға бағалы, құнды заттарды өте арзан бағаға сату және тағы басқалар.

Кейбір кезде пара — пара алушыға тегін қызмет түрінде көрсетіледі. Пара алушыға туристік, санаториялық жолдамалар берілуі, кемеге, поезға ұшаққа басқада көлік құралдарына жүруіне билет беруін сот практикасы пара беру деп қарастырады.

Лауазым, тұлғаға материалдық мазмұндағы емес пайда келтіру қарастырылып отырған қылмыс құрамын құрамайды. Мысалы: онымен жыныстық қатынаста болу; лауазымды тұлғаның сұрауы бойынша, ол туралы мадақтау үндеу тарату немесе оның жұмысы туралы баспасөз бетінде жақсы пікірлер жариялау пара беру ретінде сараланбауы керек. Пара беру формальдық қылмыс құрамы болып табылады. Лауазымды тұлға пара алған кезден бастап, яғни берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекет істелгені не істелмегеніне қарамастан қылмыс аяқталды деп саналады. Субъективтік жағынан пара беру тікелей қасақаналық арқылы істеледі. Яғни кінәлының лауазымды адамға пара затын беруге немесе тапсыруға құқы жоқ екенін және оның мүддесі үшін лауазымды тұлға өз қызмет жағдайын пайдаланып, белгілі бір іс-әрекет жасайтының кінәлы тұлға сезеді және соны тілейді.

Ауырлататын жағдайдың бірінші түріне лауазымды адамға заңсыз іс-әрекет жасағаны үшін пара беру жатады. Оның түсінігіне Қылмыстық кодекстің 311-бабының 2-тармағын талдағанда тоқталып өткенбіз.



Әлденеше рет пара беруге — кінәлының бір лауазым адамына немесе әр түрлі сондай адамға өз мүддесі үшін әр түрлі іс-әрекеттер істегені немесе істемегені үшін екі немесе одан да көп пара беруін айтамыз.

Кінәлының бір лауазым адамына немесе бірнеше лауазым адамына өз мүддесі үшін әртүрлі әрекеттер істегені үшін екіден артық пара беруін әлденеше рет пара беру деп білеміз. Егер келісілген сома пара алушы бөлшектеп берілсе, онда ондай әрекет әлденеше рет пара беру болып табылмайды.

Егер пара беруші алдын ала сөз байласқан немесе ұйымдасқан лауазымды адамдар тобына өз мүдесіне бір әрекетті істеу үшін ғана пара берсе, мұндай ретте де оның әрекеті әлденеше рет беруге жатпайды.

Егер лауазымды адам тарапынан оған катысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Адам пара бергені туралы кылмыстық іс қозғауға қүқығы бар органға ауызша немесе жазбаша, қандай ниетті басшылыкка алғанына қарамастан ерікті түрде хабарласа кылмыстық жауаптылықпен босатылады.

Параны қорқытып алу орын алған жағдайда және пара беруші параны бергенге дейін ол туралы қорғау органдарына хабарласа, иесіне қайтарылуға жатады. Айғақ заттар болып пара ретінде алынған ақша мен басқа құнды заттар мемлекет кірісіне жатқызылады.



Парақорлыққа делдал болу (313 бап)

Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 313-бабында көрсетілген.

Осы қылмыстың обьективті жағы парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың делдалы ретінде кінәлы боп табылу үшін пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады.

Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі — жеке қылмыс құрамына белінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді. Делдалдықтың ерекшеліп бұл субъектінің екі қылмыс жасалуына, яғни пара беру мен алуға жәрдемдеседі. Делдал — екі негізгі субъектілердің байланыстырушы бөлігі және өзінің ниетімен емес, пара беруші мен алушының ниеттерімен келісімге жетуге және іске асыруға көмектеседі. Пара алу және пара беру — субъектілерінің екі жағымен де байланысы бар болса, субъектіні парақорлықтың делдалы ретінде қарастыру керек. Пара беруге не алуға басқадай көмектесулер парақорлыққа делдал болып қарастырылмайды.

Парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамы формальды және пара нақты берілген көзден бастап аяқталған қылмыс болып табылады.

Егер де пара алушы пара алудан бас тартса, онда делдалдың әрекеттері парақорлыққа делдал болушылыққа оқталғаңдық болып (ҚК-тің 24, 312-баптар) танылады. Парақорлыққа делдал болуды парақорлыктың қатысушылығынан, яғни пара беру немесе алуды ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушілерден ажырату керек.

Пара алуды немесе беруді ұйымдастырған немесе оның жүзеге асырылуына басшылық өткен адам парақорлықтың ұйымдастырушысы деп аталады. Бұл жерде ұйымдастырушы өзі белсенділік өз әрекетімен параны беруді немесе параны алуды жүзеге асырады. Ал делдал болса пара алушы мен берушінің ортасындағы болған келісімді ғана жүзеге асырады. Пара беруге немесе алуға басқа адамды азғыру немесе басқа да жолымен осындай қылмысты жасауға парақорлықтың катысушыларын көндірген адам айдап салушы деп танылады. Парақорлыққа делдал ешкімді де азғырмайды, көндірмейді, ол өзара келіскен екі субъектінің -тапсырмасын орындайды, пара беруші мен алушыны өз еріктермен кездестіреді.

Субъективті жағынан делдалдық тікелей қасақаналықпен жасалады. Делдал пара берушінің немесе алушының тапсырмаларымен пара бергенін сезеді және соны тілейді. Егер де пара беріп отырғанын сезбесе, онда қылмыс құрамы болмайды.

Делдалдық ниет алуан түрлі болуы мүмкін. Бірақ оның мәні қылмысты саралауына әсер етпейді және сот жаза тағайындағанда міндетті түрде ескеріледі.

Делдалдықты жалған делдалдық жағдайынан ажырату керек. Егер делдал адам пара берушінің паралық нәрсені ұрлап алатынын алдын ала білсе және оны пара алушыға апарып беруге келіссе, онда әрекеттері парақорлыққа делдал болу және ұрлыққа қатысқан деп сараланады.

Параға делдалдықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дұрыс жай немесе лауазымды адамдар.

Қылмыстық кодекстің 313-бабының 2-тармағында парақорлыққа делдал болудың ауырлататын түрі — әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған да сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Әлденеше реттік және ұйымдасқан топтың түсініктері: Қылмыстық кодекстің 11,34 – бабы 3 тармағында берілген.

Адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған әрекетке лауазым адамның парақорлыққа делдал болуы жатады.


2.3. Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі өзгеде қылмыстар.

Қызметтік жалғандық жасау (314 – бап)

Бұл қылмыстың мәні түпнұсқа кұжаттың мазмұнын өзгертуге не жалған жасанды ресми құжатты түгелдей жасау немесе беру болып табылалы.

Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша қылмыстың негізіне — ресми құжаттар жатады. Ресми құжаттар деп мемлекеттік өкімет органдары берген жәке белгілі бір құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын, заңдық мәні бар белгілі бір фактілерді, оқиғаларды, өзге де жағдайларды куәландыратын жазбаша актілер түсініледі. Оларға мыналар жатқызылады еңбек кітапшасы, оқу орнының дипломы, паспорт, әскери билет, зейнетақы, қызметтік куәлік, көліктің техникалық төлкұжаты, орындау қағаздары, үкімнің көшірмесі, сактандыру полисі, азаматтық хал актілерін тіркеу кітабы. Мемлекеттік өкімет органдарынан шықпаған құжаттар аталған құрамға негіз болып табылмайды.

Қызметтік жалған құжат жасау — белсенді іс-әрекет жасау жолымен ғана істелуі мүмкін. Әрекет тәсілдеріне қарай жалған құжат жасау 2 түрге бөлінеді: материалдық және интеллектуалдық. Материалдық жалған құжат жасаудың мәні — ресми құжаттың шын қалпы құжаттың сол нысанына қол сұғушылық жолымен, бұзумен жасалады (қол қою, көшірмелеу, мөр, штамп және т.б.) немесе оның мәтінін қайта жазу, бұлар қолдан жасаудың материалдық ізін құрайды. Түгелдей жалған құжат жасау кезінде де материалдық жалғандық орын алады, өйткені мұнда құжат мазмұны және нысаны бойынша жалған болып табылады.

Интеллектуалдық жалғандык кезінде құжаттың түпнұсқасы оның мазмұнына қол сүғушылық нәтижесінде бұзылады. Бұл жағдайда кінәлы адам ресми құжатқа формальдық тұрғыдан алғанда жалған екендігінің белгілері болмайтын (құжаттың нысаны емес, мазмұны ғана бұрмаланған) жалған мәліметтер енгізеді.

Материалдық түрге құжаттың ресми түпнұсқасын қолдан жасау немесе өшіріп жазу жолымен өзгеріске ұшыраған жағдайлар ғана жатады. Ресми құжаттарды қолдан жасау мыналардан тұрады толықтай жалған құжат жасау (мысалы төлем чегін жасау) не құжаттың тұпнұсқасына бұрмалау еңгізу (мысалы, ресми құжаттың мазмұнына қосып жазу сан және әріпті өзгерту, фотосурет, маркіні ауыстырып жапсыру жолымен, жаңа мәліметтер енумен өзгертіледі) Жалғандықтың бұл түрінің әдістерінің көптігі соншалық олардың толық тізбесін келтіру мүмкін емес. Барлық жағдайларда жалған құжат түпнұсқаны қолдан өзгерту немесе жалған ресми құжат дайындау немесе беру түрінде болады.

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі бойынша қызметтік жалған құжат жасау егер оны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші жасаған жағдайда ғана болады. Егер ол қызметтік жағдайды пайдаланбай жасалса не жалған құжат жасау мемлекеттік өкімет органдарынан емес, өзге ұйымдардан, мекемелерден, жеке тұлғалардан (қолхат, шарттар, міндеттемелер және т.б.) шыққан болса, басқа қылмыстар құрамын құрайды.

Қызметтік жалғандық — формальдық құрамы бар қылмыс. Ол қандай да болмасын қоғамға қауіпті зардаптардың болуына байланыссыз. Қылмыстық Кодекстің осы бабыңда көрсетілген әрекеттердің біреуі жасалған сәттен бастап аяқталған деп есептеледі. Лауазымды тұлғаның жалған құжатты пайдаланғандығы немесе пайдаланбағандығының мәні жоқ, бұл жағдайда жазалау шараларын айқындау кезінде сот ескереді.

Жалған құжат жасау субъективтік жағынан алғанда тікелей қаса қаналықпен істеледі.

Жеке бас мүддесінің мазмұнын кек алу, жағымпаздық, мансапқорлық, ықпалды қамқорлық отбасылық қызмет көрсету, ықпалды адамның қолдауы, қызметіне сай еместігін бүркемелеу және т.б. сияқты ниеттер құрайды. Пайдакүнемдіктің немесе өзге жеке мүдделіліктің болмауы осы қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді.



Қызметтегі әрекетсіздік (315 – бап)

Қызметі бойынша қызметтік әрекетсіздіктің мәні лауазымды тұлға пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке мүдделілікпен өзінің кызметтік жағдайын пайдаланбауы, соның нәтижесінде заңда көрсетілген зардаптар туындауымен түсіндіріледі.

Кызметі бойынша әрекетсіздіктің белгілері мыналар болып табылады:

а) лауазымды тұлғанын пайдакүнемдіктен немесе өзге жеке бас мүдделілігінен өзінің кызметтік міндеттерін атқармауы;

б) егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға соқтырса;

в) олардың арасында себептік байланыстың болуы.


Нақты бір тұлғаны Қылмыстық Кодекстің 315-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаның, атап айтқанда қандай нақты әрекетті жасамағанын анықтау қажет, одан әрі карай осы әрекеттерді жасау оның қызметтік құзыретіне кіретіндігін анықтау және ең сонында, лауазымды тұлғаның осы әрекетті жасауға іс жүзінде мүмкіндігі болғандығын анықтау қажет.

Әрекетсіздіктің тек осындай нақты мазмүны ғана лауазымды тұлғаны Қылмыстық Кодекстің 315-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға негіз болады. Белгілі бір түрде әрекет ету міндеттілігі заңның немесе өзге де нормативтік актінің шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерден, қызметтік ережеден, адамгершілік нормалары және т.б. тікелей көрсетуінен туындауы мүмкін.

Егер лауазымды тұлға оның қызметтік міндетіне жатпайтын әрекетті жасамаған болса, қызметі бойынша әрекетсіздік құрамы болмайды.

Егер лауазымды тұлға өзінің қызметтік міндеттерін пайда күнемдіктен немесе өзге де жеке бас мүдделігінен атқармаса, соның нәтижесінде азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірілсе (елеулі түрде нұқсан келтіру және пайдакүнемдік немесе өзге де жеке бас мүдделілігі түсінігі Қылмыстық Кодекстің 307 – бабына түсіндірмеде қараңыз қызмет бойынша әрекетсіздігі үшін қылмыстық жауапкершілік болады.

Қызметтік міндеттерді атқармаудан болған зардаптар — азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірілуі арасындағы себептік байланыс айқындалған болуы тиіс. Оның болмауы қылмыстық жауапкершілікті жокқа шығарады.

Субъективтік жағыңан бұл қылмыс тек қана қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Бұл туралы заңның өзінде — лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы деп тура көрсетуі осыны дәлелдейді. Қасақаналық тікелей де, сол сияқты жанама да болуы мүмкін.

Салақтык (316-бап)

Талданып отырған қылмыс лауазымды тұлғаның қызметке адалдық тұрғысынан карамауы немесе қалай болса солай қарауының нәтижесінде өзінің қызметтік міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауынан болады.

Қызметтік міндеттерді дұрыс атқармау деп лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндетін қызмет талаптарына сәйкес емес, тиісінше толық көлемде орындамауы, нысаны мен мәнін сақтамай орындау әрекеттері түсініледі.

Қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде атқармау деген — лауазымды тұлғаның тиісті, қызметтік талаптарға сәйкес қызметтік міндеттерді кешіктіріп белгіленген мерзімдерді бұзып орындау лауазымды тұлғаның әрекеті , борышы талаптарынан туындайтын белгілі бір функцияларды уақытынан кешіктіріл, дұрыс емес нақтыланбаған түрде нашар орындау тұлғаның өз қызметін дұрыс атқармауын немесе тиісті дәрежеде атқармауы деп танылады.

Қызметтік салақтық құрамындағы әрекеттің лауазымды тұлғаның өз міндеттерің уақтылы емес және тиісті дәрежеде орындамауы — қызметтік өкілетті теріс пайдалану кұрамындағы әрекеттерден (ҚК-тің 307-бабы) тек субъективтік жағы бойынша (занда тікелей белгіленген) ғана емес, объективті белгілермен де айтарлықтай дәрежеде ажыратылады. Қызмет жағдайын теріс пайдалану құрамындағы әрекеттер лауазымды тұлғаның өзінің қызмет жағдайын заңға қарсы пайдаланумен түсіндіріледі. Олар мүдделерге карсы жасалады, лауазымды тұлғаның қызметтік міндеттерін өрескел бұзады. Кызметтік салақтық құрамындағы әрекеттер — бұлар неғұрлым белсенді, неғұрлым қарқынды түрде жасалуға тиісті әрекеттер еді, оларды солай жүзеге асырғанда ғана лауазымды тұлғаның қызметі бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келер еді. Егер алдыңғы әрекет өзінің материалдық мазмұнына қарай заңсыз болып есептелсе, екіншісі — лауазымды тұлғаның осы әрекеттерді орындау кезінде тиісті дәрежеде қарқындылық көрсетпеуінің, белсенділігі жеткіліксіз болғанының салдары болып табылады.

Заңның нұсқап отырғаны: лауазымды тұлғаның өзінің міндеттерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындалмауы олардың қызметіне "адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан" болады деп тұжырымдауында болып отыр.

Лауазымды тұлға салақтық жіберу кезінде оған берілген екілеттік, құзырет, өзіне тиесілі функцияларға тікелей қатысты әрекеттер жасайды, яғни ол әрекеттер оның қызметгік міндеттері аясында жүзеге асырылады. Лауазымды тұлғаны өзінің міндеттерін атқармағаны, сол сияқты түрліше әрекетсіздік үшін кінәлы деп тану үшін ол жасауы тиісті болатын нақты қызметтік әрекеттердің дәл айқындалуы талап етіледі. Сондықтан бәрінен бұрын лауазымды тұлғаның зандар мен заңдық актілерге сай тиісті құзыретін анықтап алған жөн, яғни салақтықка айыптау үшін лауазымды тұлға жол берген нақты кемшіліктерді айқындап алу қажет. Лауазымды тұлғаға оның міндетіне кірмейтін шараны қабылдамағаны үшін кінә тағылуы тиіс емес.

Қызметтік салақтықтың салдары көбінесе материалдық зиян келтіру түрінде көрінеді, бірақ салақтық нәтижесінде өзге де елеулі зияндар келтірілуі мүмкін.

Қызметтік салақтықтың субъективтік жағы менмендік немесе немқұрайдылық түріндегі абайсыздықпен сипатталады. Талданып отырған баптың 2-тармағы осы қылмыстың ауырлататын жағдайы ретінде өлімнің немесе өзге де ауыр зардаптардың болуын көрсеткен. Өзге де ауыр зардаптар — факті мәселесі. Оларды анықтау нақты іс жағдайына байланысты. Бұл аса ірі материалдық зиян, бірнеше адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру, қандай да болмасын дәрі-дәрмек немесе өнімді сату нәтижесінде азаматтардың елеулі санының улануы, өндірістің толық тоқтап қалуы және т.б. болуы мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 316-бабы бойынша мұндай зардаптар лауазымды адамдардың кәсіптік міндетіне жатпайтын салақтығына байланысты болады. Сондықтан да дәрігердің, басқа да медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыздығы немесе оған адал карамауы орын алса, онда олар лауазым адамы деп танылмауына байланысты іс-әрекеттерінен занда көрсетілген зардап орын алған жағдайда, олар жеке адамға қарсы қылмыстар үшін Қылмыстық Кодекстін 111, 114-баптары бойынша жауап тартылады.
ІІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алу мәселелері

3.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу шаралары.
Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдары деуге болады. Ол, әдетте қоғамның жаңару кезінде бой көтереді. Ал ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын қабылдамасақ, оны криминалдық, экономиклық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізінен қауіп төндіру мүмкін.

Елбасы әр жыл сайынғы өзінің халыққа жолдауын халыққа жолдауын жолдайды. Сондықтанда еліміз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» старатегиялық бағдарламасы барлық Қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы» деп аталатын Жолдауында сыбайлас жемқорлық пен аяусыз күресті басты мақсат қатарына қойған, оны құқықтық мемлекет орнатудың шарты деп санаған.

Сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғам үшін қауіптілік Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алғаннан кейін - ақ, біліне бастады. Осыған байланысты Республикада бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алды. Сыбайлас жемқорлық туралы 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығы жарияланды. 2003 жылы 25 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» мәселесі бойынша бірқатар заңды актілерде өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы ҚР – ның Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіппен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» жарлығы, 2007 жылғы 21 шілдеде ҚР – ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006 – 2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасында «сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестицияларды тарту процестерін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс ықпалын тигізеді, мемлекеттің келешек дамуына елеулі қауіп төндіреді деп атап көрсетілген.

Презиент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұллттық бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асыру керектігіе баса назар аударды. Президент келесі кезекте өзінің өткен жылғы халыққа Жолдауында еліміздің ішкі және сыртқы саясатының 30 басым бағыты айқындалғанын атап көрсетті. Бүгін осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең маңызды бағыттардың бірі - құқық қолдануы мен құқықтық тәртіпті нығайту тәжірибесін жетілдіру барысын талқылауды жөн көрдім. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен және өзгеде қаржы ережелерін бұзушылықтармен күресте қаржы полициясы аз жұмыс атқарып отырған жоқ, деп жалғады сөзін Мемлекет басшысы. Бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Н. Назарбаев заңдылықты нығайтуды қатаң бақылауына алынған, ол Сыбайлас жемқорлықпен күресті жетіліруді талап етіп отыр.
3.2. Қазақстан Республикасының халықаралық Сыбайлас жемқорлықтағы ішкі - сыртқы жағдайы.

Халықаралық «Транспортенция пен интернешл» деректеріне жүгінсек, Қазақстан әлемдегі мемлекеттер ішінен сыбайлас жемқорлық бойынша 2000 жылы 65 – орынды иеленсе, 2001 жылы 71 – орынға, 2002 жылы 92 орынға, 2003 жылы 100 орынға, 2004 жылы 122- орынға, 2005 жылы 101 – орынға 2006 жылы 96 – орынға 2007 жылы 103 орынға көтеріліпті. Бұл көрсеткіштің өзін – ақ осы кеселдің ел ішінен мендеп кеткенін және оны мемлекет тарапынан күрделі шараларды жасап жатқанына қарамастан әлі тізгінделмей отырғанын көрсетеді.

Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жағынан Гватемала, Лаос, Мянмо, Замбия, Нигаракуа және Парагвай елдер қатарында екен. 10 балдық бағалауда Қазақстан 2,6 балданған. Ал мамандардың пікірінше, 3 балдан төмен баға мемлекеттік қызметкерлер арасында шарықтағанын білдіреді.

ҚР – сы Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, елдегі көлеңкелі экономиканың деңгейі ІЖӨ – нің 22 процентін құрайды. Үкімет бұл көрсеткішті төмендетіліп берілген деп санайды. Ол кемінде 40 % ал кейбір салаларларда одан да жоғары болса керек. ҚР – сы Бас прократурасының құқықтық статистика деректеріне сүйенсек жыл сайын сыбайлас жемқорлық күресі көбейіп және ашылуда өскен, 2006 жылдың Республика бойынша 10 айда 1594 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліпті, яғни ол 26,4 % ға артқан. Ал, 2007 жылдың 5 айында, өткен жылдың сол кезенімен салыстырғанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ашылуы 11,9 % - ға (929 – дан 1040 фактіге дейін) өскен. Бірақ қалайда жазалану принципі іске аспай отыр. Мысалы, 2005 – 2006 жылдары 1844 қылмыстың тергеуі аяқталған, олардың 1215 – сі сотқа жіберілген, ал 304 ақтамайтын негізде, 325 ақтайтын негізде қысқарған, 179 қылмыстық істің жүргізілуі тоқтатылған. Бар болғаны 219 адам бас бостандығынан айыруға, олардың жартысынан көбісі (127) 3 жылға дейінгі мерзімге созылған. 440 адамға шартты жаза беріллген. Бірінші сатыдағы соттта және апелляциялық тәртіпте 247 адам қылмыстық істері қысқарып, 30 адам ақталған.

Мемлекет сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында лауазымды адам 2007 жылдың қорытындысы бойынша 1700 іс қозғалыпты. Ал коррупцияға қарсы агенттік өткен жылы осындай 1330 қылмысты әшкерлеген. Бас прокурор Р. Түсіпбековтың мәлімдеуінше құқық қорғау өкілдері - 191 қызметкерлері, әділет саласының өкілдері – 134, кеден органдарының қызметкерлері – 42, сот орындаушылары -34, судиялар – 29, қаржы полициясы – 18 рет сыбайлас жемқорлық әректтеріне жол береген. Бұған қоса осы қылмыстардың 8 Ұлттық қауіпсіздік комитенің, 3 – еуі прократура органдарына тиесілі.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары дүние жүзін алаңдатуда 1989 жылы БҰҰ – ның басшылығымен мемлекеттік қару саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша Гаагада (Нидерланд) халықаралық семинар боып онда сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне оны тежеуге сәйкес келетін қылмыстық заңдардың санкциясын жетілдіру, сыбайлас жемқорлықты және өкілетті қызмет жасауды сақтандыруды реттейтін механизмдерді дайындау, сыбайлас жемқорлықпен құныққан лауазымды тұлғаларды анықтаудың, тергеудің және соттаудың тетіктер қабылдау. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – «Коррупция» терминін этимологиясы латынның «corruptio» (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ, 1978 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ – ның Бас ассамблеясында қабылдаған кодексте коррупция ұғымы, лауазым иелерінің құқықтық мінез –құлқы, лауазым иелері құқықтық мінез – құлқы, лауазым иелерінің істеген немесе істеуге мүмкін іс – әрекеттері үшін заңсыз алу, уәде беру ұлттық құқық нормалары анықталуы қажет делінген. Әлемде сыбайлас жемқорлықтан ада бірде – бір ел жоқ. Зерттеушілер Азиялық, Африкалық, Латын Америкалық және Европалық сыбайластық үлгілері бар екенін алға тартады. «Азия елдерінде жең ұшынан жалғасқан сыбайластық мәдениет, мораль, ел басқару жүйесінен тығыз қабысып кеткен» дейді екен. Сыбайластықтың ең сорақысы Африка құрлығында екен. 60 жылдары тәуелсіздік алған Африка елдері отаршылдықтан емес, сыбайластықтан көз ашпай келеді. Сомали, Руанда, Замбия, Ботсвана сыбайластықтан ең соңында жүр. Латын Америка елдері криминалды экономиканы уысында ұстайтын күші мафиялық топ ырық бермей келеді. Әрине, Латын Америкалық сыбайластық азиялық үлгіден қатаңдау, Ал Африкалық үлгіден тәуірлеу, сыбайлас жемқорлықтың Европалық үлгісі тиімдірек деп танылады. Өйткен онда демократиялық институттар, еркін БАҚ, бюджеттік түсімдердің жариялылығы, заңның үстемдігі талай ғасырдың сынынан сыбайластықтан кең көлемде жайылуына мүмкіндік бермейді. Транспаренси Интернешл ұйымының «Сыбайлас жемқорлық индексі -2007» жылдық есебі бойынша Дания, Финландия,Жаңа Зелендия, Снгапур, Швеция, Исландия, Нидерланды алдыңғы шектен орын алды. Соның ішінде Сингапурлық үлгіні жиі ауызға алады. Сингапур 1965 жылы тәуелсіздік алған кезде жемқорлық жариялаған ел болатын. Ең алдымен шенеунік атаулыны тәртіпке келтірді, бюрократиялық сенді бұзды, этикалық нормаларды қатал сақтауды енгізді. Соттың тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жалақысын ең жоғары деңгейге көтерді. Сыбайлас жемқорлық фактырлерін шенеуніктердің үстінен түскен арыз – шағымдар бойынша қатаң шаралар қолданады.

Жемқорлық күрестің Шведтік үлгісі де тегін емес, мемлекеттік құжаттар ашықтығын қамтамасыз етті. Тәуелсіз сот жүйесін құрды. Қоғамда аброй, тазалық әлеуметтік норма саналады. Шенеуніктердің жалақысын 12 – 15 есе көтеріп тастады. Нидерлендыда жемқорлық әрекеттері тұрақты түрде талқыланып, кінәлілер тиісті жазаға тартылып отырды.

АҚШ заңдар жинағы (USE Code) , 201 бабынан бірнеше тармақтарына сәйкес азамат пара беру мен алу, уағдаласу жәйіттары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Пара беруші үш еселеген айып төлеуді міндетті немесе 15 жыл бас бостандығынан айырылады. АҚШ – та кез – келген шенеулік секілді Президентте қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды. Мәселен, АҚШ вице-президенті Спиро Агню парақорлықен айыпталып, қызметінен босатылғаны былай тұрсын, ендігі саяси мансабына есік жабылды. XVIII ғасырда өмір сүрген Алексис де Токвиль Американдықтардың бойында өзін – өзі түзеу мен өзін – өзі дамытуға деген сүйіспеншілік бар екенін айтады. Бұл сүйіспеншілік сыбайлас жемқорлық қарсы күресте заңнаманы үнемі жетілдіріп отыруға себін тигізді.

БҰҰ – ның 2003 жылы қабылдаған «сыбайлас жемқорлықпен күрес» конвенциясына сәйкес заңсыз байлыққа ие болған шенеуніктің қылмысы заң алдында дәлелденуі тиіс. Мемлекет басшысы Қазақстан жақында БҰҰ - ның сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы конвенциясының ротификациялайтынын айтты, 140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қоғамдық індетпен күресте жаңа індеттер жүктейді. Бұл бойынша мемлекеттік қызметке келген азамат артықшылықтарға емес, шектеулерге ұшырайды. Сондықтан конвенцияға қосылып отырып, салық кодексіне салық органын салық төлеушіден ірі сомадағы сатып алу немесе сату, дүние мүлкі туралы сұрау салуға құқық беру туралы арнайы баптар енгізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет